Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Қожаберген жырау - Ұлы дала дауысы. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Қожаберген жырау - Ұлы дала дауысы. Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

19 Тамыз 2013
98
0

 2013 жылдың 1 наурызында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының бастамасымен ХVІІ ғасырдың соңы – ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының әйгілі халық қаhарманы – жырау, күйші, батыр және қолбасшы Қожаберген Толыбайұлының (1663-1763 жж.) 350-жылдық мерейтойына арналған «Қожаберген жырау – Ұлы дала дауысы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры А. Күзембайұлы Қожаберген Толыбайұлының шығармаларын тарихи дерек ретінде қарастырып, жыраудың «Елім-ай», «Ата тек» шығармаларындағы оқиғалардың маңыздылығын атап өтті. 
Қожаберген жырауды бүгінгі жастар арасында ұлықтауды көтерген ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қайырымдылық қорының президенті, з.ғ.д. Б.Т. Тұрғараев тарихи тұлғаның өмірі мен қызметін насихаттау мақсатында құрылған қорыдың шама-шарқынша жұмыс істеп, бірталай игілікті шараларды атқаруға ұйытқы болып келе жатқандығына, Қожаберген Толыбайұлы сияқты даңқты тұлғалардың есімін ұлықтап, атқарған істерін, насихаттап, қалдырған мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру әр буынның ортақ азаматтық міндеті мен парызы екендігін баса айтты. 

Толығырақ мына файлдан оқи аласыз: 

Қожаберген жырау - Ұлы дала дауысы  


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз