Басты бет Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан жас тарихшыларының қауымдастығы

Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы

Қауымдастықтың қызмет ету аясы ұлттық тарихты зерттеу және насихаттау болып табылады. «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» ҚБ үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қауымдастықтың қызмет ету аясы ұлттық тарихты зерттеу және насихаттау болып табылады. Қауымдастық ғылымның дамуына ықпал жасауды өз мақсаты ретінде, зерттеулердің, білім беру, мәдени, ғылыми және тағы басқа қазіргі қоғамның аспектілерін зерттеуші жас тарихшылар арасындағы байланысты барынша дамытуға әрекет жасайды. Қауымдастықтың органы Жалпы жиналыс, Төраға, Төраға орынбасары, хатшы болып табылады. Қауымдастықтың жоғарғы органы Жалпы Жиналыс жылына бір рет шақыртылып отырады. Қауымдастықтың Жарғысындағы талаптарды сақтай отыра, оның мақсатымен бөлісуге, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын гуманитарлық мамандық бойынша жоғары білімді, 22-35 жас аралығындағы және ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар жеке түлға, шетелдік азамат және азаматтығы жоқ тұлға Қауымдастыққа мүше бола алады. Ассоциация 2013 жылдың 7 шілде күні, Астана қаласында Құрылтай жиналысында құрылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің «Тарих толқынындағы халық» атты баяндамасындағы тапсырмаларды орындау мақсатында 2013 жылғы 4 шілде күні Мемлекет тарихы институтында «Ұлттық тарихты ұлықтаудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы – Мемлекет тарихы институтының Жас ғалымдар кеңесі болды. Іс-шараға Мемлекет тарихы институтының жас ғалымдарымен қоса, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жас қызметкерлері, сондай-ақ Астана қаласы мектептерінің Қазақстан тарихы пәні мұғалімдері де қатысты. Дөңгелек үстел барысында Қазақстанның тарих ғылымы мен оның болашағы, ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің мақаласында атап өтілген мақсатты тапсырмаларға талдау жасала келе, тарих ғылымның дамуына үлес қосатын жастардың зерттеулерін үйлестіру, білім беру, мәдени, қоғамның және де басқа мәселелерін зерттеумен айналысып жүрген жас мамандардың ара-байланыстарының жан-жақты болуына барынша мүмкіндіктер жасайтын ұйымды құру мәселесі көтерілді. 2013 жылғы 7 шілдедегі Құрылтай жиналысы аталмыш атаулы іс-шараның жалғасы болды. Мемлекет тарихы институты қабырғасында өткен Жиналыста Еліміздің жас тарихшы ғалымдарының қоғамдық ұйымы – «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды.