Ашаршылық ақиқаты

Қазан төңкерiсi нәтижесiнде билiкке келген большевиктер, азамат соғысында жеңiске жеткеннен кейiн, жоспарға негiзделген экономиканың негiзiн құрды, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуда сандық көрсеткiшке басымдық бердi. Елдiң шеткергi аймақтарында «шаш ал десе, бас алатын» шолақ белсендiлер көбейдi, «асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұрандар көтерiлдi.

Кеңестiк билiктiң алғашқы 1920-1930-жылдарында қазақтар 4 млн-ға жуық адамынан айырылды, олай дейтiнiмiз 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам көз жұмғанын айғақтайтын деректер бар. Қазақстанды басқарған Ф.И.Голощекин (1925-1933) елдi индустрияландыру және ұжымдастыру саясатын қарқынды жүргiздi. Нәтижесiнде қазақтардың дәстүрлi мал шаруашылығы күйзелдi, 40 миллиондай мал басы 4 млн-ға қысқарды. Сол кездегi ауа-райының қолайсыздығы мен аштықтан босқан халықтың 24 пайызы, яғни әрбiр төртiншi адам қазаға ұшырап отырған. Бұған жұқпалы аурулардың таралуын қосыңыз…Қазан төңкерiсi нәтижесiнде билiкке келген большевиктер, азамат соғысында жеңiске жеткеннен кейiн, жоспарға негiзделген экономиканың негiзiн құрды, өнеркәсiп пен ауыл шаруашылығын дамытуда сандық көрсеткiшке басымдық бердi. Елдiң шеткергi аймақтарында «шаш ал десе, бас алатын» шолақ белсендiлер көбейдi, «асыра сiлтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұрандар көтерiлдi. Осылайша, кеңестiк билiктiң отарлау саясаты, өзге ұлттарды «жасанды» қайғы-қасiретке душар еттi. Ақырында, аш-жалаңаш қазақтар көршiлес Қытай, одан әрi Монғолия, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге үдере көшуге мәжбүр болғаны мәлiм. Бiрiншi бесжылдықтың (1928-1933) алғашқы жылдары, қазақ байларын кәмпескелеу саясаты күшейiп, кеңес үкiметiне қарсы «әлеуметтiк қауiптi элементтердi» iздестiруге, оларды ерiксiз жер аударуға ұласты. Ал, 1930 жылдары басталған байларды тап ретiнде жою науқаны – саяси қуғын-сүргiн өрши түстi. Мұның ауыр азабын республикадағы басқа ұлт өкiлдерi де тартты. Орталыққа қазақ даласындағы ашаршылық туралы алғашқы дабылдар қағылды. Алайда, көрнектi қазақ зиялылары Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Нығмет Нұрмақов, Ораз Исаев, Сұлтанбек Қожанов және т.б. жанайқайы алыстан естiлдi. Айталық, БК (б) П ОК-нiң Бас хатшысы И.В.Сталин мен Қазақ өлкелiк партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Ф.И.Голощекинге жолданған Т.Рысқұловтың «Сталинге хаттары», Ғ.Мүсiрепов, М.Ғатаулин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев жазған «Бесеудiң хаты» және т.б. ресми хаттарда қазақтың қынадай қырылуы мен жаппай көшуiнiң себептерi, ұлттық демографиялық шығын, оны анықтайтын сандық мәлiметтер нақты көрсетiлдi. Бiрақ, кеңестiк билiктiң жауабы қатқыл шықты. Қазақ зиялылары «халық жауы» деген желеумен жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбанына айналды. Ал, 1929-1931 жылдардағы 80 мың адамды қамтыған 372 шаруалар көтерiлiсi аяусыз басып-жаншылды. Осылайша кеңестiк жүйе саяси және таптық қарсыластарын «ұлтшылдар», «тап жаулары», «әлеуметтiк қауiптi элементтер» ретiнде қудалау науқанын жалғастырды. Кеңестiк билiктiң алғашқы жылдарынан бастау алатын бұл процесс КСРО тараған кезеңге дейiн созылды.1920-1930 жылдардағы ашаршылық ақиқаты алдымен шетелдiк басылымдарда жарық көргенi белгiлi. Мәселен, британдық тарихшы Роберт Конквестiң 1986 жылы шыққан «Жатва скорби: советская коллективизация и террор голодом» (ағылш. Robert Conquest. The Harvest of Sorrow: Soviet Collectivisation and the Terror-Famine) еңбегiнiң алғашқы нұсқасында «қазақтардың шығыны 4 млн-дай» делiнген. Осы тұста қазақ демографы Мақаш Тәтiмовтiң «ХХ ғасырда болған азамат соғысы, қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргiн кездерiнде, екiншi дүниежүзiлiк соғыста бас-аяғы 3 миллион 850 мыңға жуық қазақ қырғынға ұшырады» деген соңғы мәлiметтерiн келтiргендi жөн санадық. Әрине, маркстiк-лениндiк әдiснамамен шырмалған отандық ғалымдар бұл тақырыпқа тереңiнен бойлауға сәл кейiнiрек кiрiстi. Олардың алғашқы қадамдары тек тәуелсiздiк қарсаңында жасалды. Айталық, 1988 жылы қарашада академик Манаш Қабашұлы Қозыбаев бастаған ғалымдар Тарих, археология және этнология институтында «Орталық Азия республикалары және Қазақстандағы ұжымдастыру: нәтижелерi мен сипаты» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырды. Осы кезден ашаршылық тақырыбына жаңаша көзқарас қалыптаса бастады. Одан кейiн 1989 жылы құрылған «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғам деректердi iздестiру-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Осы қоғамның ұйытқысы Бейбiт Қойшыбаевтың айтуынша, «Әдiлет» тарихи-ағарту қоғамын құру жөнiндегi бастама Мәскеудегi «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен дүниеге келген болатын. 1988 жылы дайындық комитетi құрылады. Комитет жұмысы барысында бастамашылар тоталитарлық билiктiң өз халқына қарсы жасаған қылмыстарын әшкере етудi, ашаршылықтың, саяси қуғын-сүргiннiң шындықтарын ашуды мақсат еткен ортақ мұратқа тоқайласты». Кейiнiрек бұл қоғам жыл сайын 31 мамыр қарсаңындағы жұма күнi оқу орындарында, мешiттерде еске алу шараларын жүргiзу туралы Үндеу қабылдады.1991 жылы 11 қарашада құрылған арнайы комиссияның қорытындысы бойынша ашаршылық туралы материалдар мен құжаттар жинағы дайындалды. Ғылыми ортада қазақ тарихшылары Манаш Қозыбаев, Жұлдыз Әбiлғожин, Талас Омарбеков, Қайдар Алдажұманов және т.б. ғалымдар осы тақырыппен танылды. Сондай-ақ, тарих шындығы үшiн күресте белсендiлiк танытқан Бекболат Мұстафин ақсақалдың есiмiн ерекше атау орынды.1992 жылы «32-жылғы нәубетке 60 жыл толуына» орай «Нәубет: публицистикалық ой-толғамдар» атты естелiк-кiтап жарық көрдi. Сол сияқты әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың тарих факультетi студенттерiнiң «32-нiң зұлматы» тарихи экспедициясы (жетекшiлерi Т.Омарбеков, Қ.Ата-баев) айтарлықтай жұмыстар атқарды. Экспедицияның белсендi мүшелерi М.Мырзабеков пен У.Құрманбаев елiмiздiң оңтүстiк облыстарындағы ашаршылық куәгерлерiмен кездесiп, олардың «жан түршiгерлiк» естелiктерiн республикалық «Егемендi Қазақстан» газетiнiң «Куәлер көзiмен» айдарында жариялап отырды. Мәселен, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданынан жиналған естелiк-деректерде (куәгерлер Әсiлбек Қилыбаев, Зәмiн Сүлейменов, Мұратбай Көккөзов) «адамдар тамақтан өткеннiң бәрiн жедi, … бiз ашыққан халықты уланған бидаймен асырадық. Басқа амал болмады. Колхоздың қоймасында дәрiленген тұқымдық астықты Қоспа деген жерде түнгi айдың жарығымен жұмыс iстеуге келген әлi бар адамдарға келiге бидаймен бiрге кесек араластырып түйгiзетiнбiз. Кесектi бидаймен әбден араластырып түйiп, екi рет суытып, қайтадан түйетiнбiз. Содан кесек бидайдан дәрiнi өз бойына тартады екен» деген мәлiметтер, ал Жамбыл облысы, Жуалы ауданынан жиналған естелiк-деректерде (куәгер Момынқұл Пiрәлiұлы) сол бiр жылдардағы аштан өлудiң мынадай 3 түрi: 1) үйiнен шыға алмай «жүрiп кету». Оны ыстық мезгiл уақытында бұзылған мәйiттiң иiсiнен сезiп, көму немесе әл-ауқаты бар адамдардың «пәленше көрiнбейдi» деп үйiне iздеп барып, үстiнен түсуi; 2) ауыл iшiнде үйлерден қайыр сұрап жүрiп, көшеде жығылып қалуы; 3) аш-тықтан әбден жүдеген, әлi ептеп күш-қуаты бар адамның жандалбасамен «бiр жердегi жекжатыма барсам аман қалармын» деген үмiтпен үйден шығып, жолда жан тапсыруы» көрсетiледi. 1992 жылы 31 мамырда «Егемен Қазақстанда» жазушы, Смағұл Елубаевтың «Алаш жұртына ашық хаты» жарияланды. Онда 1932 жылғы большевиктiк қиянатты жас ұрпаққа жеткiзiп, егер қанды геноцид болмағанда, 1992 жылы қазақтың саны жер бетiнде 10 млн емес, 30 млн-ға жетiп жығылатынын түсiндiрудiң парыз екендiгi айтылады. Кейiнiрек С.Елубаев бұл санды 40-45 млн-ға көтередi. Ал, демограф Мақаш Тәтiмовтiң болжамы «егер қазақ қырғынға ұшырап, 1932 жылғы ашаршылық сияқты зұлматқа тап келмеген болса, бүгiнде бiз әлем бойынша 30 миллион, өз iшiмiзде 25 миллионға жетер едiк» дегенге саяды. 1992 жылы желтоқсанда ҚазОАК мен ҚАКСР ХКК-нiң 1928 жылғы 27 тамыздағы «Бай шаруашылықтарды тәркiлеу туралы», 1928 жылғы 13 қыркүйектегi «Аса iрi және жартылай феодал байларды тәркiлеу және жер аударуға қарсы әрекет жасағаны үшiн қылмыстық жауаптылық туралы», 1930 жылғы 19 ақпандағы «Жаппай ұжымдастыру аудандарында ауыл шаруашылығын социалистiк жолмен қайта құруды нығайту жөнiндегi және кулактар мен байларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар туралы» қаулыларын зерттеу жөнiндегi ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң Төралқасы комиссиясының қорытындылары мен ұсыныстары туралы Қаулысы жарық көрдi.1993 жылы 14 сәуiрде ҚР жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы заңы шықты. Осы заңда «ашаршылық» сөзi түсiп қалуына байланысты, бiздiң санамызда тек саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi қалды. Содан берi 31 мамырды, бастапқы қалпымен «Ашаршылық және қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi» деп қосып атау немесе бөлек атау туралы мәселе күн тәртiбiнен түспей келедi.1995 жылы ҚР-ның Президентi жанындағы Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық Кеңестiң мәжiлiсiнде «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» бекiтiлiп, онда «Тарихи бiлiмнiң негiзгi басымдықтары», «Тарих ғылымының проблемалары», «Тарихи бiлiм беру мен ағарту iсiнiң келешегi» бағыттары қамтылған едi. Соның iшiнде Қазақстан тарих ғылымының алдына қойған мiндеттердiң бiрi Кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан тарихын қайта пайымдау. Соның қатарында Ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн тарихы бар. Оның түп-тамырын кеңестiк билiктiң негiзiнен iздеген жөн. Өйткенi, Ахмет Байтұрсыновтың сөзiмен айтқанда, «қазаққа ақпан революциясы қаншалықты түсiнiктi болса, қазан революциясы соншалықты түсiнiксiз болды» және кеңестiк билiктiң күйреуiне дейiн сол түсiнiксiз күйiнде қалды.1996 жылы 30 желтоқсанда ҚР Президентiнiң «1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты. Онда саяси қуғын-сүргiн құрбандарына жаңа ескерткiштер орнату және бұрын орнатылған ескерткiштердi, олардың жаппай жерленген орындарын жаппай қалыпқа келтiру жөнiнде шаралар қолдану, ҚР Ұлттық банкi Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылына арналған монеталар шығару тапсырылды.1997 жылдың 31 мамыры ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Өкiмiмен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi болып бекiтiлдi. Сондай-ақ, «Келешек күндерiмiздiң бәрi жарық болғай» деген атаумен ҚР-ның Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiне орай Қазақстан азаматтарына Үндеуi жарияланады.Тарихшылар қауымы Ұлттық тарих мәселелерiн зерттеудiң ауқымын кеңейтiп, тәуелсiздiк жылдары «Тарих тағылымы не дейдi?», «Қазақ қалай аштыққа ұшырады?», «Қасiреттi жылдар хаттары», «Кол-лективизация в Казахстан трагедия крестьянства», «20-30 жылдардағы Қазақстан қасiретi» т.б. көптеген iргелi монографиялық еңбектердi жарыққа шығарды. Соңғы кезде тарихшы М.Асылбековтiң зерттеулерi бойынша 1933-1937 жылдардағы Бүкiлодақтық құпия санақ мәлiметтерi жария-ланды. Онда КСРО халқының саны әртүрлi берiледi. 1933 жылы 168 млн, 1937 жылы 180 млн мен 162 млн адам көрсетiлген. Бұл кеңестiк санақтың құпиясы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарының санын әлем жұртшылығынан жасырумен түсiндiрiлсе керек. Дерек көз: astana-akshamy.kz

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова
Күлпаш Мырзамұратқызы Ілиясова
Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент