Басты бет Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық кезінде тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

15 Тамыз 2013
264
0

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУГЕ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗІНДЕ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ-да қолданылатын тест тапсырмалары жабық түрде, ұсынылған бес жауаптың ішінен бір ғана дұрыс жауапты табуға құрылған. Бұл тапсырмалардың мазмұны ҰБТ-да қолданылатын тест тапсырмаларының мазмұнына сәйкес келеді.

1.  Қола дәуірінің Шығыс Қазақстан жеріндегі қонысы:

А) Арқайым

В) Мало-Красноярка

С) Беғазы

D) Шағалалы

Е) Степняк

В) Мало-Красноярка

Дұрыс жауабы:  В)  Берілген тапсырманың барлық жауаптары қола дәуірінің қоныстарына жатады. Көрсетілген қоныстар қола дәуіріне тән болғанымен, олардың табылған жерлері еліміздің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Сол себепті дұрыс жауапта көрсетілген. «Мало-Красноярка», басқасы дұрыс жауап болып табылмайды. Дұрыс жауабы 6 сыныпқа арналған Ежелгі Қазақстан тарихы (Т.Садықов, Ә.Төлеубаев т.б.) оқулығының 41-бетінде көрсетілген.

2. Уақытша үкімет және жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды

А) Қазан төңкерісінің нәтижесінде

В) Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін

С) Батыс Сібір ревкомының шешімімен

D) Уақытша үкімет және казактар округының шешімімен

Е) Азамат соғысынан кейін

Дұрыс жауабы:  В)   Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін.  1917 жылы ақпанда Ресейде буржуазиялық - демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Революция нәтижесінде Уақытша үкімет органдары мен жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері құрылды. А) жауабындағы «Қазан төңкерірісінің нәтижесінде» - керісінше уақытша үкімет таратылды. Сол себепті бұл дұрыс жауап болып табылмайды. Ал С) жауабындағы «Батыс Сібір ревкомының шешімімен» дұрыс жауап болып табылмайды. Сібір ревкомы өкімет билігі үшін күреске түскен «ақтар» деп аталған контрреволюциялық күштерге қарсы шықты. Д) жауабындағы Уақытша үкімет пен ақтарға қолдау көрсеткен кейбір казак бөлімдері керісінше жұмысшы солдат және шаруа депутаттарының кеңесінің құрылуына қарсы шықты. Е) жауабындағы «Азамат соғысынан кейін» нұсқасы дұрыс жауапқа келмейді. Азамат соғысынан кейін Уақытша үкімет деген атау жойылды.

3. Түркістан генерал-губернаторлығының батысында орналасқан уезд

А) Әулиеата

В) Түркістан

С) Қазалы

D) Шымкент

Е) Мерке

Дұрыс жауабы: С)

 ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақтарды басқару жүйесі түбегейлі өзгертілді. Реформа нәтижесінде ХІХ ғасырдың 60-жылдарының соңында бүкіл қазақ жері үш генерал-губернаторлыққа бөлінді: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары жеке облыстарға жіктеліп, облыстар уездерге бөлінді. Тапсырмада Түркістан генерал-губернаторлығының батысындағы уезі сұралып отыр. Талапкер сұраққа дұрыс жауап беруі үшін біріншіден Түркістан генерал-губернаторлығының өлкенің қай өңірінде орналасқанын білуі, екіншіден осы генерал-губернаторлықтың оңтүстік, солтүстік, батыс және шығыс аймақтарын ажырата білуі, үшіншіден уездердің орналасу аймағын карта арқылы ажырата білуі қажет. Себебі оқулықта «генерал-губернаторлықтың батысындағы уезд» деген сөз тіркесі кездеспейді. Тапсырма оқушының тарихи кезеңдегі материалды қаншалықты игергендігі мен ойлау жүйесінің зеректігіне қалдырылған. Себебі берілген тапсырмадағы «С» жауабындағы «Қазалы» өлкенің батысында орналасқан болатын. Қалған жауаптары дұрыс емес, себебі басқа уездер оңтүстік, орталық, шығыс, солтүстік өңірінде орналасқан.

