Басты бет ҒЗИ Мемлекет тарихы институты

Мемлекет тарихы институты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Мемлекет тарихы институты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 мамырдағы № 416 қаулысымен құрылды. Институт директоры қызметіне ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Білім Академиясының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтану Академиясының, Тарих және қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Ғ. Аяған тағайындалды. Б.Ғ. Аяған бірнеше ғылыми еңбектермен қатар, орта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтардың, оқу құралдары мен монографиялардың, энциклопедиялар, ғылыми-көпшілік басылымдарының авторы ретінде көпшілікке танымал. Мемлекет тарихы институты (МТИ) мақсаты – Қазақстанның қазіргі тарихындағы мемлекеттілік және тарихи сана қалыптастыру процесін ғылыми талдау, теориялық жүйелі түрде негіздеу, сараптамалық талдаумен қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекет тарихы институты өздеріне тиесілі жұмысты атқару үшін, жоғары деңгейдегі кәсіби қызметкерлерден құралған кадрлармен жасақталған. Институт ұжымы жоғарғы кәсіби деңгейлігімен ерекшелене отырып, кейбір қызметкерлердің ағылшын, түрік, қытай тілдерін еркін меңгеретіндіктерін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта Институтта 44 қызметкер еңбек етеді.Соның ішінде 8 доктор мен 11 ғылым кандидаты, 3 докторант, 4 магистрант бар. Институт қызметкерлерінің орта жасы – 41 жасты құрайды. Мемлекет тарихы институтының құрылымында 5 бөлім бар. Олар: - Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімі; - Индустриалды-инновациялық даму және этноәлеуметтік үдерістер тарихы бөлімі; - Еуразиялық және салыстырмалы саяси зерттеулер бөлімі; - Ғылыми-ақпарат бөлімі; - Әкімшілік-қаржы бөлімі. МТИ жанында Ғылыми кеңес және Жас ғалымдар кеңестері қызмет жасайды. Кітапхана қоры жаңа ғылыми әдебиеттермен қамтылған. Институт ғалымдарының зерттеу еңбектерін баспадан шығаратын сандық мини-типография жұмыс істейді. Институттың соңғы техникамен жабдықталған материалдық-техникалық қоры ғылыми қызметкерлерге жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар туғызады. Институт ұжымы 5 жылдың ішінде 60-тан аса ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. Жарық көрген еңбектердің тізбесінде: «Қазақстанның қазіргі тарихы» оқулығы жоғары оқу орындарының тарих емес мамандықтардың (бакалавриат) студенттеріне арналған қазақ және орыс тілдерінде; Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы «Қазақстанның қазіргі тарихы» хрестоматиясы қазақ және орыс тілдерінде; справочники о политических партиях современного Казахстана қазақ және орыс тілдерінде; словарь по политическим технологиям и терминам; «Назарбаев Нурсултан Абишевич – основатель независимого государства» қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде; «Нурсултан Назарбаев и казахстанская модель строительства государства (исторический аспект)»; «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы», «1932–1933 жылдардағы ашаршылық ақиқаты. Правда о голоде 1932–1933 годов» монографиялары қазақ және орыс тілдерінде; «Ұлы дала тұлғалары» «Алимхан Ермеков», «Жұмабек Тәшенев» туралы кітаптар жарық көрді. Институт «Тарих және саясат - История и политика» қоғамдық-танымдық газеті мен «Мемлекет тарихы - История государства» ғылыми журналын шығарады. МТИ бастамасымен 2009 жылы 28 сәуірде «Қазақстанның кәсіби тарихшылары мен қоғамтанушылар Лигасы», 2009 жылы 16 маусымда «Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясы» қоғамдық бірлестіктері құрылған. 2011 жылы Институттың ғалымдары Қазақстан тарихшыларының Ұлттық Конгресі төрағасының орынбасары ретінде профессор Б.Ғ Аяғанды тағайындады. Институт отандық және шетелдік жетекші ғылыми-зерттеу, сараптамалық, білім беру орталықтармен тұрақты байланыс орнатқан (АҚШ, Франция, Голландия, Ресей, Түркия, Польша, Румыния, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б.). Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің Археология және этнография институтымен, Гувер соғыс, революция және бейбітшілік мұрағатымен (АҚШ), Украина тарихы Институтымен, Қырғызстанның Дипломатиялық академиясы және жоғарыда аталған көптеген мемлекеттердің ғалымдарымен ынтымақтастық туралы шарт жасады. 2012 жылы Мемлекет тарихы институты ғалымдары Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» степендиат иегерлері атанды. Профессор Б.Ғ Аяған Амстердамның (Голландия) мұрағаттары мен кітапханаларында ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Филология ғылымдарының кандидаты М.Л. Анафинова Ұлыбританияның Кембридж университетінде жарты жылдық тағылымдамадан өтті. Институттағы жас ғалым Д.Б Аманжолов Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Президентінің Халық шаруашылығы мен мемлекеттік қызмет Академиясында бір жылдық тағылымдамадан өтуде. Ғылыми қызметкер Ерзат Табыс Пекиннің (Қытай) Синьхуа университетінде магистратурада білім алуда. МТИ жыл сайын Қазақстанның қазіргі дамуының өзекті мәселелері бойынша ірі ғылыми форумдар, халықаралық конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізіп тұрады. 2011 жылы Институт ұжымы Қазақстан тарихшыларының I Конгресін өткізді. Институт жыл сайын ірі ғылыми форумдар, «Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытудың өзекті мәселелері», «Елбасының халыққа Жолдауы және саяси дамудың тарихи мәні», «Тәуелсіз Қазақстан: елестің соңы және тарихтың құрылуы», «ХХ ғасырдағы 30 жылдарындағы Қазақстандағы аштық: халық апаты және тарих сабақтары» атты Қазақстанның қазіргі дамуындағы өзекті мәселелерге арналған дөңгелек үстелдер, республикалық және халықаралық ғылыми конференциялар; Халықаралық Еуразиялық конгресс, «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Назарбаев оқулары т.б. өткізді. 2011 жылы 16 қыркүйекте Институт ұжымы Білім және ғылым министрлігі және Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетімен бірлесе отырып, Қазақстан тарихшыларының І Конгресін өткізді. 2013 жылы 5 маусымда Институт ұжымы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысын өткізуге атсалысты. 2013 жылы 29 маусымда Институт қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанның тарих ғылымын қалыптастыру үдерісіне жас ғалымдарды тарту мақсатында «Жас тарихшылардың Республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылды. Мемлекет тарихы институты өміріндегі барлық жаңалықтар Институттың веб-сайты (http:// www.history-state.kz) әлеуметтік желісінде көрініс тапқан.

  • Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы, Астана, 010000, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 14 кіреберіс, 11 қабат
  • Телефондар
  • +7 (7172) 74-01-68
  • Факс
  • +7 (7172) 74-10-37
  • Веб-сайт
  • www.history-state.kz