Басты бет ҒЗИ Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты

РМҚК Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті (ҚР БҒМ ҒК) Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Институттың негізгі қызметі тарих, этнология (этнография) және антропология ғылымдары саласында іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу. ТЭИ Қазақстан Республикасы тарих және мәдениет мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға, атап айтқанда, аналитикалық анықтамалықтар, ҚР Президент Аппаратына ұсыныс хаттар, ҚР Министрлігі, ЖОО, түрлі деңгейдегі әкімшіліктер, мұражайлар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, НКЦ, БКБ, Шетел мемлекеттері елшілігі, ҚР аккредитацияланған түрлі шетелдік ұйым өкілдері, шетел ғылыми қауымдастықтары, жеке коммерциялық ұйымдар, ҚР азаматтарына ғылыми түсініктемелер береді. ТЭИ базасында ЖОО-ның 2-курс магистранттары диплом алдында тәжірибеден өтеді. Институт қызметкерлерінің көпшілігі мектептерге арналған оқулықтардың авторы, еліміздің ЖОО-да дәрістер оқиды, докторанттардың (PhD) ғылыми кеңесшісі, оқулықтарға пікір беруші, оқулықтар мен оқу құралдарының рецензенттері, сонымен қатар МАК-да төрағалық етеді. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 1945 жылы Қазақ КСРО Академиясы Тіл, әдебиет және тарих институты базасында құрылды. 1991 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты болып құрылды, Қазақстан Республикасы тарих ғылымының жетекші ғылыми-зерттеу орталығы - Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бөлініп шығуымен байланыстырылады. Оның негізгі қызмет аясы – қазақ халқының тарихы, антропология және этнология мәселелері бойынша іргелі ғылыми зерттеу жұмыстарын кешенді түрде терең жүргізу. Сонымен қатар тарихнама, тарихи демография, мәдениет және ғылым, этноәлеуметтану мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу. Ғылыми жұмыстардың нәтижелері көптеген іргелі зерттеулерде, атап айтқанда, монографияларда, мақалалар жинағында, құжаттық зерттеулерде көрініс табады. Институт ғылыми актілерінің заңнамасы, концептуалды құжаттар, оның ішінде, Қазақстан халықтары тарихи танымының қалыптасуы тұжырымдамасы жобаларының жарияланымдарына қатысады. Қазақ халықтығы және мемлекеттілігі, Орта Азия елдері жүйесі арасында Қазақ мемлекеттілігінің орны жайында «Феодализм дәуіріндегі Қазақстан», «XVI ғ. басы-XIX ғғ. Орта және Орталық Азия», «Абылай және Кенесары», «Ортағасырдағы ұйғыр, жалайыр, найман және керейіттер тарихы очеркі» және т.б. ұжымдық монографиялар бар. Қазақстандағы патшалық Ресейдің аграрлық саясаты, «Алаш Орда» тарихы, 1917 ж. революция, жұмысшы тобы, шаруалар, интеллигенция тарихы, Қазақстан дәстүрлі жүйесінің трансформациясы және қызметі әлеуметтік-экономикалық аспектісі, күштеп тәркілеу, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика тарихы мәселелері бойынша қорытынды зерттеулер жүргізеді. 1993-1994 жж. қазақ және орыс тілдерінде «Көне заманнан бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы» очеркі баспадан шықты. Аталмыш еңбек, посткеңестік кезеңдегі Қазақстан тарихына қатысты қорытынды еңбектің бірі. Ә.Х. Марғұланның «Қазақтар», «XVIII ғ. басы-ХХ ғғ. этникалық жер аумағы» атты капиталды басылымында қазақ халқының өнері бойынша этнографиялық көріністер орын алады. Институтта «Қазақстан Республикасы: тарих және бүгінгі заман» атты ұзақ мерзімді бағдарламасы белгіленді. Өткеннің өзекті мәселелеріне зерттеулер жүргізе отырып Институт көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Нақтырақ айтқанда, қазақтардың этникалық тарихы, орта және жаңа замандағы қазақ қоғамы, қазақ халқының азаттық жолындағы күресі, ұлттық мемлекеттің қалыптасуы, тоталитарлық жүйедегі Қазақстанның даму жағдайы және т.б. ғылыми зерттеулер жүргізуде. Институттың басымдық танытатын ғылыми бағыттары мынадай: қазақ халқының этногенезі және этникалық тарихы; Қазақстан тарихы методологиясы мен тарихнамасының өзекті мәселелері; ұлттық мемлекеттілік және ұлттық қауіпсіздік тарихы мәселелері; қыпшақтану; ХХ ғ. Қазақстанның әлеуметтік-саяси және экономикалық мәселелері. Тарих, археология және этнография саласында ғылыми кадрларды даярлауда ҚазКСР ҒА академиктері М.О. Әуезов, Ә.Х. Марғұлан, А.Н. Нүсіпбеков, С.Н. Покровский, Р.Б. Сүлейменов және С.В. Юшков, Е.Б. Бекмаханов, Г.Ф. Дахшлейгер, Б.С. Сүлейменов сынды корреспондент-мүшелері ғылыми кадрлардың қалыптасуына көп үлес қосты. М.Қ. Қозыбаев, Б.А. Төлепбаев, М.Х. Асылбеков, О.И. Смағұлов, К.Н. Нүрпейіс секілді ҚР ҰҒА академиктері Институттың ғылыми бағытын анықтауда ерен еңбек етті. Бұрынғы КСРО ҒА-ның ресейлік ғалымдары: А.М. Панкратова, С.В. Бахрушин, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин, М.П. Вяткиндер Институттың ғылыми бағытының қалыптасуы мен ұлттық карларды даярлауда маңызды рөл атқарды. 1988 ж. маусымынан 2002 ж. қаңтарына дейінгі уақыт аралығында Институт директоры академик М.Х. Қозыбаев (1931-2002) болды. Кейіннен, 2006 жылға дейін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТЭИ директоры тарих ғылымдарының докторы, профессор М.К. Қойгелдиев – ХХ ғ. басындағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысы өзекті мәселесіне қатысты ғылыми мектеп қалыптастырушы: Алаш және Алаш Орда, ұлттық интеллигенция қызметі мәселелері бойынша зерттеуші ғалымдардың бірі. 2006-2007 жж. институт директоры болып тарих ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы Бұрханов қызмет атқарды. 2011 жылға дейін Институтты тарих ғылымдарының докторы, профессор С.Ф. Мажитов басқарды. Қазіргі уақытта Институтта тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Әбжанов басшылық етеді. Жұмыстың негізгі мазмұны отандық тарих ғылымы, этнология, антропология, тарихнама, тарихи демография, сонымен бірге ғылыми танымның жаңа әдістерін енгізу мәселелері болып табылады. Институттың ғылыми қызметінің нәтижелері іргелі ғылыми зерттеулер, монографиялық еңбектер, құжаттық жинақтар, оқулықтар, заңнамалық актілер және ҚР директивті құжаттарында көрініс табады.

  • Электрондық пошта
  • kazhistory@bk.ru
  • Веб-сайт
  • www.iie.kz
  • Әлеуметтік желідегі парақшаларымыз