Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы «Халық тарих толқынында» бағдарламасы тарихты тұйықтықтан шығарды

«Халық тарих толқынында» бағдарламасы тарихты тұйықтықтан шығарды

18 Тамыз 2013
398
0

Тек гуманитарлық және қоғамдық бағыттар ғана елдің тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Біз бүкіл әлеммен белсенді байланысқа түсе отырып, ДСҰ, Еуропалық Одақ сияқты әртүрлі интеграциялық құрылымдарға қосыла отырып тәуелсіз болуымыз қажет. BNews.kz агенттігін тілшісіне барген сұхбатында ҚР БҒМ ҒК-нің философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Зарема Шаукенова осылай деді.

«Бұл тәуелсіздік тарихты оқиғалар, даталар мен атаулар тізбесі ретінде білумен ғана қамтамасыз етілмейді. Ол, ең алдымен, өз тарихыңды түсініп, түйсіне білуді қажет етеді», - деді З.Шаукенова.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің ұлттық тарихты зерделеуге арналған ведомствоаралық жұмыс тобының отырысындағы сөзінен кейін, әлдеқашан тоқтап қалған қоғамдық-гуманитарлық тегершіктер қозғалысқа келе бастады. Былайша айтқанда, ұзақ уақыт бойы қосалқы жолда тұрған резервтік эшоландар іске қосылуда.

«ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен өткен ұлттық тарих жөніндегі мәжіліс тек тарих пәнін ғана емес, жалпы қоғамдық-гуманитарлық блокты тұйықтықтан мемлекеттік саясаттың қақ ортасына шығарады», - деді ол.

Ол сондай-ақ, қазіргі күні елімізді үдемелі индустрияландыру үшін техникалық және инженерлік мамандар қажет, алайда, сонымен қатар, қоғамдық үрдістер саласындағы мықты мамандардың қатысуынсыз еліміздің одан ары үйлесімді дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес деді.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз