Басты бет Сарапшылардың пікірі Кеңестік Қазақстандағы көші-қон саясатының кейбір мәселелері: бастауы мен оның салдары

Кеңестік Қазақстандағы көші-қон саясатының кейбір мәселелері: бастауы мен оның салдары

Қоғамның қалыптасу ортасындағы заңдарды орындамау жағдайында адамдардың қарым-қатынасын көз алдыңа елестету қиын. Қоғамда адамдардың жүріс-тұрыс және заңнама ережелері бұзылған жағдайда ол әлемдік қалыптасудың тұрақсыздануына мүмкіндік туғызады және қоғамдық дағдарысқа алып келеді. Қоғамдық өмірдің жан-жақты дамуы, ауыспалы жоспарларды іске асыру әлемдік және өркениетті әдістерді қолданғанда ғана нәтиже беретіні баршаға мәлім.

Қоғамның қалыптасу ортасындағы заңдарды орындамау жағдайында адамдардың қарым-қатынасын көз алдыңа елестету қиын. Қоғамда адамдардың жүріс-тұрыс және заңнама ережелері бұзылған жағдайда ол әлемдік қалыптасудың тұрақсыздануына мүмкіндік туғызады және қоғамдық дағдарысқа алып келеді. Қоғамдық өмірдің жан-жақты дамуы, ауыспалы жоспарларды іске асыру әлемдік және өркениетті әдістерді қолданғанда ғана нәтиже беретіні баршаға мәлім. Кеңес кезінде Қазақстанда мемлекеттік құрылымды күшпен өзгерту салдарынан қоғамның былығуына, қанды азаматтық соғысқа, ақтар мен қызылдар деп бөлінуге және т.б.  алып келді. Мұның барлығы қоғамдық дағдарыстың пайда болуына, толықтай барша адамзат құндылығының кері кетуіне әкеп соқтырды. Өзінің алдына өркениетті қоғам құруды мақсат тұтқан октябрь төңкерісі нәтижесінде тоталитарлық режимге алып келді. Сондықтан қоғамдық өмірді дамыту мәселелерімен айналысатын саясаткерлердің ағарту ісіндегі көзқарасы осы мәселеде басты рөлге ие болып отыр. Бұдан бұрын екі жарым мың жыл бұрын ертедегі ойшыл Сократ «Мен ешқашан заңға қарсы шыққан жоқпын, тек қана барлығын заңды тұрғыдан қарауға ұмтылдым» деді. Сондықтан ол ешқашан заңға қарсы шықпауға, оған қарсы баррикада құрмауға, шыдамсыздық танытпауға, біреуді қараламауға, заңды таптап баспауға, керісінше адамның сана-сезімін жетілдіруге және жақсартуға, қоғамды жетілдіру мен дамытудағы оның ізгілігіне  шақырды. Осы орайда шығыс ақыны, жетінші ғасырдың суфиі Амир Хосров Дехлевидің: «... саясаткердің қолында қирататын және жоятын қанжар емес, қоғамдық өмірді жаңартуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін сөздер мен істер болуы керек» деген сөздері ойға келеді. Қазақстан тарихында Ресей патшалығы қоныс аудару және отаршылдық саясатын жүргізген кезде, сондай-ақ кеңестік мемлекетке көші-қон және қоныс аудару саясатын жоспарлы жүргізу кезеңінде ұлттың ойлануына және қоғамдық ортаны әлеуметтік-психологиялық бейімдеуге, діни мұраны іріктеуге кедергі келтіретін әрекеттерден басқа, оларға қатысты сыни ойларды туғызғандығын анықтауға болады. «Біздің көсем Ленин» барлық табиғи байлықтарды кешенді пайдалану үшін, халық аз орналасқан елдерде индустрияландыру әдістерінің бірін айқындады. Ондай ұлы міндеттерді шешуді ол Ресейден, Беларуссиядан және Украинадан халықтарды қоныс аудартумен байланыстырды. В.И. Лениннің Жер туралы декретінде атап өткен кеңестік мемлекетте қоныс аудару саясатының негізгі ережесі Кеңестің II жалпы ресейлік съезінде: «Егер қажетті жер ресурстары жергілікті халыққа жеткіліксіз болған жағдайда халықтың бір бөлігі қоныс аударады. Қоныс аударуды ұйымдастыру, шығындар, қажетті заттармен қамтамасыз ету және басқа да жауапкершіліктерді мемлекет өз мойнына алады» жариялады. Кеңестік үкіметтің алғашқы құжаттарында халықты қоныс аудартудың әлеуметтік принциптері көрсетілді. Шаруашылықтағы, қаржы жүйесіндегі күйзелістерге қарамастан кеңестік мемлекет халықтың қоныс аудару кезіндегі материалдық және қаржылық шығындарды өз қолына алды. 1918 жылы 27 қаңтарда Кеңестің III жалпы ресейлік съезінде «Жерді әлеуметтендіру туралы негізгі заң» қабылданды, ол көші-қон мәселесіндегі негізгі шешімдерді қамтыды, сонымен қатар қоныс аудару саясатының әдістері жетілдірілді. 1924 жылғы 2-8 наурыздағы жұмысшы органдардың жер туралы екінші (II) жалпы ресейлік отырысында «Қоныс аудару туралы» әлеуметтік қарар қабылданды. Онда былай деп, біріншіден, «игерілмеген жерлерге жоспарлы қоныс аудару туралы», екіншіден, «қозғалыс процессі кезінде ауылшаруашылық жұмысшылар кооперативтерінің, ұжымдарының бірігу қажеттілігі туралы» айтылды. Осылайша жоспарлы қоныс аудару арқылы тек қана саяси емес, сонымен қатар экономикалық прблемалар шешілуі тиіс еді. Барлық ауыл шаруашылық жерлерді жалпы халықтық жер ресурстары ретінде және «... еңбекші қырғыз және орыс халықтарының арасында әділ бөлуге жатқызу» туралы 1918 жылғы 19 наурыздағы Торғай шаруаларының, қырғыздардың, солдаттардың және жұмысшылардың алғашқы облыстық съезінің шешімі  кеңестік Қазақстанның барлық жергілікті съездерінде өзінің жалғасын тапты. Осыған байланысты тек қана қоныс аудару саясаты емес, сондай-ақ біздің ұлтымыздың этникалық шығу тегін ескермей, қазақтардың «қырғыз» ретіндегі мемлекеттік мәртебеге ие құжатында көрсетілген шынайы саясаты да көрініп тұр. Ол орыс ұлтының жерді қолданудағы анық оңашалануын көрсетеді. 1929 жылы 13 ақпанда Қазақ Аймақ Комитетінің бюросы көші-қон мәселесін және Қазақстанда Көші-қон басқармасын ұйымдастыру мәселесін қарастырып, республикада көші-қон жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы шешім қабылдады. Қазақ АССР Кеңесінің жетінші (VII) съезі 1929 жылы 8-15 (сегізінші-он бесінші) сәуірде Кеңес Одағының аумағынан қоныс аударып келетіндер үшін республиканың шекарасын ашу туралы шешім қабылдады және осы жылдан бастап Қазақстанға жоспарлы қоныс аудару басталды. Жалпы көші-қонды және қоныс аудару жұмысын «Орталық» басқарды. Алайда, 1950 жылы арнайы көші-қон жүргізілді, бұл жұмыста кейбір жүйесіздіктер байқалды. Көші-қон және қоныс аудару саясатының салдарынан Кеңестік мемлекетте ұлттың құрамы және халықтардың мигро-экономикасы, саны өзгерді. Бір мың тоғыз жүз алпыс және бір мың тоғыз жүз сексенінші (1960-1980) жылдары көші-қон процессін зерттеу бойынша мынадай қорытындылар жасалды: 1) қазақ қоғамының мүддесіне қоныс аударудың сәйкес келмеуі; 2) Қазақстанның халық шаруашылығын дамытуға уақытылы шешімін таппаған және «кейінге» қалдырылған экономикалық проблемалардың әсер етуі; 3) Халықтың қоныс аударуын реттейтін заңның болмауы салдарынан қоныс аудару жағдайы кедергі келтірді, ол сол кездегі қайта құру, экономиканы реформалау жөніндегі іс-шараларды қиындатты деп айтуға болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, барша адамзаттың проблемасын шешу үшін әртүрлі ұлттардың бірлігі өте маңызды. Кеңестік мемлекетте көші-қон және қоныс аудару нәтижесінде ұлтаралық шиеленіс күшейді. Кеңестік кезеңдегі саяси сабақтан Қазақстанда мынадай негізгі этно-әлеуметтік сәттер анықталды, олар, әрбір қазақстандық үшін маңыздысы ұлттық келісім, ұлттың дамуы, ұлттық сана-сезім және қорытындысында ұлттар арасындағы бейбітшілік. Осылайша, болашақ әлем этникалық дифференцияцияға және өркениетті үрдіске байланысты еді. Қазақстан тәуелсіздіктің даму жолына түсе отырып, өзіндік геосаясатты қалыптастыруға кірісті. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев оны БҰҰ елдерімен, ең алдымен Ресеймен және орталық азия өңірлеріндегі көршілермен бірге геосаяси векторды дамытудағы жетекші басым бағыттар ретінде ашық және көпсектор секілді сипаттады. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында әлемдік геосаяси жағдайды тепе-тең өзгертетін және оның өзіндік ұлттық мүддесіне жауап беретін жаңа жүріс-тұрыс ережелерін пысықтауға ұмтылды. Осыған байланысты бірінші деңгейдегі мағына, Қазақстанды әлеуметтік-мәдени дамытудың басымдықтарын кезегімен іске асыруға иелік етеді. Қазіргі заманғы әлемде тарих сабағы және көші-қон мен қоныс аударудың саяси маңыздылығы ескеріледі. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан халқының азаматтық таңдауы – тарихи сауаттылық, ұлттық әлем және демографиялық реформа» - жолын таңдай отырып, бізге сынмен, абайлап, назар салып қатынас жасауды сұрайды және ұлттық келісім бірінші кезекте тәжірибеде іске асырылатын теортикалық жарыссөздер емес, тәжірибеде күннен-күнге іске асырылатын саясат деп көрсетті. 1992-1993 жылдарда әрбір төртінші қазақстандықты ұлтаралық мәселе қатты алаңдатты. Авангардта саяси тұрақтылықтың негізі болып табылатын ұлттық келісімнің идеялары болды. 1980 жылы Қазақстан тұрғындарының кейбір бөлігі шетелге көше бастады. «1987 жылы жүз мың немістің дамыған және тұрақты мемлекетке – өзінің тарихи отаны болып табылатын Герман Федералдық Республикасына көшуіне заңды мүмкіндігі болады деп кім ойлапты. Егер мұндай құқық бұрын 1970-1980 жылдары болғанда  қоныс аудару толқынының мүмкіндігі одан да күшті болар еді». Кеңес дәуірінде гректерге Грецияға, поляктарға Польшаға және т.б. кедергісіз көшуіне мүмкіндік болды ма? Жоқ, болған жоқ. Кеңестік мемлекетте шетелге көшуге тыйым салынды, немесе мұндай көшуде саяси астар жатты. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өз республикасының тұрғындарына өздерінің таңдауы бойынша тұрғылықты жерін таңдап алуына заңды негізде мүмкіндік берген қоныс аудару саясатына бағытталған даусыз өзгерістерін мойындау қажет. Қоныс аударудың жоғарғы шегі 1992-1994 жылдар болып табылады. Мысалы, 1996 жылы қоныс аударған орыстардың саны 1994 жылмен салыстырғанда 3,2 есеге азайды. Қазақстандықтарды шетелге қоныс аударту үрдісімен бірге кері үрдіс – қазақтардың (оралмандардың) тарихи отанына қайтып оралуы пайда болды. Сонымен қатар реэимигрант үрдісін де атап өткен жөн: егер 1994 жылы олардың саны 50 мың адам болса, ал 1997 жылы 17154 орыс, 1410 неміс, 2349 украин қайтып келді және елде өзбектердің саны айтарлықтай өсті. Сондықтан халықтардың тұрмыстық жағдайымен бірге, яғни осыған ұқсас күрделі мәселелерді мемлекеттік деңгейде шешу қажеттілігіне тартатын ұлт тағдырындағы тікелей көші-қон байланысты заңды. Қазақстанда ұлттық саясатты іске асыру жөніндегі бірегей қоғамдық институт болып табылатын Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның құрамына барлығы, республикадан 27 және өңірлерден 250-ден астам ұлттық-мәдени орталық кірді. Қазақ тарихындағы алғашқы Құрылтайда – 1992 жылы бүкіләлемдік қазақ өкілдерінің жиналысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Құрылтайдың негізгі мақсаты – бүкіләлемдік қазақ қоғамының болашағын ойластыру, осындай ерекше тарихи кезеңде ұлттың тағдырын одан әрі дамытуды талқылау» деп айтты. 1980 жылы республикада ұлттық мәдениетті, тілді, үрдісті құрметтемеу пайда бола бастайды, шамамен 600 қазақ мектептері жабылады. 1989 жылы Жаңаөзеннің мұнай шығару орталығында қазақтар мен Кавказ өңірінің вахташылары арасында қантөгіс қақтығыс орын алып, оны ішкі стер органдары қызметкерлерінің және армияның күшімен тоқтатты. Осылайша, ұлтаралық асқындық ұлттық саясатты тез арада қайта қарау қажеттілігін тудырды. 1989 жылы қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы» Заң ұлттық саясатты реттеудің алғашқы қадамы болып табылды, ол қазақ тілін – мемлекеттік тіл, ал орыс тілін халықаралық қарым-қатынас тілі деп жариялады. Заң республикадағы қоғамдық саясаттың және этникалық қақтығыстардың жағдайын тұрақтандырды. 1990-1991 жылдары республикада 482 қазақ бала-бақшасы, қазақ тілінде білім беретін 155 жалпы білім беретін мектеп ашылды. Бұл көптеген кезеңнен бері кеңес мемлекеті жүргізіп келген тарихи-саяси оқиғаларды реттеуге және этнодемография мен өркениетті қоныс аударушылар үшін жағдай жасауға мүмкіндік туғызған, Елбасы мен парламент депутаттарының үздіксіз қызметін куәландырады. Осыған байланысты зерттеуші Е.Ю.Садовский тіл мәселесін 1990 жылдары Қазақстаннан орыстарды көшірудің негізгі себебі ретіне ерекше атап өтті және Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес орыс тілінің мәртебесі мемлекеттік еместігі ретінде және мемлекеттік басқару органдарындағы жоғары лауазымдарға тұрғылықты халықтардың арасындағы мамандардың пайызын арттыру (80 %), республикадан орыстардың жаппай қоныс аударуына әсер етті деп айтты. Алайда, 2004 жылы тарихтағы соңғы қырық жылдықта алғаш рет көшіп келушілердің саны Қазақстандағы жат елге көшіп кетушілердің санынан асып түсті. Соңғы бес жылда халықты шетелден көшіру жаңа орамға өтті: жат елге қоныс аударушылардың (эмигранттардың) жалпы саны қысқартылды (1999 жылғы 165 мыңнан 2004 жылы 65,5 мыңға дейін), көшіп келушілердің (иммигранттардың) саны артты (1999 жылы 41 мыңнан 68,3 мыңға дейін), ол республикаға қоныстанудың оң сальдосына ықпал етті, оның ішінде орыс эмигранттарының саны 1999 жылғы 92 мыңнан екі мың төртінші (2004) жылы 39 мың адамға дейін қысқарды. Ұсынылған болжамдар бойынша, кез-келген қиындық түрлерінің алдын алуда «әрбір қазақстандық сеніміне және ұлтына қарамастан, өзінің мәдениетімен, дәстүрімен және сенімімен қоғамдық бостандықтың негізін жетілдіре алады және жетілдіруге міндетті» деген қалыптасты. Оның дәлелі ретінде, өзінің тарихи Отанына көшіп келгендерге және олардың күнделікті өміріне жағдай жасау мақсатында «Халықтың көші-қоны туралы» Заң қабылданды (1997 жылы 13 желтоқсан), онда қоныс аударушылардың мәртебесі, жеңілдіктері және оларды қаржыландыру қарастырылды. Агенттіктер, миграциялау және демографиялау жөніндегі басқармалар мен бөлімшелер құрылды. Елде мемлекеттің қауіпсіздігін жетілдіру мақсатында мигранттардың құқығын қорғауға, қажетті демографиялық және қоғамдық жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызатын 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон саясатының бағдарламасы бекітілді. Әлемдік экологиялық проблемаларды шиеленістіру, қоғамның жай-күйі республика ішінде көші-қон үрдісін жалғастыурға әсер етті. Қазіргі кезеңде қоғамдық, этнодемографиялық көрініс салаларында әртүрлі зерттеулердің пайда болу өзектілігі, халықтың көшіп-қонуындағы қазіргі заманғы үрдістерді реттеу механизмі төмендеуде. Қазақстанда бұл проблемамен ғалымдар, мамандар, талдаушылар айналысуда. Бұл процесті 1996 жылы құрылған Миграция және демография агенттігі бақылайды. Осылайша, көші-қон саясатындағы проблемаларды тарихи-әлеуметтік, саяси, ғылыми және мұрағаттық деректер негізінде ұғыну және талдау қажет.


3 пікірлер

karatayev@kaznetmedia.kz26.11.2013, 10:01

Это интересно.

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы
Ерімбетова Құндызай Мырзашқызы
Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері
тарих ғылымдарының кандидаты
  • Автордың жарияланымы