Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт Экономика Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелері.

Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің активтерін басқару тиімділігін арттыру мәселелері.

27 Тамыз 2013
51
0

ДАҒДАРЫСТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ

ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тұрсынбаева Д.К.

ҚР БҒМ ЭИ Қаржылық реттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері

Әлемдік қаржы дағдарысы жинақтаушы зейнетақы қорларындағы  Қазақстандық азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуына да тікелей әсерін тигізіп отыр. Дағдарыстар нәтижесінде жинақтаушы зейнетақы қорлары портфеліндегі бағалы қағаздардың құнсыздануы осы жинақтардың төмендеуіне әкеледі.

Қазақстанның зейнетақы жүйесінде он үш жыл бойы қазіргі уақытқа дейін елімізде 13 зейнетақы қоры жұмыс істеді. Бірнеше зейнетақы корларының бірігуі мен реттеуіштер жағынан пруденциялды нормаларды қатайту, олардың активтерін басқару мәселелеріне тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді және бұл шаралар тәуекелділікті азайтуға бағытталған. Азаматтардың жинақталған зейнетақы қаражатының кірістілік деңгейін арттыру, құнсыздану процесстеріне адекватты болу, құрылғаннан бастап Қазақстанның зейнетақы жүйесі үшін ең басты мәселе болып келе жатыр.  

Осы мәселеге байланысты «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына 2008 жылдың аяғында өзгерістер енгізілді, яғни осы заңға байланысты «Мемлекет алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен анықталған, алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығы кезіндегі инфляция деңгейін ескере отырып, іс жүзінде енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» [1], мемлекет азаматтардың зейнетақы жиналымын белсенді қорғауға кіріскен болатын.

Заңдағы өзгерістер шеңберінде, 2009 - 2011 жылдардағы инфляцияны ескере отырып, зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуы жөніндегі кепілдіктерді мемлекеттің орындау ережесін Қазақстан Үкіметі 2009 жылдың 15 мамырында № 726 Қаулысымен бекітті [2].

Әлемдік дағдарыс жалпы экономикаға және зейнетақы қорларының жұмысына да әсерін тигізді. Дағдарысқа дейін де зейнетақы қорлары табыстылығы төмен болған, ал соңғы екі жыл ішінде табыстылығы кұр томендеп кетті. Қазіргі уақытта тұрақты оңды табысқа жетудің нақты жолдары әзірге жоқ деп есептеуге болады. Біздің пікіріміз бойынша, төмен табыстылықтың басты себебі зейнетақы активтерін тиімсіз басқаруда, дамыған инфрақұрылымның және өндірістің болмауында.

Дағдарыс кезеңнің басында құрылтайшысы ірі банктер болған зейнетақы қорлары катты зиян шекті. Себебі, зейнетақы қорлары инвестициялық саясатында құрылтайшыларына тәуелді болғандықтан. Зейнетақы қорлардың мақсаты мен банктердің мақсаттары екі түрлі болып келеді, және қаржы институттарында да айырмашылыктары болады. Банк тек пайда түсіруді мақсаттаса, зейнетақы қорлары әлеуметтік қаржы болғандықтан табыс табумен бірге тұрақтылықты және жинақталған қаражаттың сақталуын ойластыруға міндетті. Дағдарыстан азғана бұрын бірнеше ірі зейнетақы қорлары банктердің ықпалмен мұнай компанияларының бағалы қағаздарын сатып алды да, содан кейін елеулі зиян шекті. Мұнай компанияларының бағалы қағаздарына қызықпаған, дербес саясаты бар орташа және кіші зейнетақы қорлар бұл жағдайды аз күйзеліспен өткерді.  

Қазіргі уақытта құралдардың жетіспеушілігі өзекті мәселелердің бірі болып тұр, зейнетақы қорлар активтерін инвестициялауға тиімді, инфляцияның деңгейін басып отетін құралдардың болып тұрған жоқ. Сонымен қатар, инфрақұрылымдық жобларды іс жүзіне асыру арқылы нақты секторға салымдарды ортналастыру керек. Бұл жерде ең бастысы, мемлекет жағынан қатаң шешімдер болу керек. Ешқандай техникалық және басқада дефолттар болмау үшін, зейнетақы активтерін қолдануын нақты қадағалау қажет.  Егер ойын ережесін дұрыс орындаса бұл тәсіл жұмыс істеп кетуі керек.  

Қосымша құнды жасай отырып, зейнетақы қорларында   шоғырланғандырылған жинақ қаражаттары Қазақстанның нақты секторына  жұмыс істеуі керек. Бүгінде олар жұмыс істемейді, сонымен қатар жаңа кіріс келтірмейді.

Ресми дерекнамалар болжамдары бойынша номиналды кіріс коэффициенті 12 ай бойынша 2011 жылдың қорытындысында 3%-дан аспайды.  Қазақстанның зейнетақы қорында жинақталған қаржы бірінші жарты жылдықта 8,6%-ға өсті және 1-шілдеде 2 трлн. 451,1 млрд. теңгеге жетті. 2011 жылдың қаңтар-шілде айларындағы зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 188,1 млрд. теңге болды.

Бірақта, жартыжылдықтың басқада нәтижелері еліміздің зейнетақы нарығында әлі де көңіл алаңдатар жайттардың бар екендігін көрсетеді. Ұлттық банктің Қаржылық бақылау бойынша комитетінің мәлімдемесіне сәйкес, таза инвистициялық табыстар сомасы (комиссиялық сыйақыны алып тастағанда) зейнетақы активтерін инвестициялаудан,  салымшылардың дербес зейнетақы шотына бөлініп, қаңтар-шілде айларында 6,5 млрд. теңгеге азайды және есеп беру күніде 564,8 млрд. теңгеге жетті, бұл зейнетақы жинақталу қаражатының жалпы сомасының 23%-ын құрайды. 

Зейнетақы қорларының төмен кірістілігінен салымшылардың зейнетақы шотындағы сома азаяды. Бұл сәтті немесе тиімді инвестициялау мүмүкіндіктерінің болмау нәтижесі.  Зейнетақы қорларының таза инвестициялық табысының төмендеуінің себебі олардың портфеліндегі үлестік бағалы қағаздар құнының құлдырауында, өйткені қорлар  басқа да қаржылық құралдарға инвестициялаудан жоғары табыс ала алмады, олардың портфеліндегі басым бөлігін құрайтын, бірінші кезекте мемлекеттік бағалы қағаздар. Бағалы қағаздар құнының төмендеуі инвестициялық табыстардың жалпы көлеміне елеулі әсерін тигізді.  Қазіргі уақытта табыс құралдарының жоқтығынан және ақшаның құнсыздануына қарсы үкімет тарапынан қабылданып жатқан шаралардың әлсіздігі инвестициялық табыстың төмендеуінің бір себебі болып отыр.  

Біздің пікіріміз бойынша қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитеті мен Ұлттық банктің қаржылық ұйымдары жағынан зейнетақы қорлардың портфелдерін белсенді реттеуге көшу керек. Егер мемлекет зейнетақы қорлардың төмен табысына өтемақы төлейтін болса, онда мемлекет аталған табысты көтеру мақсатында қорлардың қызметін қатаң регламенттеуге құқықты. Зейнетақы активтерінің табыстылығы инвестициялық қорының сапасымен анықталатын болса, онда инвестициялау нысандарында зейнетақы активтерін орналастыру бойынша нормативтерді белсенді қолдана отырып,  Қаржылық бақылау комитеттері зейнетақы қорлар портфелдерінің құрамын реттеу бойынша саясатты нақтырақ жүргізуі керек.

Айта кету керек, бұрында осындай нормативтер анығырақ айқындалған және сонымен қатар зейнетақы қорлары үшін портфелді ивестициялаудың бағытын сілтеді. Атап айтқанда «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыру ережесіне» сәйкес, әр бір инвестициялау нысандар класстары үшін ең жоғарғы шегі қорлардың жалпы портфелінің пайз мөлшерінде қарастырлды. 

Алайда қазіргі уақытта бұндай нақты шектеулер жоқ.  2009 жылғы 8 тамыздағы жинақтаушы зейнетақы қорлары және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызмет атқаратын ұйымдардың атқару қызметі ережелеріне сәйкес: «Қаржы құралдарына инвестиция көлемі зейнетақы активтері есебінен, қордың инвестициялық декларациясымен белгіленеді». Яғни, әр түрлі класстар нысандарындағы бұрында болған инвестициялаудың нормативтері казіргі таңда болмай отыр, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоспағанда, қазіргі уақытта әр қордың зейнетақы активтеріне жалпы көлемінің 20%-дан кем емес қаражат салынуы керек.

1 сурет – 2011ж. 1 қаңтар жағдайындағы  зейнетақы қорларының инвестициялық портфелінің құрлымы

Ескертпе – деректер бойынша құрастырылған [3]

Сүйтіп, толығымен зейнетақы қорлардың ішікі құжаттарымен, әсіресе инвестициялық декларациямен анықталатын инвестициялық портфелдің қалыптасуына ықпал етуге, дағдарыстан кейінгі кезеңде қорлар мен басқарушы компанияларға еркіндіктер берілген. 

Бұндай еркін әрекет ету жаңа Ереженің енгізуінің нәтижесінде үнемі төмендеген зейнетақы қорларының табыстылығына кері әсерін тигізді. Егерде 2007 жылдың қаңтар айында кірістің номиналды коэффициенті К2 бес жылдық кезеңде 50,6% болса, 2011 жылдың 1 қыркүйегінде ол 34,2 %-ға төмендеді. Бұл агенттіктің реттеуші рөлінен бас тартуына және инвестициялаудың нормативті шегін белгілеу зейнетақы қорлары менеджментінің тиімді портфель саясатын өздігінен таңдау қабілетсіздігіне алып келді және 2009-2010 жылдардағы әлемдік қаржылық нарықтың өсіу жағдайында да құлдыраған, қорлардың кірістерінің төмендеуіне әкелді.

2012 жылдың қаңтарынан бастап кірістілік мәселесі одан да әрі шиеленісуі мүмкін, себебі жаңа жылдан бастап консерваторлық, бірқалыпты немесе басқыншылық – үш портфелдің бірін таңдау мүмкіндігі бар жүйеге ауысу басталады. Басқыншылық және бірқалыптылық портфельдерін таңдағанда инвестициялық тәуекелділік елеулі артады, осы портфельдерге орналастырылған активтер есебінен зейнетақы жүйесінде кірістіліктің недәуір төмендейтініне болжам беруге болады.

Портфельдерді реттеудегі Қаржы нарығын бақылау комитетерінің рөлі, біздің ойымызша бірден көтеріледі. Бірінші кезекте пруденциялды нормаларды қалпына келтіру керек, әсіресе әртүрлі активтер класындағы инвестициялау шегін белгілеуді.

Бұндай шара тек ЗЖҚ-ғы теңдестірілген және біліп істелген протфельге ие болудан басқа, тақалып келген дағдарысқа пәрменді жауап қайтару құралы ретінде де өте маңызды болады.

Соңғы дағдарыс тәжірибесі көрсеткендей, сонымен қатар 2011 жылдағы тамыз-қыркүйектегі әлемдік нарықтардың құлауында, әлемдік нарықтағы күйзеліс кезеңде зейнетақы корлармен басқарушы компаниялар оң шешімдер қабылдауға қабілетсіздігін көрсетті және портфельдерді басқаруда елеулі қателер жасады. Осыған байланысты, олардың жұмыстарын айтарлықтай зерттеушілік және талдамалық әлуеті бар, зейнетақы корлармен салыстырғанда нарық өзгерістеріне адекватты болжам беруге әлде қайда қабілетті, қаржы мәселесінде аса білікті органдар жағынан реттеу қажет.

Осындай болжам негізінде ҰБ ҚБК-і нарықтық құлдыраудың жақындығын көре алады, инвестициялау нормативтерін құбылмалығы азду қағаз пайдасына жедел  ауыстырады, ЖЗҚ  портфельдерін қайта құрлымдауға және нарықтардың құлдыруына алдын ала дайындалуға мәжбүр етеді.  Тиісінше құлдырау аяқталғаннан кейін, бұл нормативтер  тәуекелді, бірақ табыс беретін құралдар пайдасына қолма-қол қайтадан ауыса алады және ЖЗҚ портфельдерінің дағдарыстан кейінгі өсуге және сонымен қатар кірістілігін көбейтуге дайын болады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестициялау нормативі сияқты ретеуіш құралдың болмау жағдайында, жинақтаушы зейнетақы қорлардың үш типті портфелді енгізгеннен кейін азаматтар біраз қаржысын жоғалтады, ал мемлекеттік бюджеттің құлдырау шығындарын өтеу бойынша жүктемесі айтарлықтай тез ұлғаяды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

2. «2009 - 2011 жылдарға арналған зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін орындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 мамырдағы № 726 Қаулысы.

3. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы. 2010 Жылдық есеп. Алматы,2011.92б.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз