Жарияланымдар

Алтын адам

24 Шілде 2013
4573
1
Алтын адам
Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі.

Алтын адам (5 ғ.) — Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 

1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Топырақ қорғандармен ұштасып жатқан қорым солт-тен оңт-ке қарай 3 шаршы км жерді алып жатыр. 40-тан астам обадан тұратын қорымның оңт. шетінде биікт. 6 м, диаметрі 60 м үйінді төбе астынан екі қабір ашылды. Біреуі ертеректе тоналған. 

Екіншісінен жасы 17-18 шамасындағы сақ жауынгерінің мүрдесі ашылды. Қабір шырша бөренелерден жасалған, көлемі 3,3х1,9 м, биікт. 1,5 м, сол жақ бөлігіне қойылған сақ жауынгерінің басы батысқа қаратылып жатқызылған. Қабірдің оңт. және батыс шеттерінде металл, қыш, ағаштан істелінген ыдыстар, зергерлік бұйымдар қойылған. Қабір ағаш қақпақпен жабылып, темір құрсаулармен бекітілген, еденіне тақтай төселген, ал адам қойылатын жеріне алтын жапсырмалармен безендірілген төсеніш салынған. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. 

Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында ” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археол. мәліметтерге қарап, бұл адамның б.з.б. 5-4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, А. а-ның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология т. б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемл. өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам — Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі Елтаңбамызға енді.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

сарсенгали22.08.2017, 21:12

Всё таки не правильно разделять "Саков" на три группы с экзотическими названиями, приравнивая их к неразвитым племенам. Ведь в захоронении найдена чаша с надписью, значит была письменность, так же золотые изделия и украшения, одежда говорят о высокой культуре. Автор надписи специально написал на чаше, что бы дольше сохранить информацию и подчеркнул изобразив на чаше как бы лист исписанной бумаги или иной предмет, подсказывая нам современным потомкам: "Это послание-древняя газета". Хотя и говорят, что газету придумали в 6 веке нашей эры. Предположим в то далёкое время писали на обработанной коже домашних животных гусиными перьями. И после обработки птицы видели кожу гуся похожую на исписанную поверхность. Так и говорили "К,аз+ет! - Газет!". Думаю этому найдут подтверждение на раскопках древнего Тараза, возраст которого совпадает с Алтын Адамом. Письмо иссыкское написано строками, сейчас любой из нас напишет примерно так же немного похуже, оно практически современное, записано финикийскими буквами, отчасти кириллица, не удивляйтесь...Ко всему этому нужен простой подход, не академический, иначе ни когда не прочтёте. Думаю мне это удалось. Практически в тоже время 5-3 вв. до нашей эры был народ "Сираки", занимал те же территории и Северный Кавказ, где есть похожие на казахов народы и язык. У казахов так же есть род Ак Сирак. Не намеренно ли разделили народ "Сирак-Sirak" и "Сак-Sak". Проще будет Sirak = S+ir+ak, где S-ыссы - горячий, от слова "ыссык"/ Горячий+большой+белый, это народ. А Sak = S+ak, Горячий+белый, это правитель-хан. Можно найти информацию, что была и страна Казакия, иначе Казак+уй - дом казахов. Видимо была цивилизация Казак - Каз+ак - Белый + Гусь, отсюда и слово "ак", Сак-Сирак. Это всё не только версии и домыслы. Могу с лёгкостью всё доказать, я и сам из рода Ак Сирак. Историю казахов не надо искать где то в заморских архивах, тем более у тех древних историков, империи которых захватывали и разрушали мир, а так же историю казахов. Наша история у нас в руках, "Алаканда - Ал+ак+анда", в словах, в названиях и у нас в голове, стоит только захотеть. Не смотрите в рот заморским учителям, не давайте им писать нашу историю, не то погубят как индейцев в своё время. Надеюсь на понимание, истинному казаху надо только захотеть понять, остальное приложится. Прочитайте в сетях "Сираки"...

Ең көп оқылған
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?