ҚР БҒМ Ғылым Комитетінің Экономика институты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институты – республикадағы экономикалық ғылымның жетекші орталығы. Институтта макро-, әлемдік және аймақтық экономиканың қаржы және басқару мәселелерін қоса алғанда, республиканың шаруашылық салаларының бәсекеге қабілеттілігінің, институттар және өндірістік қатынастары өзгерістерінің, адам капиталы және тұрғындардың өмір сүру сапасы дамуының өзекті мәселелері бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулердің бағыттары мен үлкен ғылыми мектептері қалыптасқан. Алғашқылардың бірі болып Институт ғалымдары экономикалық өсудің жаңа сапасының қажеттігін, тұрақты даму идеясын алға тартты, «жасыл өсу», индустриялық жаңғырту, орташа класты қалыптастыру, экономикалық өсудегі мемлекеттік меншіктің рөлін қайта мағыналау қажеттігін негіздеді. Институтта инновациялық-технологиялық даму, жаңа индустриялық саясат, келешекті инновациялық кластерлерді қалыптастыру мәселелері белсенді дамуда. Институттың жоғары ғылыми кадрлық әлеуеті және жетілген материалдық-техникалық базасы бар. Институтта ғылыми кадрлардың сабақтастығы сақталады, академиялық ғылымның дәстүрін жалғастыратын Институттың жалпы ғылыми қызметкерлері санының үштен бірін құрайтын жас ғалымдар жемісті жұмыс істеуде.