Басты бет Сарапшылардың пікірі Қазақстан республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ұсыныстар

Қазақстан республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ұсыныстар

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді.

Соңғы жиырма жылдықта Қазақстанның тарих ғылымы біртіндеп құр тұжырымдамадан арылып келеді және тарихтың білімі шағын проблемаларды зерделеуде маңызды қозғалыстарды алға басуда. Саяси-мемлекеттік процесстердің көптеген аспектілерін түсіндіруде жаңа көзқарастар, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық қатынастарды жарақтандыру байқалуда. Қазақстан тарихындағы басқа да өзекті мәселелермен бірге қазақстандық мемлекеттіліктің және тәуелсіздіктің шығу тегін зерттеу тарих ғылымының бірыңғай тұжырымдамасына, ұлттық тарихтың жаңа бағыттарын дамытуға және зерттеу әдістеріне зерттеушілердің үңіле назар аударуын талап етті. Қазақстандық тарих ғылымының дамуындағы қазіргі кезеңде зерттеушілердің жүргізіп жатқан шықпалары ғаламдық деңгейге жеткендігімен байқалады. Оған ғылыми білімнің жаһандану және экологиялану процесстері, сондай-ақ тарихи зерттеулерге әртүрлі бағыттағы және елдердегі мамандардың қатысуы мүмкіндік туғызды. Аталған жағдай тарих ғылымының әдістемелік және ақпараттық базасын кеңейтуге айтарлықтай ықпал етеді. Терроризм, діни фундаментализм, ұлтшылдық және бүгінгі шынайы өмірдегі басқа да процесстер тарихи түсіндірмені талап етеді. Қазақстанның бүгінгі ұлттық тарихы – бұл ғылымдағы ең проблемалық сала. Қазақстанның тарихтағы өткен кезеңі қоғамдық сана-сезімнің – саясаткерлердің саяси тілінен халықтың күнделікті өміріне дейінгі әртүрлі деңгейлердегі гуманитарлық кеңістіктің маңызды бөлігін құрайды. Біріншіден, ұлттық тарих қоғамдық ғылымдардың арасында орталық буынға айналуға тиіс. Екіншіден, біз сапалық жаңа деңгейде Қазақстан тарихының ортақ тұжырымдамасын жасап шығуға тиіспіз. Ол тұжырымдама бүкіл әлемдік тарихпен тығыз байланыста болуға, Қазақстанның аса ауқымды тарихи үдерістердегі, олардың өзара байланысы мен ғылыми кезеңдену жүйесіндегі орнын анық көрсетуге тиіс. Үшіншіден, Қазақстан туралы біздегі және шетелдердегі тарихи материалдардың барлығын жинақтауға, жүйелеуге және жіктеуге баса көңіл бөлу қажеттілік десек, алда тарихи артефактілердің барлық негізгі шетелдік қоймаларын ұқыпты зерттеу және тарихи материалдарды Қазақстанға қайтару міндеті тұр. Еліміздің өркендеу стратегиясына сәйкес, жаһандану процесі туындатқан жаңа белестерге көтерілу, жаңа сындарға төтеп беру мәселелері ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруды талап етеді. Соңғы екі жыл бойы жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихын оқыту бағдарламасын қысқарту немесе тіптен алып тастау туралы қозғалып жүрген пікірлер көпшілікті алаңдатқаны белгілі. Қазақстан тарихын оқу жүйесінен қысқартуға болмайды. Біз мемлекетіміздің одан әрі дамуы үшін ұлттық тарихымыз бен өткенімізді зерделемей оны жоғары оқу орындарында оқытпай, мықты мемлекетке айнала алмаймыз. Қазақ халқының кеңестік дәуірде тарихи танымы өзгеріске, тіпті дағдарысқа ұшырады. Ұлттық тарихты жасауды, ұлттық санамызды қалыптастыруды енді ғана қолға алдық. Ал, осындай кезде білім жүйесінде Отан тарихын қысқарту мемлекеттігімізге сын. Елі мен жерін сүйетін қазақстандық жастарды даярлаймыз десек, онда оқытуды жаңа сапалық дәрежеге көтеруіміз керек. Ол үшін ғалым мен оқытушы әдіскер бірлесе отырып әр жас деңгейіндегі балалардың ерекшеліктеріне сай оқулықтар жазуы қажет. Ұлттық тарихты халықтың игілігіне айналдыру өте маңызды. Ол үшін жаңа әдістерді қолдану қажет. Әсіресе тарихтың ақтаңдақтарын терең зерттеу қажеттігі байқалып отыр. Кез келген мемлекеттің негізгі тірегі және басты байлығы сол елді құраған халқы болып табылады. Ал сол халықтың алға қарай адымдап дамуында тарих ғылымының алар орны ерекше. Себебі, тарих халықтың өзін-өзі тануына жәрдемдесіп, ұлттық намыс, ел бірлігі және мемлекеттік мүдде деген ұғымдарды қастерлеуге, ұлттық құндылықтарды сақтауға үйретеді. Ұлттың шынайы тарихы ұлттық идеологияның қалыптасуының да негізгі қайнар көзін құрайды. Қазақстан Республикасындағы ұлттық тарихтың негізгі басым бағыттары: - Тәртіпаралық тарихи зерттеулерді дамыту (әлеуметтану, демография, география, саясат, философия, геоинформатика және т.б.); - Тарихи өңіртанудағы картографиялау әдістерін жетілдіру. Тарихшылардың қолына компьютер тиген кезден бастап картографиялау әдістері үлкен өзгерістерді бастан кешірді. 1995 жылы Президенттің тапсырмасымен жасалып, Президент жанындағы мем­лекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің мақұлдаған «Қазақстанда тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасы» өз қызметін атқарды. Бұл тұжырымдаманың басты міндеті – тарих ғылымының басты мәселелерін және оны шешудің мүмкін бағыттарын белгілеу, тарихи білім мен ағартушылыққа реформа жасау жолдарын қарастыру еді. Осы уақыт аралығында гуманитарлық сала ғалымдары аз жұмыс атқарған жоқ. Әсіресе, жаңа ғылыми-зерттеу тақырыптарына байланысты жобалар, «қазақ» этнониміне, қазақ халқы этногенезіне, қазақ мемлекеттілігінің қа­лыптасуына, көшпелі қоғам эволюциясына қатысты зерттеулер жүргізілді.Ежелгі және орта ғасырлар тарихына мамандардың жеткіліксіздігіне қарамастан көңіл бөлінді. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша араб, парсы, қытай, орыс және т.б. тілдеріндегі деректер жинақталды. Бірақ табылған деректер негізінде кешенді саралау мен зерделеу жұмыстары жүргізіл­ген жоқ. Қазақ тарихының тарихи кезең­де­рінің тұтастай объективті көрінісін ай­шықтау мен жұртшылыққа түсінікті қа­лыпқа түсіру жұмысы өз авторларын кү­туде. Уақыт талабы – заманауи тарихи са­наны жаңғыртуға қалың көпшіліктен бастап ғалымдарға дейінгі жұртшылық ат­салысуы қажет екендігін ескертуде. Сон­дықтан да бұл өмірлік мәні бар тапсырманы әрбір отаншыл қазақ пен қазақстандық менің болашағым үшін қажет дегенде ғана жүзеге асыра алады. Бұл мәселеде кәсіби тарихшыларға жауапты жүк артылып отыр. XX ғасырдың басында зиялылар тағдыр сынын қалай көтерсе, XXI ғасыр басында да жаһандық мәселелер ортасында қиын­дықты жеңіп шығатын, әлемдік тарихтағы Қазақ елінің орнын ойып көрсете алатын ойшыл ғалымдар ғана жаңа тарих сахнасынан көрінері хақ. Ал халық талай рет тарихтың толқынды дауылына шыдас беріп келеді. Үкімет басшысының атап өткен ұлттық тарихтағы шешілмей келген ауқымды міндеттерін шешуде ғылыми талдауларды жаңаша көзқараспен дүниеге әкелу үлкен жауапкершілікті талап етуде.