Жарияланымдар

Нұрсұлтан Назарбаев: Азаттықтықтың жолы азапты, тәуелсіздіктің жолы тәуекелге толы болатынын ұмытпауға тиіспіз!

05 Қазан 2013
60
0
Нұрсұлтан Назарбаев: Азаттықтықтың жолы азапты, тәуелсіздіктің жолы тәуекелге толы болатынын ұмытпауға тиіспіз!
Мәңгілік ел құру жолындағы ұлы сапарымызда біздің бәрімізге Абылай ханның аруағы жар болсын!

Біз жас тәуелсіздігімізді қалай шыңдаймыз, дүбірлі дүниеде алдымыздан тосылатын сын-қатерлерге қалай шыдаймыз деген мәселелер өте маңызды. Бұл туралы бүгін Көкшетаудағы «Абылай хан және оның тарихи дәуірі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзінде айтылған.

Мемлекет басшысының сөзін ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин оқып берді.

«Мыңжылдықтар тоғысында Абылай арманын жүзеге асырып, азат мемлекет құрған, тәуелсіз елдің ордасын ел ортасына, айбынды ханымыз ат ойнатқан Арқа төсіне орнатқан мына біз жас тәуелсіздігімізді қалай шыңдаймыз, дүбірлі дүниеде алдымыздан тосылатын сын-қатерлерге қалай шыдаймыз деген мәселелер өте маңызды. Азаттықтықтың жолы азапты, тәуелсіздіктің жолы тәуекелге толы болатынын ұмытпауға тиіспіз. Бой таластыратын емес, ой таластыратын заманға, білектіден білікті басым түсетін кезеңге келіп отырғанда мұның бәрі көп болып кеңесер күрделі жайлар», - дейді Мемлекет басшысы.

«Мәңгілік ел құру жолындағы ұлы сапарымызда біздің бәрімізге Абылай ханның аруағы жар болсын!» - деп түйді Президент.

Дерек көз: inform.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?