Басты бет Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы

Қазақстан тарихшылар қауымдастығы

"Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" мүдделері бүкіл Орталық Азия аймағын қамтыған ғалымдардың бірлестігі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйым ретіндегі "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" қоғамдық бірлестігі туралы бастаманы ҚР БҒМ Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 2002 жылы көтерген еді. Бұл бастама Қазақстан тарихшылары арасында кең қолдауға ие болды. "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" өз қатарларына маманданған тарихшыларды, жоғарғы оқу орындары оқытушыларын ғана тартып қоймайды, сонымен қатар Отанымыздың өткені жайындағы дүниетанымға ерекше ден қоятын барлық азаматтарды біріктіреді. Ұйымның қызметі, мүшелік жарналар, Халықаралық және республикалық ұйымдардың жарналары және ерікті түрде қолдау көрсеткендердің салымдары арқылы іске асырылады. "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" біздің қоғамдағы демократияның қалыптасуындағы тарихтың орны зор екендігін таниды. Қазақстанның жоғарғы оқу орындарындағы тарихи білім демократиялық реформалардың жүзеге асуын шешуге және әрбір қазақстандықтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға тиіс. Тарихи білім жайындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тарапынан айтылған сын, университеттер мен орта білім беру мекемелеріндегі тарих пәнін берудің жаңа саясатын жасаудың қажеттігін көрсетті. Бұған деген қажеттілік өздерінің көздеген мақсатына жетудің ыңғайлы құралы ретінде тарихты пайдаланғысы келген ғылымды төңіректегендердің баспасөз беттеріндегі айтыс-тартыстарының толастамауынан туындайды. Бір өкініштісі маманданған тарихшылардың бұл айтыс-тартыстарға сыртқы көрермен ретінде қалуы. Қазақстанның маманданған тарихшылары бірлестігінің қызметі тарих ғылымы төңірегінде қалыптасқан жағдайды жақсартуға және қазақ қоғамының тарихы білімдегі біздің өткенімізге деген сұранысын қанағаттандыруға бағытталған. Ең алдымен тарихты қазақстандықтардың азаматтылық, демократия және патриотизм түсініктерін қалыптастыру механизмі ретінде пайдаланып, қоғамдағы тарих ғылымының мәртебесін көтеру. "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" мүшелері жаңа ұлттық тарих, кез-келген ғылым секілді ең алдымен қоғамға қызмет етуге тиіс деп санайды. Дүниетанымдық қызметін атқара отырып, тарих өз мемлекетінің азаматы болудың жолын үйретуі қажет. Заманымыздың тарихилығы – бұл патриотизмге арқа сүйеген және өткені мен болашағының ынтымағындағы азаматтық теңдік. "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" барлық тарихшыларды ұсынылған ғылыми пікір таластарға: өз тарапынан авторитарлық болып табылатын ғылыми концепциялар (тұжырымдар) толассыз және қасиетті саналмауға тиіс дегендерді талдауға қатысуға шақырады. Тарихи зерттеу өткеннің бет-бейнесін түсіндірудің көптеген нұсқаларының тек бірі ғана болып табылады. Тарихи зерттеулер қазіргі әлемде, өткеннің қатыстылығы барлығын сезінуді көрсетуге тиіс, тарихшы тарихи зерттеулерін фактілерді тізбелеуге бұрудан аулақ болғаны дұрыс. "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" посттоталитарлық тарих ғылымда қалыптасқан жалған түсініктен арылудың жолы ғылыми пікір талас екендігін мойындайды. Қазақстанда демократиялық қоғамның қалыптасуына белсенді араласуды азаматтық борышы санағандарға және идеологиялық, саяси догмалардан таза бұқаралық тарихи сананың қалыптасуының бір тетігі деп есептегендерге біз өз күш-жігерлерімізді – мемлекеттік емес ұйым – "Қазақстан тарихшылар қауымдастығы" арқылы біріктіруге шақырамыз.