Басты бет Сарапшылардың пікірі Уақыт жаңа тәсілдерді талап етеді

Уақыт жаңа тәсілдерді талап етеді

Қазақстан елінің жаңа тарихы 1991 жылы бастау алды. Мазмұндылығына келетін болсақ, дәл осы кезеңде экономикалық, саяси және әлеуметтік қарым-қатынас жиынтығының күрделі өзгерістері басталды. Сол кезеңде экономикада түбегейлі бұрылыс пайда болды. Жеке меншікті мойындамауда негізделген бұрынғы жүйе ғайыптыққа кетті. 90-жылдары бүкіл саяси жүйе негізімен өзгерді.

Жаңа мемлекеттің пайда болуы көп жағдайларда жаңа жұлдыздың жаралуына ұқсас: кейбіреулер тез жанып кетіп, көк күмбезден шығып кетеді, ал кейбіреулері одан сайын жарқылдап жанады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында Кеңес Одағында басталған үрдістер, кейін  ғаламдық өзгерістерге әкеп соқтырып, тектоникалық қозғалыстардың пайда болуына душар етті: кенет әлем картасында көптеген жаңа мемлекеттер пайда болды. Оның біреуі – Қазақстан. Бұл жай емес, қарама-қайшылыққа толы уақыт еді, алайда 90-шы жалдар аралығындағы тарихтың осы қарсы құбылысын еліміздің Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаев лайықты қарсы алды. Осылай, сан ғасырға созылған Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды. Қазақстан елінің жаңа тарихы 1991 жылы бастау алды. Мазмұндылығына келетін болсақ, дәл осы кезеңде экономикалық, саяси және әлеуметтік қарым-қатынас жиынтығының күрделі өзгерістері басталды. Біріншіден, сол кезеңде экономикада түбегейлі бұрылыс пайда болды. Жеке меншікті мойындамауда негізделген бұрынғы жүйе ғайыптыққа кетті. Жеке меншік құқығының бекемдеуі экономикалық өмірді өзгертіп, заманауи нарықтың негізін қалап қана қоймай, саяси сан алуандылықтың экономикалық алғышарты болып, саяси қарым-қатынасқа әсер етті. Сонымен қатар, Қазақстан қаржы-экономикалық дербестікке ауысып, өзінің ақша бірлігін – теңгені енгізді. Екіншіден, 90-жылдары бүкіл саяси жүйе негізімен өзгерді. КОКП монополиялық билігі орнына саяси плюрализм, көп партиялық дами бастайды. Бұқаралық ақпарат құралдары қызықсыз, бір қалыпты болмай, цензура да ғайып болады. Қазақстанға зияткерлік бостандық келеді. Үшіншіден, келіп түскен өзгерістер адамның рухани өміріне, халықтың сана-сезімінде түбегейлі өзгерістерге әкелді. Бұрынғы коммунистік догманың орнын қоғамда азаматтық қоғамның парадигмасы басты. Азамат Қазақстанның Конституциясында жарияланған еркіндікті іс жүзінде алады. Сол 1991 жыл елдің кейпін толықтай өзгертіп, өзгерістерге бастама берді. Барлық өзгерістерді еске алып, жаңа мемлекет үшін «жаңа дәуірдің» барша нышаны жайында сөз қозғағанда, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орнын асыра бағалау мүмкін емес. Қазақстанның басшысы бола тұра, ТМД елдерінің жаңаруына, және де жаһандық үрдістерге терең ықпал еткен кеңес үкіметінен кейінгі социумға барлық салаларында түбегейлі реформалардың өтуіне бастамашыл болды. Саяси басшы болып, қиын жағдайда тәуелсіз зайырлы және демократиялық мемлекетті орната алған, саяси және қоғамдық өмірдің бірегей жеке басының ерекшелігін паш етті. Алайда Қазақстанда ХХ ғасырдың 90 жылдарында басталған үрдістер әлі де аяқталмағанын есте сақтау керек, және де осы уақытта бағытты ауыстыру мәселесі ерекше маңызды сипатта. Бүгінгі күні Нұрсұлтан Назарбаев, Ұлт көшбасшысы өткен кезеңде бастама алған үрдістерді қисынды түрде аяқтай алады және де аяқтау керек деп ойлаймын. Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту идеясын алға қойған бастамашыл топтың мүшелері де осындай қорытындыны басшылыққа алды деп сенемін. Референдумді қолдаған миллиондаған қазақстандықтар да осы пікірді ұстанған. Қызмет етіп отырған Президенттің осындай әйгілі болуында республика халқында ерекше еш нәрсе жоқ, себебі еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал еткен бүкіл маңызды бастамалар, идея мен жобалар Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен өткен. Бірінші Президенттің арқасында біздің еліміз халықаралық майданда көпшілікке танымал және құрметке бөлінген елге айналды, «кеңес дәуірінен кейінгі елден» Қазақстан –  қарқынды дамып келе жатқан, және де даңққа бет бұрған Орталық-Азия өңірінің жетекші еліне айналды. Нұрсұлтан Назарбаевтың аты Қазақстанның жаңа тарихына алтын әріппен жазылды десек, асыра айтқандық емес. Басқару билігін қазақ халқы қазіргі Елбасына қалдыруға әзір екеніне таң қаларлық не бар? Елбасы өз қызметінде ұлттық саясат саласына ерекше көңіл аударғанын еске алу керек. ХХ ғасырдың 90-жылдарында Қазақстан мемлекеті түрлі жағдайларға байланысты көп ұлтты республикаға айналды. Бір жарым миллионға жуық Қазақстан азаматтары – сталиннің кезеңінде Қазақстанға жер аударып жіберілгендердің ұрпақтары: тәркіленген орыс және украин шаруалары, немістер, поляктар, түріктер, кәрістер, Кавказ халықтары. Кейін Ұлы Отан соғысы жылдары ауқымды эвакуация толқыны болды. Содан кейін миллионнан астам адамдар Қазақстанға ұйымдастыру жиынтығы бойынша келді, атап айтсақ, тың игеру кезеңі, 50-жылдар. 60-70 жылдары жоғары оқу орындарын тәмамдағаннан мамандар Қазақстанға үлестірім бойынша келді. Қазақстан осы адамдар үшін Отан болып қала береді. Бірінші Президент кеңес уақытының жарылуға қаупі бар «мұрагерлікті» республиканың шынайы дәулетіне айналдырды. Президент жанындағы консультативтік-кеңестік орган, Қазақстан халқының Ассамблеясын құру туралы шешімді қабылдау осыған себептес болды. Ассамблеяның негізгі мақсаттарының бірі  - азаматтардың ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, әлеуметтік топтарға қатыстылығына қарамастан, олардың құқықтары мен бостандықтарының тепе-теңдігін қамтамасыз ету. Бұл 15 жыл бұрын болған дүние, ал ұлыс аралық келісім мен тұрақтылық мәселелері бүгінгі күнде де басымды мәселе болып қала береді. Айқын мысалды келтірейік: 2010 жылы Қазақстанның ұлттық бірлігінің доктринасын қабылдау, оны әзірлеуге бастама болған, әрине Елбасы. Президенттің ниеті бойынша қазақстандықтарды біріктіруге бағытталған осы құжаттың авторы, халықтың өзі болды деп айтуға болады: доктринаның жобасы кеңінен талқылауға салынған, нәтижесінде жұмыс барысында келіп түскен бүкіл ұсыныстар мен ескертулерге орын табылды. Сонымен қатар, өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекет саясатын ғана түсіндіріп қоймай, республика мақтаныш ететін, тұрақтылық пен түсінушілікті сақтап қалуға шақырады. Егеменді Қазақстанның қалыптасу және даму жылдары Елбасы өзін талапкер және де батыл басшы ретінде көрсете алды. Өз бастамаларының орындалуына қатты күйзелген Нұрсұлтан Назарбаев, қарапайым халықтың проблемалары мен сезімін түсінгені жайлы көз көрген адамдар айтады. Елге көптеген сапарларымен барған Президент экономиканың тұрақты дамуына қажет, тек қана ірі нысандарға барумен шектелмеген, ол әрқашанда мектептерге, ауруханаларға барып, салынып жатқан жолды да көріп шыққан. Өңірлерге келгенде Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым еңбекші адамдармен, еліктеуге үлгі боларлық кісілермен араласқан... Бірінші Президент миллиондаған қазақстандықтарды еліміздің жарқын болашағына сенім ұялатқан, халықтың қамын ойлайтыны жайлы, қарапайым адамдардың мүдделері мен арманы әрқашанда биліктің назарынан кетпейтініне сендірген. Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілдігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу бастамашылығын, халықтың өз Көшбасшысына деген ерекше сенімінің белгісі ретінде қабылдау керек.   


1 пікір

Alex Yudin14.02.2014, 18:59

Fgfg

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз