Қаз Рус Eng

Ұлы Дала

Ядролық қарусыз әлем – басты мақсатымыз
Қазақ хандығына 550 жыл
Ұлы Жеңіске 71 жыл
«Бір суреттің тарихы» фотожобасы
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы
ҚР Конституциясына 20 жыл
Астана — тарих толқынында
Әлихан Бөкейхан - 150
Ұлы Дала
Селфи-байқау
Суреттер сөйлейді
Театр әлеміндегі тарих
Болашақ Қазақстан
Тәуелсіздікке 25 жыл
Фольклор

Қазақ мемлекеті Ұлытаудың арқасында сақталған

07 Қазан 2016
363
Ұлытау экспедициясы 2014 жылғы 11 тамыз бен 22 тамыз аралығында өтті

   Мақсаты — Ұлытау мәдени-тарихи және рухани мұрасын жаңғырту, дамыту, көпшілікке тарату және аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамуына септігін тигізу. 

    «Біз Ұлытаудың туристік бағыттарын жасақтадық. Ондағы тарихи орындар мен ескерткіштер тарихи-мәдени маңызға ие. Жошы мен Алаша хандардың зираттары сонда орналасқан. Домбауыл кесенесі де сонда. Ол жерлерді біз картада белгілеп қойдық, көлікпен бару үшін GPS тректер салдық. Қазақ мемлекетінің 550 жылдығы қарсаңында бұл өте керек дүниелер», — дейді Сәулет Сәкенов. Оның айтуынша, Ұлытау өз кезенінде қазақ халқы үшін белгілі орын болды, өйткені сыры бар өлкенің қасында көптеген тарихи ескерткіштер орналасқан. «Бұл өңір қызықты жайттарға толы болып шықты, мұнда тарихи ескерткіштер көп. Ертеде негізгі тарихи оқиғалар Түркістан мен Ұлытау аралығында болған. Қазіргі Алматы мен Астана аралығындағы жолдың бойында тарихи ескерткіштердің көп болатыны содан», — дейді экспедиция жетекшісі, Қазақстан ұлттық география қоғамы директорының халықаралық қатынас әрі ғылыми жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкенов. 

    Ғалымның айтуынша, Ұлытаудың қазақ халқы үшін тарихи, мәдени маңызын бағалау мүмкін емес. «Қазақ мемлекетінің 550 жылдығын тойлауды осы жерден бастау керек. Себебі қазақ этносының шоғырланған орталығы осында болды, хандарымызды Ақ киізге отырғызған жер, қазақ тілінің байыған тұсы да осы Ұлытау. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар шегінуге мәжбүр болып, Ұлытау өлкесін паналады. Кейін қалың күш жинап, бостандық үшін күресті. Жоңғарларды ойсыратқан екі ірі соғыс осы Ұлытауда болыпты. Ұлытаудың арқасында Қазақ мемлекеті жойылған жоқ», — деп түйді ойын Сәулет Сәкенов. 

    Қазір Ұлытау экспедициясы туралы «Белгісіз Қазақстан» сериясынан деректі фильм дайындалып жатыр.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз