Жарияланымдар

Қазір 7 елден қазақ тарихына қатысты материалдар жиналуда - Ералы Тоғжанов

12 Қазан 2013
38
0
Қазір 7 елден қазақ тарихына қатысты материалдар жиналуда - Ералы Тоғжанов
Төраға орынбасарының айтуынша, қазір ұлт тарихына қатысты материалдар әлемнің 7 елінде жинақталып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстандағы ұлыстардың тарихы да зерттеу нысанасына айналуда.

Алматыда Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі мүшелерінің жиыны өтіп жатыр.

Оған ҚХА Кеңесінің мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері қатысуда. Бұл басқосуда ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысына дайындық мәселесі қаралып, Е.Тоғжановтың атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Төраға орынбасарының айтуынша, қазір ұлт тарихына қатысты материалдар әлемнің 7 елінде жинақталып жатыр. Сондай-ақ, Қазақстандағы ұлыстардың тарихы да зерттеу нысанасына айналуда. Материалдар жинауға этномәдени бірлестіктер белсенді түрде атсалысып, қолда барын қарашаға дейін жинақтау қажет. Этномәдени орталықтар бұдан басқа мемлекеттік тілді меңгеруге де айрықша көңіл бөлуі тиіс. Өйткені өзгелер 70 жылда үйрене алмағанды қазір кейбір азаматтар бірнеше айда меңгеруде. ҚХА Кеңесінде биыл Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің есебін тыңдайтын болады. Былтыр Павлодар облысының әкімі мен Білім және ғылым министрінің есебі тыңдалған болатын.

Дерек көз: inform.kz
Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?