Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Ұлы жұттың Ақиқаты айтылуы тиіс

Ұлы жұттың Ақиқаты айтылуы тиіс

23 Тамыз 2013
117
0

         Ұлы жұттың Ақиқаты айтылуы тиіс

Тұтастай  алғанда, Кеңес билігі кұрған колхоздар экономикалық тұрғыда тиімсіз болып шықты. Ол аз десеңіз, кенестік билік тұсында колхоздар халықты азык-түлікпен қамтамасыз ете алмады. Әйтпесе, 1982 жылы Кеңес өкіметі мен коммунистік партия неліктен азық-түлік бағдарламасын қабылдап, ауыл шаруашылығын қайта жабдықтауға кірісті?!

Екіншіден, ашаршылық кезінде қарапайым халықтыңқатарынан шаруақор, қуатты адамдар азайып кетгі. Олар бай-құлақтарды қудалау кезінде жоғарғы тап өкілі ретінде қырғынға ұшыраған болатын.

Ашаршылық каһарына мінген кезде астық қорын дайындау көлемі шұғыл түрде төмендетілсе  де, ауылдар мен деревняларды сақтап қалу мүмкін болмады. Миллиондаған адам аштық пен аурудан шыбындай қырылды. Миллиондаған адам бас сауғалап, басқа елдерге жөңкілді. Оларды ауылдарда ұстап қалуға тырысқан билік, тіпті, арнайы отрядтармен күзету, пойыздарға билеттерді тізім бойынша сату, карапайым адамдардың төлқұжаттарын тартып алу сияқты қадамдарға барды. Әсіресе. Қазақстан-Қытай шекарасындағы қарулы отрядтар көшіп бара жатқан қазақтарға асқан қатыгездік танытып, аяусыз қырып салды

Сталин мен оның серіктері, Ф.Голощекин өздерінің қателіктерін ақыры мойындамады. Кінәні шаруалардың өздеріне, баяғыда өмір сүруін тоқтатқан балама партияларға жапты. Осылайша, бүкіл ҚСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды қарапайым халықты, интеллигенция өкілдерін тұтқындау науқаны шарпыды. Олар «халықжауы», «ұлтшыл» деген желеумен лагерьлергс айдалды. Бір айта кетерлігі, қайтадан құрылған колхоздарға И.Сталин, В.Молотов, Л.Каганович, С.Киров, М.Калинин сынды партия көсемдерінің есімі берілді.

2010жылдың наурыз айында Еуропалык Кеңестің Парламенттік Ассамблеясында «Бүрынғы КСРО-дағы үрейлі ашаршылық құрбандарын есте сақтау» деп аталатын арнайы құжат қабылданды. Аталмыш құжатта айтылғандай, ұлы жұт кезінде Қазақстанда құрбан болған адамдардың саны пайызға шаққанда кеңестік Украинадағы құрбандармен салыстырғанда әлдеқайда көп. Украинадағы Голодомор мен Қазақстандағы ұлы жұтты АҚШ, Канада, Австралия елдері, Латын Америкасы мен Шығыс Еуропаныңкөптеген мемлекеттері ресми түрде геноцид деп мойындайды.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз