Басты бет Сарапшылардың пікірі Көзқарастардың бірыңғай жүйесі

Көзқарастардың бірыңғай жүйесі

Ұлттық тарих бүгінгі күні – ғылымның ең күрделі саласы, себебі елдің тарихи өткені саяси тілден тұрғындардың күнделікті күніне дейін қоғамдық сана-сезімнің әр түрлі деңгейлерде гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды.

«Қазақстанның тарихи ғылымы біртіндеп схоластикалық концепциялардан босатылады және айтарлықтай алға жылжып келе жатыр», -  деп санайды Ш.Уәлиханов ат. тарих және этнология Институты, жаңа дәуірдің Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі Галина Ксенжик.Жаңа тәсілдеме саяси-мемлекеттік процесстердің көптеген аспектілерінің түсіндірмесінде де белгіленеді, - деп, тарихшы айтқан. 

Қазақстандық мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің генезисін басқа өзекті мәселелерімен зерттеу – тарихи ғылымның бірыңғай концепциясын құруға, ұлттық тарих пен зерттеу әдістерінің жаңа бағыттарын дамытуға үңілген көңіл аудартуды талап етті.Дамудың қазіргі кезеңінде  өткізіліп жатқан зерттеулердің ғаламдық деңгейге шығуы көзделуде. Бұған ғылыми білімнің гуманитарлау және экологиялау процестері, сонымен қатар әр түрлі ғылыми бағыттар мен елдер мамандарының тарихи зерттеулеріне қатысуы көмектеседі. Осы жағдай тарихи ғылымның әдістемелік және ақпараттық базасының кеңейтілуіне маңызды түрде әсер етеді. Бүгінгі күннің шындығында болатын лаңкестік, діни фундаментализм, ұлтшылдықтың және тағы басқа процестердің өсуі тарихи түсініктемені қажет етеді. Маманның пікірі бойыша бүгінгі күнгі ұлттық тарих – ғылымның ең күрделі саласы, себебі елдің тарихи өткені саяси тілден тұрғындардың күнделікті күніне дейін қоғамдық сана-сезімнің әр түрлі деңгейлерде гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. 

 – Осыған байланысты тарихи оқиғалар мен фактілерді Республиканың геосаяси мүдделеріне сәйкес баяндау керек. Осылай тек мемлекетаралық сұрақтар болғанда ғана жасамай, ішкі қазақстандық сұрақтар пайда болған кезде де жасау қажет,  – деп, сенімді Галина Николаевна. Тарихи ғылымның концепциясы көзқарастардың бірыңғай жүйелерінде, тарихи оқиғалардың негізінде жасалу керек. Есімдер мен шығармашылық жетістіктерді атап өтуге әкелмейтін, ал тарихи өткені, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуымен логикалық байланысы бар, ұлттық сәйкестікті алудың үздіксіз процесі ретінде жаңа тәсілді тарихи оқиғаларды баяндауға қолдану керек. Тек ғылыми тарихи талдаудың негізінде ғана жаңа білімдер мен тың бастамаларын, елдің жаңғыртуына, гуманитарлық сүйемелдеуге тарихи ғылымның  позитивтік салымдарды алу мүмкін болады, оларсыз  ешқандай әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешу мүмкін емес. Маманың айтуы бойынша ұлттық тарихтың негізгі басым бағыттары әлеуметтану, деография, география, саясат, философия, геоинформатика  - тарихи зерттеулердің тәртіптілігін дамыту, сонымен қатар тарихи-өңірлік картаға түсірудің әдістерін жетілдіру болып табылады. Тарихшының қолында компьютер пайда болғаннан бастап, картаға түсіру әдісі үлкен өзгеріске ұшырады, деп ойлайды Галина Николаевна. Осы әдістің әлсіз қолданымы, көбінесе оған жұмсалған еңбегімен түсіндіріледі.  Сондықтан ақпаратты әзірлеу, карталарды құру үшін қажетті графикалық бағдарламаларды игеру, цифрлық карталармен деректер қорын біріктіретін геоақпараттық жүйелерді енгізу компьютерлік әдістерін жетілдіру бойынша бүгінгі күні ғалымдар алдында үлкен міндеттер тұр. Геоақпараттық технологияларды қолдану және тарихи зерттеулердің әдістерін кеңейту осы жағдайда өте маңызды. – Тарихи оқиғаларды баяндаған кезде кеңістік жолды кең қолдану керек, - деп, айтты Галина Николаевна. – Бұл тарихи кезеңнің нақты желілік аясында тарихты анық және толық зерттеуге мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың соңында тарихи ғылымда ғылыми басымдылықтар өзгере бастады. Мұндай концептілер географиялық кеңістіктің орны ретінде ұлт-азаттық қозғалыстар, Отан соғысына қатысты тарих, этнография және зерттеулерге үлкен мүддені тудырды. Тарихшылар  мен антроплогтар тарихи процестің жеке тұлғаларын зерттеген жерлерде қазіргі уақытта олардың кеңістіктерін зерттеу ұмтылыстары байқалады. Кеңістік адам мәдениетінен бөлек өмір сүрмейді, сол кеңістікті белгілі георафиялық мекен ету орны, дәстүрлері, мәдениеті үшін кеңістік сәйкестігін құрған адам ойлап тапты. Бұл материалдық шындық емес, тарихи процеске әсер ететін адам санасының жаппай өнімі, белгілі дәстүрлердің, мәдениеттің, тұлғалардың әрекеттерінің нәтижесі. «Тарихи өңіртану» немесе аймақтардың тарихы тарихи ғылымда үздік бағыт болып табылатынан сарапшы сенімді. «Тарихи өңіртану» аймақтық және сыртқы саясатты өткізуге,  әр түрлі ғылыми, білім, ақпараттық және мәдени алмасуға, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, қазіргі екіжақты және көпжақты коммуникациялық байланыстарды жүзеге асыруға, сонымен бірге ғаламдық экологиялық мәселелерді шешуге қатысатын мемлекеттік органдар, қызметтерінің тиісті мәселелері бойынша ғылыми дәлелді тәжірибелік ұсыныстар түрінде жүзеге асады. – Бұл түсінік өзіне мемлекеттің тарихи-мәдени дамудың негізгі кезеңдерін енгізеді. – Қазіргі жағдайдың талдауын орындайды және аймақ дамуының мүмкін жолдарын болжай алуын көрсетеді, оның өткенін, осы күнін, болашағын зерттейді. Тарихи өңіртану тиісті аймақ, елдер тобын немесе сол тұрғындардың елдерін, тарихын, георафиясын, этнографиясын, экономикасын, саясатын және т.б. кешенді зерттеуіне бағытталған.  Көбінесе, «тарихи өңірлік»  түсінігі  белгілі аумақта мекендейтін және тарихи кеңістікте жалпы мәдени доминанты бар халығын немесе халықтарын зерттеу болып табылады. Галина Ксенжиктің айтуы бойынша қазіргі уақытта тарихи өңірліктің көптеген мәселелері бар. Бұл  аймақтың тарихы бүкіл дүниежүзілік-тарихи процестің контекстінде төмендегідей: аймақты игеру және қалыптастыру тарихы, оның бүкілдүниежүзілік тарихындағы рөлі; тұрғындардың этникалық құрамы және әкімшілік бірліктің аймақтық өмір ерекшеліктері; мемлекеттік және аумақтық құрылғы: толық тұтастықтың әкімшілік-аумақтық бөлудегі аймақтық орны және т.б. Аумақтық басқарма органдарының жүйесі, аймақ пен орталықтың  өзара қарым-қатынас сипаты, аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жүйесі – шаруашылықтың түрі мен түбегейлі ерекшеліктері; өндірістің аумақтық орналасуын, «негізгі шаруашылық түйіндердің» және «аймақ перефериясының» арақатынасын,  аймақтың мамандануын анықтайтын басым салалардың болуын сипаттайтын әкімшілік бірліктің экономика-географиялық жүйесі және т.б. сұрақтарды тудырады. Тарихи өңірлік бойынша, ал нақты алғанда тарихи зерттеулердің тәжірибелік жүзеге асуы бойынша зерттеудің негізгі мақсаты – атластар, анықтамалықтар, энциклопедиялар мен карталардың құрылуы болып саналады деп есептейді сарапшы. Сөйтіп, Қазіргі замандағы Қазақстан ұлттық тарихы дамуының негізгі концепциясы елдің геосаяси мүдделеріне сәйкес болу керек және зерттелетін тарихи объектісі туралы ақпараттың нақтылығы мен толығын қамтамасыз ететін базалық принциперді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі технологияларына сүйену керек.

 Дереккөз: vecher.kz


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ксенжик Галина Николаевна
Ксенжик Галина Николаевна
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі
тарих ғылымдарының докторы, доцент, академик