Басты бет Тарихи білім Оқу материалдары Студенттерге арналған оқу материалдары Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері

20 Тамыз 2013
36
0

ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Э.Т. Телеуова

ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазақ қоғамының орта ғасырлардағы әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктерін зерттеу тарих ғылымының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, оның эволюциясы, тарихта алатын орнын анықтау ғылыми тұрғыдағы ғана емес қоғамдық маңызы бар мәселені зерттеуде, тарихи кезеңдерге қатысты әлеуметтік-құқықтық құрылымның сипатының өзге-ріске ұшыруының себептерін көрсету және ерекшелігіне баға берумен қатар жүреді.

Қазақ қоғамындағы әлеуметтік-құқықтық жүйенің ерекшелігі және оның қызмет ету механизмдерінің қалыптасып, орнығуы орта ғасырларға тән құбылыс болды. Қоғамдық қатынастардың терең өзгеріске ұшыраған сәтінде көптеген халықтар мемлекеттік басқару жүйесінде тарихи тәжірибесіне сүйенеді. Орта ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық мәселесі тарихшы зерттеушілер арасында бірнеше бағыттар бойынша қамтылған. Бұл мемлекеттілік, номадизм және қоғамдық қатынастар, оның ішінде қазақ қоғамындағы ру жөніндегі зерттеулердегі көзқарастармен сипатталады. Ортағасырлық қазақ қоғамындағы ру-тайпалық қатынастардың әлеуметтік-құқықтық жүйеге ықпалы назардан тыс қалмайды. Соңғы уақытта орта ғасырлардағы қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық сипаты туралы ізденісте саяси биліктің ерекшеліктерін ашуға баса назар аударылады. Сонымен қатар қазақ қоғамының өзіне ғана тән әлеуметтік қатынастар құқықтық мәдениеттің шең-берінде жүзеге асты.

Елдің мәдени деңгейін бағалаудың қазіргі заманғы жеткен ғылыми жетістіктер тұрғысынан қойылатын талаптары сан алуан және жан-жақты. Соның бірі – елдің құқықтық жүйесінің қалып-тасуы мен тарихы. Қазақ халқының тарихында құқық жүйесінің әуелден қалыптасқандығы жөнінде жалпы пікірлер айтылып жүр. Бірақ осы мәселелер қазақ тарихындағы құқықтық жүйені қалыптастырушы факторлар негізінде талданып, нақты дәйектермен көрсетіліп, өзара сабақтастығы ашылып, ғылыми негіздеуді қажет ететіндігі және бұл бағыттағы мәселелер ғылыми көпшілік үшін маңызды тақырып бола алатындығы даусыз.

Қазақ хандығы тұсында қолданылды деп жарияланып жүрген «Қасымханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» сынды заң жинақтарының бір күнде қалыптасып, бір күнде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерге сіңісіп кете алмағандығы, оның бастау көздері осыған дейінгі тарих беттеріндегі мемлекеттердің ішкі жүйесінде қолда-нылып келген заң жүйелерімен байланысты екендігі белгілі. Дала заңдарының қай-қайсысын қарасаңыз да, олардың қолданылған жазалары, құқықтық ережелері, билік иелеріне қатысты көрсетіп берген құқықтарының арасында ұқсастық бар. Бұл ұқсастықтың болуы негізсіз емес. Бір мемлекеттің тұсында қалыптасқан қарым-қатынас үдерістерінің екінші мемлекетке мұра болып беріліп, жетілдіріліп, жақсартылып, заңдардың әр қоғамның ішкі ерекше-ліктеріне сай сәйкестендіріліп отырғандығына олардың мазмұны мен мәнін өзара салыстыра талдау кезінде байқауға болады.

Осы мәселелерге көз жеткізу барысында салыстырмалы түрде болса да бергі кезеңде қолданылған болып есептелетін Қазақ хандығы тұсындағы заңдар Шыңғысхан және оның ұрпақтары құрған мемлекеттердің, одан кейінгі кезеңдегі Әмір Темір тұсындағы мемлекеттерінің тұсында қолданылған заң құрылымдарымен салыстырылып, ұқсас элементтерін анықтау арқылы зерттеу жүргізілді. Бұл деректердің көзі студенттер үшін қазақ әдетіндегі құқықтары мен заңдарының қай кезеңнен бастау алғандығынан жан-жақты ақпарат алуына мүмкіндік береді.

Қазақ тарихындағы күрделі мәселелер қатарына жататын мемлекеттілік және саяси құрылымының қызметі, осыған орай жүзеге асқан саяси оқиғалардың сипаты, қоғамдағы әлеуметтік қаты-настардың дамуы мен өзгеріске ұшырауы қазақтың әдеттік-құқық нормаларында реттелді. Қазақ қоғамындағы құқықтық қатынастар әлеуметтік құрылымының ішкі және сыртқы ұйымдастыру қызметі-нің көрінісі болды. Қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық қатынастары өзінің қалыптасуын ертеден бастап, үнемі тиімді өзгеріске ұшырап отырды, бұл мәселе арнайы тарихи зерттеулерде, әлеуметтану, құқықтану мамандары тарапынан жасалынған нақты ой-пікірлермен студенттер осы оқу құралы арқылы танысуға мүмкіндік алады.

Студенттерге оқу құралының құрылымы, жүйесі, берілген, қамтылған мәліметтер жиынтығы қазақ әдеттеріндегі құқықтық негіздердің қалыптасу тарихы және дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар жөніндегі нақты тұжырымдары тиімді бола-ды деген ойдамыз.


Толығырақ мына файлдан оқи аласыз:

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері PDF 




Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз