Басты бет Ғылыми орталықтар, зертханалар Айтылған тарихты зерттейтін ғылыми орталық

«Ауызша тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығы

2012 жылдың қыркүйек айының 1-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура институтының Қазақстан тарихы мен мәдениеті кафедрасы жанынан «Ауызша тарих» саласында маман даярлау және зерттеу орталығы ашылды. Орталық жобалық зерттеулер негізінде өткен тарихи оқиғалардың куәгерлерінің көзқарастары мен пікірлері негізінде жаңа тарихи фактілерді айқындауды, естеліктер қорын жинастырып, оны келешек ұрпақ үшін сақтауды мақсат етеді. Сондай-ақ, орталық қызметкерлері жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүзеге асыру негізінде магистранттар мен докторанттарды ғылыми ізденіске тартуды, жас ізденушілердің қажетті біліктіліктері мен дағдыларын дамыту арқылы «Ауызша тарих» саласында болашақ мамандарды даярлауды, ауызша тарихты ғылыми зерттеу пән ретінде дәріптеуді негізгі бағыт ретінде ұстанады.

  • Мекен-жай
  • 050010, Республика Казахстан Алматы қаласы, Достык даңғылы, 13ші үй
  • Телефондар
  • +7 (727)291-65-29
  • Электрондық пошта
  • aitylgantarih@nur.kz
  • Веб-сайт
  • www.kaznpu.kz