Басты бет Сарапшылардың пікірі Патша заманында саяси күрес жолына түскен қазақтың белді азаматтары мен зиялы қауым өкілдерінің қуғындалғаны туралы пікірлер.

Патша заманында саяси күрес жолына түскен қазақтың белді азаматтары мен зиялы қауым өкілдерінің қуғындалғаны туралы пікірлер.

Қуғын-cүргін әр заманда болған. ХХ ғасырдың басында қазақ халқы бірнеше қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы сұхббаттасайық.

Қуғын-cүргін әр заманда болған. ХХ ғасырдың басында қазақ халқы бірнеше қуғын-сүргінге ұшырады. 1905 жылы патшаның сөз, баспасөз бостандығы жарияланысымен жаңадан қалыптасқан ұлт зиялылары билеуші үкіметтің отарлық езгісіне қарсы ұлт-азаттық күрестің бастапқы қадамын баспасөз арқылы бастаған болатын. Қазақ тіліндегі газет шықпай тұрған кезде патша үкіметінің әккі саясатын татар, орыс тіліндегі басылымдарға жариялау талаптары қойылған арызхаттарды (петициялар) жоғарғы орындарға жолдау, Мемлекеттік Дума мінберіне шығып сөйлеу арқылы әшкерелеуге тырысты. Олардың баспасөз арқылы ұлттық мүддені көздеуі, жер дауы, жесір дауы, тіл, дін мәселесі жайында ашықтан-ашық пікір айтулары билікке ұнамады. Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев сынды азаматтардың елдің сана-сезімінің оянуына шақырған, оқу-білімнің мән-маңызын насихаттаған, ғылым мен мәдениетке үндеген мақалалары, Қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы, дербес мемлекет құру сияқты негізгі мақсатқа жетелеген Ахметтің «Масасынан», Міржақыптың «Оян, қазағынан» билеуші үкімет сескенді. Сондықтан олардың жүрген іздері, сөйлеген сөздері жіті бақылауға алынып, құпия түрде олардың «ұлтшылдығын» дәлелдеген қат-қат томдар жинақталды. Алды абақтыға қамалса, артына айыппұлдар салынды. Мәселен, Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабы мазмұнына орай панисламшылдық идеясын тарату­шы, қазақтар арасында орыс үкіметінің саясатына қарсы наразылықтың тууына бағыт­талған кітап деп танылған. Ол Семейде 1911 жылы маусымда қамауға алынып, желтоқсанда болған Семей өлкелік сотының шешімімен бір жылға бас бостандығынан айырылған. Дегенмен сол кездегі патша үкіметінің қуғындаған саясатына қарамастан, А. Байтұрсынов «Масасы» ызыңдап, қалың ұйқыда қаперсіз жатқан халықты оятқандығын, Міржақыптың «Оян, қазағы» халық мүддесінің жоқшысы бола алатын саяси күрес­керлерді шыңдағанын атап өтуіміз керек. Демократиялық қозғалыстар одан әрі өрістеп, қазақтың ұлт тіліндегі баспасөзі қалыптасты. Дүниеге қазақтың жоғын жоқтаған, сөзін сөйлеген «Айқап» журналы мен «Қазақстан», «Қазақ» сияқты газеттер дүниеге келді. Ахмет Байтұрсынов ұйымдастырып шығарған «Қазақ» газеті кейіннен Алаш партиясының құрамында болып, оның қоғамдық-саяси қызметін жандандырған Ә.Бөкейхан, М.Шоқай, М. Тынышбайұлы, Р.Мәрсеков, М.Жұмабаев, Х.Ғаббасов, Ж.Жәнібеков, Ж.Тілеулин, Х.Бол­ғанбаев, Ж.Ақпаев, Ж.Басығарин, А.Сейітов, С.Торайғыров, А.Мәметов, Х.Досмұхамедұлы сияқты зиялыларды топтастыра білді, олардың ұлттық идеясын бүтін жұртқа жеткізді. Халқымызды мазалап жүрген жер, дін, тіл, оқу-ағартуға қатысты мәселелерді қозғауға тырысты, қазақ қоғамына аса қажетті ұсыныстар айтып, оны бірлесе шешуге шақырды. 1916 жылы ел басына қара бұлт орнатқан патшаның майданға қара жұмысқа алу туралы жарлығы шығып, 19 бен 43 жас аралығындағылар Батыс майданға қарай ағылған кезде, солармен бірге болып, ақыл-кеңес берді. Патша үкіметі құлаған уақытта қазақ съездерін ашып, комитеттер құрып, тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылды

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз