Басты бет Сарапшылардың пікірі Ұлт тарихындағы басты проблемалар – әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден артта қалу

Ұлт тарихындағы басты проблемалар – әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден артта қалу

Басты проблема – бұл тарихи таным әдістеріне бұрын қайта бағалау жүргізілген, әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден біздің артта қалуымыздың көрінуі. Бізге алда жеңіп шығатын проблемалардың бірі міне осы.

Қазақстанның тарихнамасындағы басты проблемалардың бірі – бұл әлемдік тарих ғылымдарына қол жеткізуден артта қалуы. Мұндай пікірді бүгін «Қазақстандағы тарих ғылымын реформалау: жай-күйі мен болашағы» атты тақырыпта өткен BNews.kz онлайн-конференциясы барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері Николай Лапин айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Басты проблема – бұл тарихи таным әдістеріне бұрын қайта бағалау жүргізілген, әлемдік тарихнамаға қол жеткізуден біздің артта қалуымыздың көрінуі. Яғни, біз қазіргі заманғы тарих ғылымының арьергардында келеміз. Бізге алда жеңіп шығатын проблемалардың бірі міне осы», - деді Н. Лапин. Институт қызметкері «болашақта бұл мәселе шешіледі» деп сеніммен айтты. Барлық мамандар оған қолдан келген күшін жұмсайды. Н. Лапиннің айтуынша, Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалық етуімен ұлттық тарихты зерделеу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында түйінді, проблемалық сәттер анықталды, соның арқасында одан әрі даму үшін бейнебір қозғалыс берілді. «Сондай-ақ кадрлық проблема да бар. Кеңестік кезеңде тарих ғылымына деген конкурс үлкен болғаны құпия емес. Қазіргі жастар тарих ғылымына онша ұмтыла бермейді. Жастардың тарихқа деген қызығушылығы біздер ойлағандай болып шықпайды. Сондықтан кадрлық проблемалар бар, әрине барлық жерде, алайда соның ішінде тарих ғылымында да бар», - деп қосты Лапин. Ағымдағы жылы 5 маусымда Астана қаласында Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің төрағалық етуімен ұлттық тарихты зерделеу мәселесі жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы болып өткендігін естеріңізге саламыз. Материалды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институты ұсынды.


Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Лапин Николай Сергеевич
Лапин Николай Сергеевич
Мемлекет тарихы институтының аға ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының кандидаты