Жарияланымдар

Астана мерекесіне қандай тілек айтар едіңіз?

29 Шілде 2013
132
0
Астана мерекесіне қандай тілек айтар едіңіз?
Астана – қазақстандықтардың мәртебесі, еліміздің болашағы мен тәуелсіздігінің символы

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин өз құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық  процестердің архитекторы болып саналатынын, бұған зор еңбегі сіңгенін атап өтеді. «Біздің арамызда қалыптасқан жеке ізгі қарым-қатынасымызды, Ресей мен Қазақстанның жан-жақты байланыстарын дәйектілікпен кеңейтуге тұрақты ықылас танытатыныңызды жоғары бағалаймын»,- деп жазады В. Путин.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның құттықтауында Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының табысты дамуын Қазақстан Президентінің жеке ықыласы мен зор ынта-жігерінен бөліп қарауға болмайтыны, мұны қытай жағы өте жоғары бағалайтыны айылады. КХР Төрағасы екі ел басшыларының жан-жақты стратегиялық серіктестікке арналған Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа деңгейге көтеруге әзір екенін атап көрсетеді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебізімен жолдаған құттықтауында Қазақстан Республикасының қазіргі жетістіктерін жоғары бағалап, біздің мемлекетіміз басшысының жан-жақты қызметінде табысқа жете беруіне тілектестік білдіреді.

Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл: «Сіздің көреген жетекшілігіңізбен Қазақстанның үлкен жетістіктерге жетуі және елдің халықаралық қауымдастықтағы беделінің артуы – біз үшін үлкен қуаныш. Қазақстанның жетістіктерін өз жетістіктеріміздей қабылдап, мақтан тұтамыз», – деп атап көрсетеді. Абдуллаһ Гүл Түркия мен Қазақстан арасындағы достық пен қарым-қатынастардың жалғасын табатынына күмәнданбайды.

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың құттықтауында Н. Назарбаевтың Қазақстанды өркендету жолындағы жан-жақты қызметі, қажымас еңбегі аса жоғары бағалауға лайық екені атап көрсетіледі: «Қол жеткізген уағдаластықты жүзеге асыру екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті ілгерілете түсуге, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы интеграциялық процестерді дамытуға ықпал ететініне сенімдімін».

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев: «Бауырлас Қазақстанның табыстары, тәуелсіздігінің нығаюы, оның халықаралық аренадағы беделінің артуы және әлеуметтік-экономикалық жетістіктері – Сіздің мақсатты түрде және көрегендікпен жүргізген саясатыңыздың жемісі», – деп атап көрсетеді.

 

Сауалнама

Ұлттық үлгідегі қандай киімді тұтынасыз?