Басты бет Пәнаралық зерттеулер Философия  Қазіргі замандағы тарих ғылымы және тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана

 Қазіргі замандағы тарих ғылымы және тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана

21 Тамыз 2013
2298
0

 Қазақстанда тарихнамалық ғылымдардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктері 

Қазақ халқының төл тарихын XV ғасырдың орта тұсында өз алдына дербес хандық құрып, мемлекеттілігін қалыптастырған кезден бастасақ, оның тарихнамасы қалай түзілді деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, қазақ хандарының, ірі сұлтандарының әрқайсысының үйінде олардың арғы-бергі тарихын баяндайтын шежірелердің болғаны, қазақ тарихнамасының шежірелік сипаты туралы жоғарыдағы тараушаларда айтылды. Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша, әдетте қазіргі келбетіндегі классикалық ғылымның дамуы Еуропада Жаңа заманда ғана басталады. Қазақ халқы тарихының ғылыми-тарихи тұрғыда зерттелуі, егер біз шежіре мен тарихи ауызекі дәстүрді есепке алмасақ, XVIII- XIX ғасырлардан бастау алады. Батыс Еуропаның Шығыс елдерін жаппай отарлауынан кейін бұл бодан елдердің өткені мен салт- дәстүрін зерттеу мақсатында метрополия ғылымның шығыстану немесе ориенталистика деген салаларын қалыптастырды. Ориенталистика саласының саяси астарлы мақсаты болғанымен, оның ғылымға қосқан үлесі де болды. Бүкіл Шығыстың жан- жақты ерекшеліктерін зерттеумен айналысқан ориенталистиканың қазақстандық шығыстану құрамдас бір бөлігі болды. Шығыстың елдері, оның ішінде ислам елдері ғылыми және технологиялық даму жағынан Батыстан анағұрлым артта қалғандықтан, өзінің та- рихи өткені мен рухани-мәдени мұрасынан да көз жаза бастаған еді. Осы тұрғыдан алғанда шығыстанудың осы мұраны қағазға түсіріп сақтап қалудағы маңызын жоққа шығаруға болмайды. Алысқа бармай-ақ, мысалы үшін, бүгінгі күні исламның қасиетті кітабы – Құран кәрім туралы зерттеулердің ең көп шоғырланған орталығы Колорадода (АҚШ) болса, ал хадистер туралы ғылыми мәліметтердің басым көпшілігі француз тілінде жинақталып, зерттеулердің негізгі орталығы Парижде шоғырланды. Бұл ислам- дық адамгершілік, мәдени құндылықтардың мұсылман емес қауымдардың арасына таралуына ықпал етті. Ориенталистердің кейбіреулерінің зерттеушілік әрекет барысында біртіндеп ислам ғұламаларына айналып кеткенін де еске алуға болады. Қазақтың және Орталық Азияны мекен еткен өзге де түркі тілдес халықтардың тарихын қалпына келтіруде еурославяндық шығыстанушы тарихшылар мен тіл мамандарының едәуір еңбек сіңіргенін айта кету керек. Олардың арасында Н.А. Аристов- тың [123], В.В. Бартольдтың [202], К. Босворттың [203], В.В. Вельяминов-Зерновтың [122], А.И. Веселовскийдің [204], Е. Кальдің [205], А.И. Левшиннің [121], Лэн Пуль Стенлидің [206], Г.Н. Потаниннің [207], В.В. Радловтың [208], В.Г. Тизенгаузеннің [209], А.П. Чулошниковтың [210] және т.б. есімдерін ерекше атап өтуге болады. Бұл ғалымдардың бастап кеткен зерттеушілік жұмыстары Кеңес дәуірінде онан ары жалғастырылды. Қазақ хандығының құрылуы мен даму тарихына қатысты қалам тартқан шығыстанушы танымал тарихшылар қатарына мыналар жатқызылады: М.Х. Әбусейітова, К.М. Байпақов, В.В. Востров, М. Вяткин, Ю.А. Зуев, Н. Ибрагимов, С.Г. Кляшторный, Н.Н. Мингулов, М.С. Мұқанов, К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, В.П. Юдин және т.б. Осы ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің үзінділерін мейлінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. Тарих философиясымен және тарихи зерттеулердің методологиясымен, деректанумен айналысты. XV – XVI ғасырлардың тек қазақ даласының ғана емес, бүкіл Еуразия кеңістігінің тарихы үшін маңызы бар екені даусыз. Бұл дәуір – моңғолдардың түріктеніп біткен кезеңі; Батыс және Шығыс Дешті Қыпшақты құрамына енгізген орасан зор империя Алтын Орданың ыдырап құлаған кезі; қазіргі түркі тілдес халықтардың – қазақтардың, өзбектердің, татарлардың, башқұрттардың, ноғай- лардың, қарақалпақтардың және т.б. қалыптасу уақыты. Бұл уақытта Бату әулетінің ұрпақтары жойылып, саяси-тарихи аренаға қа- зақ, аштархан, қазан, қырым хандары әулетінің тегін құрайтын Тұқай-Темір ұрпақтары мен Сібір мен Орта Азияға билігін жүргізген Шайбан ұрпақтары шығады. Бұл дәуірде қазақ және өзге ұлттық мемлекеттік бірлестіктер өз алдына дербес құрылды. Сондықтан да ортағасырлық Қазақстанның тарихын қалпына келтіру үшін екі тарихнаманы да, яғни көршілес отырықшы елдердің жазба дерек- терін де, өзінің өткені туралы тарих субъектілерінің өзінің жадын – даланың ауызша тарихнамасын да қосып біріктіре пайдаланған абзал. Кез-келген дәуірдің қоғамдық санасының ажырамас бөлігі ретіндегі тарихи ойдың қоғамдық-саяси көзқарастар мен ғылыми білімдер жүйесін қалыптастырудағы рөлі мен орны барша жұрт-қа белгілі. Тарихи ой сол әрбір дәуірдегі тарихи оқиғаларды қалпы- на келтіріп қана қоймай, оның барысына, қоғамдық пікір мен дүниетанымға да өзінің ықпалын тигізері анық. XVIII ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап, XIX ғасыр- дың орта шеніне дейінгі аралықта бытыраңқылыққа душар бол- ған қазақ жүздері патшалық Ресей империясының толық бода- нына айналды. XV ғасырдың бел ортасында өз мемлекеттілігін құрған Қазақ хандығы дербестігін жоғалтып, отаршылдықтың қамытын мойнына артты. Егер ерте замандағы Қазақстанның территориясындағы саяси тарих ежелгі грек, иран, қытай дерек- көздерімен дәйектеліп, ортағасырлардағы түркі-моңғол дәуірі мен Қазақ хандығы кезеңіндегі тарихи оқиғалар араб, парсы, қытай деректерімен қатар, түріктердің төл жазба деректерімен айшықталса, ал отаршылдық замандағы саяси-этникалық, әлеу- меттік-саяси тарихы қазақтың ауызша тарихи білімімен қатар, орыстың тарихнамалық ғылымы арқылы да сарапталынады. Алайда қазіргі заманғы мәселелерді шешуге ықпал ететіндей өткенді пайымдауда, одан тарихи тәжірибені алып пайдалана білуде тарихпен қатар тарих ғылымының да маңызы зор екендігін ескерсек, онда осы отаршылдық дәуірде жасалған ғылыми тарихи зерттеулерге көзқарастардың қайта бағалануы тұрғысынан сыни бағытта қайта қарау өзінің қажеттілігімен көзге түседі. Біз бұл жұмысымызда патшалық Ресей мен кеңестік дәуірлердегі қазақтың тарихнамасының кейбір маңызды мәселелерін қарастыруға ты- рысамыз. Қазан төңкерісіне дейінгі тарихи мәселелерді зерттеумен айналысып келген зерттеушілердің көпшілігі сол заманғы саяси жүйенің идеологиялық жамылғысын айтпағанда, аталмыш дәуір авторларының қалдырған тарихи-этнографиялық материалдарын ақпараттылық пен репрезентативтіліктің әртүрлі деңгейінде бір- бірімен байланыссыз, тұйық күйінде қарастырады. Тарихи деректер мен жекелеген еңбектерді сол дәуірдегі жалпы ғылыми танымның, философиялық және қоғамдық-саяси, жаратылыстанымдық-ғы- лыми және тарихи ойдың даму ерекшеліктерінен тыс, осылайша фактографиялық тұрғыда жарыққа шығару көп жағдайда құрғақ эмпиризммен шектеліп, тарих ғылымының әдістемелік және танымдық қырларын жемісті түрде негіздеуді қиындатады. Қазақстанның орысша тарихнамасы жаңазамандық дүниета- нымдық және ғылыми төңкерістің нәтижесінде пайда болған ойлау логикасы мен еуроцентристік дүниетанымдық жүйені басшылыққа алып, зерттеулерінде мұны әдіснамалық арқау ретінде пайдала- на отырып, оны өз танымдық мәдениетіне енгізгенін айта кету ке- рек. Орыс зерттеушісі М.А. Баргтың атап өткеніндей, өткен тари- хи дәуірлердің тарихнамасын түсіну «бір мәдени-тарихи дәуірден екіншісіне өту барысында жүзеге асатын және тарихнамада-ғы «төңкерістердің» алдын алатын әлеуметтік-тарихи және дүниета- нымдық құбылыстарды қаншалықты танығанымызға қарай ұлғая түседі» [211, 18 б.]. Ресейде Батыспен тығыз байланыстар бекіп, капиталистік қатынастар орныға бастаған бұл дәуірде орыстың зиялы қауымы батысеуропалық ойлау формасы және рухани мәдениетімен қатар, бұратана халықтарға қатысты империялық- шовинистік пиғылдармен де қаруланғаны жасырын емес. Дегенмен, қазақ тарихына байланысты орыс тарихнамасының сіңірген еңбегін де теріске шығаруға болмайды. Еуропалық ғылыми білімнің шығыстану тармағы ретіндегі орыс тарихнамасы аталмыш кезеңде негізгі екі бағытпен сипатта- лады: практикалық және академиялық. Бұл екі бағыттың өкілдері үшін де белгілі бір методологиялық ұстанымдар ортақ болғанымен, олардың ғылыми әрекеттерінің нақты мазмұнына келгенде кейбір ерекшелік белгілер табылады. Қазақстан тарихнамасының академиялық тармағының өкіл- дері, әдетте, жаратылыстанымдық және гуманитарлық білімдердің белгілі бір деңгейін игеріп, жалпыеуропалық ауқымда кеңінен та- нымал болған зерттеушілер еді. Олардың қатарына В.Н Татищев, Г.Ф. Миллер, П.С. Паллас, И.П. Фальк, И.Г. Георги, Х. Барнадес, Г.И. Спасский, А.И. Левшин, Я.П. Гвардовский, Г.С. Карелин, И. Сиверс, К. Мейер және т.б. жатқызуға болады. Олардың көпші- лігінің ғылыми-зерттеу қызметтері Ресейдің орталық ғылыми мекемелерінде немесе Ғылымдар академиясы, Азиаттық мұра- жай, Петербор, Мәскеу, Қазан, Харьков университеттері, кейінірек, Орыс географиялық қоғамы (1845 жылы ашылды) сияқты ғылыми орталықтармен тығыз байланыста өрбіді. Қазан төңкерісіне дейінгі тарихнаманың келесі – практикалық бағытын негізінен ресми лауазымды адамдар – әскерилер мен шекаралық әкімшіліктің шенеуніктері құрады. Патшалық өкімет оларға әкімшілік-шаруашылық қызметтеріне қоса, жергілікті жер- ден тарихи-этнографиялық ақпараттарды жинауды жүктеді. Өз еңбектерімен қазақ тарихнамасында іздерін қалдырған бұл тарих- шылардың қатарында П.И. Рычков, И.Г. Андреев, С.Б. Броневский, Г.Ф. Генс анағұрлым танымал. Жергілікті тарихи өлкетанудың ғылыми-танымдық мақсаттар мен міндеттерге жауап бергенімен, отаршылдық саясаттың праг- матикалық мүдделерін орындап, күшті саяси конъюнктураның да ізін қалдырып отырды. Қазақстанды тереңірек зерттеу үшін осы аймақтың материалдық және адами ресурстарын анықтау, ба- сып алынған территорияның өндіргіш күштерін зерттеу сияқты прагматикалық мақсаттарға сәйкес академиялық экспедициялар жіберіліп отырды. Сол кездері бұл академиялық экспедицияның материалдары сияқты, жергілікті тарихнамалық шығармалар да түземдіктердің өмірінің барлық алуан қырын қамтығандықтан кешенді сипатқа ие болды. Шеткері аймақтарды ғылыми зерттеудің тақырып ауқымы кеңейген сайын ғылыми әдебиетте саяхаттың беллетристикалық жанры да терең тарала бастады. Бұл жанрдың кең танымалдығы сол дәуірдің сәнімен ғана түсіндірілмейді, бұл – жаңадан ба- сып алынған территорияларды кешенді игерумен сипатталатын отаршылдық пен буржуазиялық кәсіпкерліктің мүдделеріне жауап беретін әлеуметтік-экономикалық мұқтаждықтан да туындаған еді. XVIII ғасырдың екінші жартысындағы бірқатар батысеуропалық саяхатшылардың аудармаларымен қатар, қазақ халқы туралы жазған П.С. Палластың (Путешествия по разным провинциям Россиийской империи. Спб.,1809. ч. 1-3), И.П. Фальктың (Записки путешествия. Полн. Собр. соч. ученых путешествий по России. Спб.,1824. т. 6.), Н.П. Рычковтың (Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи. Спб., 1776) «күндізгі жазбалары» ба- сылып шықты. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан туралы жазған бірқатар ғалымдар да өз ғылыми еңбектерін сая- хатнама формасында жазды: А. Вамбери, К. Лебедур, А. Бунге, К. Мейер, А.И. Шренк, П. Гельмерсен, Т.Ф. Базинер, П.А. Словцов, Г.Ф. Генс және т.б. Бұлардың көпшілігінің еңбектері Ресейде ғана емес, шетелдерде жарияланғандықтан, еуропалық ғылымның игілігіне де жарады. Қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасында қазақ тарихына қатысты шығыстанушы-ориенталистердің еңбектерін ерекше атап өтуге болады. Бірқатар зерттеушілер осы уақытқа дейін ғылымға беймәлім болып келген араб, парсы, қытай деректерін орыс тіліне аударып, ғылыми айналымға енгізді: Н. Бичурин, В. Тизенгаузен, И. Березин, В.В. Вельяминов-Зернов, В.В. Бартольд және т.б. Тікелей қазақ тарихы үшін төмендегі ғылыми еңбектердің маңызы жоғары: «Печенеги, половцы и тюрки до нашествия татар», «Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их численностей» (Аристов Н.А.), «Исследование о касимовских царях и царевичах» (Вельяминов-Зернов В.В.), «Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьба- ми других тюркских племен» (Чулошников А.), «Военно-статическое обозрение земли киргиз-кайсаков» (Бларамберг), «Область си- бирских киргизов» (Красовский М), «История Сибири» (Миллер Г.Ф.), «Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды» (Броневский С.Б.) және «Описание киргиз-казахских или киргиз-кайсацких орд и степей» (Левшин А.И.). Осы дәуірде өмір сүріп қазақ халқынан шыққан, өз халқының және қырғыздардың, Жоңғария мен Шығыс Түркістанның тарихы мен этнографиясын терең зерттеген талант- ты жас ғалым Шоқан Уәлиханов осы соңғы еңбектің авторын «қазақ халқының Геродоты» деп бағалағаны белгілі. Қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық ахуалын зерттеу үшін XIX ғасырдың соңында осы өлкеге арнайы жабдықталып жіберілген Щербинаның экспедициясының маңызы зор болды. Сондай-ақ қазақтардың тілі мен дәстүрлі мәдениетін зерттеуде Алекторовтың, Потаниннің, Семенов-Тянь-Шаньскийдің, Радловтың еңбектері ерекше болды. XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқы туралы тарихи-этнографиялық білім- дердің жинақталуы бұл зиялы қауымның өкілдеріне осы халықтың әлеуметтік жағдайының, шаруашылық өмірінің, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің, жалпы мәдениетінің ерекшеліктері туралы теориялық тұрғыда ой қозғауға мүмкіндік берді. Қазақ халқының этностық стереотиптері мен психологиялық ерекшеліктері И. Сиверстің, Ф. Назаровтың, А. Янушкевичтің, С. Трофимовтың еңбектерінде мейлінше жақсы сипатталған. Қазақстандық тарихшы И.В. Ерофеева Қазақстандағы шетелдік екі тарихнамалық үрдістің де – отаршылдық және гуманистік үрдістердің де философиясы мен әдістемелік негізін француз ағартушылығының идеялары, оның ішінде Монтескье мен Руссоның көзқарастары айқындайтынын жа- зады [212, 75 б.]. Жалпы алғанда, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тарихына қатысты жазылған орыс авторларының жұмыстарын бірнеше бағыттарға немесе теориялық бағдарларға жіктеуге бо- лады. «Табиғи шектер» теориясы (мысалы, Л.Ф. Костенко, А.И. Макшеев, М.А. Терентьев және т.б.) Ресейдің Қазақстан мен Орта Азияға дендеп кірген үдемелі қозғалысын еуропалық нәсілдің та- ралуы үшін адамзат тарихы дамуының табиғи барысы ретінде түсіндіреді. Бұл теорияға жақын келесі бір тұжырым Ресейдің жау- лап алу саясатын этнографиялық және географиялық факторлар- мен негіздеуге тырысады, ол бойынша жазық жерге орналасқан орыс мемлекеті үнемі жер бетіне жайылуға ұмтылады. Орыс тарихнамасындағы келесі бағыт Ресейдің агрессиялық пиғылын қазақ сияқты тағы да басқа бұратана халықтарды ағарту деген желеудегі олардың «өркениеттік миссиясымен» бүркемелейді. Бұл авторлар өз жұмыстарында еуропалық өркениеттің басымды- лығын атап көрсетіп, оны Шығыс өркениетінен жоғары қояды. Ал тағы бір келесі бағыт өзінің түп-тамырын тереңнен алады. Адас- қан адамзатқа «ең дұрыс ілім – православиелік христиан дінін» таратудағы орыс халқының тарихи ұлы миссиясы туралы көзқарас өзінің бастауын XVI ғасырда пайда болған «Мәскеу – үшінші Рим» тұжырымдамасынан алады. Бұл славянофилдік көзқарас XIX ғасыр мен XX ғасырда орыстың қоғамдық ойының өн бойын алып жатты десек, қателеспейміз. Орыстың қоғамдық ойындағы түбіршілдер мен батысшылдар полемикасын философиялық талдау орыс ойшылы Николай Бердяевтің «Тарихтың мәні», «Ресейдің рухы» еңбектерінде біршама терең сипатталады. Ал либералдық бағыттың өкілдеріне келсек, олар қазақ халқының отаршылдыққа қарсы қарым- қатынасын түсіністікпен қабылдауға тырысып, жергілікті халықтың тарихын, тұрмысы мен шаруашылығын зерттеуге көңіл қойды. Ресейдің қол астындағы қазақтардың тарихына қатысты жазыл- ған, әсіресе, әртүрлі басылымдарда жарияланған мақалалармен сипатталатын материалдардың көп мөлшерде болуы аталмыш мәселенің көкейтестілігінен туындайды. Бірақ жергілікті халықтың тарихы мен мәдениетіне деген бұл қызығушылық патшалық өкіметтің отаршылдық саясатын іске асыру мақсатына бағындырылды. Жарияланған материалдардың көпшілігі арнайы тарихи зерт- теу деңгейіне көтеріле алмады және көбіне тек Рычков, Левшин сияқты білгір мамандардың еңбектеріне ғана жүгінетін компилятив- ті және тенденциялық сипатта болды. Көптеген мақалаларда ай- ғақтық қателіктер, нақтылық пен қалаудың арасындағы сәйкес- сіздіктер кездесіп отырды. Бұл материалдардың маңызды құнды- лығы кәнігі зертеушінің өзге тарихи деректерде кездеспейтін сол заман үшін де, қазіргі заман үшін де мәнді айғақтарды аңғара білуімен сипатталады. Орыс тарихнамасында Қазақстанның Ресейге қосылуы немесе Ресейдің қазақ даласын біртіндеп жаулап алуы екі жаққа не пайда береді деген сұрақтың төмендегідей жауаптарын беріледі. Патшалық Ресей үшін: орыстардың сауда айналымының күшеюі; басып алған жерлердің табиғи ресурстарын пайдалану; жаулап алған террито- рияны Еуропа мен Азия арасындағы транзит ретінде пайдалану; орыстардың мануфактуралық өнімдерін өткізу рыногын дамыту; коммуникациялық байланыстарды дамыту; переселендер үшін жер беру. Мұндай ой Л.Ф. Костенконың, А. Семеновтың, Ф. Лобысевичтің, Ф. Щербинаның, Н.Н. Балкашиннің және т.б. еңбектерінде ұшыра- сады. Ал қазақтар үшін: орыстардың қолтығының астында сыртқы қауіп-қатердің жойылуы; руаралық қырқыстың тоқтатылуы; сауданы дамытып, отырықшылыққа көшу; әскери міндеткерліктен босату; өмір деңгейін көтеру; еуропалық өркениетке тартылу (И. Львов, Н.Л. Мордвинов, О. Шкапский және т.б.). Ал қазақ тарихнамасында бұл кезең мүлдем басқаша реңмен сипатталады. Көшпелі қазақтардың ауызша тарихи білімінің негізін- де қағазға түсіріліп жазылатын ортағасырлық шежірелік (арабша шаджарад бұтақ, тармақ дегенді білдіреді) дәстүр бұл дәуірде де маңызын жоғалтпай, онан ары жалғасын тапты. Аталмыш кезеңдегі ірі тарихшылардың бірі Құрбанғали Халиди өзінің белгілі «Тауарих-и хамса» еңбегінде қазақтың саяси-этностық тарихынан біршама мағлұматтар береді. «Бес тарих» деп те аталатын бұл еңбектің бір тарауы «Ресейдің Шығыс Түркістанға аяқ басуы» деп аталады [120]. Қазақтың дәстүрлі тарихнамасындағы бұл стиль кешегі кеңес дәуіріне дейін азаматтық тарихпен бірге сақталып келді. Орталық Азияның тарихына қатысты ірі жазба дерек Әбілғазының «Түрік шежіресінен» кейін XVIII ғасырдағы қазақ тарихына қатысты жазба деректер аз. Бірақ бұл ақтаңдақтардың орнын Есім ханның, Тәуке ханның, Сәмекенің, Әбілмәмбеттің ұрпақтарында сақталып келген шежірелер толықтырады. Қазақ халқындағы мұндай шежірелерге патша үкіметі саяси мән беріп, жергілікті әкімшіліктер арқылы жина- тып отырды. Мұндай шежірелер архивтерде молынан ұшырасады. Осындай шежірелерді Т. Андреев, А. Андре, Н. Аристов, Б. Бронев- ский, Н. Веселовский, Н. Городеков, В. Григорьев, Ә. Диваев, М. Ладыженский, Л. Мейер, Г. Потанин, Г. Саблуков, А. Ягман және т.б. орыс әрпіне көшіріп жинаған. Қазақ халқының өзі 200-ден астам ру- тайпалардан тұрса, солардың әрқайсысының өз шежіресі болды. Әр рудың өзінің шежіреші-насабшы ақсақал қарттары болды. Олар қары сөзге жетік болатын. Аталмыш дәуірдегі халық арасына таны- мал шежірешілер қатарына Ахмет Жантөринді, Мұса Шормановты, Абдолла Ниязов, Өтей Бөжейұлы, Қорғанбек Біржанұлы, Диқанбай, Саурық, Ережеп, Қылышбай, Күзембай, Торғай би және т.б. жатқызуға болады. Абай Құнанбайұлының, Мәшкүр Жүсіп Көпеевтің, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Нұржан Наушабаевтың, Алдаберген Нұрбекұлының, Мұхамеджан Тынышпаевтың, Ибрагим Халфиннің және т.б. бұл шежірелік дәстүрді жазба деректермен, азаматтық ғылыми зерттеулермен шебер ұштастыра білгені белгілі. Дегенмен, отаршылдық дәуірдегі қазақ тарихнамасының өзіндік ерекшеліктері болды. Батыстың белгілі ойшылы Бенедетто Кроченің тарихты филологиялық (компилятивті), поэзиялық (эстетикалық), риторикалық және тенденциялық тарих деп бөлетіні бар [213, 18 б.]. Көшпелі өмірқамын берік ұстанып келген қазақ халқының за- мана талабына ілесе алмай, бодандық бұғауын киген бұл заман- да осы тарихнамалардың барлық түрлері де қабатынан кездесетін сияқты. Тарих пен тарихнаманың арасынан шыға отырып, жал- пылай айтқанда, қазан төңкерісіне дейінгі қазақ тарихнамасында көрініс тапқан үш дүниетанымдық-мәдени бағдарды аңғаруға бола- ды: дәстүршілдік бағдарды ұстанған қазақтың зар-заман ақындары (Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы, Мұрат Мөңкеұлы); батыс- шыл бағдар ұстанған қазақ ағартушылары (Шоқан, Ыбырай, Абай) және тәуелсіздік арқылы модернизация міндетін шешуге ұмтылған қазақтың ұлтшыл либерал-реформаторлары (Алаш қозғалысы). Шортанбай Қанайұлы дербестіктен айрылып, бодандық бұғауына түскен заманның құбылуын былайша суреттейді: «Анты жұқпас бойына, Әрне түсер ойыңа Жалмауыз болды өлкенің Қазақ, сенің сорыңа. Арқадан дәурен кеткен соң, Қуғындап орыс жеткен соң, Тіпті амал жоқ, қазақтар, Енді сенің торыңа. Орыс – бүркіт, біз – түлкі, Аламын деп талпынды. Орыстан қорлық көрген соң Отырып билер алқынды» [214, 111 б.]. Дулат Бабатайұлы метрополиядан енген жаңалықтардың ықпалымен дәстүрлі құндылықтардың құлдырағанына қынжылады:  «Кешегі бір заманда, Қасиетті еді хан, қараң, Қайран қазақ, қайтейін Мынау азған заманда Қарасы – антқор, ханы – арам. Төсекте жатып керіліп, Түзге отырса ерініп, Аяғын буған қойға ұқсап, Мойынсұнып беріліп, Қол созбайды азатқа» [214, 55 б.]. Ал Мұрат Мөңкеұлы патшалық орыс мемлекетінің отаршыл- дық саясатын жеріне жеткізе әшкерелей түседі: «Еділді алса – елді алар, Енді алмаған нең қалар? Жайықты алса – жанды алар, Жанды алған соң нең қалар? Ойылды алса – ойды алар? Ойлашы, сонда нең қалар? [214, 160 б.]. «Зар-заман» поэзиясының бұл үш алыбының шығармала- рының мазмұны терең пессимистік сарынға толы. Олар заман-ның дағдарысын айшықтап ашып бергенімен, ата дәстүрді көксегені- мен, тығырықтан шығатын жаңа бағытты көрсетіп бере алмады. Ал XIX XIX асырдағы қазақтың рухани мәдениетінің көрнекті өкілдері Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнан- баев өмірдің дәстүрлік формаларынан гөрі батыстық сананың фор- маларын, Батыстың қоғамдық институттары мен құндылықтарын игеруге шақырды. Егер зарзаман өкілдері дәстүршілдікке бой ұрса, ағартушылар Батыстан енген жаңашылдықтарды қабылдай отырып, білім мен ғылымды бақытқа жеткізер күш ретінде жоғары қойды. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүр мен жаңашылдық арасындағы тартыстың кезкелген ұлттың әлеуметтік-мәдени динамикасында, әсіресе, транзитті деп аталатын қоғамдарда орын алып, күрделі де қайшылықты мәселелердің қатарына жататыны белгілі. Олардың өзара әсерінің негізгі үш формасын анықтауға болады: біріншісі – жаңашылдыққа қарсылық көрсете отырып, оны теріске шығару және көне тәртіптерге сүйену; екіншісі – жаңашылдыққа бейімделе оты- рып, ескі дәстүрді бұзу; үшіншісі – жаңашылдықты құбылта отырып, оны дәстүрге сиятындай қалыпқа келтіру. «Тарих философиясының мәселелері: әлеуметтік-мәдени үдерістегі дәстүр мен жаңашылдық» деген жинақтың ішінде қазіргі заманғы поляк зерттеушісі Е. Шацкий «дәстүр» мен «дәстүршілдік» ұғымдарының арақатынасын ашып көрсетеді. Дәстүршілдіктің, әсіресе оның екі формасының – кон- серватизм (консервация) мен архаизмнің (реставрация) дәл осы дәстүрдің бұзыла бастаған кезінде ғана орын алатындығы айты- лып, дәстүр уақыты мен тарих уақытының арасындағы алшақтық, дәстүрдің бірмәнділігі мен тарихтың көпмәнділігі зерделенеді [215, 41 б.]. Бұл екі құбылыстың арасындағы тартыс Ресейде бірнеше ғасырға созылған славянофильдер мен батысшылдар арасындағы идеялық күрестен көрінсе, Қазақстанда да жоғарыда аталған екі бағдардың айырмашылығынан анық байқалып, бүгінгі тәуелсіздік тұсында да осындай полемикалық айтыс-тартыстың созылып келе жатқаны рас. Сонымен, ағартушылық тек элитарлық бағытта жүріп, отаршыл- дық жағдайында қазақтардың әлеуметтік-саяси мәселелерін, ұлт- тық бірегейлену мен ұлттық азаттық мәселелерін шеше алмады. Дегенмен бұл ағартушылық идеялар реформаторлықпен бірігудің нәтижесінде қоғамдық санада жаңа идеялық ағымдардың пайда болып, қазақтардағы Алаш қозғалысының сипатынан айшықты көрінетін, отаршылдық езгіде қалған елдердің әлеуметтік-саяси және рухани дамудың жаңа сатысына жету жолындағы саяси және мәдени модернизация үшін болған күреске жол ашты. «Қазақ» газеті мен «Алаш» қозғалысының төңірегіне топтасқан қазақ зиялыларының бір тобы (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Ду- латов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар) либерал-демократиялық нұсқаларды ұлттық дәстүрге лайықтай отырып, тәуелсіздік үшін күресіп қана қоймай, өз шығармаларында сол замандағы қазақ тарихының ең өзекті мәселелерін көтерді. Олардың жан-жақты қызметінің бір қыры қазақ тарихнамасын да қамтиды. «Оян қазақ!» (М. Дулатов), «Тәңірі», «Түркістан», «Мен кім», «Тез барам» (М. Жұмабаев), «Қазақ өкпесі», «Тәні саудың жаны сау», «Қазақша оқу жайында» сияқты шығармалардың атауының өзі осыны меңзейді. XX ғасырдың басындағы қазақ халқы азаттық алу, төл мәде- ниетті заманына сай өркендету мүмкіндігінен большевиктердің билік басына келіп, кейінірек, тоталитарлық жүйенің орнауы се- бепті айрылды. Кеңестік дәуірдегі қазақ тарихнамасы мүлдем өзге арнаға түсті. Кеңестік дәуірде тарих ғылымы да бүкіл қоғамдық сана мен барлық ғылым салалары сияқты маркстік-лениндік қондырғының қол астында қалып, осы әдістеменің толық ықпалында болды. Бұл әдістеме бойынша өткен шақ туралы ғылым ретіндегі тарихи білім өз бойына алдыңғы қоғамдық-экономикалық формациялардың дамуының заңдылықтары туралы, оның ішінде әртүрлі қоғамдық таптардың әлеуметтік-саяси тәжірибесі туралы да көзқарастардың кешенін кіргізуі тиіс еді. К. Маркс пен Ф. Энгельс өздерінің «Ком- мунистік партияның манифесі» атты еңбектерінде өмір сүрген барлық қоғамдардың тарихын таптар күресінің тарихы деп анықтағаны белгілі. Әрбір нақты тарихи уақиғаның мәнін талдауда тек таптық тәсілді қолданғанда ғана бүкіл-әлемдік тарихи үдерісті тұтас құбылыс ретінде қабылдауға болады деп түсіндірілді не- месе В.И. Лениннің сөзімен айтқанда, тек сол ғана «адамдардың ынтасының немен анықталатынына, қайшылықты идеялар мен ұмтылыстардың қақтығысы неден туатынына түсінік береді» [216, 58 б.]. Бұқара халық пен таптардың объективті идеялары мен ұмтылыстары ең алдымен сәйкес қоғамдық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның экономикалық құрылысымен, өмірдегі нақты-тарихи материалдық базиспен анықталады. Қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының органикалық құрамдас бөлігін әлеуметтік күштердің бүкіл кешенінің, яғни, ең алдымен, идеологиялық, құқықтық және моральдық-адамгершілік күштердің өзара әрекетін өз бойына енгізетін саяси қатынастар құрайды. Міне, осы заңдылықтар жалпы адамзат тарихына ортақ деп есептелді және осындай формациялық тәсіл тоталитарлы отаршылдық езгісіндегі қазақ тарихына да таңылды. Бұл заманда маркстік-лениндік рухтағы философияның тек қоғамдық-саяси өмірдегі идеологияның негізгі құралы бо- лып қана қоймай, бүкіл жаратылыстанымдық және әлеуметтік- гуманитарлық ғылымдардың әдістемелік негізі болғаны да белгілі. Сондай-ақ ол өмірдің барлық дүниетанымдық қырларын түсіндіріп беретін бірден-бір дұрыс әмбебап ілім рөліне ұмтылды. Рухани саланың кеңестік дәуірге тән ерекшеліктеріне орай сол заманғы адам ментальдылығында үстемдік еткен бұл ілімнің өзіндік орнын жоққа шығаруға болмайды. Кеңес дәуірінде Қазақстандағы тарих ғылымы да орталықта-ғы сияқты мейлінше идеологияландырылған сипатымен ерекшеленді. Сондықтан да тарихи проблематиканың негізгі тақырыптарын елдегі тап күресі, қазан төңкерісінің тарихи рөлі, социалистік өндіріс, буржуазиялық өмір тәртібін сынау, интернационализм, мәдени төңке- ріс және т.б. құрады да, тарихнама барынша тенденциялық тұрпатта болды. Дегенмен, қазақ халқының этногенезі мен этникалық тарихы, дәстүрлі шаруашылығы мен мәдениетіне қатысты тақырыптардың да көтеріліп, олар туралы орасан зор тарихи-этнографиялық материалдардың жинақталып, тарихи ғылымының дамуына оң ықпалын тигізгенін де айта кету керек. Жалпы алғанда, кеңес дәуірінде отандық тарих ғылымы бет- бейнесін өзгертуімен қатар, өз дамуының барысындағы сапалы түрде жаңа деңгейге көтерілді. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде қазақ халқының тарихына байланысты тарихи-этнографиялық мәлі- меттердің үлкен көлемі ғылыми айналымға енді, отандық кәсіби тарих ғылымы қалыптасу кезеңінен өтті. Кәсіби тарих ғылымын қалыптастыруда және елімізде тарих саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған ҚазақКСР Ғылымдар академиясы құрамында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институ- ты үлкен рөл атқарды. 1930-шы және 1950-ші жылдар аралығында қазақтардың қазан төңкерісіне дейінгі де, кеңестік дәуірдегі де тарихын қорытуға арналған ұжымдық тарихи зерттеулер пайда болды [217]. Ең алғашқы мұндай еңбектердің қатарына С.Д. Асфендияровтың [218] және М.П. Вяткиннің [219] еңбектерін жатқызуға болады. Түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының шығу тегі мәселесіне деген тарихшылардың, этнографтардың, антро- пологтардың, лингвистердің қызығушылығының өсе түскенін 1942 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этникалық тарихы бойынша КСРО ҒА сессиясының материалдарынан аңғаруға болады [220]. Бұл материалдарды осы аталмыш уақыт аралығында кең көлемдегі тарихи деректерді (жазбаша, этнографиялық, фольклорлық, археологиялық, антро- пологиялық, лингвистикалық) талдау нәтижесінде ғалымдардың көпжылғы және жан-жақты ғылыми ізденістерінің белгілі бір дең- гейдегі қорытындысы деп бағалауға болады. Қазақстан мен Орта Азиядағы этногенетикалық процестер туралы білімдердің тереңдеуіне А.Н. Бернштамның, Ә.Х.Мар- ғұланның, С.В. Киселевтің, Л.Р. Қызласовтың, С.П. Толстовтың, К.А. Ақышевтің, М.П. Грязновтың, М.В. Воеводскийдің, М.Қ. Қадырбаевтың, С.С. Черниковтың [221 – 227] және т.б. археология- лық ғылыми ізденістері көп ықпал етті. Аталған авторлар Қазақстан мен Орта Азияның ертедегі мәдениеті өте жоғары деңгейде болғандығын және бұл аймақтың тарихи үдерістің тек объекті болып қана қоймай, субъекті де болғандығын, яғни жекелеген кезеңдерде саяси тарих саласында болмасын, рухани мәдениет саласында болмасын, дамуға ықпал етіп, адамзат мәдениетінің жасампаздарының бірі болғандығын ғылыми тұрғыда дәлелдеп жазады. Осы зерттеушілердің еңбектерінің нәтижесінде қола дәуірінің мәдениеті – андронов мәдениеті туралы көзқарас ке- ңейіп, дәлдене түсті. Деректерді ғылыми сараптау негізінде Қа- зақстан территориясындағы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының сабақтастығы айқындалып, бұл мәдениет өкілдерінің біздің жеріміздегі этногенетикалық үдеріс барысындағы энеолиттік этномәдени субстрат екендігі анықталды. Аталмыш кезеңде біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжыл- дықта кең байтақ еуразиялық кеңістікте болып өткен этносаяси үдерістерде ерекше рөл атқарған ерте темір дәуірінің сақ тайпала- рын ғылыми тарихи тұрғыдан зерттеу едәуір алға басты. Мәселені талдау тек археологиялық материалдарға ғана емес, ежелгі грек және ежелгі парсы жазба деректеріне негізделді. Бұл ғалымдарға зерттеудің деректемелік көзін кеңейтіп, бұл этностық дәстүрдің тасы- малдаушыларының саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастары, материалдық және рухани мәдениеттері туралы тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 1960-жылдардың соңында Есік қорғанынан табылған сақ көсемі – «алтын адамның» даңқы күллі әлемге тарады. Сақ дәуірінің тарихы мен мәдениетін, мифологиясы мен өнерін зерттеуде К.А. Ақышевтың еңбегі зор болды [228]. Біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығынан бастап қытай-лық жазба деректерде «у-сун» деген этнониммен белгілі Жетісу жерін ме- кендеген көпсанды халықтардың атауы кездеседі. А.Н. Бернштамның, М.В. Воеводскиийдің және М.П. Грязновтың археологиялық зерттеу жұмыстарынан кейін «үйсіндер» туралы мәліметтер К.А. Ақышевтің, Ю.А. Зуевтің, И.И. Умняковтың еңбектерінде ғылыми-зерттеу ныса- нына айналды [229-231]. Ю.А. Зуевтің жұмыстарының маңызды абы- ройы ғылымда қытай транскрипциясы бойынша белгілі түрік тілдес мәдени лексиканың этнонимдерін, эпонимдерін, топонимдерін және өзге де элементтерін, яғни жекелеген ономастикалық категорияларды этимологизациялаудың нәтижесінде у-сундерді түркі тілдес этностық қауым ретінде анықтауы болды. Қазақстан тарихын қалпына келтіруде археология ғылымының ұшан-теңіз жұмыс атқарып отырғанын ерек- ше атап өтуге болады. Жоғарыда аталған зерттеушілердің қалаған ғылыми дәстүрін С. Жолдасбаевтың, Н. Алдабергеновтің, М. Еле- уовтің, Ә. Төлеубаевтың, Ж. Таймағамбетовтің және т.б. абыроймен жалғастырып келе жатқанын ескеру керек. Қазақстанның ерте дүниедегі тарихының білгір мамандары- на айналған осы жоғарыда аталған авторлар еуразиялық кеңістік- тегі этногенетикалық және саяси үдерістердегі ғұн және қаңлы тайпаларының рөлін, олардың бір-бірімен генетикалық байла- ныстары жөнінде, осы тайпалардың саяси-әлеуметтік жағдайы және шарушылығы мен мәдениеті жөнінде құнды ғылыми ең- бектер жазды [232-234]. Және бұл авторлардың барлығы дерлік Қазақстан территориясын мекендеген осы тайпалардың түрік текті екендіктерін мақұлдайды. Прототүрік заманы туралы мәселе – ежелгі Қазақстанның этникалық тарихнамасындағы ең осал қырлардың бірі. Біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығында түркі елінің ұйысуының саяси және этномәдени алғышарттары түзіле бастаған кезеңде әр алуан этностық бірлестіктердің нақты этногенетикалық рөлі туралы ғылыми ақпараттың үзіктілігі деректемелік көздің әлсіздігімен ғана емес, ғылымда этногенетикалық үдерістің жеткілікті негізделген әдістемесі болмауымен де түсіндіріледі. VI-VIII ғасырлардағы түркі қағанаттарының тарихнамасы са- ласында біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Мұның себебі бұл кезеңге қатысты әртүрлі сипаттағы қытай, парсы, византия, араб жазба деректерінің молшылығымен қатар, табылған жерлеріне орай «орхон-енисей» деген шартты атаумен белгілі төл алфавитті қолдану арқылы түркі қағандарына, әсіресе, Білге қағанға, Тоныкөкке, Күлтегінге, Елтеріс-қағанға, Қапаған-қағанға арнап балбал тастарға жазылған эпиграфиялық ескерткіштердің болуы еді. XVIII ғасырдан ғылыми айналымға енген бұл сына жазуының кілтін дат ғалым В. Томмсен тауып, оны орыс ғалымы В. Радлов жүргізіп оқып шыққаннан кейін бұл ескерткіштер ориенталистік ғылымның игілігіне айналды. Бұл бағытта В.М. Жирмунский, С.Г. Кляшторный, Н.А. Кононов, С.Е. Малов, Ә.Құрышжанов, М.Томанов және т.б. тарихшылар мен лингвист-түркологтардың еңбектері ерекше атап айтуға тұрарлық [235-239]. Еліміздің тарихындағы ең маңызды кезең XV ғасырда қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы болып табылады. Қазақ хандығының құрылуы мен даму тарихына қатысты қалам тартқан танымал тарихшылар қатарына мыналар жатқызылады: М.Х. Әбусейітова, К.М. Байпақов, В.В. Востров, Н. Ибрагимов, С.Г. Кляшторный, Н.Н. Мингулов, М.С. Мұқанов, К.А. Пищулина, Т.И. Сұлтанов, В.П. Юдин және т.б. Осы ғалымдар өз зерттеулерінде шығыстық жазба ескерткіштердің үзінділерін мей- лінше көбірек пайдаланып, оларды ғылыми айналымға енгізе отырып, отандық деректану ғылымының қалыптасуына елеулі үлестерін қосты. 1950-жылдары қазақстандық тарих ғылымында көшпенділер- дің дәстүрлі әлеуметтік қатынастарының формациялық сипатта- масы мәселесі ғалымдардың арасында үлкен пікірталас тудырды. Авторлардың басым көпшілігінде қазақтардың көшпелі қоғамының феодалдық сипаты еш күмән тудырған жоқ, бірақ ғылыми ізденістер мен пікірлердің алшақтығы номадизмнің қоғамдық құрылымының, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық құрылымының ерекшеліктері жөнінде болды. Сондықтан болар барлық көшпендітанымдық зерт- теулерде күні кешеге дейін «патриархалдық-феодалдық қатынастар» деген ұғым қолданыс тауып келді, ал бұл маркстік формациялық теорияға сәйкес келе бермейтіні белгілі. Бұл көшпенділердің қоғам- дық қатынастар құрылымында екі бастаудың да – феодалдықтың да, патриархалдық-рулықтың да симбиозын көрсетті. Осы мәселенің түбіне тереңдеген сайын көшпенді ортадағы меншіктік қатынастардың ерекшелігіне байланысты екі қарама- қарсы көзқарас айқындалды. Көшпендітанудың негізгі теориялық- методологиялық және нақты-тарихи сұрақтары белгіленген бұл мәселе әуел бастан ғылыми тәсілдердің айғақтық материалдарын беру деңгейі жағынан әр алуан пікірлердің түйіскен тұсы болды. Мұның айшықты көрінісін 1955 жылы Тәшкент қаласында өткен Орта Азия мен Қазақстан ғалымдарының, сондай-ақ одақтың жетекші көшпендітанушыларының ғылыми сессиясының матери- алдарынан аңғаруға болады [94]. Сессияда негізгі баяндама жасаған Л.П. Потапов пен оның жақтастары, олардың пікірінше, ортағасырлар дәуірі мен жаңа замандағы көшпелі қоғамның феодалдық идентификациясының негізгі өлшемі болып табылатын жерге жеке меншіктің көшпенді ортада болғандығы туралы тезисті жақтады. Бұл жорамалдың негізіне Маркстің жерге жеке меншіктің абсолюттік монополия- сы феодалдық қоғамдық жүйенің қызмет етуінің негізгі факторы (принципі) деген белгілі қағидасы себеп болды [94, 110-112-бб.]. Ал бұған қарама-қарсы көзқарасты ұстанушылар, негізінен В.Ф.Шахматов пен С.Е.Толыбеков, көшпенділік жағдайында фео- далдық меншіктің нысаны ретінде, номадтардың өндірістік қа- тынастар жүйесіндегі құрылымқұраушы элемент ретінде малды қарастырды [95, 91, 50-59, 60-68-бб.]. Көшпелі ортада өндірістік үдерісті ұйымдастырудың ерекшеліктеріне орай жер берілген эко- номикалық жүйенің заттық-материалдық негізі, жалпы ортақ шар- ты ғана болып табылады [96]. Осы жылдары көшпендітанудың негізгі мәселесі – көшпенді- лердің меншік қатынастары мәселесі – пікірталастың өзегіне ай- налғанымен мәселенің әдістемесіне іс жүзінде айқындық әкеле қойған жоқ. Кейінірек көшпенді-қазақтардың қоғамдық қатынас- тары мәселелері С.З. Зимановтың [97], Д.К. Кішібековтың [98], Н.Е.Масановтың [99] көлемді де терең монографияларында кеңі- нен зерттелді. Қазақ  қоғамының дәстүрлі әлеуметтік құрылымын анықтауда- ғы қайшылықтар да осы маркстік формациялық кестеге сай келмеуі себепті туындады. Дегенмен, қазақтың дәстүрлді қоғамындағы батыр, би, төлеңгіт, тархан сияқты әлеуметтік категориялардың ғылыми әдебиеттерде ашылғанын айта кету керек. Номадизмнің дәстүрлі әлеуметтік құрылымының ерекшеліктерін зерттеуде көш- пенділердің күрделі қоғамдық байланыстарында бір-біріне саты- лы түрде бағынатын өндірістік, институционалдық, идеология- лық, моральдық-этикалық және т.б. қатынастарды ескере отырып, негізгі таптармен қатар, «аралық» әлеуметтік түзілімдердің рөлін анықтайтын типологиялық тәсіл қажет. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның тарихын тарихи-этно- графиялық зерттеудегі қомақты жетістіктердің қатарына қазақ халқының дәстүрлі материалдық және рухани мәдениеті бойынша жазылған бірқатар зерттеулерді жатқызуға болады. Қазақтардың мәдени мұрасындағы этникалық өзгешелікті айқындауға мүмкіндік беретін бұл бағыттағы зерттеулерге тарихшы-этнографтармен қатар, өнертанушылар мен әдебиеттанушылар да өз үлестерін қосты. Әсіресе Х.А. Арғынбаевтың, Т.К. Басеновтың, Ө. Жәнібе- ковтың, Ә.Қоңыратпаевтың, М.Мағауиннің, Ә.Х.Марғұланның, Е.А.Масановтың, М.М.Меңдіқұловтың, М.С.Мұқановтың, Қ.Өмір- әлиевтің, А.С.Орловтың, А.А.Потаповтың еңбектері оқырман қауымға кеңінен мәлім болды. Бұлардың еңбектерінде қазақ халқының дәстүрлі материалдық және шаруашылық мәде-ниеті, қолданбалы өнері, декоративті-монументалды өнері, астроно-миялық ұғым- түсініктері, тілі мен әдебиеті, фольклоры мен поэзия-лық мәдениеті ғылымның әр алуан қырынан зерттеледі. Қазақ халқының жиырмасыншы ғасырдағы тарихнамасы кеңес дәуіріндегі сыңаржақтылықпен жазылғаны белгілі. Ал шын- дығында қазақтар осы ғасырдың бірінші жартысының өзінде осыған дейін бірнеше ғасырларда көрген нәубетін жинақтап қосқаннан сан мәрте асып түсетіндей зұлымдықтарды бастан кешірді. Ғасырдың басында ұлттық сананың оянуы, зиялы қауым мен қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялардың құрылуы, ұлт-азаттық күрестің етек алуы большевиктердің билік басына келуімен тоқтап қалды. Голощекиннің ұйымдастырған «кіші қазаны», коллективтендіру мен индустриалдандыру барысында социалистік құрылыс үшін «мал дайындау» мен «астық дайындау» деген желеумен қазақтардың бар малынан айрылып, аштыққа ұшырауы, 1930-жылдары «Алаш» қозғалысының өкілдерінен бастап (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев және т.б.), Шәкәрім, С.Сейфуллин, І.Жансү- гіров, Б.Майлин, С.Асфендиаров және т.б. мәдениет және ғылым қайраткерлерін, сондай-ақ Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Сәдуақасов және т.б. көр- некті мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерді жұлып кеткен саяси қуғын-сүргін, Ұлы отан соғысы – міне, бұл кезеңде қазақ халқының басына түскен зұлматтың толық емес тізімі, осындай. Кеңес дәуіріндегі Одақ құрамындағы социалистік республи- ка ретіндегі Қазақстанның тарихына қатысты қалам тартпаған тарихшы кемде-кем болар. Мұндағы негізгі тақырыптар қатарына мыналарды жатқызуға болады: Қазан төңкерісінің рөлі, жаңа экономикалық саясат және оны сынау, азамат соғысы, тап күресі, партия ішіндегі алауыздық, социалистік құрылыс, сауатсыздықты жаппай жою және мәдени төңкеріс, индустриалдандыру мен ұжымдастыру, ұлы отан соғысы, тың игеру, комсомол құрылыстары, социалистік өндіріс пен стахановшылдық бәсеке және т.б. Осы тақырыптардың төңірегінде жазылған еңбектердің барлығы дерлік коммунистік партия мен социалистік құрылысты мадақтаумен ерекшеленеді. Соғыстан кейінгі жылдар сталиндік тоталитарлық жүйенің толық орнаған кезеңі еді. Сталиннің қабылдаған «ВКП(б)- ның қысқаша курсы» ғылым мен әдебиет, мәдениет пен өнер салаларындағы нағыз «цензуралық құжатқа» айналды. Бұл жылдардағы ең даулы саяси үдеріс «XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан» атты еңбегінде осыған дейінгі буржуазияшыл-ұлтшылдардың тұжырымдамасының жалғасын ұс- танды деген айып тағылған «Бекмахановтың ісі» болды. Жас ға- лымның шыншыл және батыл ойлары коммунистік идеологияның догмаларына сүйенген кеңестік тарих ғылымының шеңберіне сыймады және сол үшін 1951 жылы Ғылымдар академиясынан шығарылып, жиырма бес жылға сотталды. Е.Бекмахановтың ісі жалғыз болған жоқ. Әділетсіз саяси айыптаулардан А.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Сүлейменов, Е.Ысмаилов және т.б. көрнекті ға- лым-қоғамтанушылар зардап шекті. Ә.Әбішев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, С.Бегалин сынды ақын-жазушылар саяси қате жіберді деп айыпталды. ҚазақКСР ҒА Президенті Қ.И. Сәтпаев, сондай-ақ аса көрнекті жазушы әрі ғалым М.О. Әуезов саяси қуғын-сүргіннің салдарынан Мәскеуге қашуға мәжбүр болды. 1956 жылы КОКП ХХ съезінде «жеке басқа табынушылықты игеру» туралы мәселе қойылып, әкімшіл-әміршіл жүйеге қарсы тұңғыш рет дауыс көтерілді. Алайда бұл «жылымық» алысқа бар- май, қайта құру дәуіріне дейін кеңестік ел онан ары қарай тоқырау бағытындағы кері даму жолына қайта түсті. Қазан төңкерісіне дейінгі және, әсіресе, кеңестік дәуірдегі Қа- зақстанның тарихына байланысты еңбектер көп жазылғанымен, осы кезеңдерге қатысты тарихнамалық еңбектер саусақпен са- нарлықтай. Бұл, бір жағынан, тарихнаманың дербес ғылыми сала және арнаулы дисциплиналық пән ретінде кенже пайда бо- луымен түсіндіріледі. Қазақстандық тарихнама ғылымының та- нымал өкілдері қатарына Г.Ф. Дахшлейгерді, Д.И. Дулатованы, Н.В. Ерофееваны, Ж.Қ. Қасымбаевты және т.б. жатқызуға болады [240-242]. Кеңес дәуірінде қазақ халқының тарихи санасының, әсіресе бұқаралық санасының дамуына тарихшылармен қатар, әдебиет- шілердің әсері болды. Осы орайда кеңестік жылдары қазақтың та- рихи санасын жоғалтпай, сақтап қалуға, қазақтың көшпелі қоғамы ерекшеліктерінің реконстукциясын жасауға өз шығармаларында І.Есенберлин («Алтын орда», «Көшпенділер» трилогиясы), М.Мағауин («Қобыз сарыны», «Аласапыран» дилогиясы), Ә. Кекілбаев («Үркер», «Елең-алаң»), С. Сматаев («Елім-ай») сынды жазушылардың өзін- дік үлес қосқанын айта кету керек. Бұлардың арасында қазақ әдебиетінде ең көп роман жазған (17 роман), қазақ жазушылары арасында роман жанрында тыйым салынып келген тарихи тақырыпқа қалам тартып, алғашқы болып тарихи зерде тамырына қан жүгіртіп, тұншыққан сананы қапастан шығаруға жол салған, ұлт рухын тірілткен жазушы ретінде Ілияс Есенберлиннің орны оқшау ерекше тұлға. Ілияс Есенберлиннің алты кітаптан тұратын тарихи эпопеясы сөз өнерінің әлемдік нұсқасына қосылған тарихты көркемдік пайымдаудың үздік үлгілерінің бірі бо- лып қала бермек. Тарихи шығарма сол өткен заманның әлеуметтік-эстетикалық реконструкциясы ғана емес, онда бүгінгі уақыттың да философиялық концепциясы жатады. Тарихи шығармалардың өмір танытқыштық мәнін айтқан кезде, онда бүгінгі рухани тіршілігімізге қатысты көп мәселелер қамтылатынын ескеру керек. І. Есенберлиннің «Көшпенділер», «Алтын Орда» романдарын өткенді айта отырып оны қазіргі өмір құбылыстарына байланыстыра білу – көркем шығар- маның эстетикалық актуальдығын арттыратын көркемдік фактор екенін дәлелдейтін, уақыт рухы көрінетін, жаңа концепция әкелген шығармалар деуге болады. Қазақ тарихының соңғы бірнеше ондаған жылы түн-түнекті, меңіреу күй кешіп, өзге халық тарихының қосағында болғаны кім-кімге де белгілі. Мұның өзі қаншама буын ұрпақтың жандүниесіне әсер етіп, дүниетанымына салқынын тигізді, акыл-парасаты аяқ асты болды. Осы тұрғыдан келгенде жеке жазушының ғана емес, бүкіл казақ әдебиетінің тарихында әлеуметтік терең мәнді туынды болып қалған «Көшпенділер» три- логиясында Шыңғыс әулеті билеп тұрған дәуірлердегі ұлт тарихына тереңдеп еніп қадам жасауы қазақ әдебиеті мен көркемдік әлеміне алғаш рет І. Есенберлин әкелген жаңалық пен батылдық еді. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі алғашқы бесжыл- дықта өзге де ТМД елдері сияқты біздің тәуелсіз республикамыз да көптеген қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени- рухани өзгерістерді бастан кешірді. Ұлттық тарихтың беттерінен айшықты орын алатын аса маңызды өзгерістер қатарына елдің егемендік алуы, тұңғыш Президенттік және Парламенттік сайлаулар өткізу, тәуелсіздігімізді жұртшылықтың мойындап, БҰҰ-на мүше боп кіру, мемлекеттік рәміздерді, нысандарды және Ата заңды қабылдау, ұлттық валютаны және банк жүйесін қалыптастыру, жоспарлы эко- номикадан бас тартып, нарықтық қатынастарға түсу, елді саяси- әкімшілік тұрғыдан реформаландыру және т.б. жатқызуға болады. Тәуелсіз халықтың қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тари- хи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті, тіл мен тарихи өткенді қайта жаңғыртуымен сипатталады. Бұл тұрғыдан алғанда біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Тұншығып келген дәстүрлі әдет-ғұрыптар жаңғыртылып, наурыз, ораза айт, құрбан айт мейрамдары жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық тарихи ақтаңдақтардың беті ашы- луына байланысты кезінде кеңестік идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйттермен және есімдермен қайта қауышты. 1998 жылы қазақтың рухани мәдениетінің асқар тауы Абайдың жүз елу жылдығы ЮНЕСКО шешімімен халықаралық дәрежеде тойланса, келесі жылы жыр алыбы Жамбыл мен заманның заңғар жазушы- сы Мұхтар Әуезовтың жүз жылдығы аталып өтті. 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы деп ата- луы төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке- бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достастығы мен туыстастығын онан әрі нығайту мақсат етті. Осыған байланысты отандық тарих- ты саралап танудың басты бағыттарының біріне қазақ халқының тарихы мен мәдениетінің негізқұраушы тиянақтап талдау жасау қажеттілігі туындады. Сондықтан да бұл бағыттағы атқарған істер мен жүргізілген шаралар өте ауқымды болды. Төл тарихымызды, елдік дәстүр, халықтық тағдыр-талайымызды танып-білуде, ескерткі мұрағат- тарымызды жинастыру мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Бұған дейін қол жетпей жүрген деректер, білмей жүрген ру- хани қазыналар жарыққа шыға бастады. Шетел мұрағаттарынан да туған тарихымызға қатысты құжаттар жинақталып, оқырман игілі- гіне ұсыныла бастады. Осы жинақтаған мәдени мұра мен рухани қазынаны талдап, жіктеп, қоғамның игілігіне жарату зиялы қауым мен ғалымдарға үлкен міндеттер жүктеді. Бұл міндеттің, әсіресе, ауыр жүгін тарихшы-мамандар ар-қа- лады. Елімізге есімдері белгілі М.Қозыбаев, К.Байпақов, К.Нұр- пейісов, М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков, Н. Әміреқұлов, Б. Көмеков, Ж. Абылғожин, Т. Сұлтанов сынды майталман мамандар қыруар жұмыстар атқарды. Беті жабулы архив құжаттары мен дерек көз- дері ғылыми айналымға енгізілді. Әсіресе Т. Омарбеков пен М. Қойгелдиевтің есімдері сол кездегі оқырман қауым мен студент жастар арасында қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялы- лары туралы шындықты мұрағат деректері негізінде жариялаған тарихты жаңғыртушылар ретінде есте қалды. Дегенмен тарихшыларға ғылым майданының бұл бағытында елбасының өзі үлгі көрсетіп тұрғандай. Оның «На пороге XXI века», «Тарих толқынында» атты еңбектері отандық тарих ғылымына тәуелсіздік жағдайында жаңа әдістемелік, тұжырымдамалық бағыт- бағдар беріп тұрған тәрізді. Кеңестік тарихнаманың отаршылдық астары айқындалып, қазақтың балама тарихтары пайда бола баста- ды. Қ.Данияров, Күзембаев, С. Қоңдыбай және т.б. авторлар өз еңбек- терін жаңа балама еңбектер деп есептейді. Кейбір авторлар, мысалы, дарынды тарихшы С.Қоңдыбай өткенді қайта қарауда қазақтың та- рихын мифологияландыруға дейін ұмтылды [243]. Патриоттық көңіл- күйден туындаған бұл еңбектердің көпшілігінде тарихи шындықтың ұшқыны бар екенін де теріске шығаруға болмайды. Қанша дегенмен де отандық тарихшыларға жалаң эмпиризмнен арылып, тарихи айғақтарды терең дүниетанымдық түбірімен, мәдениеттанымдық қырымен толықтыру арқылы мәселені салмақты түрде қою, өткенді қазіргімен байланыстыра білу жетіспейтін тәрізді. Сондықтан ұлттың өткен тарихи мен дәстүрлі рухани-дүниетанымдық тұғырларын қалпына келтіруде философия маңызды орын алады. Жекелеген ғылым салалары табиғат пен қоғамның нақты қыр- ларын зерттеумен айналысса, ал философияның пәндік аймағы адам мен әлемнің арақатынасын қамтиды. Осыған сәйкес ғылым ұлттықтың ауқымынан тыс жатса, ал философия өзінің бастауын мифологиядан, діннен алатындықтан әлемге деген қатынастың этностық сипатымен, мәдени ерекшелігімен тығыз байланыста болады. Демек, әлемде қанша ұлттық жетілген мәдениеттер бар болса, сонша ұлттық философиялық жүйелердің болатындығы белгілі. Ал қазақ халқының кейінгі ұрпаққа қалдырған рухани мол мұрасын ескерсек, қазақ философиясы туралы сөз қозғау орын- ды да әрі маңызды. Қазақ мәдениетінің өткені, оның терең рухани қыртыстары мен болмысы, бүгінгі мәдени ахуалдың қайшылықтары мен келе- шегі мәселелерін зерттеу өзінің көкейтестілігімен көзге түсіп, отандық философия ғылымына маңызды міндеттер жүктейді. Егер Батыста кәсіби формадағы университеттік философия үс- темдік етсе, қазақ-тардың ұлттық дүниетанымы көркемдік және діни міндеттердің дәстүрлі түрлерінде басым болып келеді. Бұл мәселе қазіргі кезде еуроорталықтық ойлау тәсілінен арылған қазақ философиясының болашағы туралы мәселені күн тәртібіне қояды. Қазақтың төлтума мәдениетін қалпына келтіру, халықтың тарихын жан-жақты түсіну үшін де, оның дүниетанымдық негізі мен әдістемелік құралын қалып-тастыру қажет. Белгілі ғалым Т.Х.Ғабитов қазақ философиясының ерекшелік- терін сараптай келе, оның мынадай жіктемесін ұсынады: 1.Қазақ философиясы философиялық емес сарындағы дана- лық тәжірибесіне жатады (М.Орынбеков, І.Ерғалиев, Т.Рысқалиев, Т.Бурбаев және т.б); 2. Қазақ философиясы табиғатқа бас июмен, оны тәңірі тұтумен сипатталады, оның терең экологиялық мазмұны бар (Ғ.Ақпанбек, С.Мырзалы, А.Қасабек, Ж.Алтаев және т.б.); 3. Қазақ философиясы көшпелілік менталитетпен тығыз бай- ланысты (Д.Кішібеков, Ж.Молдабеков, С.Ақатай және т.б.); 4. Қазақ философиясы онтологиялық және гносеологиялық мә- селелерден гөрі этика мен антропологияға көбірек көңіл бөледі; 5. Қазақ философиясында аксиологиялық мәселелерге, әсіресе рухани құндылықтарға ерекше назар аударылады (Ә.Нысанбаев, С.Нұрмұратов және т.б.) 6. Қазақ философиясы өзінің ғарышпен, әлеммен үндестігі арқылы сипатталады (М.Хасанов, Қ.Нұрланова, Т.Ғабитов, Қ. Әл- жан); 7. Философиялық мәселелер, қазіргі тілмен айтқанда, негізінен экзистенциалдық, дидактикалық және прагматикалық сипатта қарастырылады (Ғ.Есім және т.б.); 8. Қазақ философиясында нәпсіден, байлықтан, табыстан гөрі ар-намыс, қанағат, тәубе, әділеттілік және тағы басқалары жоғары қойылады, алудан гөрі беру дәріптеледі; 9. Ұжымдық мүдде жеке мүддеден жоғары қойылады (Сегізбаев О.А. және т.б.) [244, 82 б.]. Өркениетіліктің әлемдік озық үлгілеріне ілесу мен ұлттық мәдениетті замана талаптарына сай жаңғырту философия ғы- лымымен қатар, мәдениеттану саласына да келелі міндеттер жүктейді. Қазақ мәдениетінің тарихы мен теориясына деген қы- зығушылық аталмыш ғылым саласының елімізде жедел қарқын- мен дамып, осы уақытқа дейін әртүрлі бағыттағы бірқатар мек- тептердің қалыптасып үлгеруіне әкелді. Олардың ішінде тари-хи- мәдени ұстанымдағы мектепті, мәдениет философиясы мектебін, этнографиялық-мәдениеттанулық, әлеуметтік мектептерді, көркем мәдениеттанулық бағытты, мәдениеттанудың постмодерндік мектебін атап өтуге болады. Қазақстанда тарихи-мәдениеттанулық бағыт өзгелерімен салыстырғанда анағұрлым ертерек қалыптасқан. Бұл бағыттың құрамына философтармен қатар тарихшылар, әдебиетшілер мен тіл мамандары, психологтар кіреді және өз зерттеулерінде олар хронологиялық ұстанымды көбірек қолданады. Ш. Уәлихановтың ғылыми еңбектерінен бастау алатын аталмыш бағыт кеңестік және қазіргі дәуірдегі тарихшылар – Ә.Марғұланның, Х.Арғынбаевтің, Ә.Хасеновтің, К.Әжікеевтің, А.Ғалиевтің, Н.Әлімбайдың, С.Өте- нияздың, В. П. Юдиннің, Н. Масановтың еңбектерінде, сондай-ақ тіл-әдебиет мамандары мен психологтар – Е.Тұрсыновтың, Ш.Ыбы- раевтың, Ж.Дәдебаевтың, Ж.Жарықбаевтың, М.Мағауиннің, А.Сей- дімбектің және т.б. шығармаларында Андрон, Беғазы-Дәндібай дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі қазақ этномәдениетінің әлеуметтік- шаруашылықтық, саяси-құқықтық, көркем шығармашылық қырлары баяндалады. Ал қазақтың дүниетанымы мен философиясының та- рихы өзінің әртүрлі қырларында А. Қасымжановтың, Д. Кішібековтің, Ә.Нысанбаевтың, Ғ.Есімнің, С.Ақатайдың, М.Орынбековтың, А.Қа- сабектің, Т.Әбжановтың, Ж.Алтаевтың, Ж.Молдабековтың, І.Ерға- лиевтің, Қ. Әлжанның және т.б. еңбектерінде қарастырылады. Қазақстандық мәдениеттанудағы беделді мектептердің бірі мәдени-философиялық бағыт болып табылады. Мәдениеттің жал- пы философиялық мәселелерімен айналысатын ғалымдардың дені Философия және саясаттану институтында шоғырланған (Қ.Әбішев, Қ.Нұрланова, М.Бурабаев, А.Хамидов, Ю.Колчигин, Г.Соловьева, С.Нұрмұратов, Г.Шалабаева, Ғ.Құрманғалиева, А.Кенесарин және т.б.). Мәдениет философиясы мәселелерінің әртүрлі қырларымен отанымыздың бірқатар ғылым мен білім ошақтары айналысады. Олардың ішінде мәдениет философия- сы мамандығы бойынша диссертациялық кеңес жұмыс жасайтын Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетті (білікті мамандар қатарына Б. Байжігітов, Н. Шаханова, Ж. Мүтәліповтер жатқызылады) және мәдениет тарихы мен теориясы мамандығы бойынша диссертациялық кеңесі бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құрамында Б. Нұржанов, С.Темірбеков, Т.Ғабитов, Ә.Наурызбаева, А.Құлсариева, Қ.Затов сынды мәде- ниеттанушылар қызмет етеді) атап өтуге болады. Қазақтың ұлттық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, оның рәміздік астарларын зерттеуге деген ғылыми қызығушылық мәдени-этно- графиялық зерттеулер шоғырының қалыптасуына әкелді. Бұл ба- ғыттағы кезінде Ш. Уәлиханов салып кеткен сүрлеуді Ө. Жәнібеков, Ә.Төлеубаев, М.Хасанов, Ж.Қаракүзова, Н.Шаханова және т.б. онан ары жалғастырды. Ал дәстүрлі өнер мен ауыз әдебиетінің мәсе- лелерін мәдениеттанымдық тұрғыда зерттеу Қ.Нұрланованың, Б.Бай- жігітовтің, М.Балтабаевтың және т.б. басқаларының есімдерімен бай- ланыстырылатын көркем-шығармашылық бағытында дамытылды. Қазақстанда постмодерндік мәдениеттанудың қалыптасуы туралы айтқанда, алдымен есімізге Ә.Қодардың бастамасымен жарияланатын «Тамыр» журналының төңірегіне топтасқан автор- лар еске түседі. Ә.Қодардың, Н.Садықовтың, Н.Оспанұлының, Ж.Баймұхамедовтың, Д. Амантайдың шығармалары мен аударма- ларында номадологиялық өмір стратегиясы, орталықсыздандыру, дискурс, гипермәтін, гипершындық сияқты тақырыптарға басты көңіл аударылады. Қазақстандағы бұл мәдениеттанулық мектептер мен бағыттарды толық қалыптасып бітті деп әлі айта алмаймыз. Бұл біз-дің елімізде дербес пән және жеке ғылым саласы ретіндегі мәдениеттанудың, өзге батыс елдерімен салыстырғанда, кеш пайда болып, кенже дамығандығымен байланысты. Дегенмен, мәдениет туралы ғылыми білімнің осындай жалпы құрылымы мен көлемі бүгінгі мәдениет- тану ғылымының мазмұнын құрайды. Ғасырлар тоғысындағы 2000 жылдың елімізде «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланғаны белгілі. Халық пен ұлттың бола- шағы, оның мәдениеті мен білімділігінің деңгейі ғасыр басында қаланған іргетастың беріктігіне байланысты. Бұл шара сол бір жылдың ішінде өткізілген науқан болып қана қоймай, өзінің заңды жалғасын тапқаны көңілге қуаныш ұялатады. Осыдан екі жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың ұсынысымен «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қолға алына бастап еді. Енді міне оның алғашқы жемістері де қолға тиіп қалың оқырманның игілігіне жарауда. Осы бағдарлама бойынша тарих саласында «Түркітілдес деректердегі Қазақстан тарихы» сериясында бірінші (Өтеміс қажы. Шыңғыс-наме) және екінші томдар (Көне түрік бітіктастары мен ескерткіштері: Орхон, Енисей, Талас), «Орыс деректеріндегі Қазақстан тарихы» сериясы бойынша бірінші, екінші, үшінші (Қазақстан тарихы мен эт- нографиясы бойынша дипломат А.И.Тевкелевтің жорналдары мен қызметтік жазбалары) томдары, «Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы» сериясы бойынша бірінші том (Саяхатнамалар мен тарихи-географиялық еңбектерден таңдамалылар), «Моңғол дерек- теріндегі Қазақстан тарихы» сериясы бойынша бірінші және екінші томдар ( «Алтын топшы», Лұбсанзандан) жарыққа шығып үлгерді. Сондай-ақ философия саласында да «Әлемдік философиялық мұра» және «Қазақ халқының философиялық мұрасы» сериялары бойынша әрқайсысы жиырма томнан тұратын еңбектер мен аудар- малар жарияланды. Қазақтың тарихнамасы мен тарих философиясы отандық әлеу- меттік-гуманитарлық ғылымда әлі күнге дейін арнайы түрде зерт- теле қоймаған тың тақырыптардың бірі. Тарихтың философиялық, мәдениеттанымдық мәселелері, тарихи-мәдени үдерістің мәні мен мазмұны, тарихтың онтологиясы мен гносеологиясы, тарихи сана мен таным мәселелері, тарихнаманың теориясы мен методология- сы, тарих ғылымының логикалық-әдістемелік мәселелері шетелдік және ресейлік ғылыми әдебиеттерде біршама терең зерттелген. Бұл бағытта, әсіресе, Р. Арон, М. Бахтин, Н.А. Бердяев, Н. фон Гартман, Г. Зиммель, Б. Кроче, Х. Ортегга-и-Гассет, Г. Риккерт, П. Рикер,  Э. Трельч, А.Дж. Тойнби, Ф. Фукуяма, С. Хантингтон, К. Ясперс секілді оқымыстылардың есімдері ерекше атап өтуге тұрарлық. Бұл авторлардың еңбектері «әлемдік философиялық мұра» сериясын- да тәржімаланып, қазақ тілді оқырманға қарай жол тартты. Алайда тарихты, оның ішінде әлемдік тарихтың үлгісі ретіндегі еуропалық тарихты әртүрлі қырынан қарастырған бұл ойшылдардың наза- рынан тарих сахнасынан шығып қалған кейбір өркениеттер, оның ішінде көшпенділер өркениеті тыс қалды. Ал еуразиялық ұлы дала көшпенділерінің соңғы тұяқтарының бірі – қазақтардың тарихы ресейлік және кеңестік отаршылдықтың ықпалымен жазылды. Ал шежіреге негізделген даланың ауызша тарихнамалық дәстүрі ғылыми әлемде мойындала қоймады. Отандық ғылымдағы осы ақтаңдақтардың орнын толтыруға, тарихи және мемлекеттік са- наны орнықтыруда «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы осы «Қазақ халқының философиялық мұрасы» атты аталмыш томдар тізбегінің қосатын үлесі де орасан зор болмақ.

Қазіргі тарихи ой дамуының әлеуметтік-философиялық қырлары

Қазіргі заман адамының тарихи санасында болашақ дамудың нұсқаларын іздестіру оның өткеннің тарихи таңдауын дұрыс баға- лай білуіне байланысты болып келеді. XX–XXI ғасырлардың аралығындағы ғаламдық өзгерістер, соңғы онжылдықтардағы қоға- мымыздың бастан өткерген әлеуметтік үдерістер, саясат пен экономикадағы, қоғам мен мәдениеттегі модернизациялық үрдістер тарихты сипаттаудың тілі мен теориялық тәсілдеріне, жалпы тарихи- теориялық ойдың дамуына өзінің үлкен әсерін тигізді. Әлемдік және отандық тарих ғылымдарында соңғы кездері жаппай орын алған баламалылық идеяларының бой көрсетуі, историософиялық және әдіснамалық идеялардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптауы, міне осының бәрі әлеуметтік теориялардың ойлы кон- цептуалды тұстарының да, даулы риторлық тұстарының да тарихи сана мен тарихи танымға зор ықпал ететінін аңғартып тұр. Тарихнама саласында әр алуан радикалды жобалар жүзеге асырыла бастады. Бір зерттеушілер тарихи зерттеудің негізқұрау- шы ұстыны ретінде өркениеттік тәсілді ұсынып, іргелі тарихи ұғымдардың мазмұны мен отандық тарихтың уақыттық-кеңістіктік өлшемдерін осы әдіске қарай бейімдейді. Енді бірі әлеуметтік тәр- тіптің трансформациясындағы флуктуациялардың рөлі туралы си- нергетиканың идеяларымен қаруланып, тарихи үдерістерді «коэ- волюция», «аттрактор», «құрылымдық конгруэнттілік», «бифур-ка- ция» ұғымдарының көмегімен түсіндіруге шақырады. Үшін-шілері тарихнамалық мәселелерді шешудің кілтін дискурсивті талдаудың құралдарын иеленуден көрсе, қалғандары тарихи талдаудың интеграл- дық парадигмасын басшылыққа алады. Әрқайсысы өздерінше бір әдіснамалық ақиқатқа ұмтылған әлемдік және отандық тарихты қайта құрудың бәсекелес рецепттерін, тарихты сипаттаудың осын- дай қарама қайшылықты жобаларын, әдіснамалық пікірталастарды бір ымыраға келтіру үлкен қиындық туғызып отыр. Аталмыш мәселелер қазақстандық тарих ғылымында бала- малы тарихты сипаттау тұрғысында кеңінен орын алғанымен, ғылыми әдіснамалық пікірталастардың толқынын туғыза қойған жоқ. Ал Батыстың, сондай-ақ көршілес Ресейдің философиялық- тарихи ойында соңғы онжылдықтарда көптеген идеялар мен тұжырымдамалар пайда болды. Және олардың болашақта тұтас- тай алғандағы әлеуметтік-гуманитарлық білімдегі күре бағыттың біріне айналатындай ғылыми әлеуетке ие екендігін теріске шыға- руға болмайды. Тарихнамада қалыптасқан бұл ахуалды орыс философы әрі тарихшысы М.А. Баргтың «тарихнамалық төңкеріс» деп атағанын зерттеудің басында айтып өткенбіз. Орыс ғалымдарынан ерте- ректе бұл мәселеге американдық зерттеушілер де назар аудар- ды. Т.С. Хеймроу бұл төңкерістің түбірін біз өмір сүріп отырған әлемді түсінуге тарихтың дәстүрлі әдіснамасының лайық келмей- тінінен, соның салдарынан қоғамның тарих кәсібіне деген сенім- нен айрылғанынан көреді. Сол себепті «көптеген тарихшылар басқа әлеуметтік ғылымдарға лап қойды да, бұл тарихты «өз шек- пенінен» шығуға мәжбүр етті. Нәтижесінде осыдан 2000 жылдан бұрын тарих пайда болған кездегіден де үлкен төңкеріс тарих ғы- лымында орын алды. Келесі бір көрнекті американдық тарихшы М. Кеммен бұл төңкерістің мәнін жұмсартып көрсетеді: «әрине, төңкеріс әдіснамалық санада болып өтті және бұл тарихи білімнің эпистемологиялық мәселелеріне деген ерекше қызығушылықтан және тарихтың әдіснамасының өзін ерекше пән ретінде мойын- даудан көрініс тапты». Батыстық әлеуметтанудың қазіргі заманғы классигі Ч. Тил- лидің айтуынша, әр алуан әлеуметтік ғылымдарда, әсіресе әлеу- меттануда тарихқа деген қызығушылық өсе түсті, «тарихи ойлау мен тарихи зерттеулердің ұлы қайта түлеуі» үдерісі жүрді. Бұл американдық зерттеушінің пікіріне сай, 1960-жылдарға дейін әлеуметтанудың қорында қайта жаңғыруға жеткілікті болатындай тарихтың салмағы өте аз болатын» [245, 131 б.]. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы интеллектуалдық ізденіс- тердің барлығына дерлік «әлеуметтілік» ұғымы тән болып келіп, олар әлеуметтік теориялармен байланысты болды. «Әлеуметтілік» парадигмасының гуманитарлық ғылымдар кешенінде XIX-XX ғасыр аралағында пайда болғанын айта кету керек. Адам болмысының «деңгейлерін» білдіретін бұл ұғым бұқаралық қоғамдық қозғалыстар мен дүмпулер қанат жайған кезеңде орнығып, ол К. Маркс, М. Вебер, Э. Дюркгейм әлеуметтануының, ғылымдағы позитивизмнің әсерімен жайылған «Анналдар» қозғалысының жетекшілігімен сипатталатын әлеуметтік тарихтың жаңа жобасын дүниеге әкелді. Жоғарыдағы қайта түлеу, жаңғыртылу үдерісінің бастауы осы болатын. Келесі бір көрнекті американдық әлеуметтанушы Р. Коллинз де осы ойды айқындай түседі. «1960-жылдардың ортасынан ба- сталып, қазірге дейін жалғасып отырған зерттеулер кезеңін, – деп жазады ол, – Макротарихтың Алтын ғасыры деп лайықты түрде атауға болады. Бұл кезеңнің талдау стилі маркстік және веберлік идеялардың өзара әсері мен әрекеті болып табылады. Ал оның мәні тарихтың әлеуметтанулық теориялар үшін макроскопқа, яғни сая- си және экономикалық құрылымдарды зерттеудің құралына айна- луынан аңғарылады» [246, 72 б.]. Алайда бұл тарихтың болашақта әлеуметтануға сіңіп кетпейтінін білдірмейді. Бұл тарихнамалық төңкерістің тек тарихтың пәнаралық мәртебесін бекіте түскенін ғана байқатса керек. Көптеген тарихшылардың әлеуметтік ғылымдарға тарпа бас салуы тарихтың «өз шекпенінен тысқа шығуға» мәжбүр еткені рас, бірақ бұл өз зерттеу пәнінің құрылымындағы көзқарас- тардың күрт өзгерісіне сай қазіргі ғылымдардың бүкіл жүйесінде жүзеге асып жатқан жаңашылдықтарға сәйкес өз зерттеушілік тәсілі мен құралдарын жаңартып, қарқынды даму үстіндегі бүгінгі тарих ғылымында қалыптасқан әдіснамалық рефлексияға деген қажеттілікті ғана білдіреді. Енді әлеуметтік ғылымдар мен қоғамда қалыптасқан осы та- рихнамалық ахуалды талдап көрейік. Бұл қазіргі тарихи сананың жоғары деңгейі тарихи танымның бүгінгі теориялық келбетін түсін- діріп беруге септігін тигізеді. Қазіргі тарихнамалық ахуалдың қалыптасуын тарих ғылымында орын алған тарихи антропологиялық әр алуан бағыттардың пайда бо- луынан бастауға болады. Бұлар өзінің зерттеу пәні – өмірдің барлық көріністерінде алынған мәдени-тарихи детерминацияланған адамды зерттеудің полидисциплиналық синтезін іске асырудың келе- шегі, әлеуметтік-мәдени стереортиптерді пайымдаудың әдіс-тәсілде- рі болып табылады. Тарихи субъекттің әлеуметтілігі тұлғааралық қа- рым-қатынастың салдарынан орныққан табиғи қасиет деп түсіндіріл- ді. Адами байланыстар мен қатынастардың шынайылығы индивидке жақындатылған әлеуметтік микротоптар мен қауымдардың деңгейін- дегі әлеуметтік өмір шеңберінде ғана ұғынықты болады. Әлемдік тарихнамада микротарихи тақырыптың осы себепті орын алғаны белгілі. Әр алуан әдіснамалық және әдістемелік тәртіптегі микро- тарихи бағыттардың бірқатар ортақ тұстары бар: әлеуметтік-тарихи зерттеулерде ұзақ уақыт бойы үстемдік етіп келген макротәсілдерге деген сыни көзқарас; әлеуметтілікті құрылымдаудағы адамдардың тәжірибесі мен әрекетінің рөліне басымдылық беру; жалпылықтан гөрі ерекшелікке баса назар аудару. Алайда 1980-жылдардың ортасынан бастап тарихи түсіндірме үшін «әлемнің кескінін» айқындаудың жеткіліксіз екендігі аңғарылды, өйткені адамдар өз әрекетінде басшылыққа алатын дәстүрге сүйенген кәдуілгі санасының, олардың көзқарастары мен құндылықтарының өзі зерттеулерді талап ететіні байқалды. Осылайша өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдарының аралығында өткен адамдардың өмірінің барлық саласын құрылымдық бірлікте және әлеуметтік байланыстар мен мәдени-тарихи дәстүрлердің түйісуінде зерттеуді қажет ететін әлеуметтік тарихтың жаңа парадигмасы пайда болды. Егер бастапқыда әлеуметтік-тарихи зерттеулердің барысын ұғымдық аппараттары мен талдау құралдары бір-біріне сәйкес келмейтін макро- және микротарихтардың дуализмі құраса, кейінірек, 1990-жылдардың ортасына қарай «романдық» («франко-ита- льяндық», мысалы, Б. Лепти және Ж. Ревельдің жетекшілігімен шыққан «Тәжірибенің формалары» еңбегінен бастау алатын та- рихи антропологиядағы дара және ұжымдық әрекеттің мотивация- сы мен стратегиясын зерттеу), «англосаксондық» (ағылшын әлеуметтанушысы А.Гидденстің құрылымдау теориясы) және «германдық» (әлеуметтік тарих пен тарихи антропологияның жетістіктерін біріктіруге қабілетті «күнделікті әрекеттің мәдени та- рихы» атты зерттеушілік бағдарламасын ұсынған неміс тарих- шысы Мартин Дингес) деп шартты түрде бөлуге болатын микро- және макротарихтардың интеграциясының теориялық-әдіснамалық мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін нақты зерттеулердің тәжіри- бесі жинақтала бастады. Тарихтың дара немесе ұжымдық субъекті әрқилы қауымдас- тықтардың (отбасылық-туыстық, әлеуметтік-кәсіби, тұйық-террито- риялық, этносаяси топтардың) күрделі қосындысынан түзілген құ- былмалы әлеуметтік ортада, өзге индивидтер мен топтардың да қалауынан, ұмтылыстарынан, әрекеттерінен және өткеннің әлеу- меттік-тарихи практикасынан құралған тарихи ахуалда өмір сүреді. Әлеуетті себептердің адам әрекетінің «өзекті» ниеттеріне айналу тетігін зерттеу оны әлеуметтік қырынан да, тарихи қырынан да кешен- ді талдауды қажет етеді. Демек, тұлғаның қылығы мен әрекетіне қоғамның ықпалын айқындайтын макротарихқа да, нақты тарихи практика деңгейінде әлеуметтіліктегі даралықты және даралықтағы әлеуметтілікті аңғаруға мүмкіндік беретін микротарихқа жүгіну осы қажеттіліктен туындайды. Жүйелік-құрылымдық және субъективтік- әрекеттік тәсілдердің комбинациясына сүйенген әлеуметтік талдау- дың кешенді әдісін нақты-тарихи зерттеулерде практикалық түрде қолдану осылайша күн тәртібіне шыққан еді. Осының салдарынан тарихшылар бұрынғы дәстүрлі нарративтік формадан бас тартып, осы уақытқа дейін әлеуметтанушы ғалымдардың еншісінде болып келген саяси, дипломатиялық, әскери, экономикалық, мәдени жә- не т.б. бас сұғып, тарихи статистика, тарихи демография, тарихи әлеуметтану, тарихи психология, тарихи антропология сынды арнайы пәндерді дамыта бастады. Басқаша айтқанда, «жаңа тарих ғылы- мының» қалыптасуын білдіретін тарихтың ғылымилануымен (сциен- тизациясымен) сипатталатын тарихнамалық төңкеріс жарияланды. Мәдени антропологияланудың әсерімен болған бұл төңкерісті кейбір зерттеушілер батыстық мәдениеттің постмодернистік транс- формациясының маңызды құрамдас бөлігі деп те есептейді. Ре- сейлік танымал зерттеуші Б.Г. Могильницкий жоғарыда сипатталған анықтмаларды шартты түрде объективтік (сциентистік) және субъек- тивтік (постмодерндік) деп бөліп, оларды тарихнамалық төңкерістің бірін бірі толықтыратын әртүрлі кезеңдері деп қарастырады [247, 8б.]. Олардың біріншісі жаңакантшылдардың идиографизмін сынау барысында тарихтың ғылымилығын негіздеумен және «ғаламдық тарихты» құрастыруға ұмтылған тарихи-әлеуметтанулық зерттеу- лермен сипатталса, екіншісі «субъективтілікке бет бұрумен» сипа- талатын «Жаңа Анналдар» мектебі өкілдерінің микротарихты ашу- ымен түсіндіріледі. Осы орайда «Анналдар мектебінің» тарихына қысқаша тоқтала кетудің жөні келіп тұр. «Анналдар» мектебі Францияда қалыптасты және оның негі- зін «Анналдар» (1929 – 1939), «Әлеуметтік және экономикалық тарихтың анналдары» (1939 –  1941), «Әлеуметтік тарихтың ан- налдары» (1941 – 1945) деп аталатын мерзімдік журналдарды жариялаған М. Блок пен Л. Февр қалады. Бұл бағыттың өкілдері «та- рихи баяндауды» «тарихи мәселемен» алмастырмақ болды, яғни қоғамдағы барлық байланыстарды – экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б. байланыстарды қамтитын тарихты – «ауқымды» (тотальды) тарихты қалыптастыруға ұмтылды. Позитивистік ба- ғыттағы дәстүрлі тарих ғылымына қарсы келді. Олар оқиғаны си- паттаумен шектеліп қалмай, әлеуметтану, этнология, география сынды жапсарлас ғылымдардың ғана емес, тіл, техника тарихы, шаруашылық құжаттарының да мәліметтеріне сүйеніп, белгілі бір уақыт кесіндісі ішіндегі қоғамды ішкі құрылымымен қоса тұтас кешенді синтездік зерттеуді мақсат тұтты. Мұның салдары эписте- мологиялық төңкеріске алып келді. «Ауқымдық» сипаттаудың мұраттарынан шыға отырып, «ан- налдар мектебі» ғасырлар ағымындағы құндылықтар жүйесі, қондырғылардың алмасуы, сананың тарихилығы, бұқаралық көзқарастар мен діл мәселелерін көтерді. Пайда болған кезінен бастап бұл мектепте екі бағыттың болғандығын атап өту керек: әлеуметтік тарихты зерттеуге бағдарланған «Блок линиясы» және өркениеттерді зерттеумен айналысатын «Февр линиясы». Анналдар мектебі өз дамуы барысында бірнеше кезеңдерден өтті. «Анналдар» журналының пайда болған кезінен 1956 жылы Феврдің қайтыс болғанына дейінгі бірінші кезеңде тарихтағы «адам факторына», ментальдылық тарихына қызығушылық үлкен болды. Одан кейінгі екінші кезең Бродельдің есімімен байланысты. Фернан Бродельдің «XV – XVIII ғғ. материалдық өркениет, экономика және капитализм» деп аталатын оның монументалдық еңбегі К. Маркстің экономикалық ілімінен бастап, кондратьевтік ортамерзімді циклдер- ге дейінгі әртүрлі деңгейлердегі экономикалық теорияларға сүйене отырып, «ғаламдық тарихты» түсіндіру бағытындағы ізденістердің жеткен шыңы болды. Бұл кезең экономикалық, географиялық және басқа да құрылымдарға, сандық әдістерді ұлғайтуға, структурализм- ге деген қызығушылықпен сипатталып, Бродельдің редакциялық комитет төрағасы лауазымынан кетуімен аяқталады. Одан кейінгі үшінші кезеңде журналдың жалпы мойындалған жетекшісі болмайды және адамды әлеуметтік-мәдени шарттылықтағы субъект ретінде қарастыратын оның идеялары Франциядан тысқа шығып кетеді. Бұл кезеңнің Ж. Ле Гофф, Ж. Дюби, Э. ле Руа Ладюри сынды көрнекті өкілдері болды. 80-жылдардан бастап «Анналдар мектебінде» дағдарыстық кезең орын алады және тарих ғылымы тарихи антрпологиямен және басқа да әлеуметтік ғылымдармен (әлеуметтанумен, саясаттанумен, экономикамен) жақындасу кур- сына көшеді. 1989 жылдан бастап журналдың аты өзгерді. Ол «Ан- налдар. Тарих. Әлеуметтік ғылымдар» деп аталды да, пайда болған кезіндегі бастапқы атауынан экономикалық тарихты көрсететін белгі түсіп қалды. Өздерінің эпистемологиялық негіздері мен зерттеушілік тәсіл- деріне сенімді болған «интеллектуалдық гүлдену мен оптимизм кезеңінің» орнына «күмән кезеңі» келген «Анналдар мектебінің» осы тұсын тарихнамалық төңкерістің екінші кезеңі деп атауға бо- лады. Өткенді зерттеудің тұжырымдамалық тәсілдеріндегі түбірлі өзгерістер бүкіл әлемдік тәртіптің трансформациясымен қатар жүрді. Кез келген идеологияға деген сенімсіздік ұлғая түскен шақта маркстік-веберлік, құрылымдық теориялардың, сондай-ақ квантитативтік әдістердің әсерімен қалыптасқан тарихтың үстем парадигмалары өздерінің құрылымдық қабілеттерін жоя бастады. Зерттеудің алуан түрлі формаларының дамуы имплицитті келісімге келуге мүмкін болмай қалды. Сондықтан тарих ғылымы үшін жаңа негіздерді бекіту керек болды немесе «картаны жаңадан тарату қажет болды» [248, 12 б.]. Анналдар авторларының пікірінше, «та- рих өз пәнінің объектілерін қалыптастырады, соның салдары-нан тарихтың объекті одан тыс бола алмайды». Осылайша кез кел- ген ғылыми практика болмысты болжамдардың тізбегін верифи- кациялауға арналған негізде құрылымдайды. Оның үстіне, бұл ав- торлар мәтін ретіндегі қоғам метафорасынан шыға отырып, мағына өндірісіндегі оқырманның белсене қатысуы туралы тұжырымды бекітеді. Бұл тарихтың постмодерндік жорамалын білдірсе керек. «Анналдар» мектебінің қызметін түйіндей келе, Франциядағы әлеуметтік тарихтың қандай да бір жаңа тұтас үлгісі болды деп айта алмаймыз, дұрысы, үлкен теориялық сезімталдық танытқан қазіргі гуманитарлық жобалардың жаңа бір белгісі болды деп айта ала- мыз. 1980 – 2000-ші жылдардың аралығында олар марксизмнің, структурализмнің немесе функционализмнің объективтік үлгіле-рінен алыстайды немесе әлеуметтік нақтылықтарды дара және ұжымдық акторлардың белсенді өзара әрекеті ретінде құрылымдай отырып, ол үлгілерден мүлдем қол үзеді. Жаңа жобаларда коммуникация үдерістері мен дара әрекеттердің басымдылығы қалпына келтіріледі, басқаша айтқанда, көбіне «дескриптивті», «прагматикалық», «интер- претативті» немесе тіпті «герменевтикалық» төңкерістер деген терминдермен айқындалатын теориялық мәдениет қалыптасады. Анналдардың тарихнамалық үлгісінің үстем дәуірінің аяқталуы дюркгеймдік сипаттағы объективизмнен қаша отырып, өз бойына әлеуметтік ғылымдардың жетістіктерін сіңіруге ұмтылатын жаңа тарихнамалық рекомпозициялар мен парадигмалардың бекітілуімен сипатталады. Тарих ғылымы мұрасын ғаламдық ревизиялаудың қазіргі дәуірінде әлеуметтік ғылымдармен жаңа альянсқа түсу өзекті, бірақ осы уақытқа дейін басым болып келген тарихтың философия- мен байланысы да өз мәртебесін жоғалтпайды. Қазіргі кезде тарихнамалық төңкерістің үшінші кезеңі жүзеге асып жатқан тәрізді. Оның өзіндік ерекшелігі тарихи-теориялық ой динамикасының ұлғая түсуімен және соның салдарындағы та- рихнамалық ахуалдағы бұлыңғырлықтың күшейе түсуімен сипат- талады. Орыс зерттеушісі Л.П. Репина әлеуметтік тарихтың мета- морфозасы мен танымдық бағдарлардың алмасуы барысында ірі табыстармен қатар, көңіл құлазытар тұстардың да болатынын ай- тады [249]. Бұрынғы тұғырлардың қирап, болашаққа тиесілі жаңа элементтердің орнықпай, үнемі өзгерісте болатын мұндай белгілер барлық төңкерістерге, оның ішінде әдіснамалық, тарихнамалық төңкерістерге де тән болып келеді. Мұндай жағдай тарих ғылымында өткен ғасырдың соңынан бері орын алып келеді. Ресейдегі тарихтың философиясы мен әдіснамалық мәселе- лерін зерттеудің томскілік орталығының зерттеушісі С.Г. Ким қазіргі заманғы тарихи ойдың жалпы дамуы ауқымындағы неміс тарих- шыларының теориялық-әдіснамалық ізденістерін мұқият зерттеудің нәтижесінде бағдарламалық үндеулердің тарихнамалық практикаға біртіндеп орын беруі барысында өткенді зерттеудің интегралды па- радигмасына қол жеткізудің бекерге шығып жатқанына көз жеткізеді: «Әлеуметтілікті жаһандық игеруге деген ұмтылыстарға қатысты скептицизмнің ұлғая түскенін аңғармай қалуға болмайды» [250, 192 б.]. Өзінің пайда болған кезінде қаншама шу туғызғанымен, бірде бір қазіргі теориялар бұған қол жеткізе алмай отыр. Жаңа тарихнамадағы постмодернизмнің келу тарихы мен тағдыры да осыны дәлелдеп тұр. Ол тарих ғылымында тұтастай кезеңді қамтығанымен, ғұмыры өте қысқа болды. Модернистердің айтуынша, атап айтқанда оның негізін қалаушылардың бірі Жак Дерриданың пікірінше, ешқандай өткен шақ жоқ, болашақ әлі келген жоқ, тек «бейсаналы осы шақ қана бар» [251, 149 б.]. Постмодерн тарихи танымның объективті негіздерін де, тарихи шынайылықтың өзін де өрескел теріске шығарғандықтан да тари- хи қауымдастықта тұрақтай алмады. Постмодернизм туралы пікірталастар американдық тарихна- мада, дәлірек айтқанда, «Американдық тарихи шолу» деп атала- тын ғылыми басылымда көтерілді. Д. Харланның «Интеллектуалды тарих және әдебиеттің қайта оралуы» деп аталатын мақаласында «постмодерндік әдеби сыншылдық тарихтың өзінің тұжырымдама- лық негіздері туралы көптеген қауіпті мәселелерді көтерді және мұны тарихшылар енді теріске шығара алмайды», деп жазды. Тарихи пәндердің түбегейлі жаңаруы постмодерндік идеялармен байланыстырылды және бүкіл тарихи баяндау мен интеллектуал- ды тарихтың дамуының күре тамырын постмодерн көрсетіп береді деген сенім болды. Алайда 1990-жылдардың өзінде-ақ американдық тарихнамада постмодернизмді сынау үлкен орын алады. Тіпті тарихты постмодерн- дік қатерден сақтау туралы да әңгімелер қозғалды. Өйткені «жаңа әдеби сыншылдықтың» тұжырымдаған зерттеушіден тыс өткен болмыстың шынайылығын теріске шығару тарихтың ғылымилыққа деген үмітін үзіп тастайды. Тарихи дискурс өзінің табиғаты жағынан көркемдік дискурспен теңгеріледі де, соның салдарынан тарихи ақиқат пен көркемдік қиял арасындағы шекара жойылып кетеді. Ғылыми пән ретіндегі тарихтың өмір сүруінің өзін теріске шығарған постмодернизмнің мұндай «шектен шығушылықтары» осының сал- дарынан оның әлеуметтік мақсат-міндеттерін де мойындамауға әкелетіндіктен тарихшылардың заңды қарсылығын туғызды. Постмодернизмге деген қатынас оның отаны француз гумани- таристикасында анағұрлым салмақты болды. 1987 жылдың өзінде П. Бурдье әлеуметтік болмысты сипаттаудағы объективтік және субъективтік антитезаны теріске шығарып, керісінше олардың байланысындағы құрылымдық сипатына баса назар аударады. Қазіргі француз тарихнамасының көрнекті өкілінің бірі Р. Шартьенің 1989 жылы жариялаған «Көзқарас ретіндегі әлем» мақаласының атауының өзі тарихи білімнің постмодернистік түсіндірмесін, оның субъективистік-релятивистік табиғатын айқындайды. «Өткенді конструкциялау» туралы постмодернистік қағида кейінгі тарихи әдебиетте біршама таралды. Бұл тарихтың объективті нақтылыққа емес, ол туралы мұқият ойластырылған субъективті көзқарастардың белгілі бір жүйесі ретіндегі тарих ғылымы туралы әсер қалдырады. Мұның бір жаңғырығын ре- сейлік авторлар И.М. Савельева мен А.В. Полетаевтың тарихи танымның теориясы мен тарихы жөніндегі белгілі еңбегінен кө- рінеді [252]. Олар өткен әлеуметтік нақтылықты тарихи танудың аналитикалық рационалистік тәсіліне интуитивті романтикалық тәсілін қарама-қарсы қойып, конструкция мен реконструкция ара- сына теңдік белгісін қояды. Сынның ұшына ілінгенімен, постмодернизмнің тарих ғылымына позитивті ықпал еткенін атап өту керек. Тіл мен дискурстың пост- модернистік тұжырымдамалары әлеуметтік тарих, мәдени және интеллектуалдық тарих сияқты субдисциплиналармен қатар, әлеу- меттанулық, гендерлік зерттеулерде кеңінен қабылданып, жалпы постмодернизмнің тарихи эпистемологияға деген қызығушылықтың күрт өсуіне әсер еткенін мойындау қажет. Мысалы, «жаңа тарихи ғылымның» келесі бір өкілі Л. Стоун тарихи болмыстың объективтілігін теріске шығару, тарих пен әдебиеттің, айғақ пен қиялдың арасын ажыратпау сынды постмодерндік «шектен шығушылықтарды» сынағанымен, тұтастай алғанда «лингвистикалық бетбұрыстың» та- рих ғылымына игі ықпал еткенін атап өтеді. Бұл абсолютті ақиқатқа ұмтылған кез келген қатаң априорлы кестеден және осыдан туындайтын тарихи үдеріспен оның құ- рамдас бөліктерін түсіндірудегі қатаң линиялық детерминизмнен бас тартуға әкелді. Осының салдарынан ой мен қиял еркіндігі, қазіргі ғылымның даярлаған кез келген зерттеушілік стратегиясы- на жүгіну, постмодерндік мәдениеттің, тарихи әдіснаманың көптіл- ділігі, тарихи танымның диалогиялық формаларының дамуы, өткенді сипаттаудың ерекше формасы ретіндегі тарихи дискурс ұғымын негіздеу, микротарихи зерттеулердің көбеюі орын алды. Мұндай құнарлы қойыртпақтың жиынтығынан тарихтың жаңа парадигмасының да өсіп шығуы ғажап емес. Постмодерндік терминология қазіргі ғылымның әдіснамалық арсеналына дендеп кірді. Жоғарыда аталған «лингвистикалық бетбұрыспен» қатар, «субъективтілікке бетбұрыс» постмодерннің тарихқа енгендігін аңғартады. Бүгінгі күні «субъективтілік» тарихи уақыт ағымындағы адам төңірегінде әлеуметтік-тарихи өткенді зерттеудің негізқұраушы әдіснамалық тәсілін сипаттайтын ең кең таралған ұғымдардың бірі болып табылады. Бірақ бұл тарихи үдерістің объективтік негіздерін теріске шығаратын абсолюттік су- бъективтілік болмауы тиіс. Қазіргі заманғы тарихнамалық ахуалдың тағы бір белгісін мексикандық тарихшы К.А. Аггире Рохас көрсетіп береді және оған «тарихнамалық және мәдени жаңашылдықтардың пайда бо- луындағы полицентризм» деген анықтама береді. Егер, – дейді ол, – 1900 жылы немістілді тарихнама, 1950 жылы француз тілді та- рихнама үстемдік етсе, онда 1990 жылы немесе 2000 жылы қандай тарихнама жетекшілікке ие болады деген сұраққа ешқандай деп жауап беруге тура келеді. Өйткені 1990 немесе 2001 жылы енді ешқандай тарихнамалық гегемония болмайды, итальяндық микро- тарих та, «Анналдардың» төртінші буыны да, британдық әлеуметтік тарих та, «әлемдік жүйелік талдаудың» сыни келешегі де, ресейлік антропология да, латынамерикандық аймақтық тарих та немесе немістің «жаңа әлеуметтік тарихы» да үстем емес, әрқайсысы өз бетінше маңызды» [253, 28 б.]. Тарихи таным назары құрылымдардан, әсіресе экономикалық құрылымнан уақыт ағымындағы адамның ішкі әлеміне, оның әлеуметтік байланыстарындағы, ойлары мен сезімдеріндегі күнде- лікті әрекетін зерттеуге, адами тұлғаны түсінуге ауысты. Ю.М. Лотман мұны, басқаша айтқанда, күрделі психологиялық және ин- теллектуалдық құрылым деп атайды және бұл сана мен әрекеттің дәуірлік, таптық, топтық және индивидуалды-дара үлгілерінің қиы- лысуы барысында жүзеге асып, соның нәтижесінде кез келген та- рихи және әлеуметтік үдерістер өздерін адам арқылы іске асы- рады [254, 230 б.]. Бұл «антропологиялық бетбұрыс» пәнаралық (әдіснамалық) синтез мәселесін өзектілендіріп, оның тарихнамалық практика саласына енуіне ықпал етті. Бұл синтездің бастапқы кезеңінде тарих ғылымының күні батқаны туралы да әңгімелер қозғалды. Алайда бұл тарихтағы әдіснамалық синтез мәселелерін дұрыс түсінбеуден туындап еді. Мәселе тарихшылардың өз кәсіби дербестігін сақтай отырып, өздерінің зерттеушілік практикасына көмегін тигізетін әлеуметтік теорияларды таңдауында болып отыр. Олар нақты зерттеушілік міндеттерді шешу үшін әртүрлі әлеуметтік теорияларға жүгініп, оларды тиімді пайдалануға тырысады. Тарихтың өз зерттеушілік міндеттерін шешу барысында өзіндік әдіснамаға сүйенетін дербес ғылыми пән екені рас, бірақ бұл міндеттерді шешудің тиімділігі басқа пәндермен ынтымақтасуға, олардың әдіснамалық құралдарын қолдануға байланысты болып келеді. Тарихтың зерттеу аймағы қарқынды кеңейген сайын, оның тек әлеуметтік қана емес, басқа да пәндермен ынтымақтастығы да кеңіп, әр алуан бола түседі. Тарихи зерттеулердің қарқыны артқан сайын жаңа гуманитар- лық пәндер де кеңейе түсті. Мысалы, Батыста әлеуметтанудың дамуы барысында АҚШ-та теориялық тарих қалыптасты. Бұл пәннің анықтамасын осы саладағы көрнекті маман Н.С.Розов береді: «теориялық тарих өзінің кең мағынасында әлеуметтік және тарихи ғылымдарды – тарихи әлеуметтану, тарихи психология, макроәлеуметтану, әлемдік жүйелік талдау, әлеуметтік мәдениет- тану және басқаларын білдіреді, ал тар мағынасында бір мезетте екеуіне де тиесілі ғылымдардың бірі болып табылады» [255, 41 б.]. Теориялық тарихты қалыптастыру дәстүрлі, эмпирикалық тарихтың (әлеуметтанулық, экономикалық, демографиялық тал- дау әдістерімен байытылса да) айғақтық материалдары негізінде әрқилы әлеуметтік ғылымдардың теориялары мен түсіндірмелік әдістерін пайдаланатын тарих пен әлеуметтанудың арасындағы пәнаралық синтезге кең мүмкіндіктер ашады. Бұдан өзінің на- зарын тарихи диахронияға түсіріп, сонымен бірге өз жаратылы- сы жағынан интегративті болатын теориялық тарихтың пәндік ерекшелігі келіп шығады. Осылайша ол әлеуметтік өмірдің барлық қырларын зерттейтін мейлінше әр алуан пәндерге жүгіне алатын- дай тарихи танымда тиімді пайдаланылатын пәнаралық сипатқа ие болады. Мұндай сипат тарихшыны тарих философиясымен жақындас- тырады. Бұл тұрғыдан алғанда теориялық тарих дәстүрлі эмпири- калық тарих пен тарих философиясының арасын байланыстыру- шы буын болып табылады немесе оны эмпирикалық тарихтың миы деп бағалауға болады. Бүгінгідей тарихнамалық төңкеріс зама- нында теориялық білім қазіргі тарихнамалық практиканың қажетті компонентін құрайды. Оның үстіне, тарихтағы әдіснамалық синтез мәселесінің өзі теориялық мәселе болып табылады. Тарихшылардың өз ғылымының теориялық мәселелеріне де- ген қызығушылығының өсуін өткен ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдардағы ғаламдық (жаhандық) тарих деп аталатын жаңа ба- ғыттың пайда болуы да дәлелдейді. Тарихи ойдың дамуындағы бұл феномен Тарихи ғылымдардың XIX Халықаралық конгресінде (Осло, 2000 жыл) кеңінен талқыланды. Бұл да болса тарихнамалық төңкеріске тән үрдісті, тарих ғылымында жүзеге асып жатқан интегративті үдерісті аңғартса керек. Ғаламдық тарих мәселелеріне өркениеттердің қазіргі теория- лары да мағыналық жағынан жақын келеді. Бұл теориялар да тарих ғылымындағы сияқты тарихи рухани өзіндік пен өзгелік, жалпылық пен жалқылық, жалпыәлемдік тарихи даму мен тарихи үдерістің локальды нұсқасы, микротарих пен макротарих сияқты үлгілерді біріктіруге ұқсас болып келеді. Осылайша, тарих ғылымының біртұ- тас тәнін бөліп қарастыратын бұрынғы оппозициялар шешіліп қа-на қоймай, оның тұтастығын әрқилы бағыттар мен әдіснамалық тәсілдерді (классикалық, постмодернистік, синергетикалық және т.б.) ин- теграциялау жолымен қайта қалпына келтірудің бағдарламалары да бой көрсетуде. Осылайша, әдіснамалық синтез мәселесі қазіргі тарихи ойдың негізгі үрдістерінің бірі болып табылады. Тарих ғылымы қоғамның рухани интенцияларын білдірген- діктен, оның ғылым алдындағы да, қоғам алдындағы да жауап- кершілігін естен шығармау керек. Бір уақыттарда Френсис Фу- куяманың «тарихтың ақыры» мен Самюэль Хантингтонның «Өркениеттер қақтығысының» сәнге айналғаны бар. Ол ойды жоғарыда аты аталған мексикандық тарихшы К.А. Агирре Рохас былай деп түйіндейді: «адамзат тарихи бифуркация нүктесінен өтеді және тек тарихнаманың немесе тіпті мәдениеттің ғана емес, жаhандық ауқымдағы бүкіл адамзаттың өмір сүруінің мүлдем басқа тәсілдеріне әкелетіндей өзгерістердің алдында тұр» [253, 29 б.]. Қазіргі тарихи ойдағы тағы бір үрдіс тарихи мәдениеттану саласының қарқынды дамуы болып табылады. 2002 жылы көрнекті неміс тарихшысы Йорн Рюсеннің редакторлығымен «Батыстық тари- хи ойлау. Кроссмәдениеттік пікірсайыстар» деп аталатын іргелі еңбек шықты. Ол 2002 жылдан бастап Й. Рюсен мен Кристиан Геленнің жалпы редакциясымен «Тарихқа мән берейік. Тарихи мәдениет пен мәдениетаралық коммуникациядағы зерттеулер» деп аталған басы- лымдар сериясының бірінші бөлігі. Одан басқа Хейдрун Фризенің редакциясымен «Бірегейлік: уақыт, айырмашылығы, шекаралары», Юрген Страубтың редакциясымен «Наррация, бірегейлік және тари- хи сана», Й. Рюсен мен Клаус Мюллердің редакциясымен «Тарихтың мәні» жұмыстары жарыққа шықты. Й. Рюсеннің пікірінше, XXI ғасырдың басында тарихтың ақыры жарияланғанымен, тарихтың өзегін құрайтын көптеген зерттеу- лер пайда болды: тарихтың мәдениеттанулық, әлеуметтік, саяси тұжырымдамалары, «өткеннің нарративтерінің» жорамалдары, тарихтың психологиялық құрылымын қалпына келтіру және т.б. Нәтижесінде жарияланған тарихтың ақырының өзі өзекті «тарихи феноменге» айналып, тарихты зерттеудің мәселелері тіпті бұқаралық мәдениет саласына дейін еніп кетті. Бұл парадокс, Рюсеннің ойынша, тарихи зерттеудің пәнаралық және кроссмәдениеттік өрісін қалыптастыру міндетін алға тартатын тарихтың жаңа тео- риясын қалыптастыруды талап етеді. Тарихтың ақыры емес, та- рихи теорияның дағдарысы орын алды. Он тоғызыншы ғасырдың нарративті стратегияларын деконструкциялаумен сипатталатын «тарихты сыни зерттеу» бұл тарихи теорияны қалыптастыра ба- стады. Бірақ, дейді Рюсен, тарихтың іргелі теориясының негізін әрқилы мәдени контекстердегі тарихи жадыны зерттеу ескерілмей қалды. Тарихшылар тарихтың мейлінше жалпы теориялары мен та- рихты талдаудың барынша нақты тәсілдері адамдардың күнделікті өмірі мен мәдениетке терең тамырлап кеткенін түсінбегенше, олар тарихтың кез келген мәдениеттанулық формаларын зерттеудің қызық емес нысандары деп қарастыруын жалғастыра береді. «Тарихқа мән берейік» кітабының сериясы «жаhандық тарихи жады» феноменінің компаративистік, пәнаралық және кроссмәдени түсінігінің келешегін айқындау үшін тарихи теория мен нақты тари- хи зерттеуді біріктіруге ұмтылады. Нәтижесінде ғылыми айналымға мәдениеттанулық зерттеулердің ерекше формасы енгізіледі жә- не онда «мәдениет» термині саяси, экономикалық және басқа да қосындылардан арылып, «мәдени айырмашылық» мәселесі кроссмәдени коммуникация үшін нақты мүмкіндіктер туғызатын кең тарихи перспективада қарастырылатын болады. Осылайша, пәнаралық зерттеулердің – «тарихи мәдениеттанудың» немесе «тарихи мәдениеттердің» жаңа өрісі пайда болады. Ондағы ең басты мәселелердің бірі – бірегейлік (идентичность) мәселесі. Бі- регейліктің әр алуан формаларының қалыптасуы мәселесін зерт- теу – серияның негізгі тақырыптарының бірі, бірақ мәселе басым көпшілігінде ұжымдық мәдени бірегейлік пен оның халықтардың тарихи трансформациясымен өзара байланысы туралы болады. Рюсеннің пікірінше, тарихи жады мен тарихи сана өте маңызды мәдениеттанулық функцияны жүзеге асырады – олар өткен шақ, осы шақ пен болашақ арасында байланысты бекіте отырып, темпораль- ды келешектегі бірегейлікті қалыптастырады. Бұл мағынадан алған- да тарихи ойлау кроссмәдени бағдардың құралына айналады. Дегенмен, тарихи сананың ең жоғарғы деңгейін білдіретін та- рих ғылымының қазіргі жағдайына біржақты кесімді баға беру де қиын. Жалғыз панацеямен ғылымда қордаланып қалған барлық мәселені шешіп тастау мүмкін емес. Мұны үлкен үміт күтілген бір жаңашылдықтан кейін көп ұзамай-ақ одан күдер де үзілетін өткен жүзжылдықтың тарихнамалық тәжірибесінен байқауға болады. Мысалы үшін, тарихи үдерістің экономикалық қырын зерт- теу өткен ғасырдың басында жетекші орында болғаны белгілі. Әлеуметтік-экономикалық тақырып тарихтың маркстік парадигма- сы үстемдік еткен кеңестік тарихта да, өзге ұлттық тарихнамалар- да да (мысалы АҚШ-та, Дж. Робинс, Ф.Д. Тернер және, әсіресе, Ч. Бирд) және жоғарыда сөз болған Ф. Бродельдің «жаһандық та- рихында» да зерттеулердің өзегін құрады. Тарих ғылымының жапсарлас ғылымдарға (экономика, социология, география, психология және т.б.) жүгінуі де ірі ауқымды ма- кротарихи құрылымдардан бастап осы «жаһандық тарихқа» деген қажеттілікпен сипатталып, әр алуан экономикалық теориялардың маңыздылығына әкелді. Бұл теорияларды тиімді пайдаланудың нәтижесі «жаңа ғылыми тарих» бағытының қалыптасуына әкелді. Бірақ, оның дәурені де ұзаққа бармады, тарихнамалық төң- керістің желі басқа жақтан тұрып, тарихтың сциентизациясы тоқырап қалды. Оның белгісін жаңа «Анналдардың» атауынан оның экономикалық құрамдасының түсіп қалғанынан көруге бо- лады. Тарихи танымның доминанты құрылымдарды, әсіресе экономикалық құрылымдарды зерттеуден адами тұлғаны зерт- теуге қарай бұрылды. Зерттеушілік стратегиялар адамдардың көңіл-күйіне, ақыл-ойына, бейсаналы әрекеттеріне қарай өзгерді дегенмен, оған әсер ететін объективті жағдайларды, әлеуметтік- экономикалық құрылымдарды да теріске шығаруға болмайды. Яғни субъективтілікке бет бұру тарих ғылымы дамуының трансфор- мациясындағы соңғы сөз емес. Біздің пікірімізше, өткенді зерт- теуде таразының екі басын да теңестіретіндей салмақты тәсіл, объективті және субъективті бастауларының бірлігіндегі тарихты тұтастай пайымдауға ұмтылған дұрыс. Қазіргі тарихнамалық ой дамуының тәжірибесінің өзі сән қуудың, сенсация жасап, ұпай жинаудың, табыс табудың, өткенді жекешелендірудің дұрыс еместігін алға тартады. Тарих ғылымындағы трансформациялық үдерістер үдемелі болған сайын, оның теориялық-әдіснамалық негіздері тұрақсыз бола түседі, тарихтың бейнесін қалыптастырудағы басымдылықтар тез құбылады. Осыдан тарих ғылымының бұлыңғыр болашағын, апокалипсистік келешегін тудыратын әдіснамалық хаос әсері қалыптасады. Бұл бей-берекет ретсіздікті пайдаланып, біздің ғылыми және қоғамдық өмірімізде тарихи көсемсөзден (публи- цистикадан) айқын аңғарылатын folk-history деп аталатын кейбір үрдістер орын алады. Оның мысалын Ресейдегі академик А.Т. Фоменко мен оның ізбасарларының көптиражды басылымдары- нан, біздің еліміздегі «балама» тарихтардан байқауға болады. Тарихтың осылайша коммерциялануының тарихи білім үшін және, ең алдымен, қоғамның ғылыми тарихи санасын қалыптас- тыру үшін қауіпті екенін ескеру қажет. Ғылыми және әлеуметтік маңызы бар бұл пәнді шоу-бизнеске айналдыру немесе оны қан- дай да бір конъюнктураға – саяси немесе нарықтық, әсіре ұлт- шылдық конъюнктураға айналдыру тарих ғылымына тән эписте- мологиялық оптимизмге кереғар келеді. Мұндай үрдістерден қазақстандық қоғам мен ғылым да тыс  қалып отырған жоқ. Ұлттық және тарихи өзіндік сананың жаппай оянуының аясында біздің еліміздің тарих және гуманитарлық ғылымдарында жағымды да, жағымсыз да құбылыстар орын алды. Жекелеген нақты тарихи айғақтарды жалпылама объективті түйіндеу үшін де терең теориялық пайым мен ғылыми салмақ- тылық керек. Әрбір ұлт пен ұлыстың тарихы мен мәдениетін, тари- хи тұлғаларының өмір жолын зерделеуде бүкіладамзаттық мета- тарихтың мән-мағынасын түсіне білген жөн. Әрқилы қалыптасқан халықтардың мәдени қалыптасуы мен дамуы жалпы адами даму- дың белгілі бір көрінісі болып табылады. «Өлеңге әркімнің де бар таласы» демекші, тарихқа талас бүгін- гі күннің келбетін беріп тұрғандай. Тарихқа барлық басқа әлеуметтік ғылымдар өз үндерін қосуда, сондай-ақ жоғарыда айтылғандай, қазақстандық тарих та «өз шекпенінен» тысқа шығуда. Тәуелсіздік жылдары тарихтың баламалылығы тақырыбына деген қызығушы- лық күрт өсті. Бұл тақырып тарих ғылымында да, публицистикада да кең танымал болды, әр алуан «дөңгелек үстелдер» де өтті және бұл әлі жалғасуда. Олар тарихи өзіндік сананың жаңғыруына да оң ықпал етті. Алайда мұның жағымсыз жақтары да бар. Соңғы кездері бұқаралық ақпарат құралдарында Шыңғысхан- ның қазақ немесе қазақ емес, данышпан билеуші немесе қанішер қолбасшы екендігі туралы талас-тартыс толастар емес. Халқының қамы үшін Жәңгір-хан ағартушылық жолын қаласа, Исатай мен Махамбет қарулы көтерілісті қалады, төре тұқымдарының бірі патшалық Ресейге қызмет ете жүріп, елдің қамын ойласа, екіншісі мүмкіндігі жоққа жақын ел еркіндігі қарулы күрес жолында құрбан болды. Кеңес өкіметі тұсында да жоғары лауазымдарды иеленіп жүріп, ұлт мүддесін шешкендер де болды, тәуелсіздік үшін ашық күрескен диссиденттер де болды. Сонда қалай болғаны, Кенесары- ны ұлықтап, міндетті түрде Шоқанды жамандау, немесе Шорманды даттап, Жаяу Мұсаны мақтау, немесе Алаштықтарды жақтап, Амангелдіні даттау, Ә. Бөкейханды мақтап, М. Шоқайды сынау, С. Сәдуақасовты мақтап, С. Қожановты мінеу керек пе еді? Бұдан кім не ұтады? Бұл біздің халқымыздың қанына сіңген қасиет пе еді? Әдетте әруақтар туралы жақсы сөз айтып, не болмаса үндемеуші еді ғой. Әрине, тарихтан тағылым алу үшін айтылуы тиіс нәрселердің айтылуы да қажет. Бірақ адам періште емес, пенде болғандықтан, тырнақ астынан кір іздеудің қажеттілігі шамалы. Тарихи тұлғалардың барлығы бірдей діни тұлға емес. Кейде ұлтжандылықтың мәні осы екен деп, бәрін ұмытып, этнонарциссизмнің, яғни өз-өзіне ғашықтықтың шектен шыққан үлгілерін де көрсетіп жатамыз. Ұлтжандылық жақсы әрине, бірақ шектен шыққан этноцентризмнің астарынан эгоцентризмді аңғару да қиын емес. Қазіргі тарихнамадағы тағы бір үрдіс – бұрынғы тарих ғылы- мының жетістіктерін, оның ішінде кеңестік тарихи ғылымды түге- лімен теріске шығару. Ескеретін бір жәйт, тарихи танымның бүгінгі әдіснамалық төңкерісінің дәстүрлі тарихнама идеяларымен та- рихи сабақтастығы туралы әңгіме батысеуропалық елдерде ба- сталып та кетті. Өткен тарих ғылымы мен оның қазіргі жағдайы және болашағы арасындағы тарихнамалық консенсустың үлгі- лерін бүгіндері көруге болады. Мысалы, батыстық тарихнама корифейлерінің бірі Г. Иггерс «ХХ ғасырдағы тарих ғылымы» еңбегінде «жаңашылдар» («Анналдар» мектебінің, американдық әлеуметтік тарих, «күнделікті» тарих, микротарих және т.б.) мен «дәстүршілдер» (позитивистер, марксшілдер, идеалистік историзм өкілдері) арасындағы пікірталасты мұқият қарастырып, түптеп келгенде, «тарихтың мағынасы бар екендігі» (ескі историосо- фия оның жалғыз екендігін айтса, ал жаңасы оның көп екендігін ғана айтты), «тарих ғылымының ақыры» (алғашқылары тарих ғылымында жалғыз зерттеушілік парадигманың болуын талап етсе, соңғылары оның көп болуы қажет деп есептейді), «тарихтың прогрессивті барысы» (біріншілері «ақылды» мақсатты, екіншілері «гуманды» мақсатты алға тартады) туралы тарихи эпистемоло- гия мен историософияның үш негізгі іргелі мәселелері бойынша түбегейлі алшақтық орын алған жоқ. Екінші бір мысал, неміс және чех тарихшыларының «ХХ жүзжылдықтағы тарихи сипаттау» деп аталатын іргелі кешенді зерттеуінде өткен ғасырдағы бірін бірі теріске шығаратындай көрі- нетін тарихи-теориялық тұжырымдамалар мен тарихнамалық практикалардың барлық шоғырынан біріктіруші бастауды анықтауға ұмтылыс көрінеді. Тіпті марксизмнің монополиясы үстемдік еткен шығысеуропалық тарих ғылымының өзінде бүгінгі әдіснамалық плюрализмнің құнарлы топырағы болды. Олар түгілі, біздің елімізде де «азиаттық өндіріс тәсілі» туралы, «дәстүрлі қазақ қоғамында жерге жеке меншік болды ма, қоғамдық меншік болды ма?» деген пікірталастардың болғандығын ешкім де теріске шығара қоймас. Тарихтағы, тарих ғылымы мен әдіснамасындағы баламалы- лық мәселесінің де кеңестік ғылымнан, дәлірек айтқанда, 1960-шы жылдардың соңындағы жаңа бағыт деп аталатын тарихшылардың (М.Я.Гефтер, П.В.Волобуев, И.Ф.Гиндин, К.Н.Тарновский, А.М.Аверх, М. Анфимов және басқалары) жұмыстарынан басталатынын айта кету керек. Тарихи дамудың баламалылығын олар әлеуметтік- экономикалық құрылыстың көпқырлылығымен және қоғамдық қозғалыстардың стихиялылығымен байланыстырды. Баламалылық мәселесін марксизмнің әдіснамалық базасын- да А. Я. Гуревич, Б. Г. Могильницкий, М. А. Барг, И. Д. Ковальченко, Е.М. Жуков, П.В.Волобуев сынды зерттеушілер одан ары жалғас- тырды. Бұл кеңестік авторлардың баламалылық туралы идеяла- ры марксизм классиктерінің пікірлерінің төңірегінде болғаны да даусыз. Кеңес дәуіріндегі тарих ғылымының дамуындағы басты кемшілік – бұл, әдіснамалық базаның шектеулілігі болды, бірақ осыған қарамастан бұл кезеңдегі кейбір теориялық құрылғылар кейінірек белгілі бір дискурсивті коррекциядан кейін қазіргі тарих ғылымына кірігіп кетті. КСРО өмір сүруінің соңғы жылдары, қайта құру жылдары тарихтың баламалылығы тақырыбына деген қызығушылық күрт өсті. Бұл тақырып тарих ғылымында да, публицистикада да кең танымал болды, әр алуан «дөңгелек үстелдер» де өтті. Бұл құбылысты көбіне мемлекет тарапынан идеологиялық бақылаудың әлсіреуімен және жаңа идеологиялық сұраныстарға орай тарихты «көшіріп жазумен» түсіндірілді. Алайда, тарихтың әдіснамасымен айналысатын жетекші тарихшылар инерттілігін сақтап, марксизмнің шеңберінен бірден шыға алмады. Тарихтың баламалылығына деген ерек- ше қызығушылық тың шешуші факторы сол кездегі қоғамның жолайрықта, тарихтың бетбұрыста тұрғандығымен түсіндіріледі. Мұндай жағдайда баламалылық мәселесінің өз-өзінен өзекті бо- латыны да түсінікті. Осы шақтың ахуалының тарихи қайнар көздері мен тарихи сабақтарын іздестіруде тарихи сана өткен шақтың осыған ұқсас құбылыстарына бүйрегі бұрып жүгінетін болды. «Тарих дегеніміз өткенге төңкерілген саясат» деген М.Н. Покровскийдің тезисі саяси және тарихнамалық төңкерістерге қарамастан өзінің көкейтестілігін сақтап отыр. Тарихи дәлелдер «өткен шақ үшін күрестегі» тағы бір қаруға айналды. Әлі есіктен кірмеген, бірақ мүмкін болар тарих та қазіргі заман насихатының ақпараттық соғысындағы «шайқас алаңына» айналды. Қайта құру заманындағы жариялылық кеңестік режимді сөгіп төпелеу мақсатындағы ауқымды ақпараттық соғыс болса, тарихтың баламалылығы осы соғыстағы басты қарудың бірі болды. Ол кездегі лейтмотивтің қарапайым түрін былай сипаттауға болады: «егер коммунистер билік басына келіп, ойындағын іске асырмағанда, біз қазір анағұрлым жақсы тұрар едік». Бұл көңіл- күй қоғамдық пікірде де, кәсіби тарихшылардың дәлелдерінде де болды. Бұл да болса осы мәселе төңірегінде әдіснамалық рефлексияның дамымағандығын көрсетсе керек. Посткеңестік кезеңде тарихшыларға кеңестік ғылымдағыдай тарихи дамуда баламалылықтың болатынын дәлелдеудің қажеттілігі болмай қалды. Бірақ есесіне бүкіл отандық тарихты бағзы заман- дардан бүгінгі күнге дейін баламалылық тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік туды. Қазіргі уақытта тарихтағы баламалылықты зерттеудің кеңестік кезеңде қалыптасқан тәсілдерінің көпшілігі қолданылады, бірақ идеологиялық құрсаудан ада дискурсивті тұрғыда модерндел- ген күйінде пайдаланылады. Мысалы үшін, егер кеңестік тарихна- мада тарихи баламаларды зерттеудің функцияларының бірі нақты- тарихи және әлеуметтанулық заңдылықтардың арақатынасын тал- дау болса, ал қазіргі тарихнамада бұл арақатынасты оқиғалар тари- хын құрылымдардың тарихымен шектесуі айқындайды [256, 70 б.]. Мұның тағы бір мысалы, баламалылық тақырыбын ашу дәстүрін түбегейлі өзгерте қоймаған тарихшы тілінің модернизацияға ұшырауы: ресейлік әлеуметтанушы және тарихшы А.С. Ахиезер та- рихи баламалылықты талдауда «инверсия», «медиация», «партици- пация», «бөлініп қалу» ұғымдарын енгізеді. Ал дәстүрлі түсініктерде бұл жаңа терминдер консерватизм мен модернизмнің, авторита- ризм мен либерализмнің, коллективизм мен индивидуализмнің өзара әрекеттерін түсіндіруге толығымен қабілетті. Баламалылық мәселесін пайымдаудың тарихи сана болмысының жаңа деңгейіне шыққандығын айғақтайтын тағы бір нәрсе – ол баламалылық тақырыбы мен ұғымдарының біздің еліміздегі тарих және қоғамдық пәндердің оқулықтары мен әдістемелік құралдарына енуі. Қазіргі уақытта тарихшылар қауымдастығы баламалылық феноменін мойындады, бірақ әр алуан, бірақ кейде бірін-бірі толықтыратын, кейде бір біріне қайшы келетін бағыттарға бөлініп, мәселені зерттеудің теориялық және әдістемелік қырлары әрқилы ұғынылады. Сондай-ақ тарихтағы баламалылық мәселелерінің теориялық қырларына деген қызығушылықтың өсуі тарихпен жап- сарлас мамандықтар (философия, әлеуметтану, мәдениеттану және т.б.) тарапынан байқалып, ал кәсіби тарихшылар тарапынан қызығушылықтың бәсеңдегенін аңғаруға болады. Посткеңестік кеңістікте бірнеше тәсілдерді атап өтуге болады: мәдениеттанулық тәсіл (көрнекті өкілі Ю.М. Лотман); историософиялық тәсіл (М.С. Тартаковский, В.Л. Цымбурский, И.В. Бестужев-Лада, Г.С. По- меранц, С.А. Экштут және т.б.); әлеуметтанулық тәсіл (А.С. Ахие- зер, А.В. Коротаев, А.А. Родин және т.б.); синергетикалық тәсіл (Я.Г. Шемякин, М.А. Чешков, Л.И. Бородкин және т.б.) Аталмыш мәселенің бай тарихы болғанымен, ғылыми тал- даудың жаңа бағыты біздің елімізде де, шетелде де әлі толық қалыптаспағанын айта кету керек. «Дамудың баламалылығы», «көпөрістілік», «тарихтың көпнұсқалылығы», «альтернавистика», «ретроальтернативистика», «ретропрогностика», «тылсымдық (виртуалды) тарих», «қалыптаспаған тарих», «контрайғақтық үлгі- леу» сынды ұғымдар пайдаланылады. «Тарихи ықтималдық», «тарихи мүмкіндік», «тарихи кездейсоқтық», «таңдау еркіндігі» сияқты түсініктер барлық жерде қолданылады, бірақ теориялық тұрғыда жеткіліксіз пайымдалып, әдістемелік тұрғыда толық игерілмейді. Яғни мәселенің маңыздылығымен қатар, күрделілігі себепті де оның әдіснамалық шешімі әлі толық табылған жоқ. Дегенмен, XXI ғасыр басындағы тарихи ой дамуының басты  әрі аса маңызды үрдістерінің бірі тарихтың әлеуметтік белсенділігін, тарихи сананы тәрбиелеуден бастап мемлекеттік саясаттың ғылыми негіздерін қалыптастыруға дейінгі қоғамдық-саяси өмірге оның қуатты әрі жан-жақты ықпалын арттыру қажеттілігін сезіну болып табылады. Ал, мұндай ықпалдың тиімділігінің ең маңызды алғышарты тарих философиясының өз ғылыми мәртебесін нық бекітуі мен оны қоғамның мойындауы болып саналады. 

Тәуелсіз Қазақстандағы тарихи сана және жаңару мен жаhандану үдерістерінің әсері

Кеңестік дәуірде «тоталитарлық тарихи сана» үстем болғаны белгілі. Тарихи сананың мазмұнын құрайтын негізгі конституенттер, яғни тарихи сезімдер, тарихи таным мен тарихи білім бұл кезеңде саяси идеялар мен мемлекеттік идеологияның тікелей ықпалында болды. Тарихи сананың басты функциясы тоталитарлық мемлекет- тің саяси мақсаттарын ақтау болды. Тоталитарлық тарихи сана да тарихи болмысты қабылдаудың ерекше бір типі болатын. Бұл типке тарихтың прогрессивті барысының қайтымсыздығына деген сеніммен, әсіресе «бақытты болашақ» деп түсіндірілетін коммунис- тік қоғамның келешегіне үмітпен сипатталатын мессиандық идея тән еді. Бұл тарихи сананың бұқаралық деңгейінде утопиялылықтың басымдылығын бекітті. Бәрі де «жарқын болашақпен» сипаттала- тын қияли арман-аңсардың жетегінде болды. Алайда, тоталитарлық тарихи сана өмірдің барлық қырын түсіндіріп беруге дәмелі болған әмбебап марксшіл-лениншіл дү- ниетанымның ықпалымен өткеннің тарихи тәжірибесін теріске шығарды. Осының салдарынан әлеуметтік тарихи дамудағы са- бақтастық бұзылды. Тарихи мәдени тәжірибе үдерісіндегі ескі мен жаңа арасындағы объективті қажетті байланысты білдіретін сабақ- тастықтың үзілуі ескінің, яғни тарихи қалыптасқан қоғам үшін пай- далы ұрпақтан ұрпаққа беріліп және белгілі бір уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы – дәстүрдің тамырына балта шабылуы есебінен жүзеге асты. Бұл үрдістің тауар, ақша, пайда құндылықтарын алдыңғы орынға шығарған батыстық қоғамдарда да қарқынды жүргенін ескеру қажет. Дәстүр мен қазіргі заман арақатынасы ХХ ғасырдың 70-жылдары көптеген зерттеулердің нысанына айналды. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейін отаршылдық жүйенің күйреп, саяси дербестіктеріне ие болған дамушы елдердің дәстүрлі құндылықтарының батыстық либералды құндылықтармен қайшылыққа келуімен де байланысты болса керек. Капиталистік типтегі жаhандық модерндеу (жаңарту) үдерісінің әлемге таралуымен, онымен функционалды байланыста болған прагматикалық ғылым, әсіресе позитивті әлеуметтанудың бағыттары өткенге көз жұма қарады. Кеңестік қоғамда үстемдік еткен маркстік бағыттағы әлеуметтану болса, коммунистік жаңа формацияны қалыптастыру барысында дәстүр – ескішілдік, артта қалушылық, жетілмегендік рудименттері деп саналғандықтан, ол – жойылуы тиіс деп түсіндірді. Қалың бұқараның қалыпты өмірі мен әлеуметтік дамудың алғышартын қамтамасыз ететін дәстүр, осы- лайша, надандық пен анайылыққа теңгерілді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі қазақстандық қоғамды модерндеу барысында туындаған қайшылықты үдерістерден, Г. Шалабаеваның пікірінше, мынадай тұжырымдар жасауға болады: «бүгінгі күні қоғамды жаңарту үшін жаңа технологиялар мен жаңа саяси және әлеуметтік құрылымдар қалыптастырумен салыстырғанда, рухани факторлардың маңызы бір де кем емес; қазіргі модернизация – ішкі де сыртқы да, төлтума да, кірме де факторлар өзара әрекетке түсетін қоғам өзгеруінің күрделі әрі қайшылықты тәсілі; модерндік өзгерістердің нәтижесінде қазақстандық әлеумет үшін мәдениетті өндірудің, таратудың және сақтаудың жаңа типі пайда болады» [257, 139 б.]. Кеңестік кезеңде тарихи уақиғалар формация, тап, құрылыс сияқты мейлінше жалпы және абстрактылы категориялар арқылы түсіндірілді де, тарих тұрлаусызданып, өзінің индивидуалды белгіле- рінен айрылды. Бәрінен бұрын, адамдардың көңіл-күйі, ойлау қырты- сымен, яғни менталитет деген жалпы терминмен атауға болатын нәрселермен түсіндірілетін адамдардың шынайы болмысының қыр- тысы, яғни рухани қырының, рухани мәдениеттің зор зардап шеккенін айта кету керек. Қазақтың кәсіби философиясының өте көрнекті өкілдерінің бірі Ағын Қасымжанов халқымыздың өзіндік санасының тарихына қатысты қазіргі аянышты жағдайының себептерін былай- ша түсіндіреді: «Қазақтардың рухани мәдениетінің тарихын түсіну және жаңғырту жұмысындағы жағдайды сипаттайтын мәселелердің біріншісі оқыту мен білім беру үдерісі үшін іргетасты құрайтын та- рихи зерттеулердің жалпы бағдарымен байланысты, ал ол, дәлірек айтқанда, жоқ болып отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерін есепке алмағанда, қазақтардың рухани тарихының ғана емес, қазақ тарихының жалпы мәселелері де оқу-білім беру пәндерінің жалпы тізіміне кірмей қалды. Басқа көп нәрселер туралы айтылды (бұл керек те), көне Рим мен ортағасырлық Еуропа туралы, Бабыл мен Жаңа дүниені отарлау туралы көп айтылады, ал өзімізге жақын төңірек туралы, өлкенің тарихы мен халқымыздың өзіндік са- насы туралы мүлдем ештеңе айтылмайды. Үшіншіден, жалпы алғанда тарихшылардың, жекелей алғанда мәдениет тарихшыларының күш-жігері «тарих дегеніміз өткенге қарай төңкерілген саясат» ұстынымен бағдарланды, яғни оларды тарихты ыңғайға қарай бұрмалап пайымдауға, партияның негізгі бағытындағы «тербелістерге» сәйкес «тарихты қайта көшіріп жа- зуға» бағдарлады. Адамдардағы айғаққа деген, жауапкершілікті жұ- мысқа деген, дербес ойлауға деген талғамды өшіріп тастады, оның есесіне «сізге не жағымды» ұстынына сәйкес жағымпаздықты, субъективизмді қалыптастырды» [168, 5 б.]. Кеңестік империяның ыдырауынан кейін оның бұрынғы терри- ториясында тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Кеңестік тоталитарлық жүйенің ыдырауы, дүниежүзін екі саяси лагерьге бөлген екі жүйе теке-тіресінен кейінгі жаңалықтар лебі, қоғамдық өмір мен адам болмысындағы терең өзгерістер посттоталитарлық немесе посткеңестік тарихи санадағы құбылыстарға да өз ықпалын тигізді. Тәуелсіздік пен еркін дамуға деген ұмтылыс әрбір халыққа, ұлтқа, елге тән табиғи құбылысы. Мұны қазақ халқының отаршылдық пен тоталитаризмге қарсы шыққан үш жүзге жуық көтерілістерінің өзі дәлелдесе керек. 1991 жылы Қазақстан да өзге мемлекеттер- мен қатар, саяси тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі төменде- гідей саяси аса маңызды шаралармен айшықталған оның атри- бутикасынан айқын көрінеді: 1990 ж. 25-қазандағы Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы (елдің территория- сында республика Конституциясы мен заңдарының үстемдік етуі, республиканың жерге, жер қойнауындағы ресурстарға, халықтың мәдени-тарихи құндылықтары мен экономикалық, ғылыми-техни- калық потенциалға – жалпы ұлттық байлықтарға иелік етуі және халықаралық қатынастарда Қазақстанның дербес субъект ретінде қимылдау құқығы сияқты аса маңызды мемлекеттік-құқықтық нор- маларды бекітті); 1991 ж. 16-желтоқсандағы Қазақстан Республи- касының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң (Қазақстанды тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде бекітті); 1993 ж. 28-қаңтардағы және 1995 ж. 30-тамыздағы тәуелсіз Қазақстанның Конституциялары (ол бойынша Қазақстан – президенттік басқару формасындағы республика, унитарлық мемлекет); 1992 ж. 2-наурызынан БҰҰ толыққанды мүше ретінде қабылдану; қарулы күштерді құру; көпбағытты сыртқы саясат жүргізу; мемлекеттік шекараның бекітіліп бітуі және т.б. Тарихта саяси тәуелсіздікке ие болғанымен, өз халқының әлеуметтік мәселелерін шеше отырып, әлемдік экономикадан өз орнын да тапқан елдер некенсаяқ, көпшілігі экономикалық тұрғыда сол бұрынғы метрополияға тәуелді болып қала береді. Қазақстан Республикасы тоталитаризм шырмауынан босап шығысымен өзінің тарихи таңдауын нарықтық қатынастары бар мемлекет құруға бағыттады. Бұл таңдау ескі кеңестік жүйенің қондырғыларынан арылып, мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын реформа- лауды талап етті. Экономикалық тәуелсіздікке жетуді көздейтін бұл реформалардың іске асырылуы мемлекетіміз бен халқымыз үшін кезек күттірмейтін мәселе болды. Және оның басты мақсатына мыналар жатады: қоғам мен мемлекеттің озық дамуы, халықтың тұрмысын сапалық тұрғыдан жақсарту мақсатында ұлттық эконо- мика мен саяси өмірді, оның құрамдас бөліктерін замана ағымына лайықтап қайта құру және өзгерту. Әлеуметтік бағдардағы толыққанды нарықтық экономикаға қол жеткізу үшін экономикалық реформалар төмендегі міндеттерді шешуі тиіс: еңбек, кәсіпкерлік түрлерін таңдау еркіндігі, әр түрлі меншік формаларының да- муы, толыққанды бәсеке, адамдардың экономикалық тұрғыдан өзін-өзі айқындауы, кәсіпкерліктің құқықтық-заңдылық негіздерін қалау; бюджет, салық, кеден салығы арқылы тұтыну рыногын қалыптастыруда мемлекеттік реттеуді белсенді пайдалану; табиғи ресурстарды орынды пайдалану негізінде әлемдік рынокқа ену, экономиканы қайта құру арқылы дайын өнім өндіруге көшу, технология мен техниканы дамыту; тауар мен қызмет түрлеріне бай ры- нок құру, кәсіпкерлікті өркендете отырып адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру. Осы реформаларды жүзеге асыру барысында аса маңызды экономикалық өзгерістерге қол жетті. Жоспарлы, тәуелді эконо- микадан нарықтық ашық экономикаға өтіп, мемлекеттік иеліктен жекешелендіру процесі аяқталды. Ұлттық тәуелсіздіктің мәнді белгісінің бірі ретінде ұлттық валюта табысты енгізіліп, еліміз әлемдік нарық жүйесіне кірді. Ұлттық қаржы институттары, қа- лыпты екі деңгейлі банк жүйесі, тең құқықты меншік түрлері қалып- тасып, кәсіпкерлік өмірге енді. Соған сәйкес қоғамның әлеуметтік құрылымы да өзгерді. Алайда бұл реформалардың салдары терең әлеуметтік күйзеліспен сипатталды. Бұл түсінікті де, өйткені осыған дейін біз үшін таңсық болып келген нарықтық экономикаға өту өзгерістердің тек формальды сипатын ғана білдірмейді, рухани әлемдегі құнды- лықтарды қайта бағалаумен де сипатталады. Мемлекеттің саяси тәуелсіздігі қоғамның рухани еркіндігімен сипатталуы қажет. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жаңғыртуымен сипатталды. Бірнеше ғасыр бойы отаршылдық пен тоталитаризмнің ықпалымен мәдени деградация мен трансформацияға ұшыраған ұлттық мәдениетті қайта өркендету мемлекеттік деңгейде төмендегі мін- деттерді шешуді жүктейді: ең алдымен ұлттық мәдениеттің негі- зін құрайтын түбегейлі (фундаменталды) құндылықтарды қайтару, яғни адамдарды рухани тұрғыда оятатын ұлттық тіл мен дәстүрді қайта жаңғырту; ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мол мұрасын игеру; осы уақытқа дейін тыйым салынып келген халықтың тарихи өткенін толығымен, жан-жақты зерттеулер арқылы қалпына келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы мәңгүрттік жағдайдан арылу. Бұл бағытта көптеген игі іс-шаралар атқарылды. 1995 жылы  Абай мен Жамбылдың 150 жылдығының кең ауқымда атап өтілуі,  1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын-сүргін құрбанда- рын еске алу жылы», 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы», 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы», 2000 жылдың «Мәдениетті қолдау жылы», 2001 жылдың «Қазақстан тәуелсіздігінің он жылдығы» деп жариялануының, 2004 жылдан ба- стап «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асы- рыла бастауы нәтижесіндегі атқарылған қыруар жұмыстар, сөз жоқ, елдің мәдени төлтумалылығы мен тарихи өзіндік санасын қалыптастыруға үлкен әсерін тигізді. Ұлттық құндылықтары мен дәстүрлер жүйесін сақтаған халық қана өзінің рухани мәдениетін мен өзіндік дүниетанымын таныта алады. Ата-бабадан қалған дәстүрге, мәдени мұра мен рухани құндылықтарға деген немқұрайлылық ассимилияциямен сипатта- латын ұлттық трансформацияның келеңсіз құбылыстарына әкеліп соқтырады. Ал мәдени мұраға деген ілтипаттық қатынас пен оны байыту жалпы адамзаттық, әлемдік мәдениетке қосылған үлес болып табылады. Әлемдік өркениетке ену және өзіндік атсалысу осы ұлттық ерекшеліктерді сақтай отырып, дамыту арқылы ғана жүзеге асады. Ұлттық мәдениетті түлетуде ана тілі түбірлі мәнге ие болады. Тіл ұлттық болмыстың өзекті тірегі және этностық тұтастықтың түпнегізі болып табылады. Тіл – халықтың барлық өткен мә- дениеті мен тарихи өзіндік санасы материалданып жинақталып сақталатын негізгі кілтипан. Қазақы ойлаудың ұлттық ерекшелігі оның тіліндегі «әдеби демократизмнен де, қорғасындай салмақты даналықтан» да көрінеді. Көшпенділік өмірдің сан ғасырлық және сан салалық тәжірибесін тал бойына сіңірген ұлттық тіл жиырма- сыншы ғасырда жойылудың аз-ақ алдында қалды. Қазақтардың көпшілігі ана тілін ұмытуына байланысты қазақ тілінің қызметтік өрісі тарылып, соның салдарынан ұлттық мәдениеттің жалпы қуаты кеми бастады. 1989 жылы қабылданған «Тіл туралы заңда» қазақ тілі мемлекеттік деп, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп жарияланды. Бұл тілдік мәртебелер 1993 жылғы Қазақстан Республикасының Ата заңында бекітілді. Еркіндіктің самал лебін сезінген қазақ халқы ұзақ уақыт бойы нұқсан шеккен сананы емдеуге бет бұрды. Тұншығып келген дәстүрлі әдет-ғұрыптар жаңғыртылып, «Наурыз», «Ораза айт», «Құрбан айт» мерекелері жыл сайын тойлана бастады. Шындыққа шөліркеген халық тарихи ақтаңдақтардың бетінің ашылуына орай кезінде кеңестік идеологияның қысымымен бұрмаланған жәйттермен және тарихи жадыдан зорлықпен өшіртілген есімдермен қайта қауышты. Сан ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының асыл қазынасы – мәдени-рухани мұрасы қайта игеріле бастады. Бұрыңғы кеңестік идеологиялық схемалар мен рухани қон- дырғылар қирағаннан кейін орын алған дүниетанымдық вакуумның орнын толтыру үшін халықтың өткен заманның мәдени-рухани мұрасына қайта бет бұруы заңды құбылыс болып табылады. Қазақ халқы үшін осы асыл қазынаның ішіндегі жақұты, рухани кемеңгер- лердің ішінде шоқтығы биігі Абайдың орны ерекше еді. Абайдың шығармашылық кезеңі дәстүрлі қазақ қоғамын өз дамуының жаңа деңгейіне және әлеуметтік болмыс тәсілін түбірімен өзгертуге әкелген тарихи уақыттың аяқталған сәтіне дөп келді. Бұл жерде біз патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының барлық жерде енгізіліп, казақ қоғамының саяси және мемлекеттік дербестігінің айрықша белгілерінің біртіндеп жойылуымен сипатталатын Қа- зақстанның Ресейге күштеп қосылу үдерісін айтып отырмыз. Түбегейлі төңкеріс қазақ қоғамының тек өмірқамының тәсілінде, экономикалық және шаруашылық өмір тәртібінде, мемлекеттік- аумақтық басқарылуында ғана емес, сонымен қатар психоло- гиясында, мәдениеті мен көңіл-күйінен де орын алды. Бұл осы ойшыл-ақынның дүниетанымын қалыптастырған жағдай бүгінгі күні де өз өзектілігімен тарихи тұрғыда қайтадан алдыға шықты. Абай дәурені өтіп бара жатқан көшпелі өркениеттің сыншы- сы және туып келе жатқан жаңа отырықшы өркениеттің куәгері болды. Ол осыған орай туындайтын қайшылықтарды, бір дә- уірден екіншісіне өтудің адам үшін қаншалықты ауыр болаты- нын бар жан-тәнімен, жүрегімен терең ұғынды. Бұл бүкіл халық- тың менталитеті мен психикасын сапалы түрде өзгертеді. Бұл үдеріс міндетті түрде үлкен қасіреттермен, шығындармен қатар, қабылданатын жаңашылдықтармен қосыла жүреді. Абай өз халқын оларды түбірімен өзгертетін ғылым мен білім, жоғары өркениет әлеміне шақырады. ХХ ғасыр таңының атуын көрген Абай осы белгісіз болашақтың барлық ауыртпалықтарын өз бой- ында көтере отырып, адамдардың осы қиыншылықты жеңуіне, адамнан жоғары руханилық пен табандылықты талап ететін осы күрделі жолға олардың өздерін дайындауына көмек қолын созып, «Адам бол!» деген үндеу тастайды. Бүкіл жиырмасыншы ғасыр ұлы ойшылдың болжамдарын дәлелдеп берді. Белгілі философ Ғарифолла Есімнің «Хакім Абай», «Сана болмысы» (он кітаптан тұратын философиялық проза сериялары) монографиялары дала данышпанының шығармашылығын жаңа қырынан талдаған еліміздің гуманитаристикасындағы елеулі құбылыс болды [258]. 1996 жылы жыр алыбы Жамбылдың жүз елу жылдығы мен заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың жүз жылдығы елімізде кеңінен аталып өтті. Осы 90-жылдардың орта тұсынан ба- стап ТМД кейбір елдерінде қалыптасқан саяси-этностық ахуал мен елдің ішкі этноәлеуметтік және этнолингвистикалық жағдайларына байланысты Қазақстанның мемлекеттік ұлттық және мәдени сая- сатында кейбір өзгерістер байқалады. Саяси тұрақтылық пен ұлтаралық ынтымақтастықты сақтауға бағытталған бұл саясат мәдени плюрализмді жетекшілікке алды. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Ата заңында көрініс тауып, онда тілге қатысты мынадай қалыптар бекітілді: «7 бап. 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі болып табылады. 2. Мемлекеттік мекемелер мен жергілікті басқару органда- рында қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі қолданылады. 3. Мемлекет Қазақстан халықтарының тілдерін үйрену мен дамытуға жағдай қалыптастыруға қамқорлық етеді» [259]. Тіл саясатындағы мұндай бағыт республика тұрғындарының полиэтностық сипатымен қатар, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде функционалды, коммуникативті және мәдени-ғылыми қажеттіліктерді өз дәрежесінде өтей алмауынан да туында- ды. Бұл мәселенің қақтығыссыз эволюциялық жолмен шешілуі Президенттің қолдауымен жарияланған Қазақстан Республикасы тіл саясатының Концепциясынан (қараңыз, «Казахстанская прав- да» газеті, 6 қараша, 1996 ж.) және 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заңынан көрініс табады. Осы жылдардан бастап елімізде бейбіт өмір мен азаматтық келісімді насихаттау арқылы мәдениеттің дамуы мен қайта өрлеуін қамтамасыз ету саясаты жүгізілді. Бұл саясаттың маңыздылығы нарық қыспағындағы экономикалық-әлеуметтік жағдай тудырған адамды ашындырушы және дау-жанжалдық ахуалдардың этноса- ралық қатынастарға аударылып, соның салдарынан туындайтын саяси қауіп-қатердің алдын алумен айқындалды. 1991 жылы Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі одақтас респу- бликаларда жарияланған егемендік жалпыхалықтық референдум негізінде емес, бұрынғы саяси жетекшіліктің шешімімен жүзеге асты. Нәтижесінде тарихи тағдырларына орай мәдени және эт- ностық тұрғыда әртекті мемлекеттік бірлестіктерге айналған респу- бликаларда бірегейліктің (идентичность) қалыптаспауы салдары- нан егемендік идеясы ауада қалқып қалғандай әсер де туғызады. Бірегейлікті қалыптастырудың бірнеше ең басты тетіктері бо- луы мүмкін: діни бірегейлік, мәдени төлтумалылық және саяси бірегейлік. Қазақстанның жағдайында бірегейліктің нақты үлгісін табу ең бір қиын мәселелердің бірі болып қалды. Осы себепті де ұлттық идеяны табу бұқаралық ақпарат құралдарынан бастап, арнайы ғылыми жобаларға дейінгі өзекті тақырыптың нысанына айналды. 1995 жылы құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясының үшінші сессиясында және өзінің «Тарих толқынында» еңбегінде ел басы Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәселені шешуде екі деңгейлі көзқарас керектігін айтады. Оның алғашқысы «азаматтық әрі сая- си бірлікті қазақстандықтарда қалыптасқан саяси құндылықтарды басым тетікке айналдыру арқылы қалыптастыру... Оның мәні – өзіміздің азаматтық саяси тағдырымызды барша азаматтардың тағдырымен бірдей дәрежеде қорғайтын Қазақстан мемлекетімен ұштастыруда жатыр. Бұл біздің бірлігіміз бен орнықтылығымыздың іргетасы. Бірегейліктің екінші деңгейі қазақтардың өздерінің ұлттық бірегейлігіне байланысты... Бұл қазақтың ұлт ретінде өзін өзі түсінуі мен рухани өрістерін анықтау мәселесімен байланысты» [1, 192 б.] 90-жылдардың екінші жартысынан ұлтаралық келісімді сақ- тау мен дамытуға негізделген мемлекеттік саясат логикалық  жалғастықпен дәйекті түрде жүргізілді. Бұл сөз жоқ, мемлекеттік тәуелсіздіктің негізгі өзегі болып табылатын жаңа ұлттық сананың, жаңа азаматтық сәйкестіліктің және жаңа отаншылдықтың орны- ғуына үлкен ықпал ететін маңызды шаралар болды. 1937 жылғы жаппай қуғын-сүргіннің алпыс жылдығына бай- ланыстыра отырып, 1997 жылдың «Қоғамдық келісім және саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу жылы» болып жарияланғаны ел үшін де, халық үшін де ауадай қажет шешім болғандықтан барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болды. Тоталитарлық биліктің өктемдігі тұсында тауқыметті халқымыздың басына түскен орасн зор зұлматтың қанқұйлы қасіретінің енді қайталанбауын көзі тірі ұрпақ келер ұрпаққа аманат етіп тапсырды. Тоталитарлық өткеннің бұл тақсыретті тағылымы осыдан дұрыс қорытынды шығарып, ел дамуының өркениетті де ізетті үрдісін ұстануға, өш- пенділік пен кекшілдіктен гөрі жарастық пен кешірімді ұстануға үндейді. Жазықсыз құрбандар рухына бас ию қазақтарға тән аруақ ұғымын, тәубеге келу мен обал-сауап ұғымдарын қайта тірілткендей болды. Тарихи әділет үстемдік алып, зерде жаңарды және сана сауықты. Келесі 1998 жылдың «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп аталуы жоғарыда келтірілген саясаттың заңды жалғасы бол- ды. Төл тарихты тану арқылы Қазақстан халықтарының береке- бірлігін, ынтымағы мен жарастығын, достастығы мен туыстастығын одан әрі нығайту мақсат етілді. Жетпіс жыл бойы халқымыздың өзіне лайық тарихы тұмшаланып айтылмай келген, айтылса да саясаттың ыңғайына қарай бұрмаланып, теріс түсіндіріліп келгені белгілі. Сондықтан да тәуелсіздік тынысымен арқаланған халықтың өз тарихы мен тағдырына бет бұруы заңды құбылыс. Бұл жылдың көтерген жүгі де, атқарған ісі де ауқымды да аумақты болды. Бұл жылы төл тарихымызды, елдік дәстүр, ха- лықтық тағдыр талайымызды танып-білуде, ескерткіш мұрағат- тарымызды жинастыру мен сараптауда біраз жетістіктерге қол жетті. Бұған дейін қол жетпей жүрген деректер, білмей жүрген ру- хани қазыналар жарыққа шыға бастады. Шетел мұрағаттарынан да туған тарихымызға қатысты құжаттар жинақталып, оқырман игілігіне ұсыныла бастады. Осы жинақталған мәдени мұра мен рухани қазынаның дәнін тауып, сөлін сүзіп ұлттың кәдесіне жара- ту зиялы қауым мен ғылымдарға жүктелетін шаруа. Келесі жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» деп жариялануының аса саяси мағыналық астарымен қатар үлкен символикалық мәні де болды. Қазақстандықтардың тұтастығын мақсат ете отырып, өткен тарихтың тағылымдарын терең ұстанып, оның өміршең дәстүрлерін өрнекті түрде жалғастыра білу шынайы ұрпақтар сабақтастығы бар жерде ғана мұратына жете алады. Осы жолда халықтардың бұдан да қиын сындар тұсында қалыптасқан, алайда рухани қажетіне сай тиісінше кәдеге асырылмай, қоғам мүшелерінің сұранысына толық ие бола алмай, сыртқары қалып отырған ішкі құндылықтарды қайтадан пайымдап, қазіргі заман қажетіне дер кезінде жарата білудің маңызы зор. Нарықтық қатынастардың қыспағында қалған осы тұста атал- ған жылға байланысты құрылған Мемлекеттік комиссия төмендегі міндеттерді арқалап, оны орындауға күш салды: - нарық өзгерістері мен қоғамдағы демократиялық үдерістерді тереңдетудің әлеуметтік негізін нығайту; - Қазақстан халқының барлық әлеуметтік және ұлттық, діни топ- тарын елімізді жүргізіліп жатқан реформалардың идеясы төңірегіне жұмылдыру; - жаңа саяси, этностық, кәсіпкерлік іс-әрекет мәдениетін қа- лыптастыруда түрлі саяси партиялар, қозғалыстар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында өзара үйлесімді қарым-қатынастарға қол жеткізу; - бірлік, ізгілік, әділет қағидаларын әлеуметтік мейірбандық және ұрпақтар сабақтастығымен ажырамас тұтастықта қарасты- руға жетілуінің түпкілікті орын иеленуі. Ал 2000 жылы, ғасырлар тоғысындағы жылдың ел басы жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жариялануы жал- пы көпшіліктің тарапынан кең қолдау тапты. Халық пен ұлттың болашағы, оның мәдениеті мен білімділігінің деңгейі ғасыр ба- сында қаланған іргетастың беріктілігіне байланысты. Қазіргідей қиын қыстау жағдайда қоғамдық өмірдегі рухани ізгілік пен мәдени құндылықтарды жаңғыртуға деген үміт осы жылды өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияға ауқымды міндеттер жүктелді: қоғамымыздың әлеуметтік және қоғамдық-саяси өмірінде мәдениеттің үстемдік құруын қамтамасыз ету; шығармашылық процестерді терең сезіну, қоғамның рухани салауаттылығына қолдау көрсетудің маңызды тетігі ретінде эстетикалық тәрбие беруді жақсарту; ұлттық тарих пен мәдениетті зерттеу және насихаттау, оны дамытуды ынталандыру. 2001 жылы отанымыздың тәуелсіздік алғанына он жыл тол- ды. Тәуелсіздік шын мәнінде қазақ халқының ғасырлар бойы аң- саған арманы еді. Қазақтарға тән еркіндік оның дәстүрлі қоға- мындағы дала демократия үлгілерінен, тіпті оның этнонимінің этимологиясының өзінен де көрінеді. Сондықтан Тәуелсіздік Қа- зақстанның бүкіл тарихи дамуының сабақтастығын, республика- ны мекендейтін барлық ұлттар мен халықтардың дамуының ор- тақтастығын қалыптастыратын, оларды өз мемлекетіне қызмет етуге бағыттайтын, мемлекеттіліктің өзегін құрайтын идея болуы тиіс. Тәуелсіздіктің негізгі принципіне Отанға деген шынайы сүйіс- пеншілікпен, мемлекеттік тіл мен ұлттық дәстүрге деген құрметпен, өз елінің егемендігі мен тәуелсіздігін жан аямай қорғау қабілетімен сипатталатын патриотизмді жатқызуға болады.

Елбасының бастамасымен қабылданып, бүгінгі күні іске асы- рылып жатқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының бұл бағыттағы атқарар еңбегі ұшан теңіз. Өткеніне шекеден қарап, өз тамырын өзі қиғанның келешегі де болмайтынын ескерсек, ата- бабадан қалған рухани бай мұраны жоғалтып алмай, өскелең ұрпаққа табыстау елдің болашағын қамтамасыз етуге, қол жеткен тәуелсіздікті онан ары орнықтырып, бекіте түсуге орасан зор септігін тигізері сөзсіз. Мәдени мұра халықтың тарихи санасын қалыптастыратын тыңайтушы орта болып табылады, ал әрбір халықтың өзіндік «Менін» ұғынуы оның өзінің тарихын, дамуындағы батырлық және қасіреттік кезеңдерін ескермей, оның әдейі жабылған беттері үшін өкініш пен қайғы, оның жетістіктері үшін қуаныш пен шаттық сезімдерін бастан кешірмей көзге елестету мүмкін емес. Тарихи өзіндік сананың мәдени мұраға деген сезімталдығы соншалықты, ол бір кездегі ұлы халықтардың ұрпақтарының рухани жалаңаштығы мен азғындығы үшін жауапты деген пікірді бекітуге болады. Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан ажыратылған бо- луы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үрдісіне «сіңірілген» берік мәдени және философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, дәл сол сияқты дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық та болуы мүмкін емес. Халықтың өзіндік санасы мәселесімен сәйкестендірілген мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесімділігі мәселесінің дұрыс шешілуі, ол адамның іскерлік, шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына, еркін шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға негізделгенде ғана іске асады және бұл егеменді Қазақстанның тәуелсіз дамуының алғышарты болып табылады. Халықтың өзіндік санасын қалыптастыру мен дамытуда ма- ңызды рөл ойнайтын мәдени мұра қоғамдық дамудың да аса ма- ңызды катализаторы болып табылады» дейді академик Ә. Ны- санбаев. Ұлттық қауіпсіздік ұғымы гуманитарлық қауіпсіздік түсінігі сияқты тек ішкі немесе сыртқы қауіп-қатерді ғана білдірмейді, соны- мен бірге өткеннің ұлы құндылықтарына деген, мәдени дәстүрге де- ген лайықты қатынас қалыптасқан және қолдау табатын қоғамның толыққанды және мазмұнды рухани өмірін қамтамасыз ететін шарттардың, шаралардың бүтіндей кешенін білдіреді. Сондықтан қоғамның қауіпсіз өмір қамын қамтамасыз етуде мәдени мұраның рөлі орасан зор, бірақ оның бағасын түсірумен қатар, асыра баға- лауға да болмайды. Қоғамдағы мәдениетсіздік мәселесі де академикті алаң- датады. Қазіргі қоғамдағы гуманитарлық, рухани-адамгершілік қауіпсіздігі барлық жерде эрзац-мәдениеттің, ал кейде мәңгүрттік феноменінің өмір сүруінен, өзге көзқарастар мен идеология-ны, дүниетаным мен жүріс-тұрыс стереотиптерін таңудан байқалатын айқын мәдениетсіздіктің орын алуынан көрінеді. Бұл қауіп- қатердің шоғырының кеңдігі соншалық, ол бұқаралық мәдениет пен экстремизм идеяларының қысымынан бастап ашық шови- нистік үндеулерге дейін, қазіргі мемлекеттердің көпшілігінің тари- хындағы саяси модернизациялау процестері барысында бір- неше мәрте қайталанып отыр. Және біздің республикамыздың кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі – өзге халықтардың мәдени мұрасымен сұхбат барысында қалыптасқан өзіміздің жинақтаған мәдени-тарихи тәжірибемізді сақтау және көбейту, сондай-ақ қа- зақстандықтардың болашақ ұрпақтарын дәстүрлі мәдениетке де, қазіргі мәдениетке де деген құрмет рухында тәрбиелеу, тұр- ғылықты халықтың білімділігінің жалпы деңгейін арттыру. Бұл мазмұны Қазақстанда демократияның гуманистік құндылықтарын бекітуге жалпы адамзаттық құндылықтарға қайшы келетін идея- лар мен көзқарастардың кең таралып кетуіне мүмкіндік бермейтін «идеологиялық сүзгінің» негізгі шарттарының бірі болып табылады. Қоғамдық дамудың құндылықтық негіздерін іздеу және оның салдарынан құндылықтардың белгілі бір жүйесін таңдау – бұл күрделі әрі қайшылықты, бірақ табиғи үдеріс. Жүйесі әлеуметтік реттелімнің анағұрлым жоғары деңгейі ретінде көрінетін құндылықтардың саты- сы мен арнаулы жиынтығынсыз ешқандай қоғам да өмір сүре ал- майды. Өйткені құндылықтар жүйесінде соның негізінде нормативтік бақылаудың мейлінше нақты және ерекшелендірілген жүйелері, сәйкес қоғамдық институттар және түбінде қоғамда белгілі бір тәртіп пен әртүрлі қоғамдық субъектілердің өзіндік «құндылықтық ынтымақтастығын» қамтамасыз етуді мақсат тұтатын адамдардың әрі индивидуалды, әрі ұжымдық мақсатты істерінің өзі жүзеге асатын әлеуметтің (қоғамның, топтың, индивидтің) мойындаған өлшемдері белгіленеді. Құндылықтардың осындай түсінігі адам- дарды бір-бірінен бөлектендірмейді, ыдыратпайды, керісінше, «адамзаттық тұтастыққа» біріктіреді. Қазіргі Қазақстан жағдайында мұндай құндылықтық ынтымақ- тастыққа негіздер қалыптастыру қоғамның жаңа жағдайға өтуіне орай туындайтын объективті және нақты өмір сүретін қайшы- лықтарды, негізсіз амбицияларды, тамырлап алған келте ойлауды, әртүрлі идеологиялық конструкцияларды игерумен байланысты болып отыр. Алайда бұл үдерістің маңыздылығын қайта бағалау өте қиын, өйткені жаңа құндылықтық өлшемдер мен бағдарларды анықтау тікелей оның тұрақты және жүйелі дамуын сипаттайтын қоғамның біріктіруші күшін айқындауды аңғартады. «...Ұлттық сана, – дейді Н.Ә. Назарбаев, – бүгінгі таңда, кейбір ымырашыл (либералдық) идеяларды үстірттеу игерген қалпында социалистік және дәстүрлі көзқарастардың қойыртпағы болып отырған кезде айрықша мән-мағынаға ие. Қарапайым ақиқатты түсінетін мезгіл жетті, жаңғырған (модернделген, жаңартылған Б.С.) сана әсте ұлттық аңсарға қайшы келмек емес. Керісінше, ұлттымыздың «МЕН» дегізерлік қасиетін сақтауға жаңғырған сана ғана кепіл бола алады. [1, 53-54 бб.]. Н.Ә. Назарбаевтың бұл қағидасы қазақтардың ұлттық санасын модернизациялау қажеттілігіне қатысты айтылған еді. Бұл қазіргі жаhандану және жаңарту үдерістерінің тарихи санаға әсері туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Әлемдік даму соңғы онжылдықтарда әр алуан мәдениеттер мен әлеуметтік институттардың күшейе түскен өзара ықпалымен, бұрын-соңды болмаған динамикасымен сипатталатын белсенді трансформациялар кезеңін бастан кешіріп отыр. Жүзеге асып жатқан үдерістердің нәтижесінде жекелеген елдердің, аймақтардың және тұтастай алғанда әлемнің бет-бейнесі өзгеріске түсті. Бү- гінгі күні бұл айғақты ешкім теріске шығармайды, бірақ, сонымен бір мезгілде, трансформация үдерістері мен оның соңғы нәти- желерінің мәніне қатысты пікірлер мен бағалардың мейлінше ша- шыраңқылығы аңғарылады. Қазіргі қоғамдық және гуманитарлық ғылымдарда әлемдік даму үрдістері деңгейінде талданатын осы болып жатқан өзгерістерді пайымдауға арналған тәсілдердің бірі әрі бірегейі жаhандану те- ориясы болып табылады. Бұл теория бойынша, әлемдік қауым- дастықтың дамуы жекелеген қоғамдар мен мемлекеттердің бүкіл әлемді қамти бастаған ғаламдық үдерістер мен қатынастарға тар- тылуы бағытында жүріп келеді. Әлемдік қауымдастық дамуының негізгі үрдістерінің бірі бола отырып, жаhандану экономикалық және саяси үдерістерге де, мәдени-өркениеттік саладағы өзара қатынастарға да ықпалын тигізеді. Ол мемлекеттердің, мәдениеттер мен өркениеттердің алдына өздерінің дәстүрлі ерекше құндылықтық бағдарларын сақтай отырып, ғаламдық сипатқа ие болған қазіргі заманғы үдерістерге сіңу міндетін қойып отыр. Соңғы кездері жаhандану және жаhанданушылық үдерістер барған сайын зерттеушілердің жіті назарына ілігіп, зерттеу ныса- нына айналып кетті. Жаhандану теориясы олардың шеңберінде әлемдік жүйе немесе әлемдік қауым тұжырымдамасы белсенді түрде қалыптастырылған әлеуметтанымдық жүйелік теория мен халықаралық қатынастардың саясаттанымдық теориясының тоғыс- қан тұсында пайда болды. «Жаhандандық» (кейде «ғаламдық» сөзі де қолданылады) термині ХХ ғасырдың 60-жылдарында В. Мурдың («жаhандық әлеуметтану» терминін айналымға енгізген) және М. Маклюэннің («жаhандық деревня» терминнін тұңғыш рет қолданған) жұмыстарында, осыған дейін «әлемдік», «халықаралық», «интернационалдық» ұғымдарының төңірегінде қалыптасқан қоғам- дық өзгерістер дискурсында қолданыла басталды. 1980-жылдардың орта тұсында «жаhандану» ұғымын қалып- тастыра және жұртшылыққа танымал ете бастаған Р. Робертсон болды және 1980-жылдардың аяғында жаhандану теориясының төңірегіне әлемдік трансформациялану теориясы саласындағы зерттеулердің көпшілігі шоғырланды. 1990 жылы «Жаhандану мәде- ниеті» деп аталатын бағдарламалық мақалалар жинағы жарық көрді де, онда жаhандану дың негізгі теоретиктерінің жұмыстары жария- ланды: И.Валлерстайннің, М.Арчердің, Р.Робертсонның, М.Фезер- стоунның, А. Аппадураидің, Б. Тернердің және өзгелерінің еңбектері. Сол сәттен бері жаhандану туралы іргелі монографиялар бірінен соң бірі жарық көре бастады. Әсіресе Иммануил Валлерстайн мен Жак Атталидің еңбектерінің мейлінше танымал екендігі белгілі. Біздің пікірімізше, әлемнің тұтастануы туралы тұжырымның пайдасына, біріншіден, бүгінгі күні жаhандық деп сипаттау қабыл- данған құбылыстардың өздерінің қандай да бір формада Жаңа және Қазіргі замандар кезеңіндегі әлем демуының магистралды бағыттарына тән екендігі айғақ ретінде шешіледі. Екіншіден, жа- hанданудың индустриалдандыру, интернационалдандыру және модерндеу сияқты жалпы таралған үдерістердің нәтижесі екендігі күмәнсіз. Оның үстіне жаhандану үдерістерінің жеделдеуі осы үдерістердің интенсификациялануының салдары болып шықты. Енді осы модерндеу немесе жаңарту құбылысына қысқаша тоқта- ла кетсек. Әлемде, ең бергісін айтқанда, соңғы төрт ғасыр бойы жүзеге асып жатқан әлеуметтік, экономикалық және мәдени үдерістердің барлық алуан түрлілігін дәстүрден қазіргі заманға (модернге) қарай азды-көпті деңгейде біртұтас үдемелі қозғалыс аясында қарас- тыруға болады деген идея Жаңа замандағы бүкіл еуропалық әлеуметтік оймен тығыз байланысты. Бұл қозғалысты сипаттау мен талдап шығудың кезекті ұмтылысы ХХ ғасырдың 50-жылдарының аяғында орын алды және модерндеу теориясы деп аталды. Әдетте жаңарту (модерндеу) ұғымына бірқатар елдерде капиталистік даму басталған әлемдік тарихта «Жаңа заман» деп аталатын дәуірге енуді және буржуазиялық қайта құруларға сәйкес өзгерістерді білдіретіндей мағына беріледі. Қазірде дамыған деп атау қабылданған елдердің көпшілігі жаңарту кезеңін Жаңа заман дәуірінде, XVII – XIX ғасырларда бастан өткізді. Дәл осы уақытта Англияда, Америкада, сондай- ақ Батыс Еуропаның көптеген елдерінде шаруашылық жүргізудің жүйесі ретіндегі капитализмнің, сондай-ақ оны негіздеуші идео- логия мен этиканың қалыптасуы жүзеге асты. Дамушы елдер деп қабылданған қалған елдер қатынастардың капиталистік жүйесінің қалыптасу кезеңін сәл кейінірек бастан кешірді және еліктеудің үлгісі ретінде дамыған елдерді алып, олардың қоғамдық практикасының тәжірибелерін сіңіріп алды. Сонымен, біз ХХ ғасырда бақылап отырған модерндеу, әдетте, «соңынан қуушы» сипатқа ие болады. Буржуазиялық төңкерістердің отаны Батыс Еуропа болғандықтан, модерндеу көбіне «вестерндеу» (батыстандыру), яғни Батыстың тәжірибесін қарапайым қабылдап алу ретінде ұғынылады. ХХ ғасырда модерндеу өзінің құбылысты географиялық қамтуы мен уақыттық сипаты бойынша әмбебаптық сипатқа ие болады, өйткені батыстық қоғамдардың ұсынатын даму үлгісі мейлінше оңай өндірілетін және сондықтан жалпыға ортақ болып шығады. Модерндеудің мақсаты modernity жағдайы немесе қазіргі заман деп белгілеуге болатын белгілі бір жағдайға жету болып табылады. Бұл жағдайдың дамыған формасы ретінде азаматтық қоғам мен нарық принциптеріне негізделген әлемдік экономика, басқаша айтқанда, қатынастардың капиталистік жүйесі көрінеді. Капитализмнің өзі нарықтық экономика аясында табиғи түрде пайда болған тиімді шаруашылық әрекеттің жай формасы ғана емес, бұл per se нарығы ғана емес, оның өзгеше ұйымдасуы. Басқаша айтқанда, капитализм қайратты әлеуметтік стратегия, тұтас идеология және сонымен бір мезгілде, мәні өндірістің неме- се сауда операциясының өзі емес, жүйелі табысты перманентті түрде алу болып табылатын арнайы әлемдік құрылыстың, ақша құрылысының алысты орайтын схемасы. Бұл жағдайда нарық (рынок) капитализм мәнінің көрінісі ретінде байқалады. Қоғам мен экономиканы капиталистік ұйымдастыруға сәй-кес келетін қатынастардың нарықтық экономикалық үлгісінің тара- луының жаhандану үдерісінің де, жаңарту үдерісінің де жалпы негізі болатыны даусыз. Осылайша, нарықтық экономика қазіргі заманғы моноформациялық жаhандануды және жаңартуды батыстанды- ру формасымен (соғыстан кейінгі дәуірдегі Үшінші әлем елдерінің даму практикасында ең кеңінен таралған) байланыстырады. Қатынастардың капиталистік жүйесі осы жаhандану және жаңарту үдерістерінің негізінде жатыр. Бірақ, егер жаңартуды дәстүрден қазіргі заманға өту қозғалысы үдерісіндегі капитализмнің бастапқы қалыптасуы ретінде түсіндіруге болса, ал жаhандану үдерістері – бұл қазіргі заман жағдайынан (modernity) кейінгі қазіргі заман жағдайына (postmodernity) өту бағытындағы қатынастардың капиталистік жүйесінің онан арғы сандық, ал кейінірек сапалық дамуы. Осындай түсіндірмеде жаhандану қоғамдардың прогресс жолындағы модерндеудің табиғи жалғасы түрінде көрінеді, ал мо- дерндеу, өз кезегінде, ғаламдық өзгерістердің бір нұсқасы ретінде қарастырыла алады. Модерндеу теориясының терминологиясында да, жаhандану теориясының терминдеріндегі сияқты әлемдік дамуды түсіндірудің, шын мәнінде, нақты өмірде болып жатқан үдерістерді сипаттауға және түсіндіруге қабілетті жүйені құрастырудың ұмтылыс екендігін ұмытпаған жөн. Бұл жүйелердің әрқайсысының өз ұғымдық және категориалдық аппараттары бар және олар қоғамдық үдерістерді зерттеу үшін әдістемелік схема ұсына алады. Бірақ, мұның үстіне, олар тек теориялық жүйелер ғана болып қалғандықтан, бұл тео- рияларды түпкілікті түсіндіріп беруші құрылымдар ретінде бұл тео- рияларды қолдануға шектеу қояды. Жаңарту теориясы салынған іргетастың негізі ретінде әлеумет- танудың барлық дерлік классиктерінің жұмыстарын көрсетуге бола- ды, өйткені олар қандай да бір деңгейде мына мәселелерді қозғайды: О. Конттың адамзат дамуының үш кезеңі идеясы, К. Маркстің тарихи материализмі, М. Вебердің «рационалдандыруы», Г. Зиммельдің аб- стракциясы, Ф. Теннистің «қауымы» мен «қоғамы», Э. Дюркгеймнің «механикалық ынтымақтастықтан» «органикалық ынтымақтастыққа» өту идеясы, Т. Парсонстың «әлеуметтік дифференциация» рөлін талқылауы және өзгелері. «Модернделу» деп аталатын үдерістің мәнін және оның аяқталуының өлшемдерін айқындайтын «модерндеу теориясының» өзінің қалыптасуы ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңы мен 60-жыл- дарының соңында жүзеге асты. Жаңа теория әртүрлі ғылымдардың түйісінде пайда болды: модерндеудің төлтума тұжырымдамасының қалыптасуына әлеуметтанушылар ғана емес, экономистер қомақты үлес қосты. 1960 жылы Ұлыбританияда басылып шыққан «Коммунистік емес манифест» деген өзіне тән тақырыпшасы бар У. Ростоудың «Экономикалық өсім кезеңдері» атты еңбегі ерекше маңызға ие болды. Жаңарту теориясындағы негізгі ұғымдар «дәстүр» мен «қа- зіргі заман» ұғымдары болып табылады. Бұл ұғымдар тарихи уа- қыттың ерекшеліктерімен – өткеннің, қазіргінің және келешектің ерекшеліктерімен сипатталған әлеуметтік-мәдени жүйелердің жағдайымен сипатталады. «Дәстүр» – бұл көптеген «қазіргі заман- дардың» жиынтығы, бұл тарихи метаморфозалардың сүзгісінен өтіп әлеуметтік жадыда жинақталған рухани тәжірибе. «Дәстүр мәдениетте қоюланып қана қоймай, одан сұйылып та шығады, мәдениеттің тәнінде бұрынғы және болашақ дәстүрлердің өзектері қиылысады, осылайша мазмұндардың алмасуы жүзе- ге асады. Мәдениет бұл жерде әр алуан желілер тұтасқан таң- балаушы құрылғы ретінде де, диірмен ретінде де, тоқыма өрме-гі ретінде де көрінеді. Тарихи жағдайлардың бір келбетінде олар- дың кез келгені өзекті болып шыға алады» [260, 101 б.]. Бұл зерт- теушінің пікірі «дәстүрдің озығы да бар, тозығы да бар», деген қазақтың мақалына дәл келіп тұр. Дәстүр мен қазіргі заман, уақыт пен кеңістіктің синхрондылығы мен диахрондылығына сәйкес, өзара бір-біріне өте алады. Дәстүрде қазіргі заманның бастаула- ры болатын болса, ал қазіргінің бойында дәстүрдің де ізі бар. Жаңартушылық аясындағы дәстүр мен қазіргі заманды әлеу- меттік жадының қалыпты және қозғалмалы бөлігі деп қарастыруға болады. Бұл қырынан алғанда дәстүр – бұл орныққан білімдер, тәжірибе, институттар, қатынастар, құндылықтар, ал қазіргі заман – бұл осы құрамдастардың жаңа бір нәрсеге қол жеткізуге, өзге-руге бағдарланған әлеуеті. Қоғамды жаңарту барысында бұлар өзгерістерге түседі, тарихи әлеуметтік жадының тұрақты константалары болса, жаңарту барысында да өзгеріссіз қала береді. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы кеңестік дәуірдегі жаңартушылықтан кейін де көптеген дәстүрлі институттары мен қатынас типтерін сақтап қалды. Олар тіпті бүгінгі посткеңестік жаңартушылық барысында қайта жаңғыра бастағандай көрінеді. Бұл Ф. Теннистің сөзімен айтқанда, әлеуметтік ұйымның екі типінде де – қауымда да, қоғамда да жүзеге асатын үдерістерді білдіреді. Бұл қарама-қайшы екі үрдіс Қазақстанда да байқалады: бір жағынан дәстүрге ұялаған рушылдық, қандас-туыстық қаты- настардың өзектіленуі, шежіреге деген қызығушылықтың оянуы, екінші жағынан, адам мен қоғамды әлемдік экономикалық және саяси кеңістікте аман қалуға мәжбүрлейтін рационалдық қатаң жағдайлар. Бұл жағдайлар белгілі мәдениеттанушы Сәдуақас Темірбековтың еңбектерінде сөз болады және ол «қазақтардың басым көпшілігінде, аграрлық халық екендігімен, олардың рушыл- дық, трайбалистік қатынастарды жоюға жағдай жасайтын инду- стриалды қалалық мәдениеттің қазанында қайнаудан өтпегенімен, нарықтық өркениет тәжірибесінің жоқтығымен, технологиялық менталитеттің қалыптаспағанымен» [261, 84 б.] түсіндіріледі. Қазіргі көзқарастар бойынша, жаңартушылық дәстүршілдікті толығымен теріске шығармайды. Жаңартушылық теоретиктерінің айтуынша, жаңартылған дәстүршілдік дәстүрлі және қазіргі қоғам- дарда тұлға мен әлеуметтік қатынастардың, институттар мен құнды- лықтардың әр алуан типтері қалыптасқанына қарамастан, жаңартуға игі ықпал ете алады. Өткен ғасырлардағы ахуалды сипаттай келе, Ф. Теннис қоғамдық прогресті қатынастардың мәдени негіздерінің жойылуымен байланыстырып еді. Бұл дәстүрлі байланыстардың үзілуімен, адами қатынастардағы туыстық пен жылылықтың бәсең- деуінен аңғарылады, салқын есеп пен рационализм  әлеуметтік қатынастардың негізгі көрсеткішіне айналады. Бүгінгі біздің қоғамда «жүз досың болғанша, жүз сомың болсын» («жүз сомың болғанша, жүз досың болсын» деген мақалдың теріс айналуы) деген мәтелдің алдыңғы орынға шығуының өзі тарихи сана мен әлеуметтік жадының бүгінгі заманға сай модернделгенін көрсетеді. Жаңартушылық үдерісі барысында тек саяси жүйе ғана емес, қоғамның барлық тіректері де құбылады. Демек, әлеуметтік мо- дерн тарихи сана мен әлеуметтік жадының да қорын қозғалтып, шайқалтады. Бүгінгі күннің ащы шындығына жауап беретіндей жаңа парадигмаларды іздеу барысында өзіңдікін тәрк етіп, өзге халықтардың мәдени-әлеуметтік қорына көз тігу басталады. Мұның мысалын американдық пуританизм мен прагматизмге де- ген қызығушылықтың өсуінен, бұрынғы қоғамдық құрылымдардың барысында пайдакүнемдік табысқа жеткізеді деген үмітпен  Д. Дьюидің, Ч. Пирстің, Б. Франклиннің философиялық еңбектеріне деген қызығушылықтың белең алуынан байқалады. Тез өзгермелі қазіргі әлемде көнерген көшпелі өркениеттің дүниетанымдық құндылықтарынан гөрі ақша мен пайдаға негізделген прагматизм тиімді көрінеді. Тамыры көшпенділікте ұялаған біздің халқымыздың дәстүрлі құндылықтары мен батыстық бүгінгі либералды құндылықтардың арасындағы түбірлі айырмашылықтарды төмендегі дихотомиялармен сипаттауға болады: өмір сүру тәртібінде отырықшылық – көшпенділік, шаруашылық жүргізу әдісінде интенсивтілік – экспансивтілік, сая- си басқарылуында бір орталыққа бағынған мемлекет – этатизмнің бәсеңдігімен сипатталатын конфедерациялық құрылым, мекендеу аймағында қала – дала, әлеуметтік қатынастарында таптық байланыс – қандас-туыстық байланыс, құқық жүйесінде заң – әдет, табиғатқа қатынасында эксплуатация – экология, рухани мәдениетінде жазба дәстүр – ауызекі дәстүр, дамуында өзгерістер – тұрақтылық, құн- дылықтар жүйесінде индивидуализм – ұжымшылдық, ұят – ар, праг- матизм – жомарттық, рационализм – гедонизм және т.б. Метрополиядан ене бастаған жаңашылдықтардың салдары- нан дәстүрлі мәдениеттің эрозияға ұшырауы барысындағы құнды- лықтар жүйесіндегі өзгерістерді он тоғызыншы ғасырдың зар заман ақындары мен ұлы Абай жырлаған еді. Халқымыздың бойына жат қылықтарды саралай келе, «ел қыдырып, ас ішіп», еркек арын са- татын, ел бұзатын тентектерді Абай «пысықтар» деп атап, оның типін даралайды, құбылған заманның бейнесін береді: «Пысық деген ант шықты Бір сөз үшін жау болып, Бір күн үшін дос болып, Жүз құбылған салт шықты» [201, 96 б.]. Ұлы ақынның бұл сөздері бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ұзаққа созылған трансформациялық үдерістерден соң дәстүрлі құндылықтар жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады. Нәтижесінде, «халқымызға тән қанағатшылдық («қанағат қарын тойғызады») – пайдакүнемдікке, ибалы имандық – ештеңеден тай- майтын имансыздыққа, жанынан жоғары тұратын ар – көрсеқызар арсыздыққа, байтақ даласындай кең пейіл – күншілдікке, жайсаң жомарттық – бақай есепке, қонақжайлылық – сараңдыққа, қара қылды қақ жаратын әділеттілік – пәлеқорлық пен жалақорлыққа, батырға тән аңғалдық – қулық-сұмдыққа, жаңалыққа құштарлық – өсек-аяңға, сабыр мен байсалдылық – ашу мен күйгелектікке, уәде мен антқа беріктік (ең жаман қарғыс «ант ұрсын») – өтірік пен сатқындыққа, ер мінезділік – пысықтыққа, үлкенге деген құрмет – көпе-көрнеу көргенсіздікке, төзімділік – шыдамсыздыққа, қарапайымдылық – даңғойлыққа айналып шыға келгендей болды. Бүгінгі әлеуметтік және мәдени энтропия жағдайында жоғарыдағы жат қасиеттерге бұрын құлақ естіп, көз көрмеген қылықтар мен құбылыстар қосылды: жыныстық бағдарын өзгерту, жезөкшелік, саудагершілік, зинақорлықпен қатар, нақақтан кісі өлтіру, әйел зор- лау сияқты қылмыстардың, өз-өзіне қол жұмсаудың жиілеуі және т.б.» [262, 69-70 бб.]. Кейінгі ұрпақтың мәдени, тілдік және тари- хи нигилизмін де осы жаңартушылық пен жаhанданудың жойқын үдерісімен түсіндіруге болады. Жоғарыда айтылғандай, жаңарту мен жаhанданудың тамыры бір. Оның ұлттық тарихи өзіндік сана мен мәдениеттерге ықпалының салдары көз алдымызда өтіп жатыр. Жаhандану үдерістері барған сайын үдемелі ырғақта ағып бара жатыр; сондықтан бұл үдерістерге кейіннен қосылған елдерге ерекше қиын болады; барлық қолайлы орындар егеленіп қойылған және тек сол бойынша жаhандық әлемдік үдерістерге қатысуға болатын ережелердің қалыптасу кезеңі аяқталып та үлгерді. Артта қалған елдердің бағытын түзеуге уақыты қалмады десе де болады және, сондықтан, «көш бары- сында» қайта құрылуға және бағдар ұстануға тура келгендіктен, міндетті түрде қателіктерге ұрынып, одан да күрделі жағдайларға ұшырайды. Бұл ахуалдан оңтайлы шығудың аз ғана жолдарының бірі ретінде төмендегіні ұсынуға болады: елдің қолда бар және келешектегі мүмкіндіктерін салауатты бағалап, жаhандастырушы үдерістердегі өз орнын анықтап алу, өзіне тән ұтымды жолды табу. Оның үстіне, әңгіме тек экономика мен саясат жайлы ғана емес, сонымен қатар идеология туралы да, динамикалы және тұрақсыз қазіргі әлемде ел үшін аса қажет келісім мен азаматтық әлемге кепілдік беретін қалың әлеуметтік қабаттардың бірігуін өз төңірегіне топтастыратындай құндылықтар жүйесі туралы болып отыр. Жаhанданудың рухани салаға жағымсыз әсеріне қалай қарсы тұруға болады, мұндай жағдайларда ұлттық мәдениеттер не істей алады? Бұл сұраққа қазақстандық философтар жауап табуға ты- рысады. «Мәдениетке лайық келе қоймайтын терминдерді пайда- лана отырып, өздері үшін ұлттық мәдениеттер қандай болашақты қалар еді, нені ұнатар еді деген сұрақтарды қоюға болады. Біз- дің ойымызша, ұлттық мәдениеттер, ең алдымен, өздерінің бірегейлігін сақтауды қалайды, екіншіден, әлемдік қауымдастық үшін тартымды болуды қалайды. Бұл екі ниет те бір-біріне қай- шы келмейді және бірін-бірі теріске шығармайды. Бірақ көзге қарапайым көрінгенімен, оларды біріктіру де оңай емес: өйткені ұлттық мәдениеттердің дәл осы төлтумалылығы оларды әлем үшін тартымды етеді. Алайда үңіле қарайтын болсақ, егер бұл мәдениеттер көп ғасырлар ішінде өзін мойындата қоймаған болса және әлемдік мәдениеттің «құрамына» кірмеген болса, әлемдік қауымдастық ұлттық мәдениеттердің төлтумалылық мазмұнына енжарлық танытады. Тек бүгінгі күні ғана өздерін бүкіләлемдік ауқымда жариялай бастаған ұлттық мәдениеттерге деген қатынас, басым көпшілігінде, тек бар болғаны, ізін қалдырмай бір сәттік қана болатын экзотикалық қатынас болып қала береді» [263, 435 б.]. Бұл пікірден кеңестік жүйе ыдырағаннан кейін тәуелсіздігіне қол жеткізген елдердің, оның ішінде Қазақстанның да келешек мәдениетіне күмәнмен қарайтын мысықтілеу жатқандай көрінеді. Дегенмен, дәстүр түптеп келгенде, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуге негізделген, сол себепті де ол зама- на талаптарына сай, өзгеріске түсіп немесе жаңартылып отырады. Қазіргі техногендік өркениет «функционалды рационалдығымен, тартымдылығымен, ыңғайлылығымен ерекшеленіп, адамның өмірқамының жеңілдігі мен қолайлылығын қамтамасыз етеді» [261, 85 б.]. «Капиталистік қоғамда адамды нарыққа тәрбиелеу, оның нарықтық менталитеті мен санасын қалыптастыру тым жас кезден басталады, жеткіншекті икемділікке баулиды, іскерлік белсенділік пен бәсекеге үйретеді. Материалдық байлыққа, өмірлік жақсы жағдайға деген қажеттілік, өзінің тұрмыстық жағдайын түзеуге де- ген ұмтылыс адамзаттық өркениет дамуының қуатты ынталанды- рушы күші болып табылады» [264, 19 б.]. Тарихи уақыт қайтымсыз, ол өткеннен болашаққа қарай ағады. Сондықтан да табысқа жетуі қоғамның жинақтаған білімі мен тәжірибесіне тәуелді болатын әлеуметтік құбылыстарда кеңістіктік- уақыттық фактор аса маңызды рөл ойнайды. Мұны посткеңестік кеңістікте қалыптасқан бүгінгі ахуалдан да аңғаруға болады. Қоғамдық санада посткеңестік қоғамдардың келешегіне қатысты қандай да бір айқын бағдар қалыптаса қоймағанын мойындау да керек. Қайта құру кезеңінен бастап кейінге лақтырылған кейбір құндылықтар мен әлеуметтік институттар қоғамдық сананың аясы- на қайта оралып, көзқарастар қайта бағаланып жатқанын аңғару қиын емес. Кеңес дәуірі тұсында ұлттық мәдениет пен тарихи сана орны толмас шығындарға ұшыраумен қатар, еуропалық мәдениетті игере отырып, рухани мәдениет салаларында – ғылым, білім, әдебиет пен өнер салаларында аса ірі жетістіктерге жетті. Қазақстанның мәдени өмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфония, кескіндеме, кино және т.б. жаңа өнер түрлері пайда болып, тарихи сана дамуына өзіндік ықпал етті. Кеңестік заманда қатардағы адамның әлеуметтік жағынан қорғалуының – адамның еңбекке, демалуға, тұрғын үйге, тегін білім мен медициналық қызметке құқылығының, мектепке қамқорлық пен жоғары білімнің бағалануының және т.б. жоғары деңгейде болғандығы ешкімде де күмән туғызбайды. Жалпы алғанда, салыстырмалы түрде, кеңестік қоғамда дәстүрлі сипаттың белгілері де басым болды деп тұжырымдауға болады. Қауымдық және ұжымдық ұстындарындағы коммунистік идеология батыстық қоғамның эгоистік идеологиясынан түбегейлі айрықшаланды. Кеңес дәуірі тұсында қазақтар өздерінің дәстүрлі шаруашылығымен айналысып, белгілі бір ұлттық құндылықтарын сақтай алды. Бүгінгі күні болса, қоғамның рухани тіректері түбірімен шайқалып, дәстүрлі құндылықтарды либералдық құндылықтармен үйлестіру қиынның қиыны болып отыр. Мәдениеттердің ұлттық ерекшеліктерін жонудың, оларды қандай да болмасын экзотикалық, архаикалық құбылыс ретінде «кері итерудің», «қырқудың» түрлі үдерістерімен сипатталатын әлемдік өркениеттің қазіргі дамуы барлық халықтар үшін, олардың тұрмысы, өмір сүру тәртібі, қоршаған ортасы үшін біркелкі болып келетін ортақтандырылған бір «бұқаралық-техникалық» мәдениеттің түзілуіне әкелетін үрдіс алып отыр. Ағын Қасымжановтың пікіріне сүйенер болсақ, «көбіне бұл «әлемдік өркениеттілік», қарапайым мысал үшін айтар болсақ, кинодағы Голливудтың үлгілері сияқты, басқа «мәдениеттің» үлгілерін таңуды ғана білдіреді. Біздің ойы- мызша, жалпыадамзаттық бұл – әрқайсысы адамгершілікке өзінше бір үлесімен үн қосқан барлық халықтардың мәдениеттерінің баста- улары мен қойнауларынан тарихи тұрғыда келе жатқан құбылыс. Руханилық халыққа тіршілік етуге мүмкіндік беретін, өмір сүруге де- ген құқығын бекітетін өзек болып табылады. Халықтың руханилығы тарихи тұрғыда сынаққа түседі, шығынға ұшырайды, тоқырауға түседі, бірақ ол өмір сүргендіктен, халық та өмірін жалғастырады. Руханилық – саналылық пен бейсаналылықтың қоспасы, халық болмысының адамгершілік қабаты. Әрине, руханилық халықтың жалпы санасының терең тамыры ретіндегі, кәдуілгі сана мен пайым ретіндегі әртүрлі формаларда да, интеллектуалдар мен ақындардың абстракциялары мен арман-аңсарларының мейлінше биік формасында да көрініс табады. Ұлы тұлғалардың абыройын түсірушіліктің барлық ұмтылыстарына қарамастан, біз руханилық саласында, ой мен қиял саласында да шынайы және жалған ұлылық болады деп түйіндейміз» [168, 4 б.]. Посткеңестік кезеңдегі жаңартушылық пен қазіргі жаhандану жағдайында ұлттық және өркениеттік бірегейлік мәселесі өткір қойылып отыр. Бұл мәселе сыртқы суперөркениеттердің тоғысу нүктесінде орналасқан геосаяси жағдайымен ғана емес, ішкі мәде- ни гетерогенділігімен, яғни халқының көпэтносты және көпдінді құрамымен ерекшеленетін Қазақстан үшін ерекше көкейтестілікке ие болып отыр. Батысшылдық пен дәстүршілдіктің күресімен си- патталатын әлеуметтік-мәдени ахуал қоғамды тұтастықтан айы- рып, ұзақ уақыт трансформациялық үдерістерді бастан өткізген титулды ұлт қазақтардың өзіндегі бірлік мәселесіне нұқсан келтіріп отыр. Мақал-мәтелдерінің басым тақырыбын құрайтын, бірі бірінен ажыратылмай қосақталып айтылатын бірлік пен береке, ынтымақ пен ырыс бүгінгі қазақ халқы үшін күн тәртібінен түспей отыр. Ұлтты ұйыстырушы тетіктердің бірі дін десек, ислам дініне деген жаппай бет бұрушылықтан ынтымақтың ұйытқысын аңғаруға болады. Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-мәдени қалыптасуындағы исламның рөлін ретроспективті бағалау бүгінгі күндері өзінің жаңа қырларын танытып отыр. Ойлау мен жүріс-тұрыс қалыбының жүйесін бойына жинақтаған ислам діні әлеуметтік белсенділікті жақтай отырып, қазіргі құндылықтардың көпшілігіне қайшы келмейтіндігімен сипатталады. Жалпы алғанда, өркениеттер арасындағы айырмашылықтардың арнасы кең, ол әсіресе, осы тарих пен мәдениет, салт-дәстүрлер мен дін саласында айқын байқалады және бұл өзгешеліктер бірден жойылып кетпейді. Өркениеттерді жіктеп, бөлуде діннің рөлі барған сайын күшейе түседі. Сананың жаhандануына қарамастан, оқшау өркениеттік сана-сезім «мәдени тамырларға қайта оралу» құбылысына байланысты жаңа сатыға көтеріледі. Мәдени немесе діни ерекшеліктер мен айырмашылықтар тұрақты болғандықтан, оларды шешу саяси және экономикалық мәселелерді шешуге қарағанда әлдеқайда күрделі болып келеді. Адамзат тарихында қашанда өзекті болып келген дін бүгінгі күні де көкейтестілігімен алға шығып отыр. Алдымен ол адамзаттың экзистенциалды болмысымен, руханилығымен байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда дін қашанда өзекті. Екіншіден оның өзектілігі, бүгінгі әлемде қалыптасқан ахуалда діннің саясатпен астасуымен байланысты. Көпшілік дінді тазалық пен нық сенімнің нәтижесінде адам жүрегінен орын алатын ілім ретінде қабылдағанымен, теріс пиғылды саясатшылар оны өзге мақсаттағы құралға айналды- рып отыр. Үшіншіден, тоталитаризм тұсында атеистік бағытта тәрбиеленген біз үшін діннің өзектілігі тәуелсіздік тұсындағы дүниетанымдық және рухани ізденістермен байланысты. Бүгінгі қазақстандық қоғамдық санада дінге деген көзқарас өзгеріп келеді, әсіресе жастар дінге, имандылыққа және ислам дініне жаппай ден қоюда. Бұл қоғамның келешегіне зор үмітпен қарауға мүмкіндік береді. Шындығында, ислам діні бейбітшілік пен еркіндіктің, ізгілік пен әділеттіліктің діні еді және ол өзінің ка- нондарында білім мен ғылымға құштарлықты құптайды. Еуропада Ағартушылық дәуірінен бері, ал біздің елімізде кеңес заманында атеизм үстемдік етіп, дінге деген теріс көзқарас басым болғаны белгілі. Ал қазіргі біздің заманымызда, әсіресе ХХ ғасырдың соңы мен үшінші мыңжылдықтың қарсаңында діни сана қайта жаңғырып отыр. Бұған, әрине, діни сипаттағы бол- сын, зайырлы сипаттағы болсын эсхатологиялық көңіл-күйлердің, милленаризмнің әсері де көп себеп болғаны даусыз. Адамның өзімшілдігі мен тойымсыздығы планетамыздың өзінің өмірін қа- уіпті жағдайға қойып, діндерде айтылатын қияметтің белгілері мен тарихтың ақыры туралы – Мессия патшалығының (иудейлік дәстүрде), Парусияның (христиандықта) және ақырзаманның (ис- ламда) келуі туралы ой-қиялдарды алдыңғы орынға шығарды. Өкінішке орай, материалистік дүниетанымның имансыздықты жай- ып, адамзат пен табиғат және адамдардың өздерінің арасындағы тепе-теңдікті бұзатынын тарих айқындап отыр, ал діннің пәни дүние мен бақи әлем, материалдылық пен руханилық, жан мен тән, тіпті соңғы уақытқа дейін қарама қарсы қойылып келген сенім мен білім секілді кереғарлықтарды табыстыруға тырысатыны мәлім болды. Сондай-ақ ахлақсыз білімнің де ақсайтыны белгілі болды. Атауының өзі «бейбітшілік» пен «мойынұсынуды» білдіретін ис- лам діні әр түрлі саяси мүдделердің «жау бейнесін» қалыптастыруы әсерінен «ислам лаңкестігі», «ислам фундаментализмі» деген жалған айыптаулармен (діннің рухани тазалығын бұрмалайтын экстремистік бағыттар мен секталардың бар екенін жоққа шығаруға да болмайды) жазғырылып келді. Адамзат тарихындағы ең қасіретті жиырмасыншы ғасыр бізге оңай мұра қалдырған жоқ: діни экстремизм мен лаңкестік, ұлт- аралық соғыстар мен қақтығыстар, рухани азғындық, экология- лық және антропологиялық апаттар. Бірақ, үміттің сәулесі, адамдардың санасы мен ізгілікті еркіне деген сенім бізге өмір сү- руге және болашаққа қатысты жоспарлар құруға көмек береді. Бей- бітшілікті, тұрақтылықты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету әлемдегі адамзаттық болмыстың рухани негіздерін сақтап қалатын өзара сұхбат арқылы іске асатыны даусыз. Осыған дейінгі қарым- қатынаста орын алып келген келіспеушіліктер мен қақтығыстарды күшпен және әскери үстемдікпен реттеудің тарихи қалыптасқан практикасы көнеріп, жаңа әлемдік тәртіпке сай, қатар өмір сүріп араласудың баламалы құрылымдарына деген қажеттілік туында- ды. Қақтығыстардың жаhандануына сұхбатқа негізделген өзара келісімді жаhандандыруды қарсы қою керектігі сезілді, адамзаттың мұнан басқа таңдауы да болмай тұр. Сұхбат сөзінің араб лексиконынан ( схб – түбірінен шығады) енгенін айта кету керек және бұл қазіргі қолданылып жүрген халық- аралық термин – диалогтың полисемантикалық мағынасының тағы бір қырын айқындайды. Сахаба сөзінің өзі Мұхаммед пай- ғамбар заманындағы кеңес құрудың қаншалықты маңызды бол- ғанын көрсетеді. Әрбір жауапты шешім қабылдардың алдын- да пайғамбарымыз өзінің жанындағы серіктерімен ақылдасып отырған. Қазақ халқының «кеңесіп пішкен тон келте болмас» де- ген мақалы да, дана Абайдың «жолдастық, сұхбаттастық бір үлкен іс, оның қадірін жетесіз адам білмес» дегені де сұхбаттың осы бір мағынасына көңіл бұрып тұрған тәрізді. Жер бетіндегі барлық діндер өздерінің түпкі негіздерінде бейбіт- шілікке, қауіпсіздік пен ғаламдық үйлесімділікке үндейді. Олардың бір мақсаты рухани бірлік пен келісімді жүзеге асыру болып табылады. Дін иманға, жүрекке негізделгендіктен («тірі адамның жүректен аяулы жері бола ма?», Абай), ол сенімнің барлық түрлерін қамтиды. «Имансыз адамның аяғының асты тайғанақ», «Дінсіз қоғам – компасы жоқ кеме» деген қанатты сөздер де бар. Иманды адам әртүрлі жамандықтардан, тәкәппарлық пен өзімшілдіктен, өшпенділік пен кекшілдіктен, өтірік-өсек айтып, ғайбат сөйлеуден, қатігездік пен ызақорлықтан, ашу мен күйгелектіктен, арамдық пен әділетсіздіктен тыйылып, барлық жақсылықтарға, сүйіспеншілік пен бауырмалдыққа, қайырымдылық пен мейірімділікке, шыншылдық пен ақиқатқа, бейбітшілік пен кешірімге, қанағат пен сабырлылыққа, адалдық пен әділетке ұмтылады. Кез келген адамның жүрегіне жамандық пен зұлымдықтан гөрі, жақсылық пен ізгілік жақын. Міне, діннің адамдарды ортақтастырып, өзара сұхбатқа шақыратын тұсы да осы. Кезінде Абайдың заманындағы «өтірік, өсек, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты әрі дарақылық, әрі анайылық жаман әдеттер, сондай-ақ өзгеге құлақ түрмей, өзімшілдікке са- лынып, өркөкіректену бүгінгі қоғамды да жайлап отырғаны жасы- рын емес. Ал мұның астарында діннен, иманнан теріс айналудың жатқанын аңғару соншалықты қиын да емес. Адамдар арасындағы сұхбатқа жетелейтін жолды ислам дінінің негіздерінен де табуға болады. Бұл дін бойынша, Мейірімділік Аллаhтың негізгі сипаттарының бірі және оның шуағы адам баласының бейкүнә жаратылған сәтінен де, тіпті мал екеш малдың төліне деген аналық махаббатынан да, тамылжыған табиғаттан да көрініс беріп тұр. Мейірім мен сүйіспеншілік сезімі кез келген күшті тойтарып, оны жеңе алатын ұлы қуат әрі толассыз нұр. Біздің елімізде жүргізіліп отырған дінаралық келісім мен төзімділік саясаты әр алуан секталардың көбеюіне, ынтымақтың бұзылуына ықпал етпей ме деген мазасыз ой да қоғамда көп ай- тылып жүр. Әрқилы діндер мен мәдениеттерді ұстанатын әртүрлі ұлт өкілдері мекен ететін біздің унитарлы мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаты да дінаралық, ұлтаралық, мәдениетаралық сұхбат пен келісімді қолдайды. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діни конфессиялардың Бүкіләлемдік съездерінің Астанада өткізілуі де осының куәсі. Иә, елімізде әртүрлі діни секталардың жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай көбейгені рас. Олардың көпшілігінің теріс пиғылы мен бетперделері де ашылып жатыр, бірқатарының әрекетіне экстремистік деген айып тағылып, заңмен тыйым салынды. «Бәріне де уақыт сыншы» демекші, қарапайым халықтың өзі кімнің кім екенін білетіндей деңгейге жетіп қалды. Сондықтан да дұрыс саясат пен әділ жаза жүргізілген жерде іріткі мен бүліншілікке жол берілмейді. Қазіргі ақпараттық қоғамда исламның шынайы құндылықтары көпшілікке белгілі болып отыр. «Әрбір ақылды адамға иман парыз, әрбір имандыға ғибадат парыз» (Абай) екендігі де санаға сіңіп келеді. Соңғы кездері қоғамымыздың рухани-психикалық өмірінде орын алып жатқан оң өзгерістер, жаппай дінге бет бұрумен қатар дін мен ғылымның өзара жақындасу үрдісі болашаққа үмітпен қарауға үндейді. Тарихи сана мен қазіргі сананың диалектикасында дін мен ғылым, жалпы қоғамдық сана мен бүгінгі постклассикалық емес ғылымда діни сана мен ғылыми сана жақындасып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің елімізде «интеллектуалдық ұмтылыстың» осы арнада жүзеге асуы әбден мүмкін. Қазіргі тарихи санаға тән белгілердің бірі біртұтас әлеуметтік тіннің, біртұтас тарихтың сөгілуі болып табылады. Әлеуметтік жады жағдайлардың үнемі өзгеріп отыруына қарамастан, даму- дың үздіксіздігін сақтаудағы қоғамның қажеттілігін өтейтін құрал және, демек, қоғамның қалыпты қызметінің шарты болып та- былады. Алдыңғы дамумен сабақтастық жойылған жағдайда, сабақтастықтың жаңа жағдайларға бейімделе алмаған тұстарында тарихи байланыс үзіліп, тарихи ұмыту тетігі іске қосылады. Бұл ұмыту анағұрлым әлеуметтік маңызды ақпаратқа орын беруі тиіс. Алайда ұмытушылық идеологиялық догмалар мен саяси күштердің араласуынсыз, табиғи түрде жүзеге асуы керек. Олай болмаған жағдайда әлеуметтік жады зорлықпен «тазартылып», жасанды, саясиланған, формалданған тарихи сана бекітіледі. Әлеуметтік жады ретіндегі тарихи сана қоғамның шоғырлануын- да орасан зор рөл ойнайды. Сондықтан тарихқа деген немқұрайлы қатынас, оны уақытша саяси құмарлықтардың пайдасына шешу қоғамның рухани-интеллектуалдық өміріне нұқсан келтіреді. Сон- дай-ақ «өткен үшін таласып-тартысып, оны меншіктеп алумен» сипатталатын да шектен шыққан тарих та бүгінгі күні орын алып отыр. Қазіргі заманда жүзеге асқан түбегейлі экономикалық, сая- си және әлеуметтік өзгерістердің тарихи санаға, оның қызметіне әсерін тигізгені даусыз. Тарихи сана сол бұрынғысынша адамның рухани әрекетінің нәтижелерінің жиынтығын – тарихи білімдер мен бағалауларды білдіргенімен, оның сапалық деңгейі, соңғы екі компонентінің мазмұны адам танымастай өзгерді. Қазіргі тари- хи санада тұрақсыз белгісі басым бола бастады, «теориялықтан» психологиялық» үстем түсе бастады, тарихтың өткен және қазіргі құндылықтарын «инициативті түрде қарама қарсы қою», біржақты ақтау мен күйе жағып қаралау әдетке айнала бастады. Тарих пен рухани өткен шақ объективті, қадірлі қатынасты күтеді. Өткеннің сенімін арқалаушы ғалым тарихшы ешкімге де, оның ішінде, тіпті билікке де (мүмкін, оған мүлдем) өткенді айыптаудың, ақтаудың адвокаттық, кінәлаушылық, прокурорлық, соттық функ- циясы берілмеуі керектігін жариялап айтуы керек. Тарихтың өзі құнды. Қамаумен, асып-атумен танымның мәселелерін ешқашан шеше алмайсың. Осы орайда, қазақ ойшылы Ағын Қасымжановтың ұтымды ойларына құлақ түруге тура келіп тұр: «Ақиқат пен шыншылдықтың қарапайым дауысын жаңғыртатын кез келді, тек сол ғана өткеннің нобайын анықтап, ақырында сенімді түрде өмірді жаңартуға мүмкіндік береді, өйткені оң мен солды, жақсылық пен жамандықты айырып алмай, оны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл туралы қазақ халқының өткенін жалған патриоттық жарнамалаудың тұтастай толқынын туғызған демагогия мен спекулятивті эйфориядан бойды барынша аулақ ұстап, үлкен жауапкершілікпен айту керек. Даңқы жер жарған тарихымыздың бар екеніне қарамастан, біздің шынайы ұлттық өзіндік санада соншалықты құлдырағанымызға таң қалуға тура келеді, біз әлі бұрынғыша «интеграцияның» жоғары мүдделері деген желеумен өзіміздің көз алдымыздағы экономикалық мүдде- лерімізді құрбан ете саламыз және құлау стихиясынан тысқа шығуға шамамыз жетпейді. Төменгі әлеуметтік топтардан бастап, зиялы қауым мен билік басындағы элитаға дейінгі тұтас қоғам өзінің жеке ар-ұяты мен тарихтың соты алдында шыншылдық пен әділеттіліктің құтқарушы сезімін бойына сіңірмей, өзімшілдік пен қорлық қатар жүре береді және олардан арыла алмаймыз». Қазақ халқының рухани дамуының уақыты мен кеңістігін ай- қындаудың осы маңызды мәселелерін өткір алға тарта отырып, бұл автор тарихтың жанды тарих екендігін де ескертеді: «Қазіргі тірі жүргендер үшін берік әрі құнарлы іргетас ретінде (шынайы) тарихқа сүйену үлкен игілік болар еді, одан сусындаған біз бабаларымыздың жеңген және жіберген қателіктерін қайталамас едік, жаңадан «жаңалықтар» ашпас едік – өйткені тарих шеңберді айнала қозғалу емес, бір ғана құбылыстардың жай қайталануы ғана емес, оның әрбір кесіндісі бұл – алға қарай бағытталған түзу. Бір мезеттік қызықтар үшін бабалардың аттарымен, тарихпен ойнаудан асқан арсыздық жоқ. Мұндай іске барған адамдарға «әруақ ұрсын!» деуге болады... Тарихтың тұлғасыз үдеріс емес екені белгілі, ол – белгілі бір тарихи мұраны бойына сіңірген әртүрлі қондырғыдағы, өмірлік құндылықтардағы, менталитеттегі әр алуан адамдардың іске асырған және асырып жатқан адами жанды тарих» [168, 11 б.]. Қазіргі тарихи сананың өзгерісінде тарих ғылымы үлкен рөл ойнауы тиіс. Тарихи таным мен тарихи сананың диалектикалық арақатынасында тарихи сананың мазмұнын нақты толтыратын та- рихи таным алдыңғы орында болады. Тарих ғылымын бүгінгі әдіс- намалық хаостан шығару үшін әлемдік тарих ғылымын, ондағы танымдық құралдар мен тәсілдерді терең әрі жүйелі талдап зерттеу қажет. Ғылымды жаңарту қоғамды жаңартудан бір де кем түспейтін ұзақ та күрделі үдеріс. Қоғамның тарихи санасын жаңарту тарих ғылымын дамытуға қоса, әлеуметтік-тарихи қауымның бұқаралық субъектінің де та- рихи санасын өзгертуді білдіреді. Қазіргі адамның санасы тарихи болғаны маңызды, өйткені тарихтың өзі бүгінгі күні алдыңғы қатардағы функцияны атқарып отыр. Тарихты оқып үйрену адам- ның өзін-өзі тануына, тамырдан ажырамай өсуіне септігін тигізеді, алайда мұның барысында тарих мифологияланбаған, шынайы, ақиқат болғаны абзал.  Айтылғандарды түйіндей келе, жаңарту мен жаhандану дәуіріндегі тарихи сана мен ұлттық өзіндік тарихи сана тағдыры туралы айтқанда, әлеуметтік-мәдени уақыт пен кеңістіктегі әртүрлі халықтардың барлық дерлік жетістіктерінің ұлттық-рухани дәстүрлерге негізделетінін ұмытпау қажет. Ұлттық мәдениет оны тасымалдаушылар үшін ерекше психологиялық тартымдылыққа ие болады, ұлттық айырмашылықтар мен ұлттық мәдениеттер- ді сақтау, тарихи өзіндік сананы жаңғырту ұлт өкілінің терең эмоционалдық-психологиялық және рухани қажеттіліктеріне жау- ап береді. Егер адамзатты күрделі әлеуметтік жүйе ретінде қарас- тырар болсақ, онда айрықша көзге түсетін ерекшеліктері бар ұлттар мен ұлттық мәдениеттердің болуы эволюция үдерісінде табиғи өміршеңдіктің негіз-құраушы тетіктерінің бірі болып табы- латын алуан түрлілікті қамтамасыз етеді. Жаhандану біртұтас өзара келісілген және өзара байланысты әлемді қалыптастыра отырып, бүкіләлемдік тарихтың жаңа дәуірін ашады деген сенім мол. Бұл тұтастықтың шеңберінде ұлттық өзіндік тарихи сана және ұлттық мәдениеттердің айырмашылықтары мен қайталанбас тәжірибесі ескерілуі тиіс. Жаhандану алдындағы қорқыныш тұтастық айырмашылықты сіңіріп жұтып қоятындай жалпылық пен жалқылық арақатынасының көнерген ескі үлгісінен туындайды. Мұндай ахуалда қазіргі заманның ең маңызды мәсе- лесі Батыс мәдениеті мен дамушы елдердің дәстүрлі мәдениеттері арасындағы сұхбатты құру болып шығады. Рухани тәуелсіздік пен дәстүр сабақтастығын сақтай отырып, өркениеттік мұраттарға жету үшін бізге ұлтты ұйыстыратындай идея керек және бұл «демократиялық және күшті Мемлекетпен, әділ әрі гүлденуші Қоғаммен, сондай-ақ еркін әрі құрметтелетін Тұлғамен сипаттала- ды» [265, 70 б.]. «Бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену», «зияткерлік ұлт қалыптастыру», «индустриалдық- инновациялық даму» тәрізді ұрандар осындай идеяны іздестіруден шығып отыр. Ал бұл идеялар біржақты технологиялық мақсатта болмай, жаһандану мен жаңару жағдайында оның терең рухани мазмұны да болуы қажет. Бүгінгі жағдайда, желігу мен еліктеудің салдарынан батыста- ну мен жаhандануды бастан өткізгеннен кейін, қазіргі қаржылық- экономикалық дағдарыстың бір түбірі атлантизмнің рухани тоқы- рауында жатқанын ескере отырып, бойымызға табиғи тән ұлттық жаратылысымызға, дәстүрлі тарихи-рухани тамырымызға оралу- ымыз қажет. Басқаның жетістігін ретімен пайдалану үшін өзіңнің басқалардан айырмашылығыңды білдіретін өздік ұлттық «МЕНіңе» ден қою керек, яғни қазіргі жағдайда алдымен қазақ болуың керек. Бұл зияткерлік ұлт қалыптастырудың, бәсекеге қабілетті қауым тәрбиелеудің, алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына қосылудың, ең бастысы жаhанданудың жойқын ықпалынан аман қалып, мәдени төлтумалық пен рухани дербестікті сақтап қалудың кепілі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, бұл монографиядағы зерттеу жұмысын қорытын- дылай келе, оның басты тұжырымдарын түйіндер болсақ. Бірін- шіден, тарихи сананың объекті болып табылатын тарихты зерттейтін ғылым салаларының пәндік айырмашылықтарын айқындап, тарихи санаға қатысты ғылыми әлемдегі тұжырымдамаларды талдау барысында зерттеу тақырыбының дүниетанымдық және әдіснамалық негіздері анықталды. Екіншіден, тарихтың кеңістік- уақыттық сипаттамаларын философиялық және ғылыми тұрғыда қарастырудың, уақыттың статикалық және динамикалық, субстан- ционалды және реляционалды тұжырымдамаларын, уақыттың объективті және субъективті, айналмалылығы мен бірбағытты қайтымсыз, абсолюттілігі мен салыстырмалылығы, үздіксіздігі мен дискреттілігі, шектеулілігі мен мен мәңгілігі сияқты қасиеттерін са- раптау негізінде тарихи сананың қалыптасуы мен дамуына уақыт туралы көзқарастардың тигізген әсері зерделенді. Үшіншіден, тарихи сана ұғымына анықтама бере отырып, өзінің қалыптасуы барысындағы әр алуан формаларынан тарихи сананың көрініс беру ерекшеліктерін сипаттаудың нәтижесінде та- рихи сананың мәні мен мазмұны, оның құрылымы мен деңгейлері айқындалды. Сондай-ақ, зерттеуде тарихи сана мен тарихи та- ным арақатынасының диалектикасынан шыға отырып, қазіргі қоғамдық ғылым мен әлеуметтік философияда үстемдік етіп отыр- ған екі әдіснаманың – дәурені өтіп бара жатыр деп саналатын формациялық парадигма мен жалпы ортақ теориясы болмаса да, негізгі субстанция ретінде өркениетті мойындайтын өркениеттік парадигманың аясындағы көшпенділік құбылысы талданды. Бесін- шіден, шежіремен сипатталатын көшпенділердің тарихи білімі мен танымы, әлеуметтік жады мен санасы пайымдалып, ауызекі дәстүр мен шежіренің дүниетанымдық синкреттік сипаты, тарихи деректемелік қыры, тарихи әлеуметтік қызметтері сараланды. Зерттеу жұмысында тарихи сана ұғымын әлеуметтік жады, мәдени ес, этностық зейін, мнемониялық уақыт пен кеңістік, әлеу- меттік, мәдени, тарихи, этностық амнезия түсініктерімен байланы- стырып, еуразиялық көшпелі өркениет тарихының тарихи рекон- струкциясын беруге талпыныс жасалды. Жетіншіден, тарихи сана феноменінің өзіндік әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі тарихи сана көрінісінің фор- малары, тарихи сана қалыптасуы мен дамуының этномәдени және этноәлеуметтік компоненттері қазақ тарихы аясында қарастырылды. Мұның барысында еркіндікпен тәуелсіздік идеяларының қазақ хал- қы тарихи өзіндік санасының эволюциясының мазмұнын құрайтыны айқындалды. Келесі кезекте, тарихи сана қалыптастырудың ғылыми фор- масы – тарих ғылымының Қазақстанда қалыптасу ерекшеліктерін зерттеу қазақтың дәстүрлі төл тарихнамасы шежірелерден бас- тап, шығыстанушы ориенталистердің және қазақстандық кәсіби тарихшылардың еңбектеріне тарихнамалық және әлеуметтік философиялық шолу жасау арқылы жүзеге асты. Тоғызыншыдан, бүгінгі тарихи сана мен тарихи танымға үл- кен әсерін тигізіп отырған ғаламдық өзгерістер мен әлеуметтік үдерістермен қатар, әр алуан баламалық, историософиялық, әдіс- намалық идеялар бой көрсетіп отырған қазіргі тарихи теориялық ой дамуының әлеуметтік философиялық астарлары, ойлы кон- цептуалды тұстары да, даулы риторикалық тұстары да талдаудан өткізілді. Ақырында, тарихи сана қазіргі қазақстандық қоғам болмы- сында сипатталып, жаңарту және жаhандану үдерістерінің жалпы тарихи санаға және ұлттық тарихи өзіндік санаға тигізіп отырған жағымды және жағымсыз әсерлері түйінделді. Жаhанданудың кері әсерінен аман қалып, мәдени төлтумалық пен рухани дербестікті сақтап қалудың кепілі тарихи өзіндік сананы жаңғырту екендігі тұжырымдалды. Әрине, тарихи сана тәрізді өте бір күрделі құбылыста бар- лық мәселелерді бір монографиялық зерттеудің көлемінде то- лығымен қамтып шығу мүмкін емес. Тарихтың дөңгелегін кері айналдырудың да ықтималдығы жоқ, сондықтан оның дәл бүгін- гідей шапшаңдығында, тарихи сананың дәл қазіргідей тұрақсыз- дығында аталмыш тақырып талай зерттеулердің нысанына айналары даусыз.   


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз