Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бір халық-бір ел-бір тағдыр Діндер мен конфессиялар Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі

Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі

27 Тамыз 2013
163
0

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ИНСТИТУТЫ

ҚАЗАҚСТАН ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАР АССОЦИАЦИЯСЫ

ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЕТУДЕГІ ДӘСТҮРЛІ ДІНДЕРДІҢ РӨЛІ

«Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференция. 2011 жылдың 21-желтоқсанында Алматы қаласында өтті.

Конференция Алматы қаласы ішкі саясат Басқармасының қолдауымен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс ауқымында «Кон-фессияаралық келісім мен төзімділік сананы қалыптастыруды насихаттау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу» жобасын орын-дауда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде өткізілді. Қонференцияны ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институ-тының ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз етуімен Қазақстан әлеумет-танушылар Ассоциациясы ұйымдастырды.

Конференцияда талқылауға ұсынылынған тақырып оның қазіргі кезеңдегі дамуында қазақстандық қоғам үшін барынша өзекті. Діни мағынадағы экстремизм мен терроризм (қазақ тілін-дегі мағыналық баламасы – лаңкестік пен содырлық) ұлттық қауіпсіздікке қауіпті құбылыстар тізбесіндегі негізгі қатарларға шығады – осының өзі сарапшылар қауымдастығын аталған мәселеге ерекше назар аударуға мәжбүрлеп отыр. Конференция жұмысына жетекші дінтанушылар, саясаттанушылар, философтар, дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары, ҮЕҰ (НПО) өкілдері қатысты. Конференция барысын қазақстандық БАҚ баяндап отырды.

Конференцияда ҚР БҒМ ҒК Философия және саясаттану институтының Е.Ұ. Байдаров, Е.Е. Бурова, В.Ю. Дунаев, А.Г. Косиченко, М.М. Нұрғалиева, Н.Л. Сейтахметова, М.З. Изотов сияқты қызметкерлері баяндамалар жасады, сонымен қатар ҚМДБ өкілдері мен Қазақстандағы РПЦ Митрополиялық аймағының өкілдері тартымды хабарламалар жасады. Одан кейінгі пікірсайысқа Институт ғалымдарымен қатар Алматы, Шымкент, Түркістан қалалары жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты. Пікір-сайыс жалған діни риторикаға жүгінетін экстремизм мен терроризм сияқты құбылыстарды зерттеудің ең шиеленіскен аспектілерін анықтап және экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету үрдісіне тереңдетілген ғылыми-сараптамалық түсініктемелер берудің бірнеше бағыттарын көрсетті. 

Конференцияда ғылыми-практикалық кепілдеме ретінде төмен-дегі ұсыныстар келтірілді:

1. Дәстүрлі конфессиялар көшбасшылары діни пиғылдағы терро-ризм идеологиясын әшкерелеп, беделін жоюға бар күшін салуы керек. ҚМДБ қабылдаған «Хизб-ут-Тахрирге» және салафиттерге қарсы бағытталған фәтуалар өзіндік болымды рөл атқарады, бірақ оның қасаң қағидалы деңгейдегі экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуі күшейе түсуі қажет. Қоғамдық пікірде терроризмнің антиисламдық мәнін бекіте түсу керек, ал ол болса күнделікті тынымсыз еңбекті, соның ішінде БАҚ тарапынан белсенділікті қажет етеді.

2. Наразылық әлеуетінің интегративті сипаты оның құқыққа қарсы нысан көріністерін дінді жалған қабылдаулармен байланыстыруға мүмкіндік береді. Исламистік идеология исламның (бейбітшіл және ізгілік дін ретінде) елімізде исламизмге қарсы қойылмай келгендігі салдарынан қазіргі кезеңде Қазақстанның саяси-әлеуметтік кеңістігінде орын алып отыр. Ислам бүгінгі таңда төмендегідей кесте түрінде бейнеленген үрдістерге тартылған: өзінің шынайы мәні бар ислам – исламның саясаттануы – исламизм – экстремизм – терроризм. Әрине, бұл кестені бұзу керек, экстремистер мен террористерді исламдық риторикаға жүгіну мүмкіндігінен айыру керек.

3. Дінтану саласындағы зерттеу әдіснамасын кеңейте түсу керек, оны саясаттану әдістерімен, терең философиямен, мәдениеттанумен, құдайылық іліммен, аксиологиямен байыта түсу керек. ҚР БҒМ 

ҒК Философия және саясаттану институтының дінтану бөлімінің одан арғы болашақ қызметтері Қазақстан Республикасының діни саласында жүріп жатқан күрделі үрдістерді жан-жақты талдаудың қажеттілігінен туындалуы тиісті екендігі ұсынылды.

4. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етуге тек дәстүрлі діндер ғана емес, сонымен қатар бірқатар жаңа діни қозғалыстар мен конфессиялардан тыс дүниетанымдық идеологиялар қабілетті. Осы әлеуетті де толық пайдалану керек.

5. Терроризмге қарсы кешенді әрекет етуде исламистік уағыз-даушылардың ықпалының орталығында әлеуметтік қабат ретіндегі жастарға отансүйгіштік және адамгершілік тәрбие беруге ерекше назар аудару қажет. Осы ықпалдардан жастарды жетектеп «шығарудың» айрықша нысандарын табу керек. 

6. 2011 жылының қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы азаматтардың діни сенімдер бойынша еркіндігін бекітеді және нақтылай түседі және ол мемлекеттік-конфессиялық қатынастар саласындағы келеңсіз құбылыстармен тиімді күресуге мемлекетке мүмкіндік беретіндігі жайлы атап көрсетілді.

7. Дін қазіргі әлемде геосаясаттың әрекетті тетігіне айналып отыр. Қазіргі таңда көптеген күштер дінді өздерінің прагматистік мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланады. Наразылық қозғалыстарда дінге тарту әдістері қалыптасқан. Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі бағдарламаларды жүзеге асыра отырып осының бәрін ескеру керек.

8. Исламистер өздерінің уағыздарында саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени, этносаралық салалардағы болатын қай-шылықтарды пайдаланатын болғандықтан қоғамдық дамудың осы салаларындағы нақты мәселелерді шешу қажет. Олардың шешімін таппауы діни радикалдарға дәйектемелер жасауға негіз болады. Аймақтар үшін өзекті мәселелер шеңбері бұрыннан белгілі: жемқорлық, әлеуметтік әділеттіліктің жоқтығы, жастар арасындағы жұмыссыздық, «әдеуметтік сатылардың» жоқтығы, демократиялық институттардың әлсіз дамуы және т.б. Аталған мәселелердің шешімі діни мағынадағы экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің ең тиімді нысаны болып табылады.

Толығырақ мына файлдан оқу: 
Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің рөлі PDF 




Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз