Басты бет Сарапшылардың пікірі Тарихқа енгізілер өзгерістерді електен қалай өткізуге болады? оны жұрт санасына сіңірудің қандай жолдары бар?

Тарихқа енгізілер өзгерістерді електен қалай өткізуге болады? оны жұрт санасына сіңірудің қандай жолдары бар?

Тарихқа енгізілер әрбір жаңалық ғылыми тұрғыдан негізделуі тиіс. Кей жағдайларда ғалымдар, әсіресе, әуесқой ғалымдар табылған құжаттарды бірден жариялап жіберуге тырысады.

Жинақталған құжаттың қаншалықты шынайы екендігін анықтап, електен өткізіп алмай қолдану дұрыс емес. Себебі кейбір құжаттарда бұрмалаушылық немесе дәлдіктің болмауы шатастырушылыққа алып келеді. Сондықтан қолда бар материалдарды сұрыптап, саралап барып қолданған жөн. Жазылған тарихи еңбек жұртқа ақпарат құралдары арқылы таралады. Дегенмен Қазақстан тарихы тарихының өзекті мәселелеріне байланысты кезінде ғылыми тұрғыда қорғалған, шынайы бағасын алған, бірақ көпшілікке белгісіз еңбектер бар. Солар монография ретінде  жарияланса, оқырмандарын тапса, онда ұлттық тарихтың белгісіз деп келген беттері ашылар еді.

Пікір жоқ

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз