Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері

Тәуелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері

21 Шілде 2013
807
0

Себебі, еліміз тәуел­сіз­дікке қол жеткізгенге дейін барлық ғылым салалары сияқ­ты тарих ғылымы да  орталықтың басқаруы мен бақы­лауында болды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев XXI ғасырдың білім мен ғылым ға­сыры болатындығын үнемі қай­талайды. Бұл — жаңа заманның талабы. Соңғы 20 жылда бі­лім мен ғылым саласында те­рең, түпкілікті әрі заманауи ре­фор­малар жүзеге асырылуда. Отан­дық тарихнамадағы ізде­ністер мен зерттеулердің маз­мұны түбегейлі өзгерді. Қа­зақстан тарихына жаңаша көз­қарас өз­геріп, оны оқытудың әдіс­те­месі де бірізділікке түс­ті. Де­генмен, жаңа тарихи көз­қарастар бойынша жас ұр­пақ­ты отансүйгіштік қасиетке тәр­биелеу мен азаматтық ұста­нымын қалыптастыруға ба­ғыт­­талған шаралар әлі де жет­кі­ліксіз. Бүгінгі таңда  оқу орын­дарында Қазақстан тарихын оқы­тудың мазмұны мен пішінін өзгерту мемлекеттік саясаттың ең өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы өзекті тақырыпқа бай­ланысты Мемлекет тарихы инс­ти­тутының  Мәжіліс  залында «Тә­уелсіз Қазақстан тарихын зерттеудің  өзекті мәселелері» ат­ты дөңгелек үстел жиыны өт­кізілді.

Басқосу Қазақстан Респуб­ли­касы Білім және ғылым ми­нис­трлігінің бастамасымен Мем­­­­­­­­­­лекет басшысының «Қазақ­с­­танның әлеуметтік жаңғыр­ты­­луы: Жалпыға Ортақ Еңбек қо­ғамына қарай 20 қадам» атты ма­қаласында берілген тапсыр­маларды орындау жөніндегі жұ­мыс тобының қорытындысын тал­қылауға арналды.

Жиынға, ғалым-тарих­шы­лар, ЖОО оқытушылары мен колледж және мектеп мұғалім­дері, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапхана мен Қазақстан Республикасы Ұлт­тық мұрағат мекемесінің қыз­­меткерлері және БАҚ өкіл­дері шақырылды.

Өз кезегінде сөз алған Инс­титут директоры, т.ғ.д., про­фессор Б.Ғ. Аяған  қазіргі та­рихты зерттеудегі өзекті әдіс­темелік мәселелерге тоқталды. «Мәдени мұра» бағдарламасы ая­сында отандық тарихты объек­­тивті зерттеу үшін  барлық мүм­­кіндіктердің жасалып отыр­ғандығын баса айтты. Отандық тарихты оқытуда қазіргі заман­ның білім талаптарына сай туындайтын проблемалар, атап айтқанда қазіргі Қазақстан та­ри­хын оқыту мен зерттеудің тұ­жырымдамасын жасау; оқу­лықтарда патриотизм мәсе­ле­леріне баса назар аудару; жалпы орта, кәсіптік  және жоғары оқу орындарына арналған тип­тік оқу жоспарлары мен бағ­дар­ламаларын жаңарту; жаңа оқу­лықтар мен оқу құралдарын шы­ғару және оған бұрынғы оқу­лықтардың авторларын тарту мәселесі; тарих оқулықтарын жа­зудың ерекшеліктерін ескеру; тарих оқулықтары бойынша тұ­рақты сараптамалық комиссия құру; қазіргі Қазақстан тари­хынан балама оқулықтар да­йындау керектігін атап өтті.

Мемлекет тарихы инсти­ту­тының бірін­ші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ж. Қыдыралина тарихи білімді на­сихаттауда қазіргі кезде қол­данып жүрген әдістер мен құ­ралдарды айта келіп, соның ішін­де Батыс ғылымында пайда болған жаңа әдістемелерді ке­ңірек пайдалану керектігіне на­зар аударды. Баяндамашы инс­титут ғалымдары «Ғылыми қазына» бағдарламасы аясында «Ұлы Дала тұлғалары» серия­сымен бірқатар ғылыми жо­баларды  және 4  бірдей Тарих институты бірігіп, онда жаңа әдіс­пен он томдық «Отан тари­хы» атты  кітаптардың дайын­да­лып жатқанын атап өтті.

Бұдан әрі сөз алған Л.Н. Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, ф.ғ.к., профессор К.Ысқақова  қа­­зіргі Қазақстан тарихын  ЖОО оқытуда қазіргі уақытқа де­­йін жауабын таба алмай келе жатқан  тың ой-пікірлерімен бө­лісті.

№59 мектеп лицейі тарих пә­нінің мұғалімі Ө.Р. Шнанов: «Оқулық мазмұ­ны оқушы­лар­­дың жас ерекшелік­те­ріне сәй­кес келмей, оқушының та­қырыпты толық меңгеруіне қиындық ту­дырады», — деді. Оқу­лықтарда тарихи оқиға­лар, саяси қайраткерлер мен тұл­ғаларға қатысты оқушы­лар­­ды шынымен мезі ететін жа­­лаң мәліметтердің бар екені анық. Мәселен,  Бұланты мен Аңырақай шайқасына және Тәуке ханның билік құрған жыл­­дарына қатысты даталар әр кітапта әртүрлі айтылады. Со­нымен бірге, оқулыққа бері­летін тұлғалардың суреттері мен оқу­лықтың көркемдік безен­дірілуі сын көтермейді,– деген ойды білдірді.

Жиынға қатысып отырған тарихшы мұғалімдер тарапынан  оқулықтың тілі жеңіл,  мәлі­меттері дәйекті, дәлел сөздер­мен берілсе, маңызы бар тари­хи даталар нақты ғылыми де­рек табылғанға дейін белгілі бір датаға белгіленсе  және элек­трондық оқулықтар жасалса деген ұсыныстар айтылды.

Жиын аясында қазір­гі Қ­а­зақстан тарихы бойын­ша кі­тапханаларда  қолданы­ла­тын оқу­лық мәселесі, ғы­лым­да жүр­­ген кәсіби тарих­шы­ла­ры­мыз­дың мұрағат құжат­та­рын пай­далануы, ЖОО мен мем­лекеттік мекемелермен өзара ын­тымақтастық байланыс ор­нату мәселелері талқыланды. Осы аталған мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының пайдаланушыларға қызмет көр­сету орталығының жетекшісі Ә.М. Қожабекова, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұраға­тының Ұлттық мұрағат қорын пайдалану қызметінің жетекшісі Б.Т. Имансерікова  әңгіме қоз­ғады.

Жиынға қатысушылар Қазақ­­с­­тан тарихын зерттеу мен оқыту мәселелерін  ғылыми     жұрт­шы­лық арасында кеңінен талқылай отыра, көзделген шараларды жү­зеге асыру мақсатында жүйелі жұмыс жүргізу қажет деген қо­рытындыға келді.

Айтбала ӘБЕНОВА,

Мемлекет тарихы институтының қызметкері.


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз