Басты бет Фотогалерея Алаш мұраты және Елбасы идеясы

Алаш мұраты және Елбасы идеясы

National Digital History порталы Алаш автономиясының 100 жылдығы қарсаңында 5 наурыз – ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның туған күніне орай «Алаш мұраты және Елбасы идеясы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды Биыл Алаш автономиясына 100 жыл. Жыл басында Үкімет отырысы өтіп, сол кездегі Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов мырза Алаштың 100 жылдығын жоғары деңгейде атап өту мәселесін көтерді. Еліміздің мәдени-тарихи өмірінде көптеген жаңалықтар болды, айталық былтырғы жылы ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын аса жоғары деңгейде атап өтпесек те, жер-жерде іс-шаралар ұйымдастырылды. Сонымен қатар батыр, мерген, азаттық көтерілісінің қатысушысы Кейкі Көкембайұлының бассүйегін қайтарып алдық. Мұндай оқиғалар тарихымыздың ақтаңдақ беттерін қайта қарауға, жаңаша зерделеуге жетелейтіні анық.

02.03.2017