Басты бет Сарапшылардың пікірі Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек

Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек

Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек. Бұл туралы т.ғ.д, ұлттық тарихты зерттеу ведомстоваралық зерттеу тобының мүшесі Жұлдызбек Абылхожин мәлімдеді

Мектеп оқушылары тарихи деректерді жаттап алуын тоқтатуы керек. Бұл туралы т.ғ.д, ұлттық тарихты зерттеу ведомстоваралық зерттеу тобының мүшесі Жұлдызбек Абылхожин мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Тарих – қоғамды тану туралы ғылым, бұл тұрғыдан ол маңызды идеологиялық рөл атқарады. Өйткені мемлекет ең алдымен ұлтты қалыптастыруға жұмыс істейді, ал оның маңызды құралдарының бірі тарих болып табылады», - деп атап өтті Ж.Абылхожин. Қазір, оның сөзіне қарағанда, хронологиялық тұрғыдан стандартты, стереотиптік оқулықтар жазып қана қоймай, тәртіп аралық жүйеге көшу керек. «Біз студенттер мен оқушылар деректерді жәй жаттап алмай, ойлануға бағыттауға тиіспіз. Олар тарихты тұжырымдамалық, теориялық тұрғыдан түсініп, ой қорыта алады», - деді профессор. Тарихшы елімізде мемлекеттік стандарт енгізу керек деп есептейді. «Оқулықтар тарихшышылар қауымдастығымен талқыланып, олардың негізінде өзге оқу-әдістемелік әдебиет әзірленеді», - деп атап өтті Ж.Абылхожин.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Абылхожин Жұлдызбек Бекмухамедұлы
Абылхожин Жұлдызбек Бекмухамедұлы
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының докторы, профессор