Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дінтану Дәстүрлі діндердің діни экстремизмге қарсы әрекет етуі: зерде мен сенім

Дәстүрлі діндердің діни экстремизмге қарсы әрекет етуі: зерде мен сенім

22 Тамыз 2013
134
0

Дәстүрлі діндердің діни экстремизмге қарсы әрекет етуі: зерде мен сенім

Қазақстан халықаралық қауымдастықта бейбітшілік пен келісім, төзімділік пен өзаратүсіністік кеңістігі ретінде танылды. Діни мәндегі қақтығыстар болып, адамдардың рақымшылық пен сенімге деген қабілетін жоғалтып жатқан тұрақсыз да, қауіп-қатерге толы кезеңде еліміз келісім мен этносаралық үйлесімділікке деген ерекше үмітімізді арттыруда. Сонымен бірге, біздің республика, Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жақсылық пен қайырымдылық, гуманизм мен ізгілік талабындағы әлемнің жаңа архитектоникасын қалыптастыруды іске асыруда. Бірақ, соңғы айдағы қайғылы жағдайларға байланысты тікелей де, жанама түрде де діни экстремизмге қарсы әрекет ету шараларына кірісуде. Жанама қарсы әрекет ету дегеніміз дәстүрлі әлемдік діндердің рухани-адамгершілік сипатын жинақтау, ең алдымен ислам мен православие діндерінің мемлекет пен азаматтық қоғам институттарымен біріккен сұхбатын өткізу. Бүгінде ашық рухани майдан шешуші болып отыр. Біз, гуманитарлық ғылымдар да адамзат тағдырын анықтайтын бұл күресте исламдық және православиелік философиялық пікірталас арқылы өз үлесімізді қосуымыз қажет. Бұған дейін де философиялық ортада философия мен діннің арақатынасы, ақиқатқа жету жолындағы мақсаттар мен әдістерін анықтау жайлы пікірталас толастаған емес. Философия көзден таса тұрмыстың мән-мағынасы, құдай мен адамның, өлім мен өмірдің, еркіндіктің, жауапкершіліктің құпия сырларына әдеттілік шымылдығын ашқан іркілмес мақсат ретінде дүниеге келді. Бірақ бұл жобаларды іске асыру философия мен дін біріккенде, яғни, діни философияға айналғанда ғана мүмкін еді. Дүниежүзілік мәдениет тарихына ислам философиясы баға жетпес үлес енгізді, соның ішінде көптеген мәдениеттер пен өркениеттер арасында өзара түсінушілік негізінде құралған философиялық жүйені шығарған Әбу-Насыр Әл-Фарабиді ерекше атап өту керек. Орыстың ұлттық рухын, адамгершілік негіздерін қалыптастырған православие ойшылдарының еңбектерін де жоғары бағалаймыз. Бүгінгі таңда ислам және православиялық философия арасындағы сұхбат өте маңызды болып табылады. Оның мүмкіндіктері екі дінге де ортақ рухани-өнегелік құндылықтармен және адам жайлы жалпы түсінікпен қамтамасыз етіліп, жоғары рухани шындықпен бөлiнбейтiн арналар арқылы байланысқан, сондықтан білім мен сенім, жүрек пен ой бірлігінде рухани тәжірибеге ие болады. Батыста білім мен сенімнің, ғылым мен діннің арасы үзіліп, ғылым жетістіктерін адамгершілікке қарсы пайдаланған «зерденің мәңгіруіне» алып келгені белгілі. Ислам және православиялық әлем арасында керісінше, басынан ажырамас сенім мен ақыл-парасат бірлігі байқалады, бұл қасиетті ортаға қол сұғылмаушылықты сақтай отырып, сәтті сұхбат пен өзара түсінушілікке алғышарттар жасайды. Білім мен сенім арақатынасы жайлы мәдениет тарихында бірнеше ұстанымдар айтылған болатын. Біріншісі – білімнің қажеттілігін толығымен жоққа шығаратын таза сенім ұстанымы: «Сенемін, өйткені ол мағынасыз» (Тертуллан). Екінші ұстаным сенімге басымдылық бере отырып, білім мен сенімнің бірлігін қалайтын: «Таным үшін сенемін» (Августин Аврелий). Үшінші ұстаным да сенім мен білімнің бірлігін қолдайды, бірақ зердеден бастау керектігін алға тартады: «Илану үшін танимын» (Пьер Абеляр). Әртүрлілігіне қарамай бұл көзқарастардың бәрі сенімнің білімге жанаспайтынын дұрыс көрсетеді. Білімді сеніммен теңдестіріп, оның ерекше мәнін мойындамайды, өйткені «білім көрнекі заттардың, ал сенім – елеусіз заттардың бетін ашу» (Н.Бердяев). Білім мен сенім психологиялық мәнде де сәйкес келмейді, себебі білім әрқашан зорлық пен, логикалық не эксперименттік дәлелге сүйенеді. Сондықтан ғылыми ақиқатқа күдігі бар адамның барлық күмәнін сейілтуге мүмкіндік бар. Сенім ол басқа нәрсе. Ол ішкі адамгершілік қалау еркіндігі, сондықтан ешкім де ешқашан өзі Сенім жолына түспей, басқаны сендіре алмайды. Білім мен Сенім өз мақсаттарында да бір-біріне тең емес. Білім универсумның жалпы заңдарын құрып, оның мәнін ашуға тырысады. Сенім ақырғы, табиғаттан тыс, трансцендентті: Құдай, мәңгілік, еркіндік, адам өмірі мен адам тарихының мәнін ашуға тырысады. Бұл ең маңызды әлемдегі адам Болмысы мәселесі ғылымға түсініксіз. Ол тек ортасын ғана тани алады, басы мен аяғы оның назарынан тыс қалады. Бірақ Сенім мен білім феномендерінің ерекшелігі олардың толық сәйкес еместігін білдірмейді. Августин Сенімнің ғажап құдіреттілікке апаратын, Даналыққа жетіп, Сеніммен бірігетін зерде көзін ашатынын дәлелдейді. Н.Бердяев негізінде ғылым жатқан зердені – кіші сенім дейді және діни күшке ие болатын, Сеніммен жылынған үлкен Сенімді де ерекшелеп көрсетеді. Әл-Фараби де құрғақ логикаға құрылған әлсіреген пайымды емес, толық діни пайым жайлы айтады. Оның рационализмі еуропалық бейнеде емес. Ол жемісті исламдық руханилық негізінде өскен. Исламдық және православиялық философия сұхбатында Сенімнің не екендігі анықталып, экстремизм мен терроризмді бөліп көрсетуге мүмкіндік туады. Ең алдымен, кең мәндегі, барлық адамзат тарихы мен мәдениеті: ғылым, өнер, әлеуметтік қатынастар армандаған сенім жайлы болып отыр. Әл-Фараби қарапайым, бірақ халық ұмытқан ақиқатты: формалды-логикалық таңдау мейлі мығым теориялық одақ болсын дәлелдеу өрісі наным-сенімге қарағанда кең және құнарлы екендігін еске түсіреді. Бірақ, адамға маңыздының бәрі дәлелденген болуы мүмкін. Басқа жағынан алғанда, жалған, әділетсіз логикалық дәлел табылуы мүмкін. Негізінен, дәлелдеуге деген ынтызарлыққа қазіргі адамдарды көне гректер, ең алдымен, Гегель әлемдік-тарихи тұлға қатарына қосқан Сократ алып келген. Ол адам өмірінің барлық феномендерін зерде талқысына салуды талап ете отырып, логикалық дәлелдеуді «тарқатып берді». Ол төніп тұрған қауіп-қатерден күдіктенбей әлемдік тарихтың жаңа бетін ашып берді. Бірақ адамда басқа да ұлы қабілет – дәлелдеуді талап етпейтін, елеусіз нәрсені қабылдау мен уайымдау бар: ол діни Сенім, Жаратқанға деген наным. Сенім – тек Аллаһ ғана адамды естімей, адам да Аллаһты еститін жоғарғы рухани бастаумен байланысты рухани жақындықты іштей сезіну. Аллаһпен өзіңнің, ал басқа адамдармен Аллаһ арқылы жақындығыңды сезіну, ішкі жігеріңді қайрау, яғни сенім феноменологиясы барлық адамды Аллаһмен біріктіретін объективті, рухани ақиқаттың, яғни сенім онтологиясының бар екендігін болжайды. Бұл исламға да, православиеге де тән, ислам мен православие философиясы сұхбатында көрінетін жалпы Сенім түсінігі. Бұл жайында бізге Президент Н.Ә.Назарбаев өз еңбектері мен арнауларында айтқан : «... қоғамның рухани нышаны ретінде жорамалдаудан гөрі Сенімге деген күрес көп адамдарды біріктіреді деп Мемлекет басшысы көрсетеді» [1]. Қазіргі заманғы адамзат жағдайына Сенім көрсеткен тұтас рухани принциптің көрінуі ретіндегі мәдени және конфессиялық  әртүрлілік өте қажет. «Әлем ешқашан бір өркениеттік жоба негізінде құрылмайды... Әлемнің мәдени және діни әртүрлілігін адам тегінің ақиқаты ретінде түсініп, қабылдау керек» [2], – деп көрсетеді Президент Н.Ә.Назарбаев. Жаратқанға әртүрлі жол табуға болады, бірақ олардың барлығы жоғарғы Ақиқатқа апарады. Ғылым көмескі сынықтарға ұқсас көптеген ақиқатты мойындауы мүмкін, бірақ адам жүрегінің түбінде жоғары Мәндегі бір ғана Ақиқат жарығы жарқырайды. Бұл түрлі діндерді көзге көрінбейтін берік күшпен байланыстыратын Сенім Ақиқаты. Бірақ Аллаһқа тартқан таңдалған жолдың ақиқаттығының өлшемі бар ма? Ондай өлшем бар. Онсыз адамзат көңілі күдікке толып, уәделесу мүмкіндігін жоғалтып, жақсылық пен жамандықтың, махаббат пен өшпенділіктің тепе-теңдігін, өз пайдасының басымдылығын мойындар ма еді. Бақытымызға қарай, бізде зиянды релятивизмнен бас тартып, бірегейлігіміз бен қайталанбастығымызды сақтай отырып, әмбебап, адамдық құндылықтарымыздың негізінде ортақ тіл таба білеміз. Бұл өлшем – жақсы іс-әрекет, бітімгершілік, руханилықты даусыз шынайы іске асыру. «Алтын ереже» аталған адамгершіліктің негізгі заңы шығыс, батыс философиялық ілімдерінде ең алғашқы тағылым ретінде ұсынылады. Конфуций: «басқалардың өзіңе не істегенін қаласаң, оларға да сен солай істе, сонда отбасың да, мемлекет те саған жаман ниетпен қарамайды»,-дейді. Будда: «Бұл әлемде ешқашан өшпенділік өшпенділікпен бітпейді, бірақ өшпенділік болмаса ол да тоқтайды». Иисус Христос: «Сонымен барлық жағынан халықтың сізге не істегенін қаласаңыз, сіз де солай істеңіз». Философиялық тілде бұл ұлы өсиет сөз категориялық, яғни ерекшелікті білмейтін, императив болып табылады, және И. Кантта былай негіздеген: «Сенің мінез-құлқың жалпыға ортақ болсын десең басқаларға үлгі болатындай іс көрсет». Бұл өсиет сөзді ислам мен православие көзқарасы арқылы көрсетсек: «Аллаһ сізге қалай қарасын десеңіз, жақыныңызға да сіз солай қараңыз». Ізгі іс жасау – Сенім ақиқатына түрлі жолдармен баратын рухани шыңның жалғыз жолы. Сенім мәні зерде мен білімнің арақатынасы арқылы ғана ашылмайды. Ең бастысы – ізгі ниет пен махаббаттың, жоғарғы адамгершілік құндылықтардың ішкі Жарығы. Халық қаншалықты жақсылық пен жамандықтың салыстырмалы шамасын айтып, «жақсылықсыз жамандық болмайды» деген мақал жайлы өз пікірлерін білдіріп жатса да, олар қарапайым, бірақ жарқырап тұрған Ақиқаттың ұлылығынан ешқайда кете алмайды: Жамандықпен еш арақатынасы жоқ. Жақсылық адам болмысының табиғаттан тыс куәгері бола отырып, осы арада, қазір де бар екендігі, оның рухани бастауға қатыстылығы: ұяты, риясыз ізгі ниеті, Отанын, отбасын, сүйікті халқын қорғау үшін ең қымбат өмірін қиюға қабілеттілігі даусыз. Жақсылық маңында емес. Оның жарығы біздің тынышсыз, қауіп пен қатерге толы өмірімізді жылытады. Бұл жайында қазақтың ұлы ақыны Абай мен орыстың ұлы ойшылы Влад. Соловьев өз еңбектерінде жазып кеткен. Абай Аллаһқа үстірт, екіжүзді (таклиди) бас июге қарсы наразылығын білдіре отырып, өз жүрегімен, жанымен ақиқат сенімді (иман, якини) жақтайды. Бұл өмірде бәріміз қонақпыз және өз өміріміздегі әр демімізді бағалап, оны дұшпандықпен, жауыздықпен, пайдакүнемдікпен бұзбау керектігін білген адам ғана сенімге ие болады. Егер адам қалайда тек байлық пен амандығын ғана ойласа, оны тірі деп атау мүмкін емес, ол таза Сенімге ие болмайды. Зерденің, ерік пен жүректің бірлігі адамға таза Сенімге жол ашады. «Адамның жүрегінен қымбат нәрсе бар ма? Біреуді жүрегі бар адам деп атай отырып, халық оны батырға теңейді... Өз адамшылығыңды сақта. Аллаһ бізді осы белгіміз арқылы бағалайды» [3]. Вл.Соловьев те былай дейді: «бізге сезіммен әсер ететін шындықтан күмәндана алмаймыз» [4]. Аллаһ болмысын растайтын шешуші дәлел тек онымен қатынасқа түскендегі тылсым тәжірибе ғана емес, оның жалғыз еместігін, Аллаһ онымен бірге екендігін сезетін әрбір діндардың діни сенімі. Егер кімде кім Жаратқанмен өз байланысын еш сезбейтін болса, бұл оның болмысын жоққа шығармайды. Соқырлар Күнді көре алмаса, біз жоқ дей алмайтынымыз сияқты. Ал енді лаңкестіктің адамшылықтан тыс, жан түршігерлік тәсілдерін пайдаланған діни экстремизм жайына келейік. Этимологиялық жағынан діншілдік көрінісінің ең соңғы, ушыққан түрі – діни экстремизм деп қорытынды жасауға болады. Бірақ негізінде бұл қарсылық көрсетуді, дәлірек айтқанда, Сенімді тілдеу деуге болады. Оның негізгі өлшемі – адамгершілік, ізгілік, ал экстремистер зорлық көрсету мен өлтіруге жүгінеді, осы жолда өздеріне жұмаққа жол ашамыз деп ойлайды. Бұл жерде нақтылап, шектеу қажет. Біріншілері – еш сенімі жоқ, өз байлығы мен билікке ғана ұмтылған, қорқынышты қылмыс жасайтындар. Олар ұялмастан діни сезімді бұрмалап, икемге тез көнетіндерді ерекше тәсілдермен бағындырып, дінге қатысы жоқ, Аллаһқа, Сенімге қарсы ойларды саналарына сіңдіріп кең көлемдегі лаңкестікті жоспарлайды. Екіншілері – бұлар өтірік пайғамбарларға сеніп, өзін діншілмін деп сезінетін, бірақ негізінде Сенімді балағаттап, қылмыс жасайтын, адамдарды кепілдікке алып, Аллаһның ризашылығын аламыз деген үмітпен өздерін өлім жазасына кесетіндер. Біріншілердің мақсаты: қандай жолмен болса да байлық пен билікке қол жеткізу. Олар өздерінің жиіркенішті істерінде адамдардың ең қасиетті сезімі – діни сезімді пайдаланады. Ал екіншілеріне келсек, ең алдымен неге олар өздерін діншілдерміз деп есептей отырып, барлық құндылықтарды қорлап, Сенімнің нақ жүрегіне жетуге тырысатын дінсіздерге айналатынын сұрауымыз керек. Жауабы айдан анық. Бұл таза сенім жолына түспеген кісілер. олар исламның, бүкіл конфессиялар мен әлемдік діндерді өзара түсінушілікке бағытталған ұлы қағидаларын рухани тұрғыда түсіне алмағандар. Олар ешқашан таза дін жолын ұстамаған, тек өз- өздерін алдап, діншілдікке, бос үмітке бас ұрып келген. Өмір сүрген қоғамында, отбасында да сәйкес діни білім алмаған. Осы себептен олар өздерін оқ-дәрі ретінде пайдалануға рұқсат беріп, жұмаққа емес, тікелей тозаққа апаратын жолды таңдап отыр. Қазақстан Президенті айтып өткендей, «діни экстремизмге қарсы тұруды осы құбылыстарға қарсы күреске тікелей қатысы бар, сол сияқты жанама түрінде, яғни конфессияаралық, ұлтаралық келісімді күшейтуге байланысты бағытталған істер жүйесі ретінде қарастыру қажет» [5]. Бұл дегеніміз экстремизмге қарсы күрес тек ойластырылған, нәтижелі шаралар жиынтығы емес, және де, ең алдымен, қоғамда адамдарды лаңкестік іс-әрекеттерге алып келетін діни сезімді аяққа таптаушылыққа ешқандай мүмкіндік болмайтын рухани атмосфера құру болып табылады. Бұл мемлекеттің, қоғамның, отбасының, шіркеудің, отбасы және білім беру жүйесінің адамның ішкі дүниесінің тазалығы үшін күрес. Республикалық деңгейде зайырлы және діни құндылықтар арасында сындарлы сұхбат бұрыннан бері іске асып келе жатыр, көкейкесті мәселелер талқыланатын алаңдар құрылған. Соған қарағанда мұндай сұхбаттарға барлық деңгейлердің ауысуы қажет және тек кездесулер мен пікірталастар ғана ұйымдастырып қоймай, нақты іс-әрекеттер арқылы көрсету қажет. Мысалға, ислам мен православиялық білім беру және қайырымдылыққа бағытталған қоғамдық бағдарламаларды талқылауға және олардың іске асуына септігін тигізуге болады. ҮЕҰ (НПО) секілді соңғы кездері мемлекетпен белсенді түрде қарым- қатынас жасап жүрген қоғамдық ұйымдар конфессиялармен бірге қоғамдағы адамгершілік жағдайдың жақсаруына өз үлестерін қоса алады. Философияға келетін болсақ, ол кезегінде адамның ішкі дүниесін құтқару үшін күресте алдыңғы шепте болуы қажет. Соңғы кездері дін тарихы, дінтану сабақтарын мектептерде және ЖОО-да беру қажеттігі жайлы көптеп жазылып жүр. Бірақ бұл пәндердің дүниетанымдық көзқарасы қандай, ислам және православиенің діни тәжірибесі мен пікірталасы қандай тұрғыда талданады? Дүниетанымның бастапқы межесін, оның материалистік, яғни атеистік немесе идеалистік екендігін, ізгі, рухани бастауды мойындайтын, демек, рухани өсу, Сенімге кіру жолын ашатын, адамзатқа қарсы қандай да бір қылмыс туралы ойды жібермейтіндігін анықтайтын философия емес пе. Философия діни экстремизмге қарсы күресте қажетті және қолайлы болуда, яғни қоғам ешқандай жағдайда да өздерін алдап-арбауға жол бермейтін ұрпақты қажетсінеді. Экстремизмге Зердемен бірге тек таза Сенім ғана қарсы тұра алады.

Әдебиеттер

1. Назарбаев Н.Ә. В религии экстремизма нет // Критическое десятилетие. Алматы: Атамұра, 2003. С.72-108. 2. Назарбаев Н.Ә. О глобальном диалоге религиозных и светских ценностей // Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ съезінде сөйлеген сөзі. 3. Абай. Книга слов. Алматы: «Ел», 1993. С.27, 31. 4. Соловьев Вл. Оправдание добра. Соч. в 2-х томах. Т.1. М., 1988. С.248. 5. Назарбаев Н.А. В религии экстремизма нет. Критическое десятилетие. Алматы: Атамұра, 2003. С.72-108.

Грета Соловьева


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз