Басты бет Фотогалерея #Алаш100. Сары дәптердің сыры

#Алаш100. Сары дәптердің сыры

Осы жылдың 23 қаңтарында белгілі қоғам қайраткері, ғалым, қазақтың қайраткер қызы Гүлша Тәңірбергенқызымен кездесіп, мән-жайды баяндап, ол кісіден бірқатар тарихи құжаттарды алған едік. Қолға түскен тарихи құжаттар – Гүлша апайдың әкесі, белгілі қаламгер, өлкетанушы Тәңірберген Қалилаханов есімді ақсақалға тиесілі.  Кезінде бұ ақсақал Алаш қайраткерінің ұрпақтарымен жақын араласып, Бәкең жайлы ғылыми-ізденіс жұмысын жүргізіпті.  Бұны – біздің қолымызға түскен құжаттар айғақтайды. Тәңірберген атамыздың жеке мұрағатындағы құжаттың бірі – Кәке (Абдулқадыр) Барлыбекұлының өмірбаян үлгісінде жазылған күнделік-дәптері.    Бұл күнделік – осы уақытқа дейін еш жерде жарияланбаған және ғылыми айналымға түскен емес. Күнделік осы тұрғыдан алғанда маңызды һәм салмақты болып отыр. Бұл күнделіктің тарихи маңызы – Барлыбектей арыстың туған жері, өскен ортасы, ата-анасы, жан-жары және ұрпақтары туралы жазылған деректердің шынайылығында. Және бір ескерер жайт: бұл тарихи құжат – барлыбектану саласының Алаштану ғылымының бөлінбес бөлшегіне айналдыруы һәм жаңа деректермен толықтырып, дүниетанымымызды кеңейтуі.

12.04.2017