Жарияланымдар

Тұңғиықтағы тылсым тарих

08 Қазан 2013
50
0
Тұңғиықтағы тылсым тарих
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының астында мыңдаған жылдың тарихы көміліп жатыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара су қоймасының астында мыңдаған жылдың тарихы көміліп жатыр.

Жергілікті өлкетанушылар мемлекеттік «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясында су қойманың айналасы тереңірек зерттелсе деген ұсыныс айтуда. Қазірге алаңдатарлығы – ескерткіштердің қорғалу. Қазір Шардара су қоймасының жағасында алып бір үлкен қалашықтың орны табылғандай. Бұл жерлерде әртүрлі көне жәдігерлер, қыш құмыралардың сынықтары, тіпті, адамның сүйектеріне дейін шашылып жатыр. Жергілікті өлкетанушы ғалымдардың айтуынша, бұл жерде 1958-1963 жылдар арасында Мәскеу ғалымдары экспедициялық жұмыстар жүргізген. Бірақ ол аяқсыз қалған. Бұл жерде ежелгі өркениеттің, көне қаланың ізі бар екендігі 1958 жылы анықталған. Сол жылы Кеңес үкіметінің шөл даланы игеру саясатына байланысты Шардара су қоймасының құрылысы басталған. 1963 жылға дейін Сырдария өзені ортаңғы ағысының жоғарғы бөлігінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді. Оған қазақстандық ғалымдар Мерщиев, Максимова және олардың мәскеулік әріптестері Вайнберг, Левиналар қатысқан.

Нұрлан Смаилов, Шардара аудандық өлкетану мұражайының меңгерушісі:

- Біздің өңірімізге Мәскеуден, Алматыдан келген археологтердің пікірінше, бұл өңір – көне түркі тайпаларының мекені. Сіздермен бірге Ақтөбе-2 қалашығының орнында, яғни қазіргі уақытта Шардара су қоймасының астында қалған тарихи нысанда тұрмыз.

Қазба жұмыстары нәтижесінде бұл өңірде біздің заманымыздың IV-XIII ғасырларында өмір сүрген Ақтөбе І, Жаушықұм қалашықтары және І ғасырдың басы мен IV ғасырға жататын Ақтөбе ІІ мекені анықталды.Тастардың барлығы аппақ. Ақтөбе атауы осыған байланысты қойылса керек. Ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, академик Әлкей Марғұлан да қаланы зерттеп, оны Қаңлы мемлекеті кезеңіне жатқызған.

Нұрлан Смаилов, Шардара аудандық өлкетану мұражайының меңгерушісі:

- Ұлттық тарихты зерделеу бағытындағы ауқымды іс-шара аясында Шардара ауданындағы нысандарды да әрі қарай зерттеу қолға алынар. Мүмкін көпшілікке ауданымыздың көне тарихы жаңа қырымен ашылып, былайша айтқанда, сенсациялық деңгейдегі жаңалықтар ашылады деген үміттеміз.

Бірнеше адамның қаңқасы, қолөнер бұйымдары, төселген тасжолдар, қыш құмыралар мен түрлі ыдыстардың әрқайсысы – баға жетпес мұра. Қазір жұртты алаңдатып отырған басты мәселе – бір жерге топтастырылған тарихи кешеннің сақталу, қорғалу жайы. Екіншісі, қоймадағы су деңгейі көтерілетін болса, жәдігерлер қайтадан тұңғиыққа кете ме деген қауіп. Сондықтан тұрғындар зерттеу жұмыстары тезірек қолғандығын қалайды.

Дерек көз: 24.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?