Жарияланымдар

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де тарих факультеті жеке шаңырақ көтерді

30 Қыркүйек 2013
51
0
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де тарих факультеті жеке шаңырақ көтерді
Аталған факультет құрамына Қазақстан тарихы, археология-этнология және еуразиялық зерттеу кафедралары кіреді. Осыған дейін тарих мамандығы әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында болған.

Аталған факультет құрамына Қазақстан тарихы, археология-этнология және еуразиялық зерттеу кафедралары кіреді. Осыған дейін тарих мамандығы әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамында болған. Қазір жаңа факультеттің оқу жүйесі мен құрылымы дайындалып жатыр. Аталған факультетте жоғары білікті тарихшылар, ғалымдар жұмыс істейді. Ал алдағы уақытта мектептерге сабақ беретін тарихшылармен қоса, мұрағаттану мен мұражай қызметкерлерін оқытатын жаңа мамандықтар ашылмақ. Жаңа факультеттің төлтаңбасы да дайындалып, бекітілген.

Тілеген САДЫҚОВ, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы:

- Жаңа факултьтеттің төлтаңбасында барыс үстіндегі алтын адам бейнеленген. Бұл – тәуелсіздіктің символы. Төлтаңбадағы кітап – біздің ұлттық тарихымыз. Күлтегін ескерткіші мен шаңырақ та осы төлтаңбада көрініс тапқан.

Дерек көз: 24.kz
Сауалнама

Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?