Басты бет Е-ресурстар Электронды мұрағат Ежелгі дүние артефактары Археологиялық зерттеулер Археологтардың есеп беру сессиясы

Археологтардың есеп беру сессиясы

23 Тамыз 2013
168
0

2013 жылы 25-26 сәуірде Алматы қаласында 2012 жылғы археологиялық зерттеудің қорытындысы бойынша есеп беру сессиясы өтті. Сессияны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің А.Х. Марғұлан атындағы археологиялық институт.

Есеп беру сессиясының жұмысына Қазақстанның 17 қаласының және өңірлерінің, Ресейдің 4 қаласының (Мәскеу, Екатеринбург, Челябинск, Кемерово) ғалымдары қатысты. Сонымен қатар, Қазақстанның барлық облыстарындағы Мәдениет басқармасы тарихи-мәдени мұраларды сақтау жөніндегі инспекциялардың және бөлімдердің өкілдері, мұражай, жоғарғы оқу орындарының, ЖШС-ның, Археологиялық орталықтың қызметкерлері, археологиялық зерттеумен және тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесімен айналысатын қызметкерлер шақырылды. Есеп беру сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің өкілдері қатысты. Есеп беру сессиясына қатысқандардың жалпы саны 60-тан астам адам. 40 баяндама тыңдалды: пленарлы отырыста 9 баяндамашы сөз сөйледі; «Алғашқы археология» секциясында 20 баяндама тыңдалды; «Ортағасырлық археология» секциясында 18 баяндама тыңдалды.

Сессия жұмысының негізгі баыттары:

1.  Институттың даланы зерттеу тақырыбындағы есептер, баяндамалары.

2.  ЖШС-ның, Археологиялық орталықтың, мұражайлардың, Қазақстан өңірлеріндегі ЖОО-ның есептері, баяндамалары.

3.  «Қазақстанның қазіргі археологиясындағы проблемалар» атты дөңгелек үстел.

Жалпы есеп беру сессиясының жұмысын А.Х. Марғұлан атындағы Иниституттың директоры, ҚР ҰАҒ тілші-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Б.А. Байтанаев ашты. Ол барлық қатысушылармен сәлемдесті, жемісті жұмыстар мен жаңалықтар ашуды тіледі. Есеп беру кезеңінде тас ғасырындағы, қол дәуіріндегі, бұрынғы темір ғасырындағы және ортағасырдағы археологиялық ескерткіштер зерттелгенін атап өтті. Даладағы тынымсыз және талдау жұмыстарының нәтижесінде тарихтың орасан зор қабаттары ашылды және зерделенді. Бізді Еуразияның далалық кеңестігіне жайғасқан халықтарының тарихы бойынша ғылыми проблемалар біріктіреді. Одан әрі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Тарихи-мәдени мұралар басқармасының бастығы –  Б.Е. Алтаевтың «Қазіргі кезеңдегі тарихи-мәдени мұралардың өзекті мәселелері» атты баяндамасы тыңдалды. Өзінің баяндамасында отандық археологтағы, соның ішінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының әрекет ету кезіндегі қол жеткізген жетістіктерді атап өтті, лицензия берудегі зәру мәселелерді қозғады, себебі көптеген әртүрлі ЖШС археологиялық зерттеулерге рұқсат алады және бұл ұйымдар ұсынылып отырған талаптарға әрқашанда жауап бере бермейді және кәсіби ғылым кадрлары ұсынылды. Сондай-ақ, Астана қаласында жаңа Мұражайдың ашылуына байланысты экспонаттар, табылған заттар туралы мәселе көкейтесті болып отыр. Археологтарға жаңадан ашылған мұрайжайға табылған құнды заттарды тапсыру туралы өтініш білдірді.

Оңтүстік Қазақстандағы Отрартөбе, Оқсыз (Весидж), Аспара, Антоновка (Қаялық) қалашықтарына кешенді археологиялық саяхат жасау туралы есеп беру баяндамасымен академик К.М.Байпақов сөз сөйледі. А.Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институттың Астана қаласындағы Филиалының 2012 жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы филиал директорының орынбасары, т.ғ.д. Д. Байтілеу сөз сөйледі; сондай-ақ сессияның өзге де қатысушылары: Кемеровск мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Л.Н. Ермоленко «Жаңадан табылған заттар көзіндегі Сарыарқаның ортағасырлық антропоморфтық мүсіні туралы проблемалар», С. Ж.Жолдасбаев тарих ғылымдарының докторы, Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ профессоры, Археология ҒЗО директоры – «2012 жылы Ортағасырлық Сығанақ қаласында атқарылған қазба жұмыстары;  М.Е. Елеуов тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – «Тұран археологиялық экспедициясының Түймекент қаласында жүргізген археологиялық зерттеулері»; М.Н.Сдықов тарих ғылымдарының докторы, профессор, Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының директоры «Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының 2012 жылғы жұмысы туралы» баяндамаларын оқыды.

Секциялық отырыста далалық, талдаулық зерттеулердің қорытындылары және Қазақстанның ерте және ортағасырлық тарихын зерделеудегі ең маңызды жетістіктері талқыланды.

Есеп беру сессиясының жұмысы барысында Қазақстанның қазіргі археологиясындағы өзекті проблемалар туралы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Секцияның төрағалары жұмыс қорытындысы туралы баяндады, содан соң, дөңгелек үстелге қатысушылар археологиялық ғылымдағы әдістемелік және әдіснамалық мәселелер, әлемдік археологиялық қауымдастықтағы белсенді интеграциялар,  кәсіби өсу деңгейін арттыру, жас кадр-археологтарды даярлау және т.б. туралы маңызды және мерзімі жеткен проблемаларды талқылады.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз