Жарияланымдар

Түркістанның пайда болу кезеңі өзгеруі мүмкін

10 Тамыз 2013
80
0
Түркістанның пайда болу кезеңі өзгеруі мүмкін
Зерттеушілер Түркістандағы кезекті археологиялық экспедиция кезінде б.д. І ғасырына жататын сәулет кешенін тапты. Сондықтан да олар қаланың пайда болу дәуірінің өзгеруі мүмкін екенін айтып отыр, бұл т

«Түркістандағы археологиялық жұмыстардың жаңа маусымы кезінде жасалған маңызды жаңалықтардың бірі - б.д. І ғасырына жататын мәдени қабаттың аршылуы болды», - дейді Смағұлов. Археолог, аршылған құрылыс қабаты жақсы сақталғанын баса атап көрсетті.

«Бұл сәулет ескерткіші - аркалары, өткелдері және бөлмелері бар биіктігі үш-төрт метрге жететін құрылыс нысаны. Ең қызығы, ортадағы нысан крест түрінде салынған. Ескерткішті біздің дәуіміздің бірінші ғасырына жатады деуге негіз бар, себебі материалдардың археологиялық кешені табылып отыр. Жебе ұштары, қыш ыдыстардың сынықтары, қоладан жасалған бұйымдар мен басқа да ұсақ-түйек заттар, ол құрылыстың б.д.І және ІІ ғасырына жататынын дәлелдейді. Яғни, бұл жаңалық Түркістан қаласының пайда болу дәуірін әрі қарай жылжытады. Бұған дейін қала б.д. IV-V ғасырларында пайда болған делініп келді», - дейді Смағұлов.

Зерттеуші сондай-ақ, қаланың пайда болу кезеңі шартты мәселе екенін атап көрсетті. «Нақты түйін жасауға болмайды, барлық тұжырымдар шамалап жасалуда», дейді ғалым.

Е.Смағұловтың айтуынша, қазақ қалаларының тарихы туралы жазба деректер өте аз. Сондықтан да, бұл мәселеде археологиялық зерттеулер негізгі материал болып табылады, ал оларда дәлдік, нақтылық болмайды. Зерттеушілер белгілі бір ғасырдың аясы туралы да айта алады. «Табылған сәулет ескерткішін сақтау үшін, оны мұражайға айналдыру туралы Мәдениет министрлігіне хат жаздық. Онда ауқымды археологиялық жұмыстар жүргізу керек», деп атап көрсетті Е.Смағұлов.

Ғалымның пікірінше, үлкен ортағасырлық қалаларға қатысты мемлекеттік бағдарлама қабылдау керек және ол бағдарлама археологиялық зерттеулер жүргізу, консервациялық мұражай құру және ол ескерткіштерді біртіндеп туризм нысандарына айналдыру сияқты шараларды қамтығаны жөн.


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?