Басты бет Қазақстан тарихы Тәуелсіз Қазақстан Сыртқы саясат Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы

Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы

23 Тамыз 2013
346
0

1.  1991 жылғы 21 желтоқсан – Алматы қаласында 11 тәуелсіз мемлекеттің басшылары (Грузияны есептемегенде) Келісім хаттамасына қол қойды. Құжат бойынша аталған мемлекеттер тең құқықтық негізде ТМД-ның құрылғандағын атап өтті

2.  1992 жылғы қаңтар – Қазақстан ЕҚЫҰ мемлекеттері-қатысушыларының біріне айналды

3.  1992 жылғы 29 қаңтар – Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

4.  1992 жылғы 30 қаңтар – Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі кеңес (ЕҚЫК) құрамына қосылуы

5.  1992 жылғы 1-3 ақпан – ҚР Президенті тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет Дүниежүзілік экономикалық форум (Давос) жұмысына қатысты

6.  1992 жыл – Қазақстан Республикасы мен Бангладеш Халық Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

7.  1992 жылғы 11 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнату туралы ортақ мәлімдеме

8.  1992 жылғы 12 ақпан – Қазақстан Республикасы мен ГФР арасында дипломатиялық қарым-қатыстардың орнауы

9.  1992 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Ватикан арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

10.  1992 жылғы 16 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

11.  1992 жылғы 21 ақпан – Қазақстан және Үндістан Республикалары арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

12.  1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы

13.  1992 жылғы 15 мамыр – Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Ташкент қаласында Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды

14.  1992 жылғы 5 қазан – БҰҰ Бас Ассамблеясы 47-сессиясының жұмысы кезінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АӨСШК өткізу туралы бастамасы айтылды

15.  1993 жылғы 12 шілде – Түркі мәдениетін бірігіп дамыту жөніндегі халықаралық ұйым (ТҮРІКСОЙ) құрылды

16.  1993 жылғы 2 ақпан – Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды

17.  1992 жылғы 13 наурыз – Қазақстан Республикасы мен Ливия Араб Джамахириясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

18.  1992 жылғы 16 наурыз – Қазақстан Республикасы мен Малайзия Федерациясы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

19.  1992 жылғы 20 наурыз – Қазақстан және Польша Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

20.  1992 жылғы 24 наурыз – Қазақстан және Венгрия Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

21.  1992 жылғы 24 наурыз – Қазақстан және Куба Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

22.  1992 жылғы 25 наурыз – Қазақстан және Филлипин Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

23.  1992 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасы мен Сирия Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

24.  1992 жылғы 30 наурыз – Қазақстан және Сингапур Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

25.  1992 жылғы 2 сәуір - Қазақстан және Кипр Республикаларының арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

26.  1992 жылғы 6 сәуір - Қазақстан Республикасы және Канада арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

27.  1992 жылғы 6 сәуір - Қазақстан Республикасы және Палестина мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

28.  1992 жылғы 10 сәуір - Қазақстан Республикасы және Ирландия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

29.  1992 жылғы 10 сәуір - Қазақстан Республикасы және Израиль мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

30.  1992 жылғы 10 сәуір - Қазақстан Республикасы және Зимбабве Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

31.  1992 жылғы 10 сәуір - Қазақстан Республикасы және Мадагаскар Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

32.  1992 жылғы 13 сәуір - Қазақстан Республикасы және Тайланд Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

33.  1992 жылғы 13 сәуір - Қазақстан Республикасы және Мексика арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

34.  1992 жылғы 6 мамыр - Қазақстан Республикасы және Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

35.  1992 жылғы 15 мамыр – Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қою

36.  1992 жылғы 18 мамыр – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың АҚШ-қа алғашқы сапары

37.  1992 жылғы 27 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Эстония арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

38.  1992 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

39.  1992 жылғы 28 мамыр – Қазақстан Республикасы мен Бахрейн мемлекеті арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

40.  1992 жылғы 12 маусым – Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

41.  1992 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасы мен Литва арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

42.  1992 жылғы 15 маусым – Қазақстан Республикасы мен Австралия арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

43.  1992 жылғы 29 маусым – Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

44.  1992 жылғы 29 маусым – Қазақстан Республикасы мен Шри-Ланка Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

45.  1992 жылғы 29 маусым – Қазақстан Республикасы мен Гвинея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауы

46.  2000 жылғы 10 қазан – Астанада халықаралық экономикалық ұйым ретінде Еуразия экономикалық қауымдастығы құрылды

47.  2006 жылғы 16 тамыз – ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттері басшыларының бейресми саммитінде «ЕурАзЭҚ аясында Кеден одағын құру туралы» № 313-шешімі қабылданды

48.  2001 жылғы 15 маусым – «Шанхай бестігі» (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей және Тәжікстан) негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылды

49.  2010 жылғы 1-2 желтоқсан – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жетекшілігімен Астана қаласында ЕҚЫҰ Саммиті өтті

50.  2011 жылғы 28-30 маусым – Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық ұйымына төрағалық ете бастауы

Пайдаланылған дереккөздер:

1.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. І том (1990-1995 жж.) – 320 б.

2.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІ том (1996-2000 жж.) – 320 б.

3.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІІ том (2001-2005 жж.) – 320 б.

4.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІV том (2006-2011 жж.) – 320 б.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты атынан берілген. 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз