Басты бет Тарихи білім Оқу материалдары Студенттерге арналған оқу материалдары Қазақстан археологиясы (К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов)

Қазақстан археологиясы (К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов)

15 Тамыз 2013
225
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ә.Х.МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ

К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов,

ҚАЗАҚСТАН АРХЕОЛОГИЯСЫ

   Тәуелсіз Қазақстан мыңжылдықтар шебіне кететін тарихы мен өткенін терең де жан-жақты талдайтын еңбектерге аса зәру. Әсіресе, аталған өңірді ежелгі замандарда және орта ғасырларда мекендеген халықтардың әлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесін, сонымен қатар қазақ ұлты мәдениетінің қайнар-бастауларын, мемлекеттілігінің қалыптасуын, қазақ этносының қалыптасу үрдістерін бағамдаудың маңызы аса зор.

  Бұл кітаптың деректанулық базасы Қазақстан Республикасының барлық аудандарын қамтыған зерттеушілердің еңбектерінен, археологиялық экспедициялар мен отрядтардың жұмыстарынан тұрады.

  Мұндай оқу құралы Қазақстан тарихнамасында бірінші рет жазылып тұрған жоқ. 1979 жылы «Мектеп» баспасынан К.А. Ақышев пен К.М.Байпақовтың «Вопросы археологии Казахстана» атты еңбегі,  ал 1993 жылы К.М.Байпақов, Ж.Қ.Таймағамбетов, Т.Жұмағанбетов сынды авторлардың «Археология Казахстана» деп аталатын оқу құралы жарық көрді. Соңғы аталған 2006 жылы жұмыс (жалпы редакциясын басқарған Д.С.Байгунаков) қазақ тіліне азды-кемді ықшамдалып аударылып, оқырманға жол тапты. 2006 жылы «Қазақ университеті» баспасынан К.М.Байпақов пен Ж.Қ.Таймағамбетовтың жаңа мағлұматтарды мейлінше қамтыған «Археология Казахстана» деп аталған оқу құралдары басылып шықты. Ал қолдарыңыздағы бұл басылым соның жалғасы немесе толықтырылған нұсқасы іспеттес. Бірқатар мәселелер қайта қарастырылып, кейбір тараулары қайта толықтырылып соны материалдар бойынша Қазақстан археологиясының проблемалары өрбітілген осы басылым қазақ тілінде оқырмандарымен қауышып отыр. 

  Жаңа оқу құралы алғашқы еңбектердегі ғылыми дәстүрді жалғастырады. Алайда пайдаланылған материалдар шеңбері мен қарастырылған проблемалар аясы оған қарағанда кеңірек. Бұл түсінікті де,  себебі арада өткен онжылдықтар ішінде археологиялық ізденістер өз жалғасын тауып, олардың ауқымы кеңейе түскен болатын. Палеолиттік ескерткіштерде, қола мен ерте темір дәуірлері қорымдары мен қоныстарында, ортағасырлық қалаларда стационарлық қазба жұмыстары жүргізілді. Осы уақыт аралығында жекелеген археологиялық ескерткіштерге арналған көптеген мақалалар мен монографиялар жарық көрді.

  Айта кететін бір жайт, Қазақстан археологиясының барлық маңызды проблемалары аса терең де жеткілікті дәрежеде қарастырыла қойған жоқ. Көптеген археологиялық мәліметтерге негізделген сауалдар, шешімдер мен ойлар әлі күнге дейін пікірталастар туғызып келеді. Сондықтанда бұл еңбек мәтіндеріндегі жайттардың бәрі түпкілікті жасалған тұжырымдар емес. Мұның өзі ғылымда соңғы инстанция жоқ екендігін, ғылым дами беретіндігін естен шығармаудан келіп туындайды. 

Толығырақ мына файлдан оқи аласыз: 

Қазақстан археологиясы 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз