Жарияланымдар

Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі баспасөз конференциясы

30 Қыркүйек 2013
99
0
Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі баспасөз конференциясы
2013 жылғы 1-қазанда сағат 12:00-де ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Халық тарих толқынында» бағдарламасы аясындағы баспасөз конференциясы өтеді.

2013 жылғы 1-қазанда сағат 12:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 5-қабатында ел Президентінің бастамасымен қолға алынған «Халық тарих  толқынында» бағдарламасы аясындағы баспасөз конференциясында Ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысының қорытындысы бойынша мәселелер көтеріледі. 

Баспасөз конференциясына Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі  Ведомствоаралық жұмыс тобының  мүшелері, «Мемлекет тарихы институты» Мемлекеттік Мекеме директоры Бүркітбай Аяған, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Ерлан Сыдықов, Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының бөлім меңгерушісі Меруерт Әбусейітова, сондай-ақ e-history.kz веб-порталын әзірлеушілер қатысады.

  БАҚ өкілдерін тіркеу  +7 (7172) 55-93-38 телефоны немесе ОКҚ Қоғаммен байланыс қызметінің info@ortcom.kz электрондық адресі арқылы жүргізіледі.


Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?