Қаз Рус Eng

Театр әлеміндегі тарих

Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз
Қазақ хандығына 550 жыл
Ұлы Жеңіске 71 жыл
«Бір суреттің тарихы» фотожобасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы
ҚР Конституциясына 20 жыл
Астана — тарих толқынында
Әлихан Бөкейхан - 150
Ұлы Дала
Селфи-байқау
Сүреттер сөйлейді
Театр әлеміндегі тарих
Болашақ Қазақстан
Тәуелсіздікке 25 жыл
Фольклор

Астанада студенттік фильмдер фестивалі өтеді

20 Ақпан 2015
299
0
20 ақпанда 19.00-де «Астана» Ұлттық сурет галереясында жыл сайынғы «Annual Students Film Festival 2015» атты үшінші студенттік фильмдер фестивалі өтеді.

Фестиваль «Жастар Парламенті — Астана» ҚБ-мен бірлесіп өткізіледі. 

Жыл сайынғы «Annual Students Film Festival 2015» студенттік фестивалі — бұл шығармашылық жоба, фестиваль ұлы кинорежиссер, актер әрі халық әртісі Шәкен Аймановтың туған күніне орай ұйымдастырылады. Фестивальде Назарбаев Университетінің студенттері түсірген қысқаметражды фильмдер мен роликтер көрсетіледі, басты тақырып — «Әлеуметтік даму: Ұлттық тәрбиелеу». Бұл тақырыпта мынадай категориялар бар: «Рухани құндылықтар», «Тәрбие», «Салауатты өмір салты» және «Экология». 

Студенттік фильмдер фестивалі «Астана» ұлттық сурет галереясының концерт залында өтеді. Кіру тегін. Орындар саны шектеулі. 

Айта кету керек, былтыр Шәкен Аймановтың 100 жылдығы атап өтті. 

Ол 1914 жылдың 15 ақпанында Баянауылда дүниеге келді. 1931-1933 жылдары Семей қаласындағы Қазақ ағарту институтында білім алды. 

1933 жылдан бері Шәкен Айманов Қазақ драма театрында (қазіргі кезде Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры) жұмыс істеді. Мұнда ол жүзден астам рөлді ойнады, соның ішінде Петтручио («Укрощение строптивой» фильмі), Хлестаков («Ревизор»), Қодар («Қозы Көрпеш — Баян Сұлу») және басқалар. Мұнда өзінің спектакльдерін қойған, олардың ішінде А. Островскийдің «Таланты и поклонники» комедиясы, Г. Мүсіреповтың «Трагедия поэта» пьесасы. Шәкен Аймановтың әр сахналанған жұмысы елдің мәдени өміріндегі айтулы оқиға болып табылған. Оның қатысуымен болған спектакльдер аншлагпен өтті. 

Шәкен Айманов кино саласында жұмыс істегенде, оннан астам көркем фильмді түсіріп үлгерді. Олар ұлттық кинематографияның алтын қорына енді. 1953 жылдан бастап 1970 жылға дейін киностудияның жетекшісі болып жұмыс істеген. Сонымен бірге, сценарист, актер, режиссер ретінде де еңбек етті; Қазақстан кинематографшылар Одағын басқарды. «Здесь мы живем» (1956 ж.), «Перекресток» (1963 ж.), «Алдар Көсе» (1964ж.), «Ангел в тюбетейке» (1968 ж.) және басқа оның фильмдері көрермендер үшін ұмытылмас әсер қалдырды.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз