Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дінтану Қазақстан республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері

Қазақстан республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері

26 Тамыз 2013
296
0

                           ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                   ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ

                                ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫ

                                                 Елена БУРОВА, Анатолий КОСИЧЕНКО

        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанда дінге деген қатынас қоғам деңгейінде, сонымен бірге мемлекеттік-конфессиялық қатынастар деңгейінде өзгерді. Қазақстандық қоғам дінді өзінің маңызды бір бөлігі ретінде есептейді. Дін қоғамдық дамуда, қазақстандық қоғамның тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарады. Бұл мемлекеттен діни бірлестіктермен тең қатынастарды талап етеді, мемлекеттік-конфессиялық қатынастар Қазақстан Республикасы үшін маңызды қатынастар санатына енді. Діни бірлестіктер де өз кезегінде мемлекетпен өз қатынастарын қалыптастырады, өзінің әлеуметтік-саяси стратегиясын айқындап, қазіргі Қазақстанның діни құндылықтарымен келіседі. 

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының дін саласындағы ең өзекті мәселесі ретінде мыналарды атап өтуге болады: барлық діни жағдайды анықтау (себебі, мемлекет діни салада тиімді саясат жүргізу үшін осы саланың нақты жағдайын білуі қажет, қазіргі уақытта мұнда көптеген жалған ұсыныстар мен таптаурындар (стереотип) көп, діни саланы дамыту үрдістерін талдау (бұл үрдістерді жүзеге асыру діннің жағымды мүмкіндіктерін «пайдалануға» және жағымсыз жағдайды болдырмауға мүмкіндік береді), мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың іске асуы. Кітапта көрсетілген нақты мәселелер нәтижесі зерттеу пәні болып табылады. Көтерілген мәселелердің құрылымдық күрделілігі салдарынан зерттеу мәселесінің барлық қырлары жұмыста толық көрінді, оның ішіндегі маңыздылары бұрын зерттелген болатын. Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан зайырлылықтың қазақстандық үлгісін қалыптастыру міндеті мен соған сәйкес мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды құру формасы бүгінде жіті қарастырылуда. Зайырлылық ұстыны қазіргі әлемде әртүрлі қалыпта жүзеге асады, түрлі елдерде құрылған зайырлылық үлгісіне талдау жасау демократиялық зайырлы мемлекеттің бұл ұстынды өз жағдайы мен даму мақсатына сай іске асыратыны жайлы қорытынды жасайды. Ұстынды нақтылы көрсету нысанының әртүрлілігі осыдан келіп шығады.

Қазақстанның бүгінде сыртқы және ішкі саясаттағы діни сала мен ұлттық мүддені жүзеге асыру негізінде зайырлылықтың ерекше үлгісін жетілдіру мүмкіндігі бар. Кітаптың бір тарауы ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер» Заңына қазақстандықтардың қатынасын талдауға арналған. Бұл талдау 2012 жылы жүргізілген социологиялық зерттеулер мәліметі бойынша жасалған. Қазақстандық қоғамның діни саладағы мемлекет саясатына қатынасы осы саясаттың стратегиялық жоспарлау мен тәжірибелік іске асыру кезінде жан-жақты ескерілуі керек екеніне көңіл аударған жөн, сонда қоғамдағы дінге байланысты бірлік пен келісім – терең де тұрақты болады.


Толығырақ мына файлдан оқи аласыз:
Қазақстан республикасындағы діни ахуалды дамытудың өзекті мәселелері PDF 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз