Жарияланымдар

Мағжан туындылары татар тіліне тәжімаланды.

03 Қазан 2013
193
0
Бүгін, қазанның 3-і жұлдызында, Астана қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханада қазақ классигі Мағжан Жұмабаевтың татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті.

Бүгін, қазанның 3-і жұлдызында,  Астана қаласындағы  ҚР Ұлттық академиялық кітапханада қазақ классигі Мағжан Жұмабаевтың татар тіліне аударылған өлеңдер жинағының тұсау кесері өтті. Кітапқа Татарстанның танымал ақыны, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Ғабдулла Тоқай атындағы  Мемлекеттік сыйлықтың иегері Радиф Аглямның және Флера Тархановтың аудармалары  да енген.

Құрметті қонақтар ретінде ҚР Парламенті депуттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мемлекеттік органдардың,бұқаралық ақпарат құралдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, шығармашылық интеллигенция шақырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Нұрлан Окаұлы, Татарстан Республикасы жазушылар одағылың мүшесі Тауфик Каримов, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатының Бас директоры Марат Әбсеметов, Жазушы, мағжантанушы, «Егемен Қазақстан» газеті бас редактордың орынбасары Жарасбай Сүлейменов, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің этникааралық және дінаралық толеранттылық жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов, Қазақстан Республикасы жазушылар одағының Астана қаласы филиалының төрағасы Несіпбек Айтұлы сөз сөйледі.

Жиында Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?», «Соловей» орыс тілінде, «Туган жир» татар тілінде, өлеңдері оқылды. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ең көп оқылған
Сауалнама

Қалай ойлайсыздар, NDH digest журналының нөмірлері Қазақстанның тарихи даму кезеңдеріне сәйкес болса, оқушының қызығушылығын туғыза ма?