4.  Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтармен қатар қатысты:

А) Орыстар, өзбектер

В) Қытайлар, монғолдар

С) Парсылар, ауғандар

D) Ұйғырлар, дүнгендер

Е) Арабтар, әзірбайжандар

Дұрыс жауабы А) Орыстар мен өзбектер. Ресейден қашқан орыс солдаттары, жер аударылғандар Кенесары сарбаздарының қатарын толықтырған. Мысалы көтерілістегі Наурызбай батыр атқосшысы Николай Губин болған. Көтеріліске өзбектерде қатысқаны туралы мәліметтер бар. Өзбек Сейдаққожа Оспанов Кенесарының дипломатиялық істеріне басшылық жасаған. Тапсырманың дұрыс жауабын 8 сыныпқа арналған Ж.Қасымбаевтың авторлығымен шыққан 2004 жылы шыққан оқулықтың 80-бетінде, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаеваның авторлығымен шыққан 2008 жылғы оқулықтың 141-бетінде нақты көрсетілген. Ал қалған нұсқаларындағы қытай, монғол, парсы, ауған, ұйғыр, дүнген, араб, әзірбайжан ұлттары дұрыс жауапқа сай келмейді. Ұйғырлар мен дүнгендерден басқасы ХІХ ғасырда Қазақстан террриториясын мекен етпеген. Ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне 1881-1884 жылдары келіп қоныстанған

5. 1993 жылы 28-қаңтарда қабылданған құжат

А) Қазақстан тәуелсіздігі туралы конституциялық құжат

В) Қазақстан Республикасының егемендік туралы декларациясы

С) Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы

D) ТМД-ны құру туралы Декларация

Е) Ядролық қаруды таратпау туралы келісім

Дұрыс жауабы: С)Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі тұңғыш Конституцияның қабылданған уақыты: 1993 жылы 28 қаңтар. М.Қозыбаев т.б. 2009. Қазақстан тарихы оқулығында 190 бетінде анық көрсетілген. А жауабындағы тәуелсіздік туралы конституциялық құжат 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылданғаны белгілі. В жауабындағы егемендік туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданған. ТМД-ны құру туралы құжат тәуелсіздік жылдарында жүзеге асқаны белгілі.

6. Тараз қаласына жақын орналасқан архитектуралық ескерткіш мавзолей:

А) Есім - хан

В) Айша-бибі

С) Көк-Кесене

Д) Алаша-хан

Е) Арыстан баб

Дұрыс жауап – В.

Тараз қаласының маңында  Айша-бибі  мен  Бабаджа-қатын мавзолейлері,  Арыстан-баб кесенесі Отрар қаласына жақын, Есім - хан кесенесі Түркістанда, Алаша хан –Орталық Қазақстанда , Көк-Кесене – Сығанақ маңында орналасқан.

 

ЛОГИКАЛЫҚ  ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАР

 Логикалық тест тапсырмаларына дұрыс жауап беру үшін оқушы:

- тарихи оқиғалардың бір-бірімен байланысын,  тарихи үдерістің тұтастығын түсінуі, білуі;

-  тарихи материалды талдай алуы, негізгісін ажырата алуы, қоғамдық үдерістер себеп-салдарын, даму заңдылықтарын іріктей алуы;

-  тарихи фактілерді, оқиғаларды салыстырып, негізгі өзгерістерді тани білуі;

- фактілер мен деректерге сүйеніп, өзіндік ой-пікірін логикалық тұрғыдан қорытындылап, тұжырымдай алуы қажет.

1. Қазақ хандығын қалпына келтіруді мақсат еткен ХІХ ғасырда болған көтеріліс:

A) 1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс

B) Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс

C) Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс

D) Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс

E) 1868-1869 жылғы Орал, Торғайдағы көтерілістер

  Дұрыс жауабы – В

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан басқа А,С,D,Е нұсқаларында көрсетілген көтерілістер белгілі бір шағын аймақтарды қамтыды және ауқымы жағынан бүкілхалықтық сипатқа ие бола алған жоқ.

2. Азамат соғысына (1918-1920 жж) қатысты термин:

A) Әскери коммунизм

B) Индустрияландыру

C) Жекешелендіру

D) Жылымық

E) Ұжымдастыру

  Дұрыс жауабы – А

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. 1918-1920 жылдары Азамат соғысы кезінде әскери коммунизм саясаты жүргізілді. Индустриландыру ісі 1920 жылдардың екінші жартысында басталса, Жекешелендіру 1921 жылғы жаңа экономикалық саясат уақытына сәйкес келеді. Ал, Қазақстанда ұжымдастыру 1920 жылдардың екінші жартысына сәйкес келсе, «Жылымық» ұғымы 1950 жылдарда Н. Хрущевтің билік жүргізген уақытында  қолданылды.

3. Дамыған орта ғасырда Қазақстан территориясының басым бөлігін алып жатқан мемлекет

A) Керей

B) Найман

C) Қыпшақ

D) Қарақытай

E) Қарахан

  Дұрыс жауабы – С 

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. Дамыған орта ғасырларда Керей және Найман мемлекеттері қазіргі Монғолия жерінде өмір сүрсе, Қарақытай мен қарахан мемлекеттері Қазақстан жерінің оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасты.

4. Ерте орта ғасырлық  мемлекетті атаңыз:

A) Ноғай ордасы

B) Қыпшақ хандығы

C) Қарахан мемлекеті

D) Оғыз мемлекеті

E) Найман мемлекеті

  Дұрыс жауабы –D

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. Оғыз мемлекетінен басқа А,В,С және Е нұсқаларында көрсетілген мемлекеттер дамыған орта ғасырлық мемлекеттерге жатады.

5. 1580 жылы болған оқиға:

А) Хақназар хан өлтірілді, казактар шапқыншылығынан Сарайшық қаласы біржолата қирады

В) Ермак Көшімді, ал Шайбанилер Темір ұрпақтарын талқандады

С) Жәнібек пен Керей Қазақ хандығының негізін қалады,  Иван Грозный  Қазанды басып алды

Д) Жоңғар хандығы пайда болды, Гурьевтің негізі қаланды

Е) Ордабасында құрылтай өткізілді, Кіші жүз Ресей бодандығын қабылдады

Дұрыс жауап – А.

Сұрақ оқиғалардың хронологиясын білуді қажет етеді:

1580 ж. – Хақназар хан өлтірілді, ал казактар шапқыншылығынан Сарайшық қаласы біржолата қирады

1582 - Ермак Көшімді талқандады

1552 - Иван Грозный Қазанды басып алды

1465 - Жәнібек пен Керей Қазақ хандығының негізін қалады

1635 – Жоңғар хандығы пайда болды

1640 -  Гурьевтің негізі қаланды

1726 – Ордабасында құрылтай болды

1731- Кіші жүз Ресей бодандығын қабылдады

6. 1937-38  жылдары  айыптауға ұшыраған «Алаш» қозғалысының қайраткері, педагог:

A) А.Байтұрсынұлы

B) Б.Майлин

C) І.Жансүгіров

D) С.Сейфуллин

E) М.Жұмабаев

 Дұрыс жауабы – Е.

Тапсырманың бір ғана нақты, дұрыс жауабы бар. А,В,С,D нұсқаларында көрсетілген тарихи тұлғалар осы уақыттың құрбаны болғанымен тек М. Жұмабаев «Алаш» қозғалысының қайраткері, әрі педагог.

7. Қазақстанда ұжымдастыру кезінде жүзеге асты:

A) Орынбор-Ташкент темір жолы салынды

B) Жаппай орташалану үрдісі күшейді

C) Қазақстанға кәрістер депортацияланды

D) Көшпелілердің отырықшылыққа көшуі

E) Тың және тыңайған жерлерді игеру

 Дұрыс жауабы – D

Тапсырманың бір ғана дұрыс, нақты жауабы бар. 1920 жылдардың аяғы мен 30- жылдардың басында жүргізілген қазақстандағы ұжымдастырудың негізгі басты мақсаты көшпелі халықты отырықшыландыру болатын. А,С,В,Е жауап нұсқалары мазмұны жағынан да уақыты жағынан да тапсырманың дұрыс жауабы болып табылмайды.

8. 1925 жылы Қазақ АКСР-нен РКФСР-дің құрамына өткен аудан:

A) Бөкей губерниясы

B) Орынбор губерниясы

C) Адай уезі

D) Сырдария губерниясы

E) Жаркент уезі

Дұрыс жауабы – В

Тапсырманың бір ғана нақты дұрыс жауабы бар. 1920-24 жылдары Орынбор қаласы Қазақ АКС-інің астанасы болды. Ал, 1925 жылы Орынбор қаласы мен оның айналасы РКФСР- ге қосылды. Жауаптар ішінен қазіргі Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрамында қай жерлер бар немесе жоқ екенін білуі қажет

9. 1889 жылы дүниеден өткен этнограф, педагог:

A) Ы.Алтынсарин

B) Ш.Уәлиханов

C) А.Құнанбаев

D) Ә.Бөкейханов

E) Қ.Кемеңгерұлы

 Дұрыс жауабы – А.

Тапсыраның жауап нұсқаларында көрсетілген тарихи тұлғалардың қайсысы болмасын қазақ халқының этнографиясын зерттеумен сонымен бірге оқытушылықпен де айналысқан.Оқушы қазақ тарихындағы айтулы азаматтардың өмір сүрген уақытын да білгені дұрыс. Осы тарихи тұлғалардың ішінде Ы.Алтынсарин 1841-1889 жылдары аралығында өмір сүрген.

10. Алтын Орда хандары. Артығын тап.

A) Берке

B) Ахмет

C) Тохты

D) Ілияс-Қожа

E) Өзбек

  Дұрыс жауабы - D

Тапсырманың бір ғана нақты дұрыс жауабы бар.А,В,С,E нұсқаларында берілген тұлғалар Алтын Орданың белгілі хандары.  Ал, Ілияс-Қожа Моғолстан мемлекетінің билеушісі.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз