Басты бет Ғылыми орталықтар, зертханалар Көшпенділер өркениетін зерделеу ғылыми-зерттеу орталығы

«Орталық Азияның дәстүрлі өркениетін зерделеу» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы

Қазақстан Республикасының Мелекеттік хатшысы М.М.Тажиннің төрағалығымен өткен ұлттық тарихты зерделеу бойынша Ведомствоаралық жұмысшы тобы кеңейтілген мәжілісі Хаттамасының пунктін орындау мақсатымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанынан «Орталық Азияның дәстүрлі өркениетін зерделеу» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. Орталықтың директоры болып ежелгі түрік тайпалары тарихын зерделеу бойынша белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков тағайындалды. Орталықтың мақсаты әлемдік тарихнамадағы таным әдістерін сыни тұрғыдан қайта бағалау контексінде тарихи-салыстырмалық талдау және жаңа әдістемелік тәсілдер негізінде Қазақстан мен Орталық Азия дәстүрлі өркениетінің ғылыми проблемаларын зерттеу болып табылады. Негізгі міндеттер Көшпенділіктің пайда болуының, әлемнің көптеген халықтарының этногенезіне айрықша ықпал еткен ежелгі түрік даласында мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ерте және ортағасырлар мемлекеттік құрылымдарының құрылуы және ыдырауының өзіндік ерекшеліктерін айқындау; Ұлы Жібек жолының дипломатиялық және сауда-экономикалық рөлін, оның «Дешті Қыпшақ» көшпенділерінде әлеуметтік ұйымның және этносаяси құрылымның, басқарудың ұлыстық жүйесінің қалыптасуына әсерін анықтау; Қазақ этносын қалыптастырған этноаумақтың, тайпалардың орналасу ареалының қалыптасу үрдісін, Еуразия топонимикасының, дала номадтарының Орталық Азияның шектесіп жатқан көшпелі емес халықтармен саяси және мәдени өзара қарым-қатынастарының аспектілерінің тарихын зерттеу; Түрік халықтарының базалық этномәдени және өркениеттік ұқсастығының түбірін, Орталық Азия көшпенділерінің дәстүрлі шаруашылығы және мәдениетінің тұтастығы мен сабақтастығын айқындау. Орталық құрылымы келесі секторлардан тұрады: 1. Орталық Азия дәстүрлі мәдениетінің тарихнамасы 2. Еуразия далалық империяларының тарихы 3. Қазақ халқының этногенезі 4. Орталық Азия көшпенділерінің іргелес көшпелі емес халықтармен өзара қарым-қатынастарының тарихы 5. Дешті Қыпшақтың дәстүрлі қоғамының әлеуметтік және этномәдени құрылымы Ғылыми зерттеу үшін Орталықтың жұмысын айқындайтын әртүрлі тақырыптар бойынша барлығы 17 жоба ұсынылып отыр. Орталықтың негізгі кадрлық құрамы 38 атқарушыдан тұрады, олардың 13 ғылым докторы, 16 ғылым кандидаты, 1 философия PhD докторы, 6 PhD-докторанты, олардың қатарында республикаға танымал мамандар, сонымен қатар АҚШ, Жапония, Түркия, Қытай елдерінің Юлай Шамильоглы, Ахмет ташағыл, Уямо Томахико және басқа жетекші ғалымдар бар. Болжалды нәтижелер Қазақстанның, ТМД және алыс шет елдер мұрағаттары мен кітапханаларының және қазақтардың ауызша тарихи материалдарын жинау және жүйелеу; «Өркениет» атты жылдық ғылыми жинақ шығару; Дешті Қыпшақтың түріктілді тайпаларының этногенезі тарихының проблемалары бойынша монографиялық зерттеулер шығару; Орталық Азияның дәстүрлі өркениетінің өзекті проблемалары бойынша мерзімді баспа беттерінде мақалалар жариялау және БАҚ-та сөйлеу, онлайн конференцияларын, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру; Орта және жоғары оқу орындары жүйесінің оқу үрдісіне ғылыми нәтижелер мен тұжырымдарды енгізу, оқулықтар, электронды оқу материалдарын, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, көшпенділік, және жалпы Орталық Азияның дәстүрлі өркениеті бойынша элективті курстар оқу, практикумдар мен хрестоматиялар шығару.