Жарияланымдар

Бесқарағай кешенінде тас ғасырдағы қоныстар мен қола дәуіріндегі елді мекендер табылды

07 Қазан 2013
97
0
Бесқарағай кешенінде тас ғасырдағы қоныстар мен қола дәуіріндегі елді мекендер табылды
Қазба орындарынан қыш ыдыстардың қалдықтары, оқ, жебе ұштары, түймелер, қапсырмалар, қола балталар мен қанжарлар табылған.

Қазақстанның Павлодар облысындағы бесқарағай археологиялық кешенінде тас ғасырдағы қоныстар мен қола дәуіріндегі елді мекендертабылды, деп хабарлады сәрсенбі күні "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне Павлодар пединститутының баспасөз қызметінен. Бұлар "Сарыарқаның археологиялық мұралары" атты Қазақстан-Ресей жобасын жүзеге асыру барысында анықталған.

"Қазба орындарынан қыш ыдыстардың қалдықтары, оқ, жебе ұштары, түймелер, қапсырмалар, қола балталар мен қанжарлар табылған" – деп хабарланған агенттікке. Баспасөз қызметі атап көрсеткендей, экспедиция басшысы, Алтай мемлекеттік педагогикалық академиясынан келген Сергей Ситниковты Павлодар облысындағы ескерткіштердің молдығы мен әртүрлілігі таңқалдырған. "Мұнда палеолиттен орта ғасырларға дейінгілердің бәрі бар деуге болады. Біз өз олжамызға қатты қуаныштымыз – бұлар біздің дәуірімізге дейінгі 12-9 ғасырлардағы қола балталар мен қанжарлар. Өздеріңіз ойлаңыздаршы, бұл заттарға үш мың жыл болған, мүмкін ежелгі адам бұларды қару ретінде, ағаштарды өңдеу үшін немесе тұрмыстық мақсатта қолданған шығар", - деп С.Ситниковтің сөзінен үзінді келтіреді баспасөз қызметі.

Пединституттың археологиялық-этнологиялық зерттеулер ғылыми-практикалық орталығының директоры Тимур Смағуловтың айтуынша қазақстандық және ресейлік археологтар іздеу жұмыстарын келесі жылы да жалғастырмақшы.

Дерек көз: ortcom.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?