Басты бет Сарапшылардың пікірі Еуропалық кеңес Қазақстандағы аштықты геноцид деп таныған

Еуропалық кеңес Қазақстандағы аштықты геноцид деп таныған

Биылғы жылы халқымыз қынадай қырылған ашаршылыққа 80 жыл толып отыр. Осы ашаршылық шындығы өз деңгейінде ашылып жатыр ма?

– Биылғы жылы халқымыз қынадай қырылған ашаршылыққа 80 жыл толып отыр. Осы ашаршылық шындығы өз деңгейінде ашылып жатыр ма?– Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы көп мұрағат ашыла бастаған. Біздің тарихшыларымыз өзіміздікімен қатар, Ресейдің, Украинаның мұрағаттарына кіруге мүмкіндік алды. Тарихшы ретінде мен өзім, мәселен, Америкадағы Гувер мұрағатында болдым.Бәрімізге мәлім, қазір Қазақстан туралы, қазақ тарихы туралы дүниежүзінің ғалымдары неше түрлі кітаптарын шығарып жатыр. Одан америкалықтар да, ресейліктер де қалыс қалып отырған жоқ. Бірақ, соның бәрінде аштық кезінде қанша адам қырылғаны туралы дерек әлі нақты емес. Айталық, 1926–1939 жылдар аралығында біздің елімізде халық санағы жүргізілген. Сонда ең соңғы тіркелген мәлімет бойынша, 1 миллион 300 мың адам жоқ болып шыққан. Ал, шын мәнінде уақыт өткен сайын демографиялық өсім болып, жан саны көбеюі керек емес пе еді? Неге ол керісінше азайып кетті?Біздің пайымдауымызша, жан сауғалап, ел асам деп, шекарашылардың қолынан қаза болғандар, ауруға шалдығып, шетінеген сәбилер қазіргі көрсетіліп жүрген деректерден әлдеқайда көп. Соны әлі тереңдей зерттеп, аша түсуіміз қажет.– Аштықтың себебін кейбір тарихшылар биліктің саяси-экономикалық сауатсыздығымен түсіндіріп жүр. Енді біреулер қазақты қыру үшін қасақана жасалған дейді. Осының қайсысы шындыққа жақын?– Мен бұларды бөліп қарастыра алмаймын. Өйткені, мәселен, Украинада болған аштық туралы мұрағаттағы деректерде «украиндарды қыру» деген сөздер бар. Оның қасақана жасалғаны анық. Ал, дәл қазақтың қырылғанына қатысты біз ондай сөзді көзіміз шалған жоқ. Оның орнына «шаруашылық», «мәдени артта қалған» деген сөздер жиі ұшырасады…– Әрине, Кремль өз кінәсін мойындаған емес. Қазақтың аштыққа ұшырауын ондағылар халықтың шаруаға қырсыздығынан көреді. Ал, сіз тарихшы ретінде, қалай ойлайсыз?– Мұнда саяси себеп бар деп ойлаймын. Әйтпесе, неге іргеміздегі Өзбекстанда аштық болмады? Неге Қытайлар қырылмады? Неге Сібірде қырғын болмады? Бұның саяси надандықтан болғаны анық. Өйткені, отаршыл билік қазақ елін басқарудың экономикалық заңдарын білмеген. Жаппай индустрияландыруды қолға аламыз деп, қазақтың малын орталық қорға айдап әкетіп, елді тонап отырған. Ал, солай айдалған мал жарты жолда қырылып қалған кездер де аз емес. Мәселен, Семей жақта сондай оқиға болған. Салдарынан қазақ жерінде дәл осы жылдары түйе атымен жойылып, қой он есеге дейін азайып кеткен… Малы арқылы жан сақтап келген халық, осындай саяси-экономикалық сауатсыздықтың кесірінен қырғынға ұшырады.– Белгілі алаштанушы ағамыз Тұрсын Жұртбай: «аштыққа қатысты әлі де ашылмаған құпия құжат болуы мүмкін» дейді…– Ол әбден мүмкін. Өйткені, «Кремль көсемінің» қитұрқы саясат ұстанғаны баршаға мәлім. Оның жасырын телефонмен сөйлескені, құпия құжаттар қабылдап, астыртын тапсырмалар беріп отырғаны ешкімнің күмәнін тудырмайды.– Аштық құрбандарына ескерткіш қою мәселесі көтерілген. Алаш арыс-тарына арнап тұрғызылуы мүмкін болған ескерткіш секілді, бұның арты сиырқұйымшақтанып кетпей ме?– Жоқ. Ол белгілі жайт. Қазір Астанада ескерткіш орнатылатын жер бөлініп қойған. Жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұйыртса, алдағы 30-31 мамыр күндері ескерткіштің ашылуы болады.– Ашаршылық орын алғанына 80 жыл толуына орай қазір Елбасының өзі бас болып, бірқатар іс-шаралар қолға алынып жатыр. Тарихшылар да халық қасіретінің қыр-сырын ашып, мұрағаттар ақтарып жүр… Осындағы түпкі мақсат не? Тәуелсіз қазақ үшін осы тарих немесе 80 жылдан кейінгі осылай аза тұту не үшін қажет?– Біздің тарихымызда ақтаңдақ беттер көп. Бұл тұрғыда қазақ халқы өз борышын толық атқара алмай келе жатыр. Десек те, 2010 жылы осы ашаршылықты Еуропалық кеңес геноцид немесе этноцид деп таныған. Сондықтан, біз бұның басын ашып алуымыз керек.Мәдениеті жоғары батыс елдерінің көбі шындыққа тура қарайды. Қажет кезде кінәсін мойындап, басын июден арланбайды. Мәселен, америкалықтар солай үндістерден кешірім сұраумен келеді. Германия да, Жапония да екінші дүниежүзілік соғыстан кейін халықтың жаппай қырылуына жол бергені үшін өздері айыпты болған елдерден кешірім сұрады. Мұнымен айтайын дегенім, бізге, әрине, ең алдымен тарихи шындық керек. Ол ұлттың ішкі қорғанысын нығайтуға, тәуелсіз сананы қалыптастыруға, өткеннен сабақ алуға қажет. Оның сыртында, менің ойымша, Қазақстанда болған аштық үшін сол аштықты жасағандар, халықтың қырылуына кінәлілер кешірім сұрауы керек.Нәзира БАЙЫРБЕК

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз