Басты бет Сарапшылардың пікірі Қазақстан және ЭЫДҰ: білім және ғылым саласында ынтымақтастықтың келешегі

Қазақстан және ЭЫДҰ: білім және ғылым саласында ынтымақтастықтың келешегі

Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы бәсекелестігі жөніндегі комитетке енуді мақсат етіп отыр. 2014 жылғы халыққа жолдаған Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін ЭЫДҰ мүше мемлекеттер көрсетіп отыр, деп айтқан.

Қарқынды интеграциялық және жаңғырту процесстердің заманауи дәуірінде әрбір ел бейімделуге, әлемдік қоғамдастықта өз жолын табуға тырысады. Біздің мемлекетіміз де жыл сайын жаңа технологияларды игеріп, халықаралық ұйымдардың қызметінде атсалысып, сыртқы саяси және экономикалық қарым-қатынас саласында айтарлықтай табысты қызмет етуде. Сонымен қатар, 2010 жылы Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында (ЕҚЫҰ) төрағалық еткенін, ал 2011 жылғы маусым-2012 жылғы маусым кезеңінде  ЗМО мүше-елдерінің Сыртқы істер министрлерінің 38 кеңесінде (СІМК) төрағалық еткенін атап өту керек.

Жаңа 2014 жылдан бастап Қазақстан Экономикалық  ынтымақтастық және даму ұйымы бәсекелестігі жөніндегі комитетке енуді мақсат етіп отыр. 2014 жылғы халыққа жолдаған Жолдауында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев бүгінде дамығандықтың іргелі көрсеткіштерін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттер көрсетіп отыр, деп айтқан.

Ұйым сонау 1948 жылы Маршалдың жоспары бойынша Еуропада болып жатқан экономикалық өзгерістерді үйлестіру мақсатында қалыптасқан. Алғашқыда ол Еуропалық экономикалық ынтымақтастық ұйымы деп аталған. Оның декларациясы 1978 жылы қабылданған, алайда қазіргі кезде оның ережелері ЭЫДҰ мүшелігіндегі елдері үшін де, және еуропалық қоғамдастықтың дамыған елдерінің клубына қосылуға ниет білдірген біздің еліміз үшін де өте өзекті. Қазіргі таңда оған әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60 пайыздан астамын өндіретін 34 ел кіреді. Президент: «Ұйымға мүше барлық елдер терең жаңғыру жолынан өтті, инвестицияның, еңбек өнімділігінің, шағын және орта бизнесті дамытудың, халық өмірі стандарттарының жоғары көрсеткішіне ие болып отыр. Әлбетте, ЭЫДҰ елдерінің болашақ ұзақмерзімді қарқыны ескерілгендегі индикаторлары – жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру жолындағы біздің базалық бағдарымыз осы» [1].

2011 жылы Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) кеңесінің төрт Комитетіне, соның ішінде Білім комитетін қоса алғанда, бақылаушы мәртебесін алуға өтінім берді. Бір жыл бұрын Қазақстан PISA-2009 15 жастағы қатысушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасына алғаш рет қатысты, сол арқылы республикамыздың 200 оқу орнының оқушыларының білімі мен біліктілігін бағалауға мүмкіндік берді. Халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі Қазақстанның нәтижелеріне талдау жасау білім берудің жаңа стандарттарына көшу және 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бекітілген, білім беру саясатының басымдылық бағыттарының санына енген, білім сапасы мониторингісінің ұлттық жүйесін құру сияқты салаларда жұмыс істеу үшін өзекті болашақты береді.

ЭЫДҰ Декларациясының білім беру саласындағы келешек саясаты туралы басты басым екпіндеп өзгеріп жатқан әлеуметтік және экономикалық мәнмағынада білім беру жүйесінің барлық құрамдастары (ұлттық стандартар, мұғалімдер, мектептер және т.б.) өзгерістерді қабылдауға әзір болуға «икемделіп», жаңашылдықтардың белсенді жетекшісі болуы қажет екендігінде құралады. Ұдайы даму, Мүмкіндіктерді кеңейту, Тұрғындардың қысым көрген топтарына тепе-теңдікті орнату – осы Декларацияның рухын айқын көрсететін үш негізгі де құнды тіректер[2]. Осы құжаттың қабылданған күнінен бастап көп уақыт өткеніне қарамастан, бірнеше онжылдықтар бұрын болашаққа деген жолдау ретінде жазылған оның ережелері, бүгінгі күнде бәсекелес экономика мен тұрақты қоғамды құруға ұмтылған елдер үшін білім беру саясатын әзірлеу үшін негіз болады деп баса айта аламыз.

ҚР халықаралық салыстырмалы бағалау зерттеулерінде қатысу болашағы туралы сөз қозғайтын болсақ, онда келесіні айтуға болады: біз осы жолды таңдадық, бұл соңғы жылдары ел Үкіметі нысаналы түрде жүргізіп келе жатқан білім беру саясатының маңызды нәтижелерінің бірі. Осы шаралар Қазақстанда мемлекеттік басқарудың жалпы мақұлдаған халықаралық стандарттарын енгізуге бағытталды.

Осы саясат «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бекітілген, бағдарлама – ұзақ мерзімді перспективада мемлекеттегі білім беруді дамытудың саяси және тұжырымдамалық шеңберін белгілейтін базалық құжат. Атап айтсақ, Қазақстан (танымал PISA және TIMSS бірге) PIRLS- бастауыш мектеп оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын бағалау; TIMSS-ADVANCED – математика және жаратылыстану ғылымдары сауаттылығын (физиканы) тереңдетіп оқитын 11-сынып оқушыларының осы пәндер бойынша сауаттылығын бағалау; ICILS  –8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау сияқты халықаралық зерттеулерде қатысады деп жоспарлануда.  Сонымен қатар, ЭЫДҰ ұйымдарына енетін елдер үшін әдетте түрлі тақырыптағы бағалау және мониторингтік зерттеулерге қосылу ұсынымдары берілетінін атап өту керек. Білім беру саласында ЭЫДҰ үшін мемлекеттің (PISA қатар) «PIAAC – Ересектердің құзыретін халықаралық бағалау бағдарламасында» және ЭЫДҰ және ЮНЕСКО бірлескен зерттеуі «Болашақ мектептер мұғалімдері/Білім саласындағы Дүниежүзілік көрсеткіштердің талдауында» қатысқаны өте қажет [2]. Қазақстанның да осындай ұсынысты алуы ықтимал, бұл ауқымды халықаралық перспектива шеңберінде біздің еліміздің білім беру жүйесінің мәнін түсіну және әрі қарай дамытудың тағы бір мүмкіндігі болады. 

Сөйтіп, Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ЭЫДҰ кейбір стандарттарын енгізу турасында нақты айтты. 2014 жылғы Жолдауында «Мен Қазақстанда ЭЫДҰ-ның бірқатар қағидаттары мен стандарттарын енгізу жөнінде міндет қойдым. Олар (Қазақстанның жер жүзінің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру) Тұжырымдама жобасында көрініс тапқан.», - деп баса айтқан [1].

Сонымен қатар, Президенттің ойлауынша, «экономиканың жоғары технологиялық жаңа салаларын құру ғылымды қаржыландыруды ішкі жалпы өнімнің 3 пайызынан кем емес деңгейге дейін арттыруды талап етеді».

Жалпы, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру – ең біріншіден, қазақстандық ғылым әлеуетінің артуы. Осы бағыт бойынша венчурлік қаржыландыру, зияткерлік меншікті қорғау, зерттеулер мен инновацияларды қолдау, сондай-ақ ғылыми әзірлемелерді коммерциялау жөніндегі заңнаманы жетілдіру қажет.

Алдағы жоспарларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті заң жобаларының пакетін әзірлеу және Парламентке қарастыруға енгізу жөнінде Үкіметке тапсырма берген. Елбасы ел үшін қызмет ететін, нақты әзірлемелер мен ашулар үшін ғалымның қаржыландыруын кезең-кезеңмен арттырудың нақты жоспары қажет екенін және де оны дамыған елдердің көрсеткіштеріне жеткізу туралы белгілеп айтты.

  Осы бағыттар мен жоспарларды іске асырған кезде, әсіресе білім беру және ғылым саласында біздің мемлекетіміздің болашағының сақталуын есепке алу қажет екенін белгілеу қажет. Ол үшін біздің мемлекет, келешекте өзіміз прогресшіл салаға дамыта және де қайта өзгерте алатын инновациялық идеялар мен технологиялық жетістіктерді қабылдай алатынын білу керек. Сол себептен, болашаққа кез келген жоспарларды немесе жобаларды құрған кезде, батыстың экономикалық моделінің ғылымды қажетсінетін технологияларын толық көшіріп алуға болмайды. Мұнда, ең алдымен Шығыстағы кейбір дамыған мемлекеттердің дамуына назар салу керек, әсіресе Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияда орналасқан елдер. Мысалға, Жапония немесе Корея. Осы мемлекеттер, көптеген ішкі саясаттық және экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, жылдар өткен сайын жаһанданудың заманауи үрдістеріне икемделіп, батыс үлгідегі көптеген технологияларды игеріп және де жетілдіріп, экономикалық және саяси дамудың ең жоғарғы сатысына көтеріліп қана қоймай, өздерінің ерекшеліктерін, тілі мен мәдениетін сақтай алды. Біздің басты міндетіміз, осы елдердің тарихи тәжірибесін үлгі ретінде алып, біздің Қазақстанымызды дамыту және жетілдіру, оның әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын табу.

Пайдаланған әдебиеттің тізімі 

ҚР Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты 2014 жылғы Жолдауы  - www.akorda.kz/ru

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы  – ru.wikipedia.org/wiki/


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Несіпбаева Жібек Жұмабекқызы
Несіпбаева Жібек Жұмабекқызы
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының кандидаты