Басты бет Сарапшылардың пікірі Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан қазақ халқының тарихи өткенін зерделеу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысынан қазақ халқының тарихи өткенін зерделеу

Болашақ тарихтың өткен-кеткеніне тірек жасаусыз мүмкін емес. Ғаламшарда күн сайын көрініс табатын мағына мен құндылықтардың көзге көрінбейтін майданында, тарихи жадыны сақтау – бұл өзін-өзі сақтаудың жалғыз ғана тәсілі.

Біздің халқымыздың тарихын зерделеу және бай өткен-кеткенін зерттеу адамгершілік пен патриотизм қағидаттарында негізделуі тиіс, бұл мемлекет пен қоғам дамуының орта мерзімдік болжамдарын ғана емес, ұзақ мерзімдік болжамдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін жаңа, прогресшіл идеяларды ұсынуға жағдай жасайды. Міне, осындай көрегендік мақсат ел Президенті Н.Назарбаевпен Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында қойылған.   

Қазіргі Қазақстан елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуда, ішкі саясаттың тұрақтылығында және халықаралық аренада республиканың өсіп келе жатқан беделін арттыруда үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Осының барлығы мемлекеттік тілді дамыту, еліміздің рәміздері: ту, әнұран, елтаңбаны құрметтеу негізінде сүйеніп, азаматтық сәйкестіктің қалыптасуына, бірыңғай қазақ ұлтының ынтымақтастығына жағдай жасайды. 

Әлемде негізгі адам құндылықтарының дағдарысы болып жатқан кезде отандық тарихты білу әсіресе қажет және де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасына бастамашыл болып, жаңа тәсілдердің есебімен ұлттық тарихты түбегейлі қайта ойлау керектігін баса айтады. Бұл ретте Президент қос стандарттардан сақтандырады. Сонымен қатар, ең үздік әлемдік әдіснамаларды пайдаланып, тарихты зерттеуге шектес пәндерді тарту керектігін белгілейді. 

Болашақ экономикалық өлшем арқылы сезіледі, сол себептен алдағы  жылдарда және «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру перспективасында экономиканың негізгі басымдылықтары адамдардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Президент: «ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз! Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-2050» Стратегиясын қабылдадық. Алайда өткенді зерттемей, болашақты алдын ала болжау мүмкін емес, - деп айтты.

  Осыған байланысты, бүгінгі күнде тарихи білімде қажетті өзгерістерді объективті қайта ойлау проблемасы тұр, себебі ол халықтың тарихи сана-сезімі қалыптасуының құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи материалдардың мазмұнды аспектілерін түрлендіру терең ойлану мен ғылыми әдістің заты ретінде әлі қалыптасқан жоқ. Тарихтың әлеуметтік функциялары тұрақты және өзгермейтін өлшем болып табылмайды. Олар тарихи ғылым мен қоғамның дамуымен бірге түрін де өзгертеді. Сол себептен Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білім беру жүйесінің тарихын және елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың сипаттамасын түсіндірмей, толық болмайды. Бұл сәтті іске асыру мүмкіндігі жоғары деңгейде болған кезде, тарихи ғылым мен қоғамдағы білімде қажеттілікті құру қажет екендігін білдіреді.

  Болашақ тарихтың өткен-кеткеніне тірек жасаусыз мүмкін емес. Ғаламшарда күн сайын көрініс табатын мағына мен құндылықтардың көзге көрінбейтін майданында, тарихи жадыны сақтау – бұл өзін-өзі сақтаудың жалғыз ғана тәсілі.

  Ғалымның атқаратын рөлі өзгерді. Тарихи ғылымда көп түрлі тәсілдерді пайдалану тарихи зерттеудің түрін айтарлықтай өзгертеді. Енді тарихшы  фактілерді тіркеп, сипаттайтын, оқиғаларды «тіркеуші» ғана болып қоймай, «түсінетін» - ғалым болып табылады, ол зерттеп жатқан уақыттың ішкі мағынасын ұғынып, тек фактілерді қарапайым ғана зерттеп қоймай, құндылықтарды, қағидаларды, нақты қоғамның моральін «түсінуге» тырысатын ғалым болуы керек.   

  Осы мақсатта 2013 жылғы желтоқсан айында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бір топ ғалымдары Ресей мемлекеттік экономика мұрағаты, Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарихының мұрағаты және Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты қорларымен жұмыс жасау үшін Мәскеу қаласына ғылыми іссапармен барды.

  РМЭМ қорында сақталған, 1930 жылдардағы ОХШЕБ құжаттарының 1562  реставрацияда болғанына қарамастан, мұрағат басшылығы қажетті істерді зерттеуге және қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік берді.

  РМЭМ 329 тізімдеме өңделді, Қазақстанның 1937 жылына қатысты 27 істің материалдары зерттелді. Мұрағаттың 2 оқу залында Қазақ ССР 1930 жылдардағы халық шаруашылығын дамыту материалдары бойынша 35 және 36 тізімдемелер пысықталды.

   РМӘСТМ 17 қор бойынша 10 іс анықталды, ІІХК тұтқынға алынған, оппозицияға шектесетін қазақстандықтардың жұмысынан алынған қысқа библиографиялық анықтамалар бойынша материалдар өте қызықты. Бекмаханов және республиканың өзге де қайраткерлерінің істері бойынша материалдар табылды.

  РФММ 444 қормен жұмыс істеді, қордың бүкіл істері зерттелді.

  Әкелінген материалдар өңделеді және Институтпен күрделі және гранттық тақырыптарды орындаған кезде пайдаланылатын болады.

  Мұрағаттық материалдарды зерттеуде жаңа әдіснамалы тәсілдерді қолдану кезінде біздің ұлттық тарих формациялар мен өркениеттің абстракті хронологиялық жылнамасы ретінде ғана болмай, өзінің қиындығы мен бірегейлігімен халықтың нақты тарихы ретінде болады.

  Бүгінгі таңда, қалыптасқан мемлекеттің кезеңінде, біз өз тарихымызды заманауи ғылым шыңынан түсінуден, шетелдегі мұрағаттық материалдарды жинауды жалғастырудан бастап, біртұтас ұлттық тарихи бейнені құруымыз қажет.    


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы
Уалтаева Алтын Слямқайдарқызы
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының кандидаты