Төл тарихын білмейтін ел жаһанданудың доңғалағына жаншылып қалады. Тарихты жетік білетін адам қашан да еңсесін тік ұстап жүреді. Ал еңсесі тік адам кез келген қиыншылықты жеңіп, көздеген мұрат-мақсатына жететіні анық. Бүгінде қазақтың қазақ болып қалуы тарихшыларға байланысты болып тұр. Біздер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихшыларға жасап отырған қамқорлығын барынша пайдаланып, мемлекетіміздің іргесін бекемдей түсуіміз керек. Осы ретте жас тарихшылар өздеріне зор жауапкершілік артылғанын түсінуі тиіс. Жастар ұлттық тарихты ұлықтауда тынбай ізденіс жасауымыз керек. Өз басым айына бір мақала жазбайтын ғалым тарих ғылымына үлес қосады деп айта алмаймын. Мемлекет тарихшыларға Отан тарихы методологиясының қазығын мықтап тұрып қағуды тапсырды. Алдағы уақытта біздер осы үлкен сенімнің үдесінен шыға білуіміз керек, – деген Х.Әбжанов тарихқа өмірін арнаған азаматтардың адами өмір тәжірибесі болуы керектігін де атап өтті. Яғни, білікті тарихшы үлгілі әке, өнегелі ана ретінде де айналасына шарапатын тигізуі шарт. Ғалымның «тарихшы өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезінуі тиіс» деген ойы жастардың көкейіне қона кеткені анық. Сондай-ақ, аға буын атынан сөз алған ғалым жастарға бір ғана тақырыптың аясында қалмай, ой-өрісін кеңірек ұстаудың маңызы зор екенін де ескертті. Қазіргі таңда тарихи өлкетануда мынадай ғаламдық проблемалар бар: - Әлемдік-тарихи процесс контекстіндегі өңір тарихы: өңірді игеру және қалыптастыру тарихы, оның әлемдік тарихтағы рөлі; - Халықтардың этникалық құрамы және өңірдегі діни өмірдің ерекшеліктері; - Мемлекеттік және аумақтық құрылым: жалпы қауымның әкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі өңірлік жерлер; - Аумақтық басқару органдарының жүйесі, өңір мен орталықтың өзара қарым-қатынас жасау сипаттары (тік қарым-қатынастар, өңірді дамытудағы орталықтың рөлі); - өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жүйе – шаруашылықтың үлгісі мен принципиалды  ерекшеліктері; - өндірістің аумақтық орналасуын сипаттайтын өңірлердің экономикалық-географиялық жағдайы; - Шекаралас өңірлердегі өңірлік және геосаяси проблемалар; - Өңірді дамытуды оңтайландыру мақсатында тарихи-өңірлік зерттеушілердің халықаралық ынтымақтастығы мен үйлесімі; - Тарихи оқиғаларды өңіртанулық оқшаулау; - Жаңа жерге орналастыру проблемалары және аумақты шаруашылықты игеру, коммуникация тарихы; -  Тарихи геоэкология; - Өңірлік тарихи-географиялық зерттеулер; - Туризмді дамыту үшін тарихи-өңірлік зерттеулер және т.б. болып табылады. Тарихи өңіртану жөніндегі зерттеулердің болашақтағы мақсаты, яғни, тарихи зерттеулерді тәжірибеде іске асыру атластар, анықтамалықтар, энциклопедиялар және карталар жасау болып табылуы мүмкін. Осылайша қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын дамытудың негізгі тұжырымдамасы Қазақстанның геосаяси мүддесіне сәйкес келуі тиіс және зерттелетін тарихи объектілер туралы ақпараттардың дұрыстылығы мен толықтылығын қамтамасыз ететін, базалық принциптерді сақтай отырып, ақпараттық жүйелерді жобалаудың қазіргі заманғы технологияларына сүйенеді. 


1 пікір

Alex Yudin28.12.2013, 21:28

dggfhjh

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Ксенжик Галина Николаевна
Ксенжик Галина Николаевна
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Қазақстанның жаңа заман тарихы бөлімінің меңгерушісі
тарих ғылымдарының докторы, доцент, академик