Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтеді

«Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтеді

06 Сәуір 2016
459
0

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде 2016 жылы сәуірдің 7-інде сағат 15.00-де Қажымұқан Мұңайтпасұлының 145 жылдығына арналған «Алаштың алыбы» атты еске алу кеші өтеді, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі. 

«Тарихи тұлғалар» жобасы аясында өтетін іс-шараның басты мақсаты – Қажымұқан Мұңайтпасов өмірі жайлы деректермен таныстыру. Жас ұрпақты ұлы тұлға өмірінен үлгі-өнеге алуға шақыру. Еске алу кешінде жауырыны жерге тимеген қазақ даласының батыры туралы танымдық бейнебаяндар көрсетіледі. Сонымен қатар, Қ.Мұңайтпасов атындағы Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің жас спортшылары гимнастика, бокс, таэквондо, грек-рим күресінен көрсетілімдер ұсынады.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сауалнама

105 жыл бұрын негізі қаланған Қазақстан футбол құрамасының ӘЧ қатысуы үшін не керек?