Басты бет ҒЗИ Р. Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Р Сүлейменов атындағы шығыстану институты

Қазақстан Республикасы білім жіне ғылым Министрлігі ғылым Комитетінің Рамазан Бимашұлы Сүлейменов атындағы шығыстану инситуты Қазақстанның шығыстану саласындағы жетекші ғылыми -зерттеу орталығы. Институт "Қазақстан Республикасы ғылым Министрлігі-ғылым Академиясы шығыстану орталығы" мен "Қазақстан Республикасы ғылым Министрлігінің ұйғыртану институтын" "Қазақстан Республикасы ғылым және жоғарғы білім Министрлігінің шығыстану Институтына" біріктіру базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11 қараша 1996 жылғы №1369 "Қазақстан Республикасы ғылым Министрлігі-ғылым Академиясының шығыстану Институтын құру туралы" Қаулысы негізінде құрылған. Қазақстан мәдениеттануы мен отандық шығыстанушылар ғылыми мектебінің негізін салушы кқрнекті ғалым-тарихшы Рамазан Бимашұлы Сүлейменовты мәңгі есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21 сәуір 1998 жылғы №375 Қаулысымен Қазақстан Республикасы ғылым Министрлігі-ғылым Академиясының шығыстану Институтына академик Р.Б. Сүлейменовтың аты берілді.