Жарияланымдар

Бурабайдағы үлкен жоба: Жастар ұлы Аңырақай шайқасының көріністерін жасамақ

01 Қазан 2013
56
0
Бурабайдағы үлкен жоба: Жастар ұлы Аңырақай шайқасының көріністерін жасамақ
Жастар Бурабайда орасан зор шара өткізуге дайындалып жатыр. 12 қыркүйек күні ұлы Аңырақай шайқасының көріністері жасалып, «Батыр болған керемет» деген әлеуметтік ролик түсіріледі.

Жастар Бурабайда орасан зор шара өткізуге дайындалып жатыр. 12 қыркүйек күні ұлы Аңырақай шайқасының көріністері жасалып, «Батыр болған керемет» деген әлеуметтік ролик түсіріледі.

 Тарихи флэш-моб Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Шайқас» жобасының аясында өтеді.

 Сонымен қатар, шара аясында тарихшылар, мемлекеттік қайраткерлер, энтузиаст-құрастырушылар, қолөнершілер, танымал блогерлер мен журналистердің құрылтайы өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен чемпионат ұйымдастырылады. Салт атпен жүру мектебі жұмыс істеп, тарихи костюм дайындау сипаттамасы мен тәсілдері көрсетілген құрастырушыларға арналған альбом жасалады.

 «Жобаның мақсаты - Қазақстанның тарихи мұрасын насихаттау. Біз бұл Қазақстанда этно-туризмді дамытуға септігін тигізеді деген ойдамыз», - деп атап өтті Теміртаудағы жастар одағында.

 Білім және ғылым министрлігінің «Менің Елім» қауымдастығы, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия және туризм комитеті, «Асық ату» қазақстандық федерациясы, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм»АҚ аталмыш шараның серіктестері ретінде атсалысты.

Дерек көз: inform.